Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Уильям Уорд
Қазіргі қоғамдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы , қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Сондықтан білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі – білім ұйымы басшыларына басқаруды жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді. Осыдан жаңарған орта білім беру мазмұнын жүзеге асыру басшы кадрлардың кәсіби деңгейіне, олардың жауапкершілікті түсінуі мен білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты.
Білім берудің барлық деңгейлерін жаңа сапаға көтеру, педогогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру, оған мемлекеттік қолдауды күшейту және білім жүйесін басқаруды дамыту-бүгінгі таңдағы өзекті міндет.
Менеджмент-адам қатынасының негізін құрайтын құндылық және адамзаттан биік жауапкершілікті талап ететін қатынас болып саналады. Жақсылық жасауға, жақсылықтан үйренуге талпынысы бар әр адам барлық жалпы адамзаттық құндылықтарды өз бойына жинақтап дамыта алады. Ал біздің ата-бабаларымыздан асыл мұра ретінде жеткен адамгершілік сапалар өткенмен ғана емес, бүгінгі және ертеңгі өмірмен де байланысты. Сол себепті олардың адамгершілік сипаты, құндылықтық мәні күн санап арта береді.
Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Қазіргі нарық заманында мектеп қабырғасында, оқу орындарында оқып жүрген өскелең ұрпаққа көптеген жаңа пәндер келіп қосылуда. Соның бірі экономика сабағы.
Көптеген шет мемлекеттерге экономика сабағы балабақшадан басталса, ал елімізде бастауыш сыныптардан бастау алып келеді. Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр.Тәрбие жұмысы тәжірибесімен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет – деген ұғым жиі кездеседі. Адам болашағы тәрбиеге байланыста екені белгілі. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттер дарытуға бағытталған.Тәрбиенің ең өзекті мәселесі – білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарастарын
қалыптастыру арқалы қоғамдық тұрмыстағы адамдардың өндірістегі қарым-қатынасын
қалыптастыру. Экономикалық тәрбиенің негізі еңбек тәрбиесі болып саналады. Жастардың
еңбекті қажетсінуін, еңбек сүйгіштігі, саналы еңбек тәртібін қалыптастыру экономикалық
тәрбиенің алғы шарты болып табылады.
Экономикалық тәрбие беру – оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру,қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру біліммен сауаттандырып қана қоймай, болашақ өмірге бағдар беріп, кәсіпкерлік мол табыс табу, жақсы өмір сүру кепілі екендігін ашып, айқын көрсетілуі тиіс.
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты
күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да,кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасының Конститутциясында былай деп жазылған «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» . Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторларды жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақта өздерінің экономикалық және
әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі кәсіпкерлік халықтық
әл-ауқатын арттыруымен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін
тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары
оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және
экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс табуға бағытталған. Мектеп
оқушыларының бойында кәсіпкерлікті қалыптастырудың маңыздылығы да осында.
Келешек ұрпақты қоғам талабына сай тәрбиелеу мектеп еншісінде. Сондықтан экономикалық
тәрбие тек зкономика сабақтарында ғана емес кез келген пәннің аясында болуы тиіс.
Экономикалық білім мен экономикалық тәрбие математика, дүниетану, еңбек, тәрбие
сабақтарында жүзеге аса алады. Кәсіпкерлікті қалыптастыру арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттері мұғалімге жүктейді.Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.
Оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс-
әрекетімен байланыстыра білгенде ғана бүгінгі таңда ақпарат ағымының ұлғаюына және ақпараттық-коммуникативті технологиялардың дауына байланысты білім алу формаларының жаңа түрлері пайда бола бастады. Білім кеңістігінің аясы өрістеуіне орай кез келген адамның формальды емес және информальды білім алуына мүмкіндік туды. Қазіргі кезде әлемде 100 миллионнан астам интернет сайттар тіркелген. Ел басымыз Н.Назарбаев өз жолдауында: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады”, – деп атап көрсетті. Қазақстанның даму қарқыны жыл санап екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де ашық айтылып отыр. Қазіргі қоғамда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер кез келген қызмет саласында жаңартуды қажет етеді. Бұл үдерісте білім беру жүйесін басқару, соның ішінде мектеп менеджментінің алатын орны ерекше.
Менеджмент- бұл басқарудың жаңа философиясы, ол қоғам өміріндегі басқару мен менеджердің рөлін, сондай-ақ оның әлеуметтік мәнін көрсетеді. Бұл басқару үдерісі жүйелі, мақсатқа сай және қарамағындағылардың абройлы жұмыс жасап, содан рахат алатындай, нәтижеге қол жеткізудің жоспарын құру. Менеджмент басқару саласындағы адамның қызметі. Менеджменттің объектісі –адами қарым-қатынастардың жиынтығы. Менеджмент – тәсіл, адамдармен қарым-қатынас жасау, басқару құралы, өнері.
Қазіргі менеджмент дегеніміз – ұйымдағы жаңа басқарушылық ойлау, нарықтық қатынастарға лайықталған басқарудың философиясы, саясаты, әдістері, принциптері, басшылардың өз бетінше әрекет жасауы, шешім шығаруы, бұйрықты күтіп жоғарыға жалтақтамай, күрделі мәселелерді шешуді жүзеге асыруы. Осы аталған ойды қорытындылай келе білім беру ұйымындағы педагогикалық менеджментке тоқталсақ.Т.К. Шамова «Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру ұйымының тиімді және сапалы қызметін жүзеге асыру мақсатындағы интелектуалдық, материалдық және қаржылық ресурстарын жұмылдыру бойынша білім, өнер және іс-әрекет» деп анықтама береді. Педагогикалық менеджмент негізіндегі мектепті басқарудың ұстанымдары:
Біріншіден – кез келген мектеп жекеленген түрде өмір сүрмейді, мектеп республикадағы білім беру жүйесінің бөлігі болып табылады. Сондықтан мектеп басшылары мектеп ішіндегі және оны қоршаған ортамен байланыстарды нығайтып, ынтымақтастық ортасын құрып, мектептің дамуын жүзеге асыруы қажет.
Екіншіден – кез келген мектеп өзінің миссиясын, философиясын, саясатын, стратегияларын анықтаумен мықты. Осы және басқа да өзекті әрекеттің қалыптасуы мектеп менеджментінің ғылыми негізін құрайды. Сондықтан аталған түйінді мәселелер мектептің нормативті – құқықтық құжаттары: Тұжырымдамасы, Ережесі, Даму бағдарламаларынан өтуі тиіс.
Үшіншіден – бүкіл мектеп жүйесінің орталық діңгегі: мектеп түлегінің тұлғасы – білім берудің басты мақсаты болып есептелінеді. Сондықтан мектепті басқаруда түлек тұлғасы – мектеп басқаруда күтілетін нәтиже ретінде қабылданады.
Төртіншіден – нақты нәтижелерге қол жеткізудің басты шарты – білім беру үдерісі барысында ұжым мүшелері арасында жағымды, тиісті қарым – қатынас орнату. Соған байланысты басқарудағы қарым-қатынастың қазіргі уақыттағы әдіс-тәсілдерін: біріктірілген, стратегиялық, жүйелі-кешенді қатынастарды қолдану.
Сонымен жоғарыда аталған мектеп менеджменті ұстанымдарына байланысты мектеп басшыларының қызметінде жаңа талаптар қойылады.Қазіргі мектеп басқаратын адамды басқару үдерісін кәсіби, сауатты жүргізуші, білікті басшы – менеджер деп айтуға болады.
Қай халық болсын өзінің әлемдік деңгейде қол жеткізер ұлттық тағдырының құнды қасиет көріністеріне үңіледі. Ел ертеңін, ұрпақ келешегін ойлаған басшы еңсесін көтеріп,санасын саралап, ел ертеңі жастардың болашағын ойлап алаңдайтыны анық. Себебі жерінің бүтіндігі, елінің түгелдігін қорғайтын бүгінгі жас ұрпақ. Егінші дәнді өсіреді, малшы малды көбейтеді, ал мұғалім жас ұрпақтың бойына елдік қасиеттерді сіңіріп, сапалы білім береді.
Ұлт рухының соғар жүрегі де, қан жүгірер күре тамыры да – ол біздің балаларымыз. Алдымызда отырған әр баланың тағдырына біз жауаптымыз. Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу – білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.
МАҚСАТ ПЕН НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУДЕ заман талабана сай ұрпақ тәрбиелеп өсіру-мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Қай кезең, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.Бүгінгі күні білім саласы түбегейлі өзгерген. Бұл өзгеріс мұғалімнің кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Жаңашылдықтың жаршысы болып, мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау - директордың міндеті деп түсінемін. «Ұстаздық ұстаздың ғана қолынан келеді» демекші жаңа технологиямен қаруланған шығармашыл мұғалім бала жүрегіне әрқашан жол таба біледі деп ойлаймын.
