Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI164

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ ОРНЫ


    Аңдау хат: Баяндамада қазіргі таңдағы əкенің отбасындағы беделін арттыру жəне бала тəрбиесіндегі 

рөліне жұртшылықтың назарын аударту мақсатында жүргізілген жұмыс түрлері көрсетілген.

   Annotation: The report outlines the work done to enhance the reputation of the father's role in the 

family and enhance the role of the public in the upbringing of children.


    І. Қазіргі қоғамдағы отбасы тəрбиесінің өзекті мəселесі.

«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  деген  сөз  тектен-текке  айтылмаса  керек.  Өйткені,  адам  өмірі 

ұрпағы арқылы жалғасады. Мемлекет дегеніміз жеке адамдардан тұратынын ескерсек, бүгінгі жас ұрпақ 

ертеңгі  елдің  тізгінін  ұстайтын  азамат  болатынын,  сондықтан  да  ұрпақ  тəрбиесі  –  бұл  

мемлекеттік маңызы бар келелі мəселе екенін түсінуге болады.

    Бала тəрбиесінің басында ең алдымен ата-ана, содан кейінгі орында мектеп, яғни ұстаз тұрады. 

Баланың бойындағы адамгершілік, кішіпейілділік, қайрымдылық, əдептілік сияқты жақсы қасиеттердің 

бəрі бойына отбасынан сіңеді. Қазақ «əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп ата-ананың 

бала санасына тигізер əсерін дөп басып айтқан. Өкінішке орай, бүгінгі күні ежелден қалыптасқан 

дəстүрлі отбасы институты біраз өзгерістерге ұшырап, тоқырауды бастан кешуде. Мəселен, АХАЖ 

деректеріне назар аударсақ, өткен жылы ажырасушылар саны үйленіп отау құрғандардың елу пайызынан 

асыпты. Яғни, əрбір екінші отбасы ажырасып жатыр деген сөз. Сонымен бірге, толық емес отбасылар 

қатары көбейіп  барады.  Əкесіз,  не  анасыз  өскен  бала  толыққанды  отбасында  тəрбие  алған  

балаға  қарағанда өзгеше болады.

    Ал, бүгінгі күннің шындығы мынадай: Көп аналар балаларын ер адамның қатысуынсыз жалғыз өздері  

тəрбиелеп  өсіреді.  Бала  үйінде  анасының  тəрбиесін  алады,  мектепте  тағы  да  əйел  

мұғалімнің тəрбиесінде  болады.  Осыдан  келіп,  бүгінгі  психологтар  əрдайым  көтеріп  жүргендей, 

 əйел  мінезді, қиындыққа шыдамай морт сынатын ынжық бозбалалар өсіп шығады. Статистикалық 

мəліметтерге назар аударсақ, қыз балаларға қарағанда суицид көлемі ер балалардың арасында көп 

кездеседі екен.

    Қазіргі таңда орын алып отырған өзекті мəселелердің бірі ретінде отбасы құрылымының өзгеріп, оның 

мүшелері санының азайып, əсіресе бала санының кеми түскенін атап өтуге болады. Қоғамда болып жатқан 

əлеуметтік, экономикалық, мəдени жəне саяси жаңғырулар мен əртүрлі қоғамдық сипаттағы жəне əлемдік  

деңгейдегі  ақпарат  алмасулар  отбасы  мүшелерінің  арасындағы  тұлғааралық  қарым-қатынас 

сипатына да өз əсерін тигізіп отырғаны белгілі. Бүгінгі нарық жағдайында ата-аналардың көпшілігінің 

жұмыс бастылығы бала тəрбиесіне көңіл бөлмеушілікке əкелуде.

    Бүгінде   заманауи   отбасына   тəн   бала   тəрбиесі   келесі   ерекшеліктермен   көрініс   беріп  

 отыр: отбасында  балалардың  көбісі  күн  санап  көбейіп  отырған  ажырасулардың  нəтижесінде  

əкесіз  немесе анасыз өсуде; теледидар, жеке бөлме, т. с. с. өркениеттің жетістіктері, əсіресе 

талаптардың материалдық құндылықтармен   өлшемденуі   балалар   мен   олардың   ата-аналарының   

арасындағы   қарым-қатынас процесін қиындата, күрделендіре, тіпті шиеленістіре түсуде.

    І. І. Баланың басты ұстазы — ата-анасы.

Қоғамдағы  институттардың  ең  күрделі  жүйесі  бұл-  отбасы.  Отбасы  қарапайым  екі  адамның 

бірлесіп шаңырақ көтерілуінен басталып, сол шаңырақ арқылы үрім-бұтақ өсіп-өніп, үлкен бір қауымға 

айналады. Халқымыздың дəстүрінде қара шаңырақтың қасиетін терең сезіндіретін небір ұлағатты сөздер 

бар. Соның бəрі жайдан-жай емес.

    Баланың  басты  ұстазы  —  ата-анасы.  Одан  артық  тəрбиеші  де,  ұстаз  да  жоқ.  Ал,  жас  бала  

ең алдымен үлкендерге, соның ішінде күнде араласып, бірге жүрген ата-аналарына қарап, еліктеп 

өседі. Осы орайда, психолог мамандардың пайымдауынша, баланың жан-жақты жетілуіне əкенің де, 

шешенің де  рөлі  зор.  Ана  балаға  кішіпейілділік  пен  қайрымдылықты,  əдептілік  пен  

төзімділікті  үйретсе,  əке өмірдің қиындықтарын мойымай көтеретін табандылықты, батылдықты, 

бірбеткейлікті, сабырлылықты санасына  сіңіреді.  Міне,  осылайша,  ата-анасының  бірдей  тəлімін  

алып  өскен  ұл-қыз  тəрбиелі,  өмірге бейім болып өседі.

    Отбасылық қарым-қатынаста оның əрбір мүшесінің өз рөлі мен орны бар. Отбасында ана баланы өмірге  

əкеледі,  оны  ақ  сүтімен  тамақтандырып,  əлдилеп,  мəпелеп  өсіреді.  Анадан  бала  эмоциялық 

жылылық пен махаббат сезімін сезінсе, ал, əке мен бала арасындағы қарым-қатынас негізінен 

сыйластық, еліктеушілік, қорғаныш санаушылық түрінде өрбиді. Қазіргі таңда əкенің рөлі қалай болса 

да ананың рөлінен кем болмауы керек. Бұл жағдай тек əр адамның жауапкершілік сезіміне тəуелді болып 

келеді. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тəрбиелеу басты 

мəселелердің бірі  болып  отырғаны  белгілі.  Отбасылық  дағдарыстардың  белең  алуы  көп  жағдайда 

 еліктеушілік қасиетімізге  байланысты  екені  күмəн  туғызбас  шындық.  Сондықтан  бала  

тəрбиесіндегі  мəселелер, əсіресе отбасылық өмірге тұлғаның дайындығы ғылыми тұрғыда негізделуі 

керек.

    І. ІІ. Əке отбасының тірегі.

Отбасының əрбір мүшесі, атан-ана, бала - үйдің алтын діңгегі. Осылардың ішінде ерекше алып қарайтын 

 негізгі  тақырыбымыз,  ол-  ƏКЕ.  Баланы  дұрыс  бағытқа  бағдарлау  көп  жағдайда  əкеге 

байланысты болмақ. Əке тəрбиесін алған ер бала қажырлы, ер мінезді болып өседі, ал əкесін үлгі 

тұтқан қыз бала өзінің ертеңгі өмірлік серігі болатын жолдасын таңдауда қателіктерге ұрынбайды.

Əкенің  мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-қатынасы,  өнер-білімі  ұл  баланың  көз  алдындағы  үлгі- 

өнеге  алатын,  соған  қарап  өсетін  нысанасы  болып  табылады.  Қазақ  біреудің  баласы  жақсы,  

өнегелі азамат болса: «Оның əкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден 

шыққан ғой»

–  деп  мадақтап  жатады.  Отбасында  ұлдар  əкелері  немесе  аталарының  бойындағы  қасиет  пен  

өнерін үйреніп өскен.

    Осы   айтылған   жайлардан   көріп   отырғанымыздай,   мемлекеттік   маңызы   бар   келелі   мəселе 

саналатын  ұрпақ  тəрбиесін  дұрыс  жолға  қоямыз  десек,  ең  алдымен,  отбасы  бірлігін,  

шаңырақтың шайқалмай,  ер  адам  мен  əйелдің  өз  міндеттерін  адал  атқарып,  ата-аналық  

міндетіне  адал  болуын қалыптастыру  –  бүгінде  белең  алып  бара  жатқан  жастар  арасындағы  

түрлі  келеңсіздіктердің  жолын кесіп, саналы да, тəрбиелі ұрпақ өсіруімізге жағдай жасайды.

Əр  шаңырақта  əкенің  рөлі  ерекше.  Əке  -  отбасының  асыраушысы,  отбасы  мүшелерінің  тірегі, 

қамқоршысы.   Əкенің   мінез-құлқы,   өзгелермен   қарым-қатынасы,   өнері   мен   білімі-баланың   

көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін 

отбасының əділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Ер бала əкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол əрқашан 

бір əрекет жасау үшін əуелі əкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға 

болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына əкенің атқарар еңбегі ерекше.

    ІІ. Ғалым-педагогтар мен психологтардың тұжырымдары.

Ғалым-педагогтар  мен   психологтардың  ойынша  балаға  əке-шешесінің   қарым-қатынасы  мен олардың 

берген тəрбиесіне жететін ешнəрсе жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы 

сүйіспеншілік,    кішіпейілділік,    сыйластық,    жауапкершілік,    қайырымдылық,    сезімталдық,  

  т.    б. адамгершілік қасиеттерін ата-аналары арқылы саналарына сіңіруіне байланысты болмақ.

Өскелең ұрпақ тəрбиесінде əкенің ықпалы зор. Ер адамдардың отбасындағы басты міндеті туралы 

пікірлердің    алуандығынан    кейде    ой    қайшылықтарын    туындатады.    Сарапшылар    

азаматтардың отбасындағы ғана емес, тұтас қоғамдағы рөлін саралап алуға кеңес береді. Бұл орайда М. 

Қабақованың:

    «Зерттеушілердің  көпшілігі  тіпті,  еркектердің  рөлінің  дағдарысқа  ұшырағанын  көлденең  

тартады. Аталған  дағдарысқа  бірнеше  себеп  бар.  Бастысы,  ер  адамдардың  көпшілігінің  

бастапқы  беделі  мен мақсат-міндетіне сəйкес келе алмауы. Күйеуі мен əйелі отбасындағы өздерінің 

рөлін, кімнің неге жауап беретінін жете түсінуі қажет. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың екеуі де 

өздерінің отбасылық рөлдеріне қанағаттануы шарт. Бұл шаңырақтағы үйлесімділік пен тұрақтылыққа 

кепіл болады» деген пікірі көкейге қонады.

    Психологтар бала тəрбиесінде, əсіресе ұл баланың келешегіне əкенің ықпалы қажет екенін айтады. Ол 

үшін əке ұлымен сəби кезінен бастап дос болуы керек. Осы себепті əкелер қоғамдағы өз орындарын 

қайта иеленулері қажет. Қоғамның құрылуы əкелерден басталады.

    ІІІ. «Бəйтерек» əкелер қоғамдық кеңесі жұмысы

     Жамбыл атындағы орта мектебінде əкелермен бірлескен жұмыс оң жолға қойылған. «Бəйтерек»

əкелер қоғамдық кеңесі жұмыс жасайды.

