Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1628

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы



Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділігі:

Оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру,табиғат әсемдігін сезіне білуге және ондағы т,с реңктерін көре білуге баулу.

Дамытушылығы:

Оқушының байқағыштық және есте сақтау қабілетін дамыту,елестетеу арқылы ойша сурет салуға дағдыландыру.

Тәрбиелілігі:

Табиғатты қорғау,сүйіспеншілікпен қарау,өнерді түсіну қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар

Слайд, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, әдебиет. 

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

 

Топтарға бөлу. 

Әр оқушыға таратылған ақ жапырақшалардың келесі беттері сары және қызыл түстерге боялған.Яғни оқушылар екі топқа бөлінеді

                    1-топ «Сары жапырақтар»

                                                  2-топ «Қызыл жапырақтар»  

Үй тапсырмасы

Өткен тақырып «Ұлттық сәндік натюрморт»

Салынған ұлттық натюрмортты түрлі-түсті қағаздармен ұсақтап қия жапсыру.Мозайка

Сұрақтар

1.Натюрморт дегеніміз не?

2.Бейнелеу өнері жанрларын атаңыз?

3.Ұлттық сәндік натюрморт дегеніміз не?

 

Оқушыларға екі түсті жапырақшалар таратылады

Жаңа білім

15 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Екі топқа Табиғат көрінісі бейнеленген суреттер     

Пазл құрастыру.Осы суреттер тақырыбымызды ашады.

 


                                          Психологиялық сәт

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймыз,

Туып өскен даланы.

Қызыл бояу-қызғалдақ,

Сары бояу-сарғалдақ.

Жасыл бояу-жайлауым,

Іздеп барар армандап.

 

 

                                                             

Жаңа сабақ «Пейзаж» тақырырыбымен танысады.

 

Пейзаж.Табиғатпен үйлесім.Әуе перспективасы туралы мәлімет бере отырып,табиғатты бейнелеп көрсету.

 

Пейзаж - француз сөзі,бұл табиғатты бейнелеу деген ұғым.. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.

XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.

Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды.

Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.

Пейзаж түрлері:

Ауыл пейзажы

Саябақ пейзажы

Қала пейзажы

Теңіз пейзажы

Сәулет пейзажы

Индустриялық пейзаж

 

Ауыл пейзажы-ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.

Саябақ пейзажында-адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған, бірде табиғи пішіндер сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.

Қала пейзажында-адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.

Теңіз пейзажы - бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындарды немесе теңіз дауылын бейнелейді.

Сәулет пейзажы - қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.

Индустриялық пейзажда- суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

Табиғатты мейлінше шынайы суреттеу мақсатында Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері сызықтық және әуе перспективасын ойлап тапқан.

Перспектива-жазық бетінде кеңістіктің тереңдігін бейнелеу тәсілі.

Әуе перспективасы кез-келген пейзажда болады.

Алдыңғы пландағы барлық заттар көлем тұрғысынан үлкен болып көрінеді,түсі ерекше қанық болшады.

Ортаңғы пландағы заттардың көлемі біртіндеп кішірейіп,түсі бәсеңдей түседі.

Артқы пландағы көрініс мұнарланып,тұтасып көрінеді.

Қандайда бір нысан немесе зат бақылаушыдан неғұрлым алыс болған сайын оны көру айқындылығы төмендей түседі.Демек зат бізден неғұрлым алыс болған сайын,оның айқындылығы төмендей береді.

 

 

 

 

Пазл құрастыру.

Оқулық,

мәтіндер.

Ватманға сурет салу

Ортасы  

5 минут

 

 

 

 

 

 

Тапсырма

Жеке жұмыс

 

                                              Кубиктің әр қырында орналасқан сұрақтарға жауап беру.

1.Пейзаждың неше түрі бар,атаңыз?

2.Әуе перспективасы дегеніміз не

3.Орташа бояу түстерімен қай планда боялады?

   Алдыңғы,ортаңғы,артқы.

4.Пейзаж ең алғаш қай елдерде пайда болған?

 «Кубизм»  әдісі, сұрақтар

Аяқталуы 

Сабақты бекіту

10 минут

Қортындылау

Топтық жұмыс

 

 Абай Құнанбайұлының «Күз» өлеңін тыңдай отырып 2 топ

Шығармашылық жұмыс.Күз табиғат көрінісін салу және клеймен жапырақтар жапсырып аяқтау.Қорғау

 

https://www.youtube.com/watch?v=1lA6_kVcDfc

Бағалау 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

Күзгі ағаш

 

Сабақты жақсы түсіндік,ұнады деген оқушылар 

Сабақ басында топқа бөлген екі түрлі жапырақшаларын бос,жапырақсыз  ағашымызға жапсырады.  

Кері байланыс 

Күзгі ағаш

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







 

689 0
Зейнуллина Акгуль Маратовна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ № 002065
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: