Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI161

«ҚАРА ЖОРҒА» БИІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

 Мақсаты: Би билеу, би сабағы арқылы мынадай мақсаттарды іске асырады.

 Бала денсаулығын нығайтуды;

 Музыкалық ырғақты қарқынды сезінуді, биді мəнерлі орындауды, олардың жекелеген элементтерін

меңгеруді;

 Əдемі жүріс-тұрыс, дене сымбаттылығын, ептілікті қалыптастыруды, мəнерлі дене қозғалысы мен

қалпын ұстауды;

 Балаларды ұялшақтықпен бұйығылықтан арылтуды;

 Басқалардың жетістігіне қуануды, ортақ табысқа өз үлесін қоса білуге үйретуді.

 Міндеті:

Бидің қимылдарын үйрену.

Денені дұрыс ұстай білу.

Қимылдарды жеңіл жасауды үйрену.

Аяқ –қолды, денені жаттығулар жасау арқылы сабаққа дайындау.

Балалардың ойлау қабілетін, зейіндерін, дамыту

 Сабақтың жоспары

 Кіріспе бөлім.

Балаларды шақыру, сабаққа дайындау, сəлемдесу Балаларды сапқа тұрғызу.

Сабақтың тақырыбы: « Қара жорға »биінің элементтері

Мақсаты: Қара жорға биінің түрлерімен танысу, элементтерін жəне қимылдарын үйрену.

(Қауіпсіздік ережесін сақтау:

айна алдына өте жақын тұрмау

тренаж темірге асылмау

би жетекшісінің рұқсатынсыз үнтаспаны пайдаланбау)

Билердің түрлерін еске түсіру (Ұлттық, эстрадалық, классикалық, заманауи билер)

Негізгі бөлім.

Дене шынықтыру:

Зал ортасында (бас, иық, бел жаттығулары, қол, аяқ позициялары)

Шеңбер бойында (аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, секіру, қапталдап, адымдап жеңіл секіріп жүру)

Станок жанында (плие, деми плие, гранд плие жаттығулары)

Ұзындық бойында (соте, шене əр – түрлі жүрістер)

Қара жорға биінің элементтері

Қара жорға биі жайлы, оның ерекшеліктерімен, айырмашылықтары жайлы түсініктер беру.

Берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау. Билерін тамашалау.

Ақырғы бөлім.

Қорытындылау.

Қайталау қимылы. (бір-бірлеріне қошемет қөрсету, қол шапалақтау.

Сабақтың өту барысы.

(Балалар зал ортасында, екі қатарға тұрады. )

Би жетекшісі: Сəлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ, біздің сабағымызға

қонақтар қатысып отыр. Ал қане ендеше қонақтарымызбен сəлемдесу қимылын жасап амандасып

алайық. Рахмет!

Би жетекшісі: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қара жорға» биінің элементтері. Сабақ барысында біз бидің

қимылдарын, денені дұрыс ұстай білуді, қимылдарды жеңіл жасауды үйренеміз

Енді би залында ескеретін техника қауіпсіздігін еске түсірейік:

айна алдына өте жақын тұрмау

тренаж темірге асылмау

мүғалімнің рұқсатынсыз үнтаспаны пайдаланбау

Дене шынықтыру

Би жетекшісі: Ал енді балалар би билеуге кіріспес бұрын дене жаттығуларын жасап алайық. Зал

ортасында тұрып басымызды оңға, солға қисайтамыз, иықты жоғары-төмен қозғаймыз, белді

айналдырамыз, қол қимылдары толқын, жел, үкі аяқты алдыға, артқа, жанға созу. Аяқтың 1,2,3,4,5

позицияларын қайталайық. Шеңбер бойында аяқтың ұшымен, өкшемен, секіріп, қапталдап жүреміз

Станок жанында деми плие жаттығуы 4рет, батман тандью 4рет жаттығуларын жасайық Ұзындық

бойында соте секіру, шене айналу, би қимылдарының жүрістерін жасайық. Жаттығуларды аяқтайық,

шаршағанымызды шығарып кішкене дем алайық. Дем алу барысында мен сендерді қара жорға билерінің

қимылдарымен таныстырып өтейін.

Қара жорға биі дегенде сендер қандай билерді көз алдарыңа елестетесіңдер?

Жауап: (Балалардың өз ойларынан туындаған жауаптарын айтады. )

Би жетекшісі: Ия олай болса өткен сабақта мен сендерге қазақ билері туралы

толық мағлұмат бермеген болатынмын, тек қана қазақ билердің осы билерді үйреніп келіңдер деген

болатынмын.

Жалпы қара жорға биі деген кезде көз алдымызға жорға атың жүрісі елестейді.

Би жетекшісі: Ал енди осы қара жорға биіне жақындау келетін өздерің билеп журген «Қамажай » биін

билеп жиберейік. (жарайсыңдар рахмет!)

Би жетекшісі: жарайсыңдар жақсы. Рахмет!

Ал енді осы билердің бір-бірлерімен айырмашылықтарын ажыратайық.

Би жетекшісі: Мұндай тапсырма берудегі менің мақсатым сендердің би билеудегі, үйренудегі,

ізденудегі қабілеттеріңді шыңдай түсу.

Би өнерінің қыр-сырын тереңірек үйренулеріңе жол ашу.

Келешекте би өнерінің, сахна өнерінің шыңына шыға білу.

Би билеу, биші болу үлкен еңбекті талап етеді, сонымен қатар би билеу адамның психологиясына да

жақсы əсерін тигізеді, денсаулыққа да пайдасы зор. Күнделікті жаттығу жасауға зауқы соқпайтын

адамдар күніне бір рет жақсы əуенге қосылып билесе, соның өзі бірталай бойға қуат береді.

Сабақты қорытынды:

Би жетекшісі: Бүгінгі сабақтан сендер қандай əсер алдыңдар?

Би жетекшісі: Ал балалар бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Қайталау қимылы.

Үйге тапсырма осы үйренген билеріңді əрі қарай шыңдай түсіңдер.

Бугінгі сабақ үшін бір-бірлерімізді шапалақпен қошеметтеп қояйық.

Барлығы жақсы өте керемет өтті.

Сендерге көп-көп рахмет

Қоштасу қимылы. Рахмет! Сау болыңдар!

291 0
«ҚАРА ЖОРҒА» БИІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Ұлы дала ұстазы № 000106
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: