Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1641

ШОҚТЫҒЫ БИІК ПЕДАГОГ

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау»

Жан – Жак Руссо

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ол –

ұстаздық. Ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретеді. Әр ұстаздың өзіндік орны бар. Сабақ

түсіндіруде бірі - ғылымға сүйенсе, екіншісі - бойындағы білімге сүйенеді. Енді бірі – ғылымды да,

білімді де тұрмыспен ұштастырып, оқушыға ойын жеткізіп, жанын салып білім береді. «Ұстазсыз

ғұмыр - сөнген күн» деп ата - бабамыз айтқандай, бұл өмірді ұстаздарсыз елестету мүмкін емес. Өзгенің

уақытын аялап қана қоймай, ұстаз дегеніміз - айналасына адамгершілік пен ізгілік дәнін себуші ізгі

жан. Мұғалім болу-қашанда абыройлы да жауапты іс. «Мұғалім – мектептің жүрегі, әдістеме – оның

тірегі». Біз, ұстаздар қауымы, мамандығымыздың қасиетті де құдіретті екендігімен мақтанамыз.

Мақтанамыз, себебі біз «әлемге мұғалім болып жіберілген»

Менің түсінігімдегі шоқтығы биік педагог – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының

болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл

қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші,

жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ол өз ісінің шебері, жоғары

мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе

балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Сонымен қатар шоқтығы биік педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды

жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының

дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің

ролін атқарушы ол - шоқтығы биік педагог деп есептеймін.

Мен бүгінгі таңда Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылына қарасты Әбілда ауылы Үшарал

негізгі мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. 2006 жылы Тараз

қаласындағы «Тараз» институнының «қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі

мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. 2009 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына

8 №10 (30) October 2021

сәйкес Үшарал негізгі мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік

көмек алдым. Алдымдағы шәкірттеріме зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын, ойлана отырып

толғанамын. Алға талпынған олардың алдында менің ұстаз ретінде зор жауапкершілігім бар - ау деп

пайымдаймын. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық,

адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен

қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл — білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді

үйрендім. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым — қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және

мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.

Мен ағылшын тілі мұғалімімін. Мен өз таңдауымды дұрыс жасағаныма сенімдімін. Үнемі ізденіс

үстінде жүріп, сабақты әсерлі де қызықты ету, балаларға білім нәрін сусындау менім алға қойған

мақсатым. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған

талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау,

есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту ағылшын

тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету,

ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін

оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық

мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде

сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу

болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта

алу және қорғауға үйрету.

Шетел тілін оқытудың жаңа технологиясы бойынша ізденіп сабақты дұрыс жоспарлау жұмыстың

нәтижелі жетістігінің кепілі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында: «Білім беру

жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика

жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; .. .

оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру», - деп білім беру жүйесін одан

әрі дамыту міндеттері көзделді. «Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге

танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл». Сондықтан да орта мектептердегі ағылшын тілі пәні

мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым - қатынас біліктілігін

қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, еркін сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін

оқытудың озық технологиясын меңгеру - үлкен істің бастамасы.

Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде

айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н. Ә.

Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін

білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру

— бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл –

халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік

революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында Қазақстандықтардың

болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. – деп қадап айтты. Демек дамыған

отыз елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән берілуде.

«Ағылшын тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін қажет. Расында да, ағылшын тілін білу жастарға

әлемнің ең үздік ЖОО-да білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тәжірибе жинауға мүмкіндік

береді. Сонымен қатар, бұл әлемнің әр түкпірінде кәсіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым-

қатынас жасаудың маңызды талабы болып табылады. Бірнеше тілді меңгерген азаматтардың өз елінде

де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз.

Сондықтан менің өзіме қояр талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс. Ұстаздардың

ғылымның соңғы жаңалықтарын күнделікті сабақтарында пайдалануда білім беру жүйесіндегі

инновациялық технологиялардың орны ерекше.

Жаңашыл ұстаз шәкіртке жан - жақты білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік ақпарат

кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жайында өмір сүруге тәрбиелеу - өзімнің басты парызым деп

санаймын.

251 0
ЖАНСАЯ БЕЙБИТОВА, Үшарал негізгі мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жамбыл облысы, Сарысу ауданы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 0008990
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: