Әріптерді танып, қалам ұстап жаза бастаған сәттен бастап, осы балабақшамызда тәлім -тәрбие алып, өмірлеріміз шат күлкіге толып, неше ертеңгіліктер мен мерекелерді өткердік.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті әріптестер қонақтар! Міне, кішкентай сәби кезімізден бастап осы №14 «Айгөлек» бөбекжайында тәрбиеленіп, жылдар мен күндерді бірге өткізіп, осында өсіп ер жетіп, бүгін өмірге үлкен қадам басып, мектепке барғалы жатырмыз.
Әріптерді танып, қалам ұстап жаза бастаған сәттен бастап, осы балабақшамызда тәлім -тәрбие алып, өмірлеріміз шат күлкіге толып, неше ертеңгіліктер мен мерекелерді өткердік.
Бүлдіршіндер еді, балдай тәтті тілдері
Енді міне, мың құлпырып түледі,
Күлген кезде жүздерінен күн көрдік
Азамат болып өскенін біз тіледік.
Балғын шақта бізге келген балалар,
Жетті міне табандарын тағалар
Қоштасу сәт жақын қалып бақшамызда
Көңілде мұң, толар бүгін көздер жасқа
- Ортаға №14 «Айгөлек» бөбекжайының түлектерін шақырамыз! Вальс пен ортамызға.
Би: «Вальс»
(Балалар орындарына отырады)
Тақпақтар:
Оқимыз білім аламыз У.Амина
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Талай қызық той откіздік, Қ. Нұрбек
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Біз балауса баламыз, Камила
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бұл күндерді қиялдап,
Сағынармыз әлі-ақ біз.
Ойыншықты жинаймыз, Тимур
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Күннен- күнге өсіп біздер келеміз, Аяла
Үлкен болып қиындықты жеңеміз.
Сіздің де біздер үшін сіңірген,
Еңбегіңізге басымызды иеміз.
Жеті жасқа толамыз, Марлен
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Ән: «Тәрбиеші апай» (Бота Бейсенова)
Жүргізуші:Біздің балалар балабақшадан көп нәрсені үйренді.Олардың мектепке дайындығын тексеретін білімді мұғалім керек,ол үшін кімді шақырсақ екен?Олай боласа қызмет көрсету орталығына телефон соғайын (телефон дыбысы) Дауыс:Иә,қызмет көрсету орталығы тыңдап тұр!
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе! Біздің балабақшаға балалардың білімін тексеру үшін білімді мұғалімді жіберуіңізді сұраймын.
Дауыс:Мекен жайын айтыңыз.
Жүргізуші: 5-ші шағын аудан,№14 «Айгөлек» бөбекжайы
Дауыс:Күтіңіздер, сіздерге білімді мұғалім барады.
Жүргізуші:Рахмет
Балалар, бұл мұғалім келгенше кезекті тақпақтарға берейік.
Тақпақтар:
Қуанамыз,сыйлаймыз Алмаз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Біздер жеті жастамыз, Гулсара
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол балабақшамыз.
Мектепке енді барамыз, Өрбісін
Оқимыз,сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Балабақшам бесігім, Айзере
Қайсысын айтып бітейін.
Қабыл алшы гүлімді,
Сіздерге сыйлап кетейін
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,әсем әнмен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз айтқандай
«Оқуда озат боламын» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Оқуда озат боламын»
(Әннен кейін балалар орындарына отырады,ішке Фрекен Бок кіреді).
Фрекен Бок: -Сәлеметсіздер ме,балалар!Мен үй шаруасын басқаратын,әділдікті талап ететін,өте жайлы мінезді Фрекен Бок боламын!
Жүргізуші:Жоқ,жоқ сіз тоқтаңыз.Біз білімді мұғалімді немесе тәрбиешілерді шақырған едік.
Фрекен Бок:Ия бұл жерде кімді тәрбиелеу керек еді.
Жүргізуш:Ешкімдіде тәрбиелеу керек емес.Бұл жерде балалардың мектепке дайындығын тексеру керек.
Фрекен Бок:Ал неден бастасақ екен? (деп портфельден қалам,дәптер шығарады).
Ах ,балалар тәрбиелеу қандай қиын.Жарайды сендер дайындала беріңдер мен қолымды жуып келейін.Матильда мысығым жүр мен саған қайда,қалай?Демалу керектігін көрсетемін.
(Фрекен Бок шығып кетеді).
(Осы кезде карлсон залға кіреді)
Карлсон:Сәлеметсіздерме,балалар!Менің қайда жоқ болып кеткенімді сендер неге сұрамайсыңдар?
Балалар: Сіз қайда болдыңыз?
Карлсон:Мен әжемнің үйінде болдым.Менің әжемнің қандай екенін білесіңдер ме?Ол мені көрісімен қатты дауыспен «Карлосын, жаным менің»,деп айқайлап,еркелетеді.Ұшып келіп мені өзіне қатты құшақтап алады.Ол құшақтаудың чемпионы.Сенбейсіңдер ме? Ал сендер мұнда не істеп отырсыңдар?
Балалар:Бүгін бізде балабақшамен қоштасу кеші.
Карлсон:Ендеше сендердің білімдеріңді кім? Қалай тексереді Мен өзім сендердің білімдеріңді тексерейін.(Қалам,дәптерін алады да,балаларға қарайды).Ой біреу келе жатқан сияқты (Қалам,дәптерін портфельіне салып, креслоның артына тығылыңдар).
Фрекен Бок:Балалар орындарында отыр екен,мен бұларды тексеріп бастайын. Менің тоқаштарым қайда екен?
Карлсон:Ханым
Фрекен Бок:Между прочим,мен –Ханшайыммын. Карлсон:Ханшайым, сізге әлемдегі моторлы елестен сәлем. ФрекенБок:Балалар-р-р-р.Маған таңертеңнен кешке дейін теледидар көруді зиян деген еді.Нәтижесі міне.
Карлсон:Ханшайым,олай болса сізбен танысайық.
Фрекен Бок:Керек емес,мен сізден қорқамын.
Карлсон:Неге?
Фрекен Бок:Мен елестерден қорқамын.
Карлсон:Ал,міне қашып кетті.Мен бұлай ойнамаймын.Мен оданда сендермен көңілді ойын ойнайын.
Ойын: «Портфель»
Карлсон:Балалар сендермен ойын ұнады.Бірақ мен шаршап қалдым (отырады).
Фрекен Бок:Ғафу етіңіз, бұл кім екен?
Карлосн:Мен Карлсон,үй шатырында тұрамын.
Фрекен Бок: А, бұл сізбе менің құлағымды шуылдатқан?
Карлсон: Иә,ол мен.
Фрекен Бок:Иә, менің тоқаштарымды сіз бе алып кеткен?Қап сізді ме?
Карлсон:Тоқта,тоқтаңыз.Сіздің қазандағы сүтіңіз тасып кетті.
Фрекен Бок:Сүтім?Қап,бұл бәле мені тағы да алдап кетті-ау.
Карлсон:Иә, мен көңілді көтергенді жақсы көремін. Маған жан-жағымдағылар күліп жүрген ұнайды.
Жүргізуші:Тыңдаңыздар!Қанекей,дос болайық.Достық әр қашан барлық қиындықты жеңеді.
Достық туралы тақпақ: (осы кезде рольде ойнайтындар шығып кетеді).
Достар бірге жүреміз Ескендір
Бірге ойнап,күлеміз,
Бірге барлық аулаймыз
Міне,біздер қандаймыз!
Досым саған сенемін,сеніп өтем! Махаббат
Жолы бөтен демемін,жөні бөтен
Достық деген-адамның көрігі екен,
Достық деген алалдың серігі екен
Күніміз күлкілі бола ерсін, Мақсат
Қунышқа көңіліміз тола берсін,
нұрлы аспан астында аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін,
Қолыма гүл аламын, Мурагер
Дайын дәптер қаламын
Таң қалдырып достарымызды,
Мен мектепке барамын
Қызық күндер өткіздік, Бақтияр
Балабақша бағында,
Көп оқыдық,көп білдік.
Ел мен Отан жайында.
Ән: « Оқуда озат боламын» Фрекен Бок: Тақпақты да әндіде жақсы айтады екенсіңдер.
Жүргізуші:Олай болса,Фрекен Бок ,Карлсон сіздер біздің балалардың дайындаған көрінісн тамашалаңыздар.
Көрініс: (Мектеп онлайын)
Әкесі:Жұмыста көз дәрігері.
Анасы:Жұмыста моникюр
Баласы:Ұйықтап жатады (тел)
Анасына: Апай тел соғады.Балаңыз сабаққа қатысып отырған жоқ,тапсырманы орындап жіберсін.
Анасы: Баласына тел соғады.
-Балам,тұр саббаққа қатыс,тапсырманы орында.
-Баласы анашым менің ұйқым қанбай қалды.Өзіңіз орындай салыңызшы дейді!
–Ойбуу ұрысады.
–Баласы: Ары қарай ұйқысын жалғастырады.
Анасы:Әкесіне соғады.
-Ана балаң сабаққа қатысқан жоқ,тапсырмасын орындауға көмектес.
-Әкесі-жұмыстан қолым тимейді өзің орындай салмайсың ба,баланы қинамай.Соңында барлық тапсырманы анасы орындайды.
Жүргізуші:Орындаған тапсырманы апай 5-ке бағалайды.Бұл мына індеттің бізге әкелген зияны.Енді біз балалар бір серігіп қызықты ойын ойнап алсақ.
Фрекен Бок: Ендеше мен сендердің әріптерден сөз құрап оқитындарыңды тексерейін. Ойын: «Сөз құра» (Мектеп,Отан) Карлсон:Көңілді және жылдам сөз құрастыра біледі екенсіңдер.
Фрекен Бок:Түсінікті сендер білімді екенсіңдер, би билеп білесіңдер ме?
Би: «Флешмоб»
Фрекен Бок: Келесі тапсырма бойынша мен сендерді қоршаған орта бойынша тексеріп көрейін. Мектепке бару үшін сендерге қандай құралдар керек екен.
Карлсон:Мен білемін. (Сөмкесінен тосап,қоңырау,ойыншық алады). Мысалы: Тосапты қарның ашқанда жейсің,қоңырау,сабақтан шаршағанда қоңырауды басасын,сонда мұғалім сабақ аяқталды деп жібереді,ал ойыншық,кәмпит... Фрекен Бок:Тоқта Карлсон.Балаларды тыңдап көрейік өздері айтсын.Біз оларға Жұмбақ жасырайық.
Жұмбақтар: «Балалар жұмбақтың жауабын айтады)
Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (Қаламсап)
Жұқа тақтай бөлшнгі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)
Оқушыға күнде еріп,
жүретін не? (Күнделік)
Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да. (Кітап)
Тақтаны досым дейді
Өзін сол досы жейді. (Бор)
Жүргізуші:Олай болса, ұжымдастар балалардың қаншалықты мектепке дайын екенін көрдіңіздер.
Фрекен Бок:Жарайды балалар,сендер барлық жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.Меніңше сендер барлықтарың мектепке барғанда ,жақсы баға алыңдар. Жүргізуші:Фрекен Бок балалардың мектепте қандай баға мен оқитынын тексерейік,мектепте қандай баға алады екен? Ойын: «Мектепте нешемен оқисың» (Ойын ойнатылады).
Фрекен Бок:Жарайсыңдар балалар! Балабақшада барлық нәрсені үйреніпсіңдер әнді биді,оқып та, жазып та білесіздер.Сендер өте білімді екенсіңдер, мектепке де дайынсыңдар.Рахмет,сендерге менің басқа да баратын,білімдерін тексеретін балабақшалар бар.
Карлсон:Ал маған үй шатырына қайтуым керек.
(Фрекен Бок және Карлсон қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші:Ендеше біздің балалардың ұжымдастарға арналған тақпақтарға кезек берейік.
Ән: Қош бол балабақша»
Тақпақтар:
Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан
Асель Жексенбайқызына мың алғыс, көп рахмет айтамыз!
Біліміңді көретін, Қ. Нұрбек
Зыр жүгіріп жүретін
Әдіскер апай сізгеде,
Алғысымыз көп біздің.
Әдіскер Ұлбосын Амандосқызына мың алғыс, рахметімізді айтамыз.
Біз бақшаға келгенде, Аяла
Ақ пейілмен қарсы алған
Өлен айтып үйретіп
Би билеткен ән салған
Ән үйреткен Ақзат апайға мың алғыс
Ән: «Айгөлек»
Жүргізуші:Ендеше біздің мерекеміздің көптен күткен сәті түсті.№14 «Айгөлек» бөбекжайының директоры Асель Жексенбайқызына құтықтау сөз кезегін беру.
Ұлбосын Амандосқызы! Сізгеде сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Міне, балалар балабақшадағы сендердің ең соңғы ертеңгіліктерің аяқталуға айналды. Қоштасатын сәт келді.
Біздер жеті жастамыз
Сәбиліктен асқанбыз
Мектеп бізді шақырды
Қош бол әлем бақшамыз!