Оның басты мақсаты: Жеке тұлғаны тəрбиелеу ісіндегі əке тəрбиесі мен білім ошағында берілетін 

сан-салалы  тəрбие  түрлерінің  сабақтастығын  қалыптастыру,  бірлескен  тəрбие  ісінің  озық  

үлгісін жасау.

Міндеттері:

➢  Əкелерді мектеп өміріне тарту арқылы мектеппен отбасы жұмысын ықпалдастыру;

➢  Отбасылық тəрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;

➢  Өскелең ұрпақты тəрбиелеуде жəне білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау 

шараларын ұйымдастыру;

Əкелерді мектеп өміріне тартуда атқарылатын қызметтердің бағыттар:

✓  Отбасын зерттеу

✓  Əкелердің білімін жетілдіру арқылы көзқарасына əсер ету

✓  Əкелерді мектеп өміріне тарту

✓  Əкелер кеңесін демеушілікке тарту

✓  Мектеп пен отбасы жұмысын ықпалдастыру


О Т Б А С Ы Н З Е Р Т Т Е У

✓  Əкелердің білімі

✓  Отбасы-ның жай-күйі

✓  Тəрбиелік мүмкіндіктері

✓  Адамгершілік бейнесі


Отбасын зерттеуді жүзеге асыру жолдары:

✓  Пікірлесу

✓  Сауалнама

✓  Шағын зерттеу

✓  Психологиялық жағдаяттар

✓  Сауалнамалар алуы

✓  Сырттай бақылау

Қазақ халқында “Бір бала бар- атадан өте туады, бір бала бар- кері кете туады” деген тұжырымға, 

баланың  қандай  болмағына  негіз  қалайтын  да  əкенің  өзі.  Баланың  өсіп  ержету  кезеңінде  

əкенің  ролі өзгеріп отырады. Осыған орай жүргізілген зерттеу жұмыстары бала мен əке арасындағы 

қарым-қатынас мүмкіндіктерін негізгі төрт кезеңге бөліп қарастыруға мүкіндік берді. Олар:


І-кезең. 1-5 жас - сəбилік кезде - мейірімді əке:

➢  Балаға барлық мейірімімен, сүйіспеншілік сыйлап, əке жүрегінің тек жылуын сыйлайтын шағы

ІІ-кезең. 6-12 жас – балалық кезең – үлгілі əке:

➢  Бала  бойында  қалыптасатын  ең  жақсы  қасиеттерді  қалыптасуына  ықпал  етіп,  қасына  ертіп 

жүріп өнегесін өз ісімен көрсететін кезі.

ІІІ.13- 17 жас – ересек кезең – сырлас əке:

➢  Баланың   жас   ерекшелігіне   байланысты   болатын   мінез-құлқындағы   өзгерістердің   дұрыс 

қалыптасуына ықпал етіп, қаталдық та, мейріміділік те көрсетіп, ең сырлас жанашыр досы болатын 

кезі.

IV.18-тан жоғары – серіктес əке

➢  Үлкен өмірге аяқ басқан перзентінің өміріндегі кездесетін түрлі жағдаяттарды дұрыс шешуге, əділ 

шешім қабылдауға, дұрыс таңдау жасауына ықпал ететін кезеңдер

    Сондай – ақ мектеп бойынша ата-аналардың ішіндегі əкелер туралы толық мəлімет жинақталып, əкелер 

картасы жасақталды. Ол №1 қосымшада көрсетілген.

Əкелердің білімін жетілдіру арқылы көзқарасына əсер ету мақсатында түрлі танымдық-тəрбиелік, 

құқықтық-əдістемелік   іс-шаралар   ұйымдастыру,   қоғамдық   мекемелермен   байланыс   орнату,   

түрлі тəрбиелік маңызды мəселелерді қамтитын ақырыптық кеңестер, семинарлар, кездесулер ұйымдастыру 

жолға  қойылған.  Сондай-ақ  тақырыптық  дəрістер  өткізу,  танымдық  мақсаттағы  

слайд-баяндамалар, бейнероликтер көрсету, құқықтық сауат ашу оқулары мен түрлі өмірлік 

жағдаяттардан шығу жолдары, кеңестер топтамасы енгізілген жадынамалар таратуға да болады.

Əкелерді мектептегі тəрбие шараларына тартудың түрлі жолдары бар. Атап айтатын болсақ:

➢  Апталық ұйымдастыру

➢  Тəрбиелік іс-шараларға қатысу жəне өз пікірлерін ашық айту

➢  “Ашық есік” күнін ұйымдастыру

➢  Семинар практикум

➢  Дөңгелек үстел

➢  Тренингтер

➢  Конференциялар

➢  Пікірталас

➢  Дебат

➢  Ашық өнеге сағаты

➢  Денсаулық фестивалі

➢  Жанұя сайысы

Жүйелі  əрі  тұрақты  ынтымақтастықта  атқарылған  іс-шаралар  нəтижесінде  əкелердің  көмегімен 

төмендегідей мəселелерді шешуге болады.

➢  Тəрбиелік іс-шараларға қатыстыру арқылы əкелерге əдістемелік көмек көрсету;

➢  Əкелермен тығыз байланыста болып, оқушылардың бос уақытын

➢  тиімді пайдалануын ұйымдастыру жəне оларды мектептен тыс уақытта қадағалауға мүмкіндік жасау;

➢  Тəрбиелік  іс-шараларға,  мектепшілік  жарыстарға  байқауларға қатыстыру  кезінде демеушілік 

арқылы материалдық қолдау алу.

➢  Аудандық, облыстық сайыстар мен байқауларға қатыстыру;

➢  Қамқорлық акцияларына атсалысу;

➢  Мектепті жаңа оқу жылы дайындығына үлес қосу;

➢  Кешкі     кезекшілік     рейдтерге     қатыстыру     арқылы     бала     тəрбиесіндегі     

құқықтық жауапкершіліктерін аттыру;

ІІІ. І. Мектеп пен əкелер кеңесі жұмысын ықпалдастыру

➢  Тəрбие тəжірибелерін пайдалану

➢  Мамандармен сұхбаттасу

➢  Қоғамдық жұмыстарға тарту

➢  Драма, еркін күрес,

➢  шахмат,

➢  шашка,

➢  еңбек

➢  қызметтеріне баулу


Қазіргі таңда мектептегі «Əкелер» қоғамдық кеңесінің төрағасы Сабиров Жасұлан  Сағидоллаұлы, 

Жалмұқашев Ильяс Бекшойынұлы - кеңес мүшесі, Есбосинов Рашид Құспанұлы -

кеңес мүшесі

Олардың қолдауымен «Əке-отбасының тірегі» тақырыбындағы пікірталас өткізілді.

«Əке  көрген  оқ  жонар.  ..  »  деген  қазақ  халқының  өмірлік  қағидасын  берік  ұстанған  

Досқалиев Бекберген  Тұяқұлының  шаңырағы  ауылымыздағы  өнегелі  отбасылардың  бірі.  Досқалиев  

Бекберген Тұяқұлы  –  аудандық  əкелер  сайысының  Сертификат  иегері.  Оның  үлкен  ұлы  Досқалиев 

 Нұрбол Бекбергенұлы - 2 баланың əкесі, жеке кəсіпкер. Екінші ұлы Досқалиев Асқар Бекбергенұлы - 2 

баланың əкесі, Ленинградта «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Үшінші  ұлы  Досқалиев  Абылай  Бекбергенұлы  –  1  баланың  əкесі,  спорттық  жарыс  тардың 

жеңімпазы, Тенгиз Шевройл компаниясында жұмысшы.

Кенже ұлы Тұяқов Абай Бекбергенұлы- Атырау қаласындағы АПЭК студенті, 1 курс

«Ат тұяғын тай басар,Əке орнын ұл басар» дегендей келесі мақтанышымыз Сапаровтар əулеті. Сапаров Ғабит – 2013 жылы  

аудандық  «Үлгілі  əке»  байқауының  жеңімпазы  атанды.  2015  жылы  отбасында  əке  беделін 

қалыптастыру  мақсатында  өткізілген  «Үздік  əке»  номинациясының  жеңімпазы.  “Əкелер  мектебінің 

бастамалары”  атты  аудандық  байқауының  І-орын  иегері,  2017  жылы  өткен  “Əке-жауапты  

лауазым” тақырыбында

облыстық конференцияда баяндамасы тыңдалды.

Бірлескен жұмыс нəтижесінде мынадай тұжырым жасауға болады:

1. Əкелер кеңесінің жұмысының белсенділігі, қызығушылығы артады.

2. Əр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар орнатылады.

3. Бірлескен жұмыстар нəтижесінде бала тəрбиесінде оң нəтиже көрсетіледі.

Əке  орны  қай  заманда  да  биік  болған,  əрі  оның  орнын  ештеңе  толтыра  алмайды.  Табиғат  

пен қоғамда əрбір ер адам жар, əке болуға, əрбір əйел жар, ана болуға дайындалады. Əке балалары 

үшін əлем туралы, еңбек туралы, техника туралы танымдардың қайнар көзі болып табылады. Əке – бұл 

күнделікті тұрмыстағы отбасының тірегі, ақылы, күші.

Олай болса «Бəйтерек»" əкелер қоғамдық кеңесі өз жұмысын əрі қарай дамытып, жалғастырады. Бала 

тəрбеисіндегі ер адамның ықпалы мен беделі артық болса, əр бала тəртіппен əділдікке, шынайы өмірлік 

жағдаяаттарға төзімді, шыдамды, сабырлы болып тəрбиеленеді. Əр отбасындағы əке мен ананың беделі 

түспей, өнегелі отбасыларымыздың саны артып, сапалы да табысты біліммен, саналы да құқықтық тəрбие 

алған ұрпақтарымыздың саны арта берсін.

Жоғарыда көрсеткен мəселелерді шешудің бірнеше жолы бар:

➢  Отбасы мəселелері бойынша зерттеулер жүргізу;

➢  Қоғамдағы ерлердің рөлін əке ретінде де, азамат ретінде де БАҚ, кино арқылы арттыру;

➢  Бала бойындағы тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда əкенің рөлі жоғары екенін насихаттау;

➢  Психологиялық тұрғыда үлгі тұтуға болатын отбасыларды насихаттау;

➢  «Жас отбасылар мектебі», «Болашақ əкелер мектебі», т. б. курстарын ашу керек.

➢  Оотбасылық құндылықтар, шаңырақтағы отағасылардың міндеті мен мақсаты, бала тəрбиесі, аталар мен 

əжелердің рөлі т. б. туралы газет-журналдар шығарылса.


Пайдаланылған əдебиеттер:

1.  http://alach-akparat.com/    Берік    РАҚЫШЕВ    «Бала    тəрбиесіндегі    əкенің    орны    

ерекше» 13.06.2017ж.

2.  https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/36900/ «Бала тəрбиесіндегі əкенің рөл»

3.  http://bilimdiler.kz «Бала тəрбиесіндегі əкенің ролі»

4.  http://ife. kz/index.php?option=com «Отбасындағы əке орны»

5.  http://mektepshakhta.skom.kz «Отбасындағы жəне бала тəрбиесіндегі əкенің рөлі. »

6.  http://mazhab.kz «Ұл тəрбиесіндегі əкенің рөлі» 09.06.2015


291 0
АЛЬБИНА САМАЛИХОВА, «Индер аудандық білім бөлімінің Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ-нің тəрбие ісі жөніндегі орынбасары жəне информатика пəні мұғалімі Атырау облысы, Индер ауданы Ұлы дала ұстазы № 000108
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: