Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1632

Гүлдер. Ж – З дыбыстары мен әріптерін ажырату.

Гүлдер туралы түсінік беру. Дыбыстардың артикуляциясын анықтау. Дыбыстау және артикуляция бойынша дыбыстарды жіңішкертіп үйрену. Фонематикалық дыбысталуды дамыту. Ж – З дыбыстарының айтылу қалпын түсіндіру.  Ж – З дыбыстарын буында, сөзде машықтандыру. Машықтандыру жаттығуларын жасату, қимыл – қозғалысын белсендіру.

Көрнекілік: айна, суреттер,ойыншықтар, әріптер, үлестірмелер.

 

Сабақ барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:

/Музыка аясында құстардың әуені естіліп тұрады, балалар өздерін бір сәт орманда жүргендей сезіну/.

Орманға барсаң бәрі бар,

Қарағай,қайың, терек тал.

Ұшып қойған көп құстар,

Мекендейді тағы аңдар.

Қайнап жатыр өмір сонда,

Орман іші қызық базар.    (М.Қ.Ысқақова) 

Балалар, бүгін біздің сабаққа қонақтар келді. Бәріміз амандасайықшы.Ал енді өткен сабақты еске түсірейік.

Жаңа сабақ:

2.Дыбыстау арқылы тақырыппен таныстыру (заттардың суреттері бойынша,жұмбақ)

        


 Сабы жоқ,қамшы

Ешкімге ұсынба.                                             Түрі жылқы бейнесі,

Уы бар бір тамшы,                                          Жолақ – жолақ жейдесі

Тілінің ұшында

    

Жылан– ж-ж. Бірінші дыбыс қандай? Ж – ж. Дұрыс.

          Зебра – з – з. Бірінші дыбыс қандай? З – з. Дұрыс! Жарайсыңдар!

Бүгін З және Ж дыбыстары қонаққа келді. Ал олармен бірге қоян келді. Кәне,біз оған артикуляциялық жаттығуды қалай жасайтынымызды көрсетейік.

 

3.  Артикуляциялық  жаттығулар:

Айнаны алып жаттығуларды бастаймыз.

1. «Күрек» - тілді шығарып,ерінге жатқызу, бос ұстау. 

2  «Кесе» - тілді аздап  шығарып,айнала көтеру. 

3. «Тісімізді тазалайық» тілдің ұшымен үстіңгі, астыңғы тілмен жұмыс    жасау. 

4 «Сылаушы» тілмен жоғары және төмен қарай жұмыс жасау.   

Жарайсыңдар! Аяқталды.

 

4.  Ж және З дыбыстарының артикуляциясын нақтылау:

1.Ж дыбысын дыбыстағанда тілді жоғары көтереміз, бірақ таңдайымызға  тигізбейміз. Ж – ж – ж. Қане, қайталап көрейік.

2. З дыбысын дыбыстағанда тілді төменгі тістерге түсіреміз. З – з – з

 

 

            

  Жа-жа-жа -   қоңыздар жазда ұшады           За-За-За – масалар ызылдап тұр 

Қоңыз қалай өлең айтады?  Ж-ж-ж

Маса қалай өлең айтады?     З-з-з

 

5. Қазір сендердің білімдеріңе сүйене Ж – З дыбыстарын дыбыстағанда тіл қайда болатынын анықтаймыз.Мен қолымды көтерсем Ж, түсірсем З болады. Бастаймыз:

Ж, ж, з, ж, з, з, ж, ж, ж, з, ж, з, ж, з, 

Жарайсыңдар! Қоянға сендердің жұмыс істегендерің ұнады.

Қоян сендерге ризашылығын білдірді.

 

6. Сергіту сәті. Логоритмика

  Шырша, шырша, қарағай

   Суық қысқа қарамай

   Ж – Ж - Ж – жап жасыл

   Мәңгі жасыл, сүйегі асыл

 

                                 Ш-Ш-Ш ( ақрын баппен)

                                 Жел соғады, тербейді қамыс,

                                 Былай – былай шайкалып тұр

                                 С-С-С деп айтады сыр

                                                               (М.Қ.Ысқақова)

    

7. Дыбыстардың   дифференциациялауы буында және сөздерде

Логопед  буындарды айтады, ал балалар тиісті З немесе Ж дыбыстарын қайталайды:

Жа-жа, за-за, жы-жы, зы-зы, жу-жу, зу-зу 

Аж- аж,аз-аз,ыж-ыж,ыз-ыз,уж-уж,уз-уз

Енді буындар арқылы сөздер айтамыз:

Жа-жа-жа -жаңа                      за-за-за -заман

Жу-жу-жу -жуас                     зы-зы-зы- зымыран

Жы-жы-жы -жылқы               зу-зу-зу -зула

Жарайсыңдар!                                                                             

 

8. Қолдардың саусақтарын дамыту жаттығуы  / музыка аясында/

 Мен сендерге қағаз үлестіремін, ал сендер соған сурет саласыңдар. Ортасына ағаш   саламыз, оң жағына әдемі гүл, ал сол жағына жай саңырауқұлақ, жоғары жағына бұлт, күн, құстардың ұшып бара жатқанын.

 Жарайсыңдар! 

 

9. Қорытынды: Ж – З дыбысы мен әріптеріне сөздер айтқызу./жапалақ, жапырақ, жолбарыс, зымыран, зебра,зергер, қымыз

 

 

 

 

 

1 031 0
Келдаманова Айгерим Нурлановна №14 «Айгөлек» бөбекжайы МКҚК логопеді Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000500
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: