Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1612

«ОЙЛАУ» МЕН «СӨЙЛЕУ» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Кіріспе 

Барлық когнитивті процестердің арасында ойлау ең күрделісі болып есептеледі. Ойлау мен сөйлеу өзара тығыз байланысты, сонымен қатар оларды бір мағынада айтуға болмайды. Сондай-ақ, біреу екіншісінен шығады деп те айтуға болмайды, бірақ бір-бірімен байланысын жоққа шығармау керек. Ұғым проблемалары психологиялық мәселелер шеңберіне жатады, онда әртүрлі психологиялық функциялар мен сананың әр түрлі түрлерінің өзара байланысы туралы мәселе туындайды. Бұл мәселенің басты сәті, әрине, ойдың сөзге деген қатынасы туралы мәселе болып табылады. 

«Ойлау» мен «сөйлеу» ұғымдарының мәнін ашып, білім алушының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту мәселесін қарастыру білім беру үдерісіндегі қажеттіліктен туындап отыр. Осы мәселесе тұрғыдан алғанда жұмысымыздың негізгі міндеті  ойлау мен сөйлеуге берілген анықтамаларға, ғылыми көзқарастар мен ой-пікірлерге талдау жасау.

Негізгі бөлім

Ойлау мен сөйлеудің  педагогикалық және психологиялық мәселелерін талдаудан бұрын оларға сөздіктерде берілген анықтамаларға тоқталайық. 

С.И. Ожегов сөздігі бойынша: «1. Сөйлеу қабілеті, айтылым. Сөзді меңгеру. Сөйлеудің қиындығы. Айқын сөйлеу. (сөйлей білу, сондай-ақ шешендік). 2. Тілдің түрі немесе стилі. Ауызша және жазбаша сөйлеу. 3. Тілдің дыбысы. Көптілді сөйлеу. Тіл және сөйлеу. (тіл жүйесі мен оның қызмет етуіне қарама-қайшылық). 4.Әңгіме, әңгімелесу. Қанатты сөздерді тыңдау өте жақсы. Бұл туралы әңгіме болған жоқ (ештеңе айтылған жоқ). Сіз не туралы айтып отырсыз? (әңгіме не туралы?); Бұл туралы әңгіме болуы мүмкін емес (бұл болмайды, мүмкін емес). Не туралы айтып тұрсың! (әрине, ешқандай күмән жоқ). 5. Көпшілік алдында сөз сөйлеу. Құттықтау сөздері. Жиналыста сөйлеу».  «Ойлау - танымның жоғары сатысы. Ұғымдарда, пайымдауларда объективті шындықты көрсету процесі» [1].

Психологиялық сөздікте мынадай анықтама береді: «Ойлау (ағылш. thinking) - шындықты бейнелеудің психикалық процесі, адамның шығармашылық белсенділігінің жоғары нысаны. Сондықтан, ол адам санасындағы олардың субъективті бейнелерінің шығармашылық түрленуі болғандықтан, олардың мәні мен мағынасы адам өміріндегі нақты қайшылықтарды шешу үшін, оның жаңа мақсаттарын қалыптастыру үшін, табиғат пен қоғамның объективті күштерінің мәнін ашатын жаңа құралдар мен оларға қол жеткізу жоспарларын ашу». Сөйлеу (ағылш. speech) - адамдар арасындағы тіл арқылы қалыптасқан қарым-қатынастың тарихи түрі. Сөйлеу байланысы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық құралдар мен қарым-қатынас ережелерінің жүйесі болып табылатын берілген тілдің (орыс, ағылшын және т.б.) заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Сөйлеу мен тіл күрделі диалектикалық бірлікті құрайды. [2].

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша: «Ойлау I филос. Адамның сыртқы дуниенің заттары мен құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-қатынастарын жалпылап миында бейнелеу» [3;625]. «Сөйлеу - ойды ауызша түрде сөзбен баяндау, айту» дегенді білдіреді [3;740].

Сөздіктерді қарастыра, ойлау мен сөйлеудің мағынасы ауқымды, өйткені олар белгілі бір көзқарасты, процесті, сипатты қамтитыны байқалды. Мағынасының кеңдігін келесі ғалымдардың ұғымға берілген анықтамаларынан көруге болады (Кесте 1).

 

Кесте 1 – ғалымдардың «Ойлау» және «Сөйлеу» ұғымына берген анықтамалары

 

Автор

Анықтама

Д.Дидро

Ойлау-бұл куәгердің айғақтарын салыстыратын және түпкілікті қорытынды шығаратын судья

К.Дункер

Ойлау дегеніміз - заттардың мәнін ашатын идеялардың қозғалысы. Оның нәтижесі - ой, идея. Ойлаудың нақты нәтижесі «ұғым» болуы мүмкін - объектілер класының олардың ең көп таралған және маңызды белгілеріндегі жалпыланған көрінісі.

И.П.Павлов 

«...сөз, әсіресе, сөйлеу органдарынан қабыққа түсетін кинэстезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар бар. Олар шындықты алаңдатады және жалпылауға жол береді, бұл ... арнайы адамның жоғары ойлауы».

В.В. Левитес 

 

« ... бұл белгілі бір зейін қою мен шыдамдылықты талап ететін процес. 

С.Л.Рубинштейн 

«Сөйлеу формасын жасай отырып, ойлау өздігінен қалыптасады. Сөйлеудегі ойлау тек білдіріліп қана қоймайды, көп жағдайда ол сөйлеуде де жүзеге асырылады».

 

Кестелерде берілген ойлау мен сөйлеу анықтамаларын талдау нәтижесі ойлаудың сөзге негізгі тірек, іргетас болатынын дәлелдейді.

Жоғарыда көрсетілген анықтамалар «ойлау» процесінің ұғымын: сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы; адам миының қызметінің нәтижесі; ойлау қоршаған шындық объектілері мен олардың елеулі қасиеттері арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды бейнелеуден тұратын танымдық іс-әрекетті де анықтайды. 

Қарастырып отырған ұғымдардың психологиялық мәселелерін қарастырайық. Ойлауға деген қызығушылық психология тарихының бас кезінде басым болды. Неміс психологы Освальд Кюлпе дұрыс ойлауды зерттеу үшін зерттелінушіге ойлануды және өз ойларын суреттеуді ұсынды.

Шетел психологтары В.Вундт, Дж.Уотсон, О.Кюлпе, К.Дункер, Дьюи, және Ветгеймер және т.б. бұл мәселені теориялық және әдістемелік тұғыдан зерттеді.

Танымдық процестің маңызды тақырыбы ретінде «ойлау» соңғы отыз жылда қайтадан жаңғырудан өткені мәлім. Осы жаңғырудың нәтижесі ой пікірлеріне және логикалық ойлау процестеріне тәжірибелер жүргізгені дәлел құралы ретінде қаралады. 

«Когнитивті психология» атты оқулықтың авторы, АҚШ-тың Невадо-Рено университетінің профессоры Р.Солсо зерттеуінде ойлау ұғымын теориялық тұрғыда талдап, ойлаудың ғылыми негізі және этностық белгілерін зерттеді, сонымен қатар  интеллекті мен ойлаудың байланысын қарастырды [4;256]. 

Психолог Брунер «Ойлауды зерттеу» еңбегінде ұғымдарды меңгеру мәселесіне тоқталды, онда ұғымдарды қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттің әдіснамалық талдауын жасады. 

Вудвортс мен Селлздің ертеректегі мақалаларында (Woodworth and Sells, 1935) «формалды ойлау» мәселесіне көңіл бөлген.  

Клемент пен Фэльман логикалық ой-пікірлерді әлем туралы білім мен ойдағы бейнелерді байланыстыратын қызықты зерттеу жүргізді. 

Роберт Дж.Стернберг «когнитологтар адамның ақыл-ойын зерттеуге көп қызығады, себебі интеллект өз мағынасында адам іс-әрекетінің конспектісі ретінде көрінеді, яғни бізді адамдар ретінде ерекшелейтін мағынаны білдіреді» деп ойлауға ерекше анықтама берген. 

Ал, Выготскийдің еңбектерінде ойдың сөзге қатынасы контекстінде ойлау және сөйлеу проблемасы қарастырылады және талданады. Автор адам психикасы мен ойлау процесінің дамуы үшін зор маңызы бар ашық феномендерді сипаттайды [5;52].

Карнеги-Меллон университетінің когнитология профессоры Дж.Р.Андерсон «танымдық процестердің ішіндегі ең нәзігі – ол тіл мәселесі екені мәлім. Адам қатынасының дамуына тілдің үлесі зор. Тілсіз халықты басқаруға арналған арнайы ережелерді орындаутын тәсіл де болмайтыны рас. Тілсіз адам көптеген кикілжінге тап болар еді. Адамның танымын арттыруда тілдің маңызы зор» - деп пайымдайды [4;303]. 

Тіл мен ойлау арасындағы байланыстарының ең күшті теориясын бихевиоризмнің атасы Джон Б.Уотсон ұсынды. Уотсонның көзқарасы бойынша «сөйлеу мен ойлаудың табиғаты бірдей, ойлау – ол да сөйлеу раекциясы, дәл бұлшықет жиырылуымен, бірақ аз қарқындылықпен жүреді» деп қарастырған [4;315].

Ғалымдардың еңбектерін талдау арқылы ойлау мен сөйлеу мәселесінің психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттелінуінің көпқырлылығы методологиялық маңызы бар тақырыптардың бірі екенін көрсетті. Психологтар ойлауды педагогика тұрғысынан алғанда, бұрыннан бар және жаңадан алынған ақпаратты өңдеу,  проблемаларды шешу және жаңа білімді игеруде ойлаудың танымдық жағы біз үшін маңызды деп атап өтті. Ойлау мен сөйлеу жеке маңыздылығы бар және субъектінің танымдық іс-әрекетінде көрінетін мақсаттарға бағытталған таным қажеттіліктерінің пайда болуымен байланысты болады. Отандық зерттеушілер арасынан М.К.Ибраева [6], С.А.Джанабердиева [7], Б.К.Сақтағанов [8], Д.К.Сапабеков [9], Р.Ж.Базарбекова [10], С.Б.Жораеваның [11], Қ.Мендаяхованың [12]  еңбектері маңызды деп ойлаймыз.

С.А.Джанабердиеваның зерттеулерінде математика сабақтарында оқушылардың «логикалық ойлауы», М.К.Ибраеваның зерттеуінде «таным» мен «белсенділік», Б.К.Сақтағановтың зерттеулерінде «креативті ойлау», Д.К.Сапабеков «парасатты ойлау» ұғымдарының анықтамаларына талдау жасады.

Байланыстырып сөйлеу мәселесін Р.Ж.Базарбекова және  Қ.Мендаяхованың диссертациялық жұмысынан, сөйлеудің ауызша түрін қалыптастыру жолдарын С.Б.Жораеваның зерттеуінен көруге болады. 

Д.А.Әлкебаева, Л.Ж.Ахметкалиева прагматиканың негізгі компоненті ретінде ойлау мен сөйлеуге филисофиялық, психологиялық, педагогикалық бағытында жазылған еңбектерінің негізінде зерттеу жүргізді [13;90].

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, ғылыми әдебиеттерде ойлау мен сөйлеу мәселесі психология, педагогика, лингвистика, философия ғылым салаларында кеңінен қарастырылғаны байқалды. Олай болса, ойлау мен сөйлеу ұғымдардарына берілген анықтамалардың мәніне талдау жасау арқылы, олардың арасындағы байланысты көруге, пікірлер мен тұжырымдарды жүйеге келтіруге мүмкіндік берді. 

 

Әдебиеттер:

 

  1. Ожегов С.И. (1952) Словарь русского языка / Под общей ред/ С.П. Обнорского. М. – 848 с
  2. Б.Г. Мещеряков и В.П. Зинченко Большой психологический словарь/ Издательство Прайм-Еврознак в 2007г.
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (2008) Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. Алматы: Дайк-Пресс – 625-740 б.
  4. Психология: Азамзат ақыл-ойының қазынасы. – Алматы, 2006. – 256-315 б. 
  5. Выготский Л.C. Мышление и речь. - М.: Лабиринт, 1999. С. 52
  6. Ибраева М.К. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту: филос.докт. (Phd) ... дис. - Алматы, 2017. – 172 б. 
  7. Джанабердиева С.А. Математика сабақтарында "қызықты математиканы" пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту: пед. ғылымдарының канд. дис. - Алматы, 2007. – 25 б. 
  8. Сақтағанов Б.К. Тұлғаның креативті ойлауын дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері: филос.докт. (Phd) ... дис. - Алматы, 2013. – 193 б. 
  9. Сапабеков Д.К. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері: филос.докт. (Phd) ... дис. - Павлодар, 2013. – 131 б. 
  10. Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі: пед. ғылымдарының канд. дис. - Алматы, 2008. – 160 б. 
  11. Жораева С.Б. Кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесі: пед. ғылымдарының канд. дис. - Алматы, 2007. – 163 б.
  12. Мендаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (мектепалды даярлық топтары мен 1-сынып) : пед. ғылымдарының докт. дис. - Алматы, 2009. – 301 б.
  13. Әлкебаева Д.А., Ахметкалиеваның Л.Ж. Прагматика негіздері: ойлау мен сөйлеу// Хабаршы. Филология сериясы. №2 (170). 2018. – 90 б.
402 0
Жумагул Актаева, № 191 орта мектебі динректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлы Дала Ұстазы № 001953
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: