Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1659

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры

         ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры.  Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басқанына міне 30 жыл толып отыр.

Қазақстан  өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. 

Бұл ұлт болшағы үшін маңызы зор қадам.

      Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 

50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: 

 

«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

 

       Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. 

         Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интербелсенді тақта, бейне және аудио қондырғыларды  қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

 Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың  жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып  онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Мұғалімдері үшін жалпы мәдениеттілікті бағытта қолданушылық интербелсенділік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, интербелсенді тақтамен, оның қосымша жабдықтарымен жұмыс жасау әдістері болып табылады.

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқытушының шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.

Жаңа технологиялар ішіндегі оқу үрдісінде интерактивті оқыту әдістерін қолдануға айрықша тоқталғым келеді.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;

 

  1. Білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;

 

  1. Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.

 

Компьютер көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Ақпараттық-педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек ғана білімді алып жүруші емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Оысған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интербелсенді оқыту моделі болып табылады. 

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі- 

  1. «Интербелсені оқыту әдісі».

Интербелсенді оқыту технологиясы  (ИОТ)– бұл  ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту.

 

ИОТ - сын пайдалану әр оқышуның іс - әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім - оқушы, мұғалім - сынып, оқушылар - сынып, оқушылар - оқушылар, топ - топ, топ - оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғаларарасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Интербелсенді әдістерге|:

  1. Проблемалық шығарма әдістері;
  2. Презентациялар;
  3. Пікір-таластар;
  4. Кейс-стадийлер;
  5. Топпен жұмыс;
  6. Миға шабуыл;
  7. Сын тұрғысынан ойлау;
  8. Сауалнамалар;
  9. Қысқа зерттеулер;
  10. 10.Іскерлік ойындар;
  11. 11.Рөлдік ойындар, т.б. жатады.

 

Интербелсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, келесі нәтижелерге қол жеткіземіз.

  1. Уақыт үнемделеді;
  2. Сабақтың сапасы көтеріледі;
  3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады;
  4. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығн арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

 

Қорыта келе «Орташа мұғалім-айтып береді, жақсы мұғалім – түсіндіреді, үздік мұғалім- шабыттандырады» деп А.Уорт айтқанындай оқушылардың құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып, нәтижелі болуға тиіс. Сондықтан да ұстаздардың ең жоғарғы көрінісі қазіргі жаңа технологиялар мен интернет ресурстарды пайдалана білуі болып табылады. 

Сондықтан оқыту әркетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға , үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқышуның өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.

557 0
Лязат Ауезбаева, №10 Шу колледжінің жатақхана тәрбиешісі Ұлы Дала Ұстазы № 002114
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: