Иә, тақырыптың өзі қандай керемет, ғажап. Ісмар қазақ қызының иісі аңқитындай. Жалпы шығармашылық деген, кез-келген адам баласы дөңгелетіп әкете алатын дүние емес. Өне бойы өнерге толы, қолынан бал тамған, шығармашыл, жан-жақты ең бастысы қызығушылығы жоғары адамдар ғана айналыса алатын нәрсе. Шығармашылықтың түрі өте көп, оның өзі жас ерекшелікке, бейімділікке, ұл балалар немесе қыздар айналысатын өнер түрі деген сынды жіктерге бөлінеді...
Ал, біздің оқушылар үйіндегі «Шебер қолдар» үйірмесінде ісмар қыздар түрлі қолөнер шығармашылығымен айналысады. Неше түрлі: ине мен жіп, киіз бен тоқыма материалдары, түскиіз бен жапсырма қағаздар, биссер моншақтары мен паеткалар т.б көптеген заттардан әдемі дүниелерді өмірге әкеледі. Мұның бәрі асқан қырағылық пен тиянақтылықты, ұқыптылық пен ептілікті қажет ететін жұмыс. Бір ғана қызығушылық бар әдемі дүниені жасап шығуға жеткіліксіз. Ұшқыр ойлы, ойлау қабілеті жаңашыл, бойында ептілік пен шығармашылық қабілеті бар қыздар ғана сапалы, әрі ерекше дүниелерді жасай алады. Осы тұста біздің ұжымның осы саладағы жетекшілері үйірмеге қатысушы қыздарымызға үнемі қолдау білдіріп, білгенін мақтап, білмегенін үйрету арқылы үлкен жетістіктерге жетудеміз. «Шебер қолдар» деген үйірме атауына заты сай болсын деген ұранмен бірлесе жұмыс атқарудамыз. Үйірме құрамындағы әр қыздың талғамы мен бейімділігі әр түрлі, біз әр үйренушімізге өзіне ұнайтын бағыты бойынша қолдау көрсетіп, дамытамыз. Мәселен, бір қызымыз түрлі-түсті матадан ою өрнектеп, биссермен қаңқалағанды ұнатса, екінші бір оқушымыз бүгінгі сән әлемінің трендіне айналған тоқыма заттарды өргенді жаны сүйеді. Келесі бір қыздарымыз, ұшқыр ой тастап, барлық қолөнер түрін кезектеде алып жүргенді ұнатса, енді бір тәлім алушыларымыз жаңашыл бағыттағы қолөнер бұйымдарды үйренуден жалықпайды. Осылай-осылай үйретуші педагог ретінде қыздарымыздың ішкі психологиялық тұрақтылығын зерделейміз. Жастармен жастардың тілінде мейлінше сөйлесуге, қазақтың ісмар қолөнерлері мен ұлттық колоризімнің иісі аңқыған тың дүниелері жайлы мағлұмат беріп, тарихынан сыр шертіп те отырамыз. Үйірме, сабақтан бөлек қосымша бағыт болғандықтан, қыздарымыздың жалығып кетпеуін үнемі жітік қадағалаймыз. Жұмыс барысында сұраған сұрақтарына дөп жауап қатып, таусылған жабдықтарын уақытылы қамтамасыз етіп тұрамыз. Техниканың тілін меңгеріп, сауатты, еңбекқор қыздар тәрбиелеу мақсатында жан-жақты қызықты дәрістер өтеміз. Компьютермен, интербелсенді тақталармен апталық қолөнер жаңалықтарын қарап, әр қызымыздың өз стильіндегі дүниелер құрап шығамыз.
Осы орайда күннен-күнге «Шебер қолдар» үйірмесіне қызығатын оқушылар саны артуда, қыздарымыз ісмар сатысы статусын тереңге қарай жоғарлатуда. Біздің оқу орталығымыздың да қолдаушылары, танушылары көбейіп, ұжыммен бірлесе, белсене жұмыс атқарудамыз. «Шебер қолдар» үйірмесінің шығармашылық тобы бұдан да биік белестерден орын алады деген нық сеніммен мен өз ойымды аяқтаймын.