Резюме
В данной статье рассматриваются интерактивное обучения математики с черчении
Summary
This article discusses interactive learning mathematics with drawing
Болашағының баянды болуын ойлаған әрбір халық өз жастарын білімді де тәрбиелі етіп қалыптастыруды басты орынға қояды. Қазір мемлекеттің құдіреттілігі экономикалық, материалдық байлықтың молдығымен емес адами капитал дәрежесімен анықталатынын қарқынды дамушы елдердің тәжірибесі айқын дәлелдеп отыр. Ал адами капитал дегеніміз сол елдің білім мен ғылымды дамыту деңгейі, инновациялық технологияны меңгеруі. Сондықтан бүгініміз бен ертеңімізді ғана ойламай еліміздің болашақта жедел де орнықты өркендеуін мақсат етсек, осы салаларға салатын назарымызды күн санап еселей түсуіміз қажет. Екінші мәселе, өскелең ұрпақты елжанды, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыру. Бұл әсіресе қазіргі жаһандану заманында аса өзекті болып тұрғаны айтпаса да түсінікті болар. Қазір жастарымыздың шетелде білім алуына мүмкіндік мол жасалған, басқа елдердің бірінде жоқ Президенттік «Болашақ» бағдарламасының өзі бұл үшін қаншалықты жағдай тудырып отыр. Ендігі мәселе сол жастарымыздың оқу бітірген соң жеке басына ғана пайда әкелетін жол іздемей ел азаматы есебінде алған білімі мен үйренген тәжірибесін Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік-мәдени деңгейін көтеруге жұмсауға ниетті болуы, соған аянбай ат салысуы. Осы тұрғыдан алғанда білім мен тәрбиенің бағыт-бағдарын мемлекет басшысы Н.Назарбаев жария еткен «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы және Ұлт жоспары аумағындағы 100 нақты қадам аясында жүргізілетін жұмыстар анықтайтын болады деп ойлаймын. Елбасы атап өткен азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық культі, толеранттылық, шын берілгендік пен патриотизм құндылықтарын оқу мен тәрбиенің бастауына айналдыру жаңа оқу жылының басты міндеттері болары анық. Аталған құндылықтар білім мазмұнының өзегі болып, «Білім беру стандарты – оқу бағдарламасы – оқулық» жүйесінде толығымен іске асуы керек. Оқулық әзірлеу - жас ұрпақты өмірге дайындауда, заманауи білім беруде аса ауқымды да жауапты, үнемі ізденісті, жаңашылдықты талап ететін қызмет. Еліміздің жалпы орта білім беретін мектептерін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен уақытында қамтамасыз ету, оның сапалы болуы мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы биліктің, баспалардың, осы саладағы ғылыми-әдістемелік орталықтардың бәріне ортақ жауапты міндеттердің бірі [1].
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленеді. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге төмендегідей басты талаптар қойылады:
1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімдерді енгізу;
2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың дұрыстығы;
3) білім алушылардың жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алу;
4) оқу материалы мазмұнының кәсіби бағыттылығы.
Әрбір мұғалімнің алдында үш сұрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту. Бұл сұрақтарға жалпы көлемде осы пәннің оқу бағдарламасы жауап береді.
Бұл қойылған мақсаты педагогикалық дидактика негіздеріне сүйене отырып, сол сұрақтарға мүмкіндігінше толығымен жауап беру. Осы мақсат – болашақ мұғалімдерге, еңбек жолын енді бастаған сызу пәнінің жас мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру, дәріс берудің негізгі формаларымен, әдістерімен және әртүрлі тәсілдерімен таныстырады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатты орындаудағы әдістемелік негіздегі талаптар төмендегідей:
- сызу пәнін оқытудағы тәжрибелі мұғалімдердің қолданып жүрген тиімді әдістері;
- оқушылардың ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;
- аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;
- практика жүзінде сызбаларды оқи да,орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар.
Сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамыту кеңінен қамтылған. Осыдан оқыту әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан анықтама беретін болсақ: «Сызба әдістері – бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкеес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы. Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді».
Бұл оқу-әдістемелік материалдар сызу пәні мұғалімінің тәжірибесіне үлкен көмек көрсетеді. Бірақ әрбір мұғалім өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін.
Әрбір тәжірибелі мұғалім әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.
Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да, оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген (бұл жерде айта кету керек, осыған дейінгі бағдарламаларда негізінен геометриялық құрылымдарға сәйкестендіріліп жасалған болатын. Сабаққа берілген уақыттың біразы сол геометриялық денелер және олардың комбинациялары тақырыптарына бөлінетін).
