Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1614

Ұлттық тәрбие - құндылық бастауы

    Тәуелсіздігімізді алыпркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық  тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында яғни мектептерде  ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. Келешек жастар қолында дейтін болсақ, сол жас жеткіншектердің болашақта ұлт жанды, патриоттық сезімі жоғары, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Ендеше, сабақ үдерісінде ұлттық салт дәстүрімізді, ырым-тыйымды, сәлемдесу әдебі, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету ұлттық құндылықтарымызды оқыту керек.

Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Президентіміз Қ. Тоқаев айтқандай, «Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады» дейді. Әрине өте орынды. Ұлттық тәрбиеден нәр алған адам – рухани құндылықтарды бойына сіңіріп биік дәрежеге көтеріледі. Оның ең маңыздысы адамды ойлануға бағыттайды, жеке тұлға болып қалыптасады. Бала бақша, мектептерде, одан әрі қарай жоғарығы оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды қолға алып, келешек жастарымыздың бойында дұрыс сіңдіре білсек, келешегіміз жарқын болары сөзсіз. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Қазіргі таңда тәрбие саласына ендіріліп отырған құндылықтар, жобалар атап айтсақ, «Туған елге тағзым»,«Оқушыларға оқу үшін ұсынылатын 100 кітап» жобалары, «Білімнің көзі - кітапта» Book crossing акциясы, «Ата- ананың жұмыс орнындағы 10 күн», «2 апта ауылда», «Ата- ананың жұмыс орнындағы 1 күн» әлеуметтік практикалары, «Қоғамға қызмет» бағдарламасы, «Қазақ әндері» шығармашылық жобасы, «Шаңырақ» мектеп қауымдастығы жобалары қолға алынған. Осы жобаларды одан әрі дамыту, жүргізу қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

253 0
Гулназ Утеева, № 59 жалпы орта білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлы Дала Ұстазы № 001955
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: