Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" деген бағдарламалық мақаласында мемлекеттің мызғымас тірегі білімді жастар екенін баса атап көрсетеді.
Тәуелсіздігін алғанына биыл отыз жыл толған Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне жүктелген міндеттің бірі – келешегі кемел, ой-санасы озық жастарға лайықты білім беру. Жалпы білім беретін мектептердің оқыту платформасын замана талабына сай күшейту үшін жаңа технологияларды енгізудің тиімділігі орасан.
Бүгінгі елімізде білім беру саласына да жаңғыру, жаңару қажеттігі уақыт талабынан туындап отыр. Ал ол жаңару ұстаз бен шәкірттің білім саласында биікке жетуі үшін талмай ізденіп, тынбай оқуының арқасында жүзеге асады. Өткеніңнен бүгінің байсалды, бүгініңнен болашағың жарқын болуы, адамзат көшінің өрге қарай өрлеуіне тек құдіреті күшті білім ғана тірек болады.
Күн озған сайын бұған дейінгі білім саласында қолданылмаған тіпті болмаған жаңаша әдіс-тәсілдер бар. Мұның барлығы да бүгінгі күннің оқушыларын жаңаша білім беру жүйесіне қызықтырып, ой-өрісін дамытуына серпін берері сөзсіз.
1991 жылы егемендігін алып өз алдына отауын құрып, дербестігін жариялаған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, шекарамызды нығайтып, іргемізді берік еткен Елбасы Н. Назарбаевтың "100 нақты қадам" бағдарламасында да заманауи білім беру қамтылған. Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына қосу жолында жүзеге асырылып келе жатқан бағадарламалардың бірі «100 нақты қадамның» ішінде, нақтырақ айтқанда 76-қадамда «ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» жайы айтылады.
Мектептің сынып оқушылары үшін жиі қолданылатын «Өрмекшінің өрмегі», «Сұрақты қағып ал», «РАФТ», «Серпілген сауал» «Құпия зат» әдіс-тәсілдерін пайдалануға әбден болады. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану барысында қолда бар ресурстарды мейлінше молынан қамтыған дұрыс. Өзімізде бар ресурстарды оңтайлы һәм ұтымды пайдалана білсек, алдымыздағы білім алушы жастардың ынтасын оятуға түрткі боламыз. Мәселен, «Планшет» әдісін көбінде «Блиц-турнир» өткізгенде іске қосқан жөн. «Блиц-турнирді» бірден қолданбай сабақтың қорытынды бөлімінде пайдаланған тиімді, қазақ тілі болмаса қазақ әдебиеті пәнін өтіп болғаннан кейін, сол сабаққа қатысты сұрақтарды блиц-турнирде қойып, оқушылардың тақырыпты қаншалықты игергенін анықтауға болады.
Ағартушы ғалым, педагог, этнограф, қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұстаз Ыбырай Алтынсариннің "Жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі" деген қанатты сөзі әр ұстаздың көкейінде тұруы тиіс. Сондықтан жақсы мұғалім, ұстаз атанып білім беру ордасының жүрегіне айналамын деген мұғалім әрқашанда ізденіс түстінде болуы керек. Жұмыс барысында білім берудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеріп қана отыруға болмайды, адам әрқашан даму үстінде жүргенде кемелденеді. Сондықтанда семинарларға, коучинг сабақтарға да қатысып, алған білімі мен тәжірибесін шәкірттеріне де үйрете білуі қажет.
Мектеп мұғалімдері сабақ өту барысында «Сыртқы және ішкі шеңбер әдісі», «Ия немесе жоқ» әдісі, «Шындық пен жалған» әдісі сынды тәсілдерді, өте тиімді ең бірінші уақыт үнемдеуге таптырмайтын тәсіл. Оқушылардың үй тапсырмасын қадағалауға, сұрауға бар-жоғы 4-5 минут уақыт аралығында уақытыңызды сарп етесіз.
«Ысқыру диктанты» деген тәсілдің тиімділігі зор. Бұл әдісті қолданғанда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері шыңдалып, дамиды. Үтымды тәсіл белгілі бір сөз табын табу, мақсатында жүзеге асырылады.
Бұл әдісті былай қолданған дұрыс, ең алдымен ысқырық дайындап аласыз. Содан соң мәтінді оқып бастайсыз, арнайы жасырған сөзіңіздің астын сызып қоясыз да, сол жерге келгенде жасырылған сөзді оқымай, керісінше ысқырасыз, огқушылар өздері қандай сөз жазуылуы керектігін тауып жазады. Жасырын сөздер бірыңғай сөз таптарынан болса соншалықты қиын соқпайды шәкірттерге. Мәселен «Қау қамыстың қиян түкпірінен жетіп ұрған жыртқыштың тырнағына жаншылып жем болуға айналып жанталасқан жабайы (мысық) шыңғырды. Бір тұстан біреу қашты, біреу қуды – сатырлай (қамыс) жапырылды. Әлгі үй сияқты деген қарайған жақтан бос (қаңылтыр) домалағандай әлдене салдыр ете түсіп барып тына қалды. Бұған қабаттаса жарқабақ астын үңгіп мүжіген (су) шолпылы да ап-анық естіліп тұр. Міне осы құрмалас сөйлемдегі жасырылған бірыңғай сөз таптарын жаңылмай, қателеспей тауып жазған оқушылар жоғары баға алады.
«Құрылысшы ойыны» деген де өте тиімді тәсіл саналады. Мұндағы оқушыларға берілетін тапсырма – мәтін бөліктерін тез жинау. Оқу шапшандығын арттыруға және өз ойын еркін жеткізуге баулитін әдіс- тәсілді де жиі қолданған дұрыс.
«SWOT» әдісі оқушының өзін және өзге топты бағалауына таптырмас тиімді тәсіл. Қазақ әдебиеті сабағында кейіпкерлерге мінездеме беру, олардың жақсы-жаман әдет-қылықтарын ажырата білуге баулиды. «Көршіңмен сырлас» әдісі оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне бағыттайды. Сұрақ қойып, оқушылардың ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуында мүмкіндік жасағаныңз жөн. Сонда олардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ұжым болып байланысы нығаяды. «Сұраққа жылдам жауап» әдісі тақырыпты терең түсінгенін анықтау үшін һәм оқушылардың назарын сабақ барысына аударып, ой-өрісі қаншалықты дамығанын білу мақсатында сұрақ қойып, толыққанды жауап беруді талап ету керек. Мысалы, «Мадина, Болаттың жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?» немесе
«Болат, Әсемнің жауабын қалай толықтыруға болады?»
«Марат, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» деген секілді.
Жасыратыны жоқ бүгінгі техника құралдарына жіпсіз байланған жастарға кітап оқыту бұрынғыдай қарқынды жүргізілмейді. Көркем әдебиеттен алшақтаған жастардың тілі де жұтаң, айтар ойы да кемшін, сөйлер сөзі де сараңдана бастайды. «Бес сатылы эссе жазу» әдісі осы тығырықтан шығарар төте жол саналады. Оқушылардың жазу қабілетін шыңдау мақсатында жүзеге асырылатын тәсілде біріншіден тақырып бойынша негізгі идеяларды нақтылап алған абзал. Екінші шимай парақпен жұмыс; үшінші жұптық жұмыс және қателерді анықтау. Төртінші жіберілген қателерді санай отырып, қалыпқа келтіру жұмысын жүргізу; Жазылған жұмысты көптің алдында жариялау.
«Мұғалімге хат жазу» тәсіліне көшкенде оқушылар сабақ барысы кезінде өздеріне түсініксіз болған жайтты, көкейінде күмәнді сұрақтары болса еш бүкпесіз қағазға түсіріп, ұсыныстарын да қоса жолдауына болады.
«Эссе жазу» әдісін қолдану арқылы мұғалім өзі өткен тақырыпты шәкірттері қаншалықты қорыта алғанын біледі. Аз уақыт ішінде шәкірттеріне не түсінгені туралы эссе жаздырады. Эссе жазу қорытындылауға өте тиімді әдіс-тәсілдің бірі болып саналады.
«Сұхбат алу» әдісін барысында үш оқушы ортаға шығады. Екеуі бір-бірімен сұхбаттасады, бүгінгі өтілген тақырып аясында қамтылған сұрақ-жауапты тыңдаған үшінші оқушы өзінің түсінгенін айтып береді.
Міне осындай тиімді әдіс-тәсілдердің заманауи үлгісі өте көп. Соларды тиімді пайдалана білгенде оқытушының да біліктілігі артады, алдындағы шәкірттерінің де білімін кеңейтеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда заманауи білім беру тәсілдерін пайдаланудың тиімділігі мол. Мұғалім ізденуші, бағыт-бағдар беруші, оқушылардың лайықты білім алуына кепіл болатын тұлға саналғандықтан замана көшінен қалмауға міндетті.
XXI ғасыр ұстазына қойлар талап та жоғары: Қазіргі ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді, нәтижелі бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындап шығару. «Оқыту кәсіп емес, ол - өнер» деген ұстанымды заңғар жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген қанатты сөзі нақтылай түседі.
Демек, мұғалім өзін дамыту үшін замана талабына сай болуды қашанда жадынан шығармауға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А.Алимов «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» Алматы – 2015
2. МАН - Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
3. SMK.edu.kz – сабақты жоспарлау кешені
4. Bigox.kz «Жазба жұмысының инновациялық түрлері»
5. Білімдегі жаңалықтар.Ақпараттық-әдістемелік журнал.Астана 2009 жылы
6. « Қазақстан мектебі» №7 2017 жыл шілде