Енді оқушылардың сызба құралдарын дұрыс пайдалана білуін қалыптастыру, техникалық сызбаларда геометриялық негіздерді игеру ғана емес, кейбір қарапайым заттардың сызбаларын оқи да, орындай да білуін мақсат етіп қою болып отыр. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес, орта мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартуды керектігі, бұл -өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек.
Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп, оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді. Оқушыларға жалпы сызбаларды оқуды үйретуде, оның ішінде жұмыс сызбаларын оқытуда олардың еңбектерін жан-жақты елеп, марапаттап отыру оқушылардың сызу пәніне деген ынтасын артыруға көп себеп болары сөзсіз. Бейнелеу өнерімен бірге сызу пәні де оқушыларды графикалық сауатылыққа баулиды. Жазықтық бетіне кеңістіктегі формаларды кескіндеу арқылы оның мазмұнын түсіну, басқа пәндерді оқуда да үлкен көмегін тигізетінін ескерген жөн.
Сондықтан әрбір сабақта оқушы өз логикасымен ойланып, практикалық, болмаса графикалық жұмыс істегені дұрыс. Бұл жерде айта кету керек, бірыңғай графикалық, болмаса практикалық жұмыс пен шектелуге болмайды. Терең теориялық біліммен қаруланған оқушы, практикалық білімді тығыз ұштастыру арқылы ғана өз дәрежесіндегі графикалық сауатты оқушы бола алады. Әртүрлі тәсілдермен орындалған түрлі сызбаларды, графикалық кескіндерді, схемаларды еркін оқи да, орындай да білген оқушы осы пәнді толық игереді деп есептеуге болады.
Оқытудағы байланыс – сабақты жақсы берудің, тиімді өтіп берудің ең қолайлы жағдайы. Бұл, әсіресе, сызу, еңбек, геометрия, бейнелеу өнері және физика сабақтарында өте маңызды, өйткені осы аталғандардың бірізде алынған тәжірибе мен іскерлік басқа сабақтарда тікелей қолданылады. Бұл байланыс неден тұратынын қысқаша қарастырып өтейік.
Сызу мен еңбек мұғалімі арасында осы сабақтардың шешімінің санында тұратын үзіксіз байланыс болу керек. Бұл байланыс еңбек әрекетін көтеріп, техникалық ойлау мен оқушылардың құрастыра білу талабын дамытады. Сызу сабағын еңбек сабағымен байланыстыра өткізу еңбек процесінде сызбаларды пайдалана білу қасиетін дамытады. Осындай байланыстың нетижесінде оқушылардың графикалық білімдерін бекітіп тереңдей түседі.
Өнімдерді шығару процесі келесі операциялардан тұрады:
- жасалатын бұйымның сызбасымен танысу;
- бұйымның өлшемін талдау және сызбада оны белгілеу;
- материалды өңдеу;
- сызба бойынша бұйымдардың өлшемін тексеріп шығу [2].
Осының барлығы оқушылардың келешек бұйымдарын елестетуге көмектеседі. Қандай да бір детальді өңдеу процесінде оқушы сызбаға көп көңіл аудару керек. Сызбаларды оқумен катар, мектеп шеберханасында сызу құралдарына көп көңіл бөледі. Осының дұрыс орындалуынан бұйым өңдеу сапасы байланысты. Мұнда окушыларға сызу құралдарын қолдану және әдістерін көрсету өте маңызды.
Мұғалімнің алдын ала орындаған сызба бойынша бұйымы сызудың еңбекпен байланысының бір формасы болып табылады. Екі пән мұғалімдерінің өзара байланысқан сабақтардың күнтізбелік жоспарын кұру байланыстың керемет формасы болып табылады. Осы орайда сызудың тақырыптары оқушылардың мектеп шеберханасындағы жұмысымен байланысты және нақты жоспарланған болу керек. Өзара байланысқан сызу мен еңбек сабақтарына күнтізбелік жоспар кұру оңай іс емес.
1. Сызу және геометрия.
2. Сызу және бейнелеу өнері.
3. Сызу және физика, т.б.пәндер
Осыны қамтамасыз ету үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мониторинг жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, мектептегі оқу үдерісіне өзгертулер кіргізуге болады.
Әдебиеттер:
- Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. 1-бөлім, 2-бөлім. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995
2. А.А.Байдасов. Математиканы оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1989