«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.
Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.
Бүгінде цифрландыру экономиканы дамытудың негізі болды деп айтсақ қателеспейміз.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада сандық технологияларды пайдалану есебінен экономиканың даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ экономиканың ұзақ мерзімді перспективада сандық экономиканы құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшу болып табылады.
Осы тұжырымдаманың негізінде бес негізгі бағыт, атап айтатын болсақ
- «Экономика салаларын цифрландыру»- алға бастайтын технологияларды және еңбек өнімділігін арттырып, капиталдандырудың өсуіне бастайтын мүмкіндіктерді қолдана отырып ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайта құру.
- «Цифрлық мемлекетке өту» - халық пен бизнеске олардың қажеттіліктерін алдын ала болжай отырып қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.
- «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» - деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
- «Адами капиталды дамыту» - креативтік қоғам құруды және жаңареалиялар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.
- «Инновациялық экожүйені құру» - бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.
Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр.
Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылып, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикада мұғалімдері цифрлы сауаттылық бойынша оқып білім алды. Айталық, «Базалық цифрлы дағдыларға» персоналдық компьютер мен ноутбукты, мобильдік құрылғылар мен интернет желісін қолдануды жатқызуға болады. Ал «Электронды үкімет және электрондық
мемлекеттік қызметтер» дағдысы бойынша үйден шықпай «онлайн» электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін «Электронды үкіметті» қолдану дағдыларын үйренді.
Сонымен қатар бүгінгі таңда электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі республика бойынша мыңдаған мектептерде енгізілген. Кез келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалай алады. Барлық мектеп жүйеге құпия сөз және логин арқылы кіреді және сіз балаңыздың білімін қадағалау үшін сынып жетекшісінен логин мен парольді алып енгізсеңіз жеткілікті. Сақтау батырмасын басу арқылы күнделікті автоматты түрде кіруге болады. Әр оқу жылына бір рет сабақ кестесі бекітіліп, автоматты түрде барлық тоқсанға қойылады. Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес электронды журналға баға қояды. Баға автоматты түрде оқушының күнделігіне түседі. Жүйеде үйге берілген тапсырма да көрініп тұрады және баланың күнделікті сабаққа қаншалықты дәрежеде жауап бергендігі де балл арқылы көрсетіліп тұрады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отыр, осы жаңашылдықты қолданып қана қоймай іс-шаралар мен жобалар мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді, білім және денсаулық сапасын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды, оны тиімді пайдалануды әр азамат өз алдына мақсат етіп қоя білуі керек. Білім беру ұйымын цифрландырудағы заманауи тенденциялар туралы білімді алу «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді пайдаланудағы мұғалімдердің құзыреттілігін кеңейтуге мүмкіндік береді, оған барлық жаңалықтарды білуге және оларды кәсіби қызметте және күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік береді.