Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері
аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол
Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға,
ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар.
Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына
жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап
көрсетті. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға
нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Бұл ұлт болшағы үшін
маңызы зор қадам. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық
білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. «Инновация » деген сөз – латынның
«novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жанару,
жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру
мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Білім берудегі инновациялар – қоғамның
тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір
жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас
тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі
деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін
технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс – тәсілдің ара – жігін
ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады. Абай шығармаларын оқытуда ең тиімді
әдіс – тәсілдердің бірі сын – тұрғысынан ойлау. Сын – тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –
әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. «Сын тұрғысынан ойлау
жобасының» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды
жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе –
теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын.
Сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән
емес. Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен
міндеттері:
1. Қызығушылығын ояту – үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырып, кеңейте түседі.
2. Мағынаны тану (түсіне білу) – ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы
жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өзен
жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
3. Ой – толғаныс – тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ барысында оқушының толғанысын
ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері
байқаған ақпараттарды өз сөз-дерімен айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір – бірлерімен ой
алмастырады, ой түйістіреді, өз кестелерін жасап, басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді
нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Сонымен қатар, еліміздің, халқымыздың ұлттық
мақтанышы – Абай. Абай Құнанбаев дегенде танымайтын, білмейтін қазақ кемде кем шығар. Абай –
20 №10 (30) October 2021
халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес
мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту біздің ғұмырлық парызымыз.
Абай шығармаларын жаңартылған білім беру мазмұнында оқушыларға меңгертудегі әдіс-
тәсілдерді тиімді қолдану. Сол сияқты оқушының белгілі бір мазмұнды меңгертудегі танымдық
әрекетіне лайық іздемпаздылыққа жетелер, яғни зерттеуге арналған әдістер де бар. Сайып келгенде,
осы әдістердің бәрін тұтас алғанда әдістеме ғылымы негізгі үш топқа бөліп келді. Оның біріншісі- оқу
танымдық әрекеттің ұйымдастырылуы әдісі; үшіншісі- оқу танымдық әрекеттің тиімділігін тексеруге
және өзін-өзі тексеруге арналған әдістер. Тек әдістердің қолданылуында және мұғалімнің осы
әдістердің қай қайсысын таңдауында басшылыққа алып, қатты ескеруінің өлшемі мыналар болу керек.
Олар:
қолданылатын әдістің оқу мақсатына сәйкестігі;
оның оқуда көзделетін бағалау критерийлеріне сай келетіндігі;
сабақ мақсатына жете алатындай болуы;
оқушының оқу мүмкіндігіне сәйкестігі: (жас, психикалық жағынан);
Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы
өмірге жол көрсетіп тұр. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің
шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп,
сезіледі.
Абай есімі мәңгі ұмытылмайды. Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы
қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны
тұңғыш аша білуі деуге болады. Абай – қазақ жазба әдебиетінің, қазақ философиясының биік шыңына
шыққан ғұлама. Оны өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп
толғандырып, дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан.
Абай сепкен ұрық, өскен дәндер бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп –өніп, ұлттық әдебиетімізді,
мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде. Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа
мазмұнға ие болып, кейінгі толқын жазушылардың өнеге етіп, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.
Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің
шынайы жолын көрсетіп берді. Абай шығармашылығындағы адам бойындағы қайырымдылық, қанағат
секілді адамның қалыптасуына себепші иманды қасиеттер де талданған. Кант, Достоевский тәрізді ұлы
гуманистер "қайырымдылық", "қарапайымдылық" секілді ұғымдарды тұлғаны қалыптастыратын
басты белгі деп қарастырған. Нағыз адамды білімділік, ақылдылық, біліктілік, ғылымсүйгіштік
қасиеттер анықтайды деп тұжырымдайды. Дана ақынның пайымынша, адамшылықтың мұратына
жетудің негізгі құралы - шығармашылық ойлау. Абайдың айтуында, ой кісіге табиғат құбылыстарын
ғана емес, адам өмірін талдау, қорыту, салыстыру үшін берілген. Нағыз адам мұратына жетудің екінші
шартын Абай еңбек, қызмет деп есептейді. Ақын еңбек туралы да жаңа сөз айта алды. Сонымен қатар
Абайдың лирикалары саяси әлеуметтік, философиялық, оқу-ғылым, өнер, табиғат, махаббат, достық,
көңіл-күй лирикалары болып келеді. Енді мен Ұлы ақын Абайдың шығармашылығына тоқтала кетсем:
ең алдымен Абайдың «Қара сөздерін» айта кетпесе болмайтын шығар, қара сөздері – ұлы ақынның сөз
өнеріндегі көркемдік қуатын, философиясындағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін
классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Сондай – ақ, ол жалпы адамзат баласына ортақ
асыл сөзге айналды.
Көркем әдебиетті мектеп қабырғасында оқыту көптеген маңызды мәселелерге баса назар
аударуды қажет етеді. Мектептерде басқа пәндердің қатарында әдебиеттің оқытылуында да білім
деңгейін берілген материалдың көлемімен өлшеу, тек ақпарат құралына айналдыру жағы жиі
аңғарылады.
Оқушы оқылатын шығарманы дайын күйінде басқа авторлардың берген бағасы, түсіндіруі
арқылы ұғынбай, өздігінен түсінетін, мұғалімнің жүргізетін жұмысы барысында талдай алатын,
қорытынды жасай алатын дәрежеге жеткізу, оқушыға шығармашылық жағдай жасау, еркіндік беру
әдебиетті оқытудағы басты міндет болса керек. Абайдың жыл мезгіліне арналған өлеңдерінде жыл
мезгілдеріне тән белгілерді суреттеп, табиғат көрінісін елестете отырып, әлеуметтік жағдайды көрсету,
соны айқындау ниеті басым жатыр. Автордың қай сөзінің қатыңқы да, шытынап шығуы, қаһарлы
қысқа, не суық күзге ызаланудан гөрі жыртық-тесік, кем-кетік, жұпыны өмірге, ондағы бейқамдыққа,
қырсыздыққа ызалануы көбірек көрініп тұрады.
«Күз» өлеңінде Абай бұлттың түсін неліктен басқаша қолданбай (қара бұлт, ақ бұлт, шарбы бұлт,
ақша бұлт т. б) «сұр бұлт» тіркесімен берген? Ерекшеліктерін тереңдей ұғуға әрі сол табиғат
құбылысын дөп басып айтты. Ол – жыртық киім, жамау-жасқаумен жүрген ауыл әйелдері, бәрінің
қабағы жабырқаңқы, бүрсеңдеген бала, от жақпаған, суықтан құты қашқан үй. Бұл көрініс біріншіден,
автордың оларға деген аянышы мен жан ашуын туғызып, екіншіден, одан туған көңіл-күйдің кейіске
ISSN:2663-2543 • «UDU» 21
айналғаны байқалады. Берілген эмпатиялық әңгіме-сұхбат арқылы ақынның осы көңіл-күйін оқушыға
сезіндіру мақсаты көзделуі керек.
Абай шығармаларының табиғаты кешегіні айта отырып, бүгінгі күннің барысына жөн сілтейді.
Кешегі айтылған Абай сөзі бүгін өз құнын жоғалтпақ түгіл, ол құндылық пен оған деген мұқтаждықты
еселеп арттырғандай болады. Сондықтан да бұл жердегі интеграциялық байланыс мұғалімнің білімдік-
әдістемелік дайындығын қалайды. Абай өлеңдерінің терең мазмұнына бойлау үшін сабақты
интеграциялық байланыста жүргізу бірден-бір тиімді әдіс болып табылады.
Тағы да бір «Қыс» өлеңін оқытқанда да осы әдіс-тәсілдің берері көп. Абай «Қыс» өлеңінде
жылдың бұл мезгілін, табиғат көрінісін жаңаша үлгіде сипаттайды. Әдебиеттін бағдарламасында да
Абайдың «Қыс» өлеңіноқытқанда әдебиет теориясынан затты, құбылысты жанды бейнедесуретте
«кейіптеу» ұғымын беру көздеді». Оқушының ассоциациялық қиялдағы қыс көрінісін «Постер» әдісі
арқылы да жүзеге асыруға болады. Абай өлеңіндегі «ақ киімді», «ақ сақалды», «ақ қырау», «ақ орда»
тіркестеріндегі ақ эпитетінің қолданысында да қыс суретін анықтап көрсету мақсаты көзделген.
Оқушының елестетуінде қыс келбетінің ақ түсі осы көріністерге сәйкеседі. Сондай-ақ келтірілген тәсіл
өлендегі « үскірік», «аяз», «қар», «беті-қолы домбығып, үсікшалды», «борандап, бұрқ- сарқ етіп,
«басқанжері сықырлап» деген сөздер мен тіркестердің қыс табиғатына тән көріністер екендігін
оқушыға еркін сезіндіруге жағдай жасайды. Сондықтан осы ұғымдарды жеткізе, сезіндіре білу де
мұғалімнен жаңа әдіс-тәсіл қолдануды талап етеді.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің мақсаты айтылады. Өлеңді тұтас, толық түрінде
оқу, суреттеу, сипаттау элементтері. Ескі қазақ аулында аңшылықпен кәсіп еткен. Аңшылық кәсіп
еңбектің бір түрі. Жүгірген аңды (түлкі, қасқыр, қоян) қазақ бүркіт немесе тазымен аулаған. Ұшқан
құсқа лашын, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды баулып салған. Бұл өлеңде бүркітпен түлкі
аулау суреті берілген. Қырда жер ашық болады да, жаңа жауған қардан кейін түлкінің ізі сайрап жатады,
ол – олжа беретін қанды із. Сонар – жаңа жауған қардағы із. Бүркітші сонарға шыққанда, ауыл
адамдары аңшыға ере шығатын болған. Олжаның алдын құс иесі солардың біреуінің қанжығасына
байлайды.
Абай шығармаларын оқушыларға таныстыру, меңгерту барысында кез келген оқыту
технологияларын қолдануға болады. Бұл жерде мұғалімнің шеберлігі, үнемі ізденісі, келешек ұрпақтың
қамын ойлап, соларға жаны ашитын мейірімділігі басты рөл атқарады. Жұмыста оқыту
технологиясының бір – екі түрінен ғана мысал келтірілді. Одан да басқа түрлі оқыту жолдары ақиық
ақын туындыларын игерте отырып, білім нәрімен сусындатуға болады. Абай шығармаларын оқытудың
әдіс – тәсілдерін үнемі өзгертіп, озық технологияның ұтымды жақтарын қолдану – бүгінгі білім беру
саласындағы мұғалімнің сабақтың мақсатына жетудегі, яғни білімділік, дамытушылық, тәрбиелік
мақсаттарының жүзеге асуына құндылығы ерекше деп есептеймін.
Бүгінгі баяндамамды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым келіп отыр. Елбасымыз
Қазақстан Халқына жыл сайынғы Жолдауында былай деп айтып өткен: «Сендер, жас ұрпақ –
болашақта білімді де, бәсекеге қабілетті де, ұлт мақтанышы да болатын азаматсыңдар, сендердің білім
алуларыңа мемлекет барлық жағдайларды жасауда». Осы сөздерден қандай тұжырым туындайды?
Болашақ ұрпақты тәрбиелеуші, оларға білім берушілер кімдер? Әрине, мына біз сияқты ұстаздар.
Кез келген оқушыны біліммен қаруландыру үшін, ұстаздар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Ал,
ол әдіс-тісілдердің санын санауға жетерліксіз.
Егерде мектеп қабырғасында немесе кез келген қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытылатын оқу
мекемесіндегі мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесінде қандай да шығарманы немесе тақырыпты үйрете
отырып, функционалды сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды орындатса, онда білім алушылар
қазіргі қоғамға сай біліммен қаруланады.
Ал, Абай шығармашылығының бұған қандай қатысы бар деген сауал туындаса, біздің
жауабымыз мынадай: Абай шығармашылығы – өмірдің егізі, оны оқи отырып, сен өмірдің нағыз бет-
пердесін көресің, себебі, ұстаздың басты міндеті – өзінің шәкіртіне өмір сүруді үйрету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әділханов Т. Абай өлеңдерінің білімдік, тәрбиелік мәні. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1994
2. Бөкейханов Ә. Абай Құнанбаев. Абайды оқы, таңырқа. А. 1993
3. Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы Т.1. -Алматы: Ғылым,1997.
4. Жаңартылған білім мазмұны бойынша қолданылатын әдіс-тәсілдер жинағы 20146 ж.