Мектептің дaму бaғдaрлaмaсын басшылыққа ала отырып,өткен оқу жылдaрының оқу сaпaсы бойыншa тaлдaу жасалып отыр. Бағдарламаны әзірлеуде мектеп дирекция мүшелерімен ақыл-кеңес құрылады.Сондай-ақ «Жұмысшы тобы» мен «Эксперт тобы» барлық негізгі пәндерден әр тоқсанда,оқу жылының аяғында сараптама жасайды. Өйткені олар мектептің қай тұсы жетілген жағдайда, қай тұсы осал түсіп жатқанын біледі. Жыл соңында бағдарламаны талдау қорытындысы жасалып, негізінде кемшіліктеріміздің келер оқу жылында түзелетініне сеніммен қарап, орындалуға тиісті іс-әрекеттерімізді қайта жоспарлап отырдық. Ол үшін мектеп ішіндегі мүмкіндіктерімізді барынша жұмыс жасауға жұмылдыруға тырыстық. Осы жоспарланған іс-шаралардың орындалуы күтілетін нәтижеге жеткізетініне сенімде болып,үміттеніп отырмыз. 2015 жылы Астана қаласында мектеп орынбасарларына арналған біліктілікті жетілдіру курсында,2017 жылы және 2018 жылы Тараз қаласында жаңартылған білім беру бойынша курста болу ,сондай-ақ 2021 жылы «Кемел Ұстаз-табысты мұғалім» тақырыбында өткен курсында болу менің ойымның түбегейлі өзгеруіне көп ықпалын тигізді десем артық болмас. Курстан кейін жоғарыда айтып өткен бағдарламаның өз деңгейінде орындалуына, мектеп ішілік бақылаудың уақтылы жүргізілуіне үлесімді қосып отырдым.Мектептің дамуын жоспарлауда негізгі басымдық: оқушының қажеттілігі және оның ата-анасының сенімінен шығу, ұстаным: мектеп дамуын жоспарлауда ата-ана, оқушы, мектептегі білім беруге қатысушылардың үнімен санасу, жалпы қоғамдық орта пікірін ескеру, ал негізгі міндет: жергілікті әкімшіліктің мектеп мәселелерінен хабардар болып қана қоймай, мектеппен бірлесе оны шешудегі рөлінің ықпалдастығы маңызды болып отыр.Кез-келген әрекетте осал тұстарды саралай отырып, кінәліні жазалауға емес, қайта оның мүмкіндіктерін оятудың, әріптестік сынауға емес, қайта қолдауға қатысты шараларды іске асырудың, жеке басқару емес, бөлінген көшбасшылықты іске асырудың тиімді болатынына көзім жете түсті.
Менің қазіргі түйген ойым: бағдарлама аясында жаңаша ойлау, ойлауға сыни тұрғыдан қарау, іс-әрекетті жоспарлау және оның даму барысын эвалюациялау теорияларын меңгере отырып, оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп дамуына ықпал ететін басшылардың да осы мақсатты іске асыруда қоян-қолтық бірге жұмыс жасауы ғана нәтижелі іске бастайтынына сенімім мол. Өткені тек шынайы жауапкершілікпен жұмыс жасайтын ортаны қалыптастыру – тиісті нәтижеге жеткізеді.
Сонымен қатар мемлекет басшысының айтуынша, тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Сондықтан алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру табандылықпен жалғасады.
Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
Абайдың жетiншi қара сөзiн бiлмейтiндер кем шығар. Жан құмары мен тән құмары жайлы сөз қозғаған данышпан «Дүниенiң көрiнген һәм көрiнбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп бiлмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны бiлмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» деп түйедi. Мұндағы хәкiмнiң көрiнген сыр дегенi материалдық игiлiктер де, көрiнбеген сыры – руханият. Яғни Абай ұғымында өмiрден жан азығын алмаған, рухпен iсi болмаған кiсiнiң хайуаннан айырмашылығы жоқ. Бiз емес, абайтанушы ғалымдар осылай тәпсiрлейдi.
Қорыта айтқанда қазақ халқының ағартушы ғалымдарының тұжырымдарында айтылған
терең ойлар, халық даналығы әр адамды ізгілік әлеміне жетелейтін өнеге мектебі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаев. «Тәуелсіздік белестері»,Алматыы «Атамұра» 2003 жыл.
2. Н.Ә.Назарбаев.«Еуразияжүрегінде»,Атамұра2005жыл.
3. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан жолы»,Астана 2007 жыл.
4. Н.Ә.Назарбаев. «Жылдар мен ойлар», «Алматы кітап» ЖСШ,2013 жыл.
5. «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»Тараз қаласы,2014 жыл.
6 .Н.Ә.Назарбаев. «Жылдар мен ойлар», «Алматы кітап» ЖСШ,2013 жыл.
7. «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»Тараз қаласы,2014 жыл.
8.Аудандық «Құлан таңы» газеті № 18 2017 жыл
9.Аудандық «Құлан таңы» газеті № 21 2018 жыл
10.К.Табей: «Қайсар рухты қазақ», Алматы 1994 жыл
11.«Қазақ тарихы» , 2001 жыл, №6.
Мерзімді басылымдар:
(1)-«Жас Алаш», 1999жыл, №4
(2)-«Ана тілі», 1990жыл, қарашаның 15-і.