Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1652

ӘДІЛ ӨМІРДІ АДАЛ АДАМ ҒАНА СҮРЕ АЛАДЫ!

Адамдар адал болса, өмір әрқашан әділ...

Әбіш Кекілбаев

Сөзімнің басын қазақтың ақыны, жазушысы, философы, тарихшысы, композиторы Шәкәрім

Құдайбердіұлының мына сөзімен бастағым келіп отыр: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи. Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі

– адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына

тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ» дейді. Демек, әділ өмір сүрудің өзі де үлкен еңбек болып

есептелінеді. Жалпы, өмір – әрбір адам баласы үшін бір рет берілетін сынақ. Өмір – сүру бәріне бірдей

берілген мүмкіндік. Халық арасында «Өмірге адам болып келу – Алладан, ал өмірден адам болып

өту – адамнан» деген тұжырым бар. Сондықтан әрбір адамның өмірінің мәнді болуы тікелей өзіне

байланысты. Бірақ, өкінішке орай кейбір адамдар өз өмірлерін бағалай білмейді.

Өмір - әр шуақ шашқан күнімізбен құнды. Ел арасында «Бір күнім өтті дегенше, өмірімнің бір

сәті өтті десейші» деген сөз бар емес пе? ! Сондықтан әр минутымыз, тіпті әр секундымыз біз үшін

баға жетпес құнды байлық. Өмір - біз өсіп келе жатқан табиғатымызбен, тыныш бейбіт өмірімізбен

құнды. Қоршаған орта – біздің екінші үйіміз, Анамыз! Табиғат біздің анамыз дегендей, біз, сол

табиғаттың берген нәрінен қуат алып өсіп келеміз. Өмір - біздің сүйіспеншілігімізбен және

ризашылығымызбен құнды. Біз әрбір атқан таңымызға, әрбір қуанышты сәтімізге алғыс айтуымыз

қажет. Қуанышты сәттеріміз, өмірдегі бақытты кездеріміз жадымыздан өшпесі анық. Өйткені ол біздің

өміріміздегі құнды естеліктеріміз. Сондықтан әрбір істі сүйіспеншілікпен және жауапкершілікпен

жасауымыз қажет. Сонда ғана әрбір жасаған ісіміз сәтті болып, нәтижелі болмақ. Өмір - үлкен өмірде

әрбіріміз өз орнымызды қателеспей анықтап, таба білуімізбен құнды. Яғни біз мектепте алған білімізді

жоғары оқу орнында жалғастырып, өзімізге тиесілі мамандықты меңгеру. Сол мамандықты атқаруда

тәнімізбен сезініп ләззат ала білсек, халқымызға адал қызмет жасасақ, - міне нағыз өміріміздің шынайы

құнды мәні болмақ.

Адал адам – сенімді, өтірік айтпайтын, өз ісіне тиянақты, жауапты, арам ойы жоқ, сөзіне берік,

әрбір істе қара қылды қақ жаратын әділ, жасағанын міндетсінбейтін жан. «Осы біз тамақ жемесек

баяғыда байып кетер едік» деген екен бір кісі. Сол секілді мына біз өмір сүріп жатқан қоғамдағы

адамның барлығы адал болса, дамудың биігіне сонда шығып, өмір сүру әлдеқайда жеңіл болар ма еді?

! Адамның өзін-өзі жақсылыққа жетелеп, адал болуға тырысуы, өзге адамдар үшін пайдалы

көрінгенмен, өзі үшін мол иігіліктері бар. Себебі, бергенің қалай болса, аларың да солай болмақ.

Адамның күні адаммен екенін де ұмытпау керек.

Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық

адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімен арттыра түседі. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де

сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр

болғанда да ол тартынбайды. Адал болу тек қана өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден

көрінеді. Адал адамға сенім артуға болады, оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.

Адалдығы бар адамның рақымы мол болады. Оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау

кезінде, олардың пікірлерін дәйектеуде, оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына

көмектеседі. Оқушы ойын түйіндеп, бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал

болу, өтірік айтпау, алдамау т. б. ұғымдардың мағынасын ашу.

Қайсыбір мекеме қызметкері болмасын, өзіне сеніп тапсырылған дүниелерге үлкен

жауапкершілікпен қарауы тиіс. Жұмыс орнының мүлкіне аманат есебінде қарап, оған қиянат жасамай,

кісі ақысын жемей, ысырап етпей, бүлдірмей ұқыпты ұстауы қажет. Өйткені аманатқа қиянат жасау,

кісі ақысын жеу, әділетсіздік жасау, адал болмау – үлкен күнә. Осыған байланысты, біздің «Алтын ұя»

мектебімізде жалпы республикалық бірыңғай адалдық сағаттары халқымыздың бетке ұстар, нар

тұлғалары, халқы үшін жанын қияр перзенттеріміздің адалдық сағаттары өткізіледі. Соның ішінде

нақты тоқталатын болсам, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби

сыйлығының жеңімпазы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі «Қалқаман Саринмен адалдық сағаты»,

ISSN:2663-2543 • «UDU» 23

қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер

үшін мәртебесі биік ақиық ақыны «М. Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» атты адалдық сағаты, қазақтың

аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері «Ыбырай

Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» тақырыбындағы адалдық сағаты, сонымен қатар ақын,

ағартушы, арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан «Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбындағы адалдық сағаттары өткізілді. Оқушыларға

адалдық, шындық туралы түсінік беру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату

үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуірін -

бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде өтіліп отырады. Сонымен қатар,

ағымдағы жылдың 5 ақпан күні «Оқушылар арасында парасаттық ұғымын кеңінен насихаттау

барысында» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Сыздықова «Адалдық сағатын» өткізсе,

қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақыны «М. Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» атты адалдық сағатын

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Керимкулова 8 – 9 сынып оқушылары арасында

адалдық сағатын өткізді.

Қорытындылай келе, мен өмірдің ащысы мен тұщысын көтере білу – кейбір адамдарға қиын

соғатынын түсіндім. Өмірімізді мәнді ету –ол әрбіріміздің қолымызда. Сондықтан: Ақылды болғың

келе ме - өзіңді және өзгелерді түсінуді үйрен, сүйікті болғың келе ме - өзіңді және өзгелерді жақсы

көруді үйрен, сені бағалағанын қалайсың ба - өзіңнің және өзгелердің еңбегін бағалап үйрен, әулетті

болғың келе ме - қолыңда барға қанағат ет, еркін болғың келе ме - өзіңе керек емес адамдарды жіберуді

үйрен, - дегім келеді. Сол үшін өмірімізді бағалай білейік! Өмірімізді мейлінше түрлі - түсті бояумен

бояп, жан - жағымызға нұрымызды төге жүрейік!

256 0
ЖАДЫРА АМАНКУЛОВА, Үшарал негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 0008996
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: