Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.3.1.5 3D-редактордағы объектілердің модельдерін құру. |
Сабақтың мақсаты | 3D-редактордағы объектілердің модельдері жайлы біледі. 3D-редактордағы объектілердің модельдерін құрады. 3D-редактордағы объектілердің күрделі модельдерін құрады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. 1.Амандасу. 2. Шаттық шеңбері. Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату. 3.Білім алушыларды «The hat» программасы арқылы жұпқа бөлу. Мақсаты: аралас топтар, жұптар құру 4.Бағалау: «Мадақтау» әдісі. Мақсаты: білім алушылардың жағымды мінез-құлқын ынталандыру.
Өткен сабақтағы «3D редакторы» тақырыбын қайталау үшін «Wordwall» әдісін қолданамын. Мaқcaты: білім алушылардың алдыңғы білімін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. ТАПСЫРМА №1 Сәйкестендіру Дескриптор: 3D және 2D графикаларға арналған программаларды, олардың айырмашылығын біледі. Бағалау: «Мадақтау» әдісі.
Білім алушылардың назарын жаңа сабаққа шоғырландыру және сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Галлереяны шарлау» және «Ой қозғау» әдістерін пайдаланамын. Мақсаты: білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Білім алушылар сыныптың бір қабырғасына ілінген графикалық органайзерді, объектілердің 3D модельдерін көріп тамашалайды, ой қорытады. Жетелеу сұрақтар қойылады: - Осы көргендеріңнің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар? - Сабағымыз не туралы болуы мүмкін? -Сабақ соңында не үйреніп шығамыз қалай ойлайсыздар? Білім алушылар жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады. | 1.Амандасады. 2. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне тілектер айтады. 3. The hat бағдарламасы арқылы жұпқа бөлінеді. 4. Бағалау: «Мадақтау» әдісімен танысады.
Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. |
«Мадақтау» әдісі.
| Thinglink веб-плакат
https://wordwall.net/play/29131/637/330
Графикалық органайзерлер
|
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақта «Мeдиа» әдiciн пайдаланамын. /Бейнеролик көрсетіледі/ Мaқcaты: білім алушылардың түciнiктeрiн қaлыптacтыруда «дaмытушы oқытуды» көрceту.
ТАПСЫРМА №2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС Редактор құралдарын пайдаланып, үйдің жобасын құру. /Таймер және релаксация қолданамын/ «Жоба» әдісі Мақсаты: білім алушылардың ақпараттық функционалдық сауаттылығын арттыру. Зерттеу, іздеу және шығармашылық дағдыларын дамыту.
Дескриптор: 3D-редактордағы объектілердің модельдерін құруды біледі.
Әр білім алушының тапcырманы қалай орындағанына қарай ауызша кeрi байланыc беремін жәнe «Мадақтау» әдісі арқылы бағалаймын.
ТАПСЫРМА №3 ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ. Quizizz.com веб-сервисінде жұмыс. «Quizizz» әдісі. Мaқcaты: білім алушылардың ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету, оқу пәніне кешенді көзқарас қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту. Дескриптор: 3D-редактордағы модификациялау құралдарының қызметтерін біледі. Бағалау: «Мадақтау» әдісі
Сергіту. «Ой мен ойын» және «Wheelofnames» әдістері Мақсаты: пәнаралық байланыс арқылы білім алушылардың пәндерге қызығушылығы мен оқу сапасын арттыру. ТАПСЫРМА №4 Информатикалық диктант Learningapps.org веб-сервисінде жұмыс. «Learningapps» әдісі. Мaқcaты: бағдарламалық материалды терең түсінуге және меңгеруге жетелеу.
1)...- қарапайым үшөлшемді обьектілерді, ғимараттарды, жиһаздарды, интерьерді модельдеу программасы. 2)...– үшөлшемді графика программаларының көмегімен объектілерді жасау процесі. 3)SketchUp Make жобалары ... форматында сақталады. 4)Конус, цилиндр, сфера (шар) тәрізді объектілер көлемі бар болғандықтан, олар ... ... жатады. 5)3D графиканың 2D графикадан айырмашылығы – 3D графикада ... ... болады. Объектінің биіктігі және ені мен қоса ... де ескеріледі. 6)2D және 3D программаларындағы құралдардың айырмашылығы – екіөлшемді фигуралар – ..., үшөлшемді фигуралар ... салынуында.
Дескриптор: Объектілердің 3D модельдерінің анықтамасын, 3D мен 2D графика құралдарының айырмашылығын біледі.
Бағалау: «Мадақтау» әдісі |
Редактор құралдарын пайдаланып, үйдің жобасын құрады.
Quizizz.com веб-сервисінде тест тапсырмаларын орындайды.
«Ой мен ойын» ойынын ойнайды.
Learningapps.org сервисінде информатикалық диктант орындайды.
|
«Мадақтау» әдісі.
«Мадақтау» әдісі. |
Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық ./Г.И.Салғараева, Г.А.Көпеева, Ә.Ә.Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова. – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2020.
https://wheelofnames.com/ru/hyu-4nf
https://learningapps.org/watch?v=p5pavhpe321
|
Сабақтың соңы | «Мадақтау» әдісі арқылы білім алушыларды жалпы бағалау. Рефлексия. padlet.com және polleverywhere.com сервистерінде кері байланыс алу. Мақсаты: білім алушылардың саналы ішкі рефлексиясын даярлау. | padlet.com және polleverywhere.com сервистерінде кері байланыс жасайды. |
| https://padlet.com/myrzaevameruert1/s2xoukyhsedjwq5v
https://PollEv.com/free_text_polls/ZeiEDx9BMtBa3E5hVXcSM/respond |
Үй тапсырма- сы | §12 Оқу. |
|
|
|