Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1607

Тәуелсіз елім-тірегім!

      «Тәуелсіз елдің ұлы- өжет, қызы- қайратты, халқы- қаһарман»

                                                                      Қанатты сөз

     Қазақстан!-деген бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды. Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады. 

Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті. 

      Алайда Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетінше шеше алмады. Біздің еліміздің ұлттық ерекшеліктері ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтарға өз тілін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді. Экономикалық жағынан да еліміз өз байлығына өзі ие бола алмады. Осы тұста елді еңіреткен азалы күндер жігерлі жастардың жүрегін қайнаған ашуға, кекке толтырды. Бұл 1986 жылғы «Желтоқсан қозғалысы» еді. 

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, 

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 

Кеудемде әлі сызы жатыр, сол кездегі салқынның, 

Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның-   деп Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, Орталық Үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары ереуілге шығып, қазақ елі басшысының қазақ азаматы болуын талап етті. 

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі «Желтоқсан оқиғасы» мыңдаған қазақ жастарының өмірін қиған еді. Алаңға шыққан қазақ жастары аяусыз қанға бөктерілді. 

     «Жастық шақ маған бір- ақ рет беріледі емес пе? Біз, жастар, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыз мағыналы болсын деуші едік қой?!   Міне, сол қымбат шағымызды жауларымыз тонап алғысы келді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келді. Мен соған кектенемін»- деп жастарымыз алаңға шықты. Алайда алаңға шыққан жастарымызды қақаған аязда аямай қинады, көптеген жастарымыз қыршыннан қиылды. Тек төрт-бес жыл өткен соң ғана арнайы комиссия құрылып, «Желтоқсан оқиғасы» жан-жақты тексеріліп, қазақ жастары ақталды. 

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, 

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 

Өздеріндей өр намысты, жас өркені бар елдің, 

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!- деген Мұхтар ағамыздың өлең шумақтары тағы да есімізге түседі. 

Осыдан кейін- ақ Кеңес өкіметі ыдырап, 1991 жылы 16- желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Бұл күн егеменді еліміздің туған күні деп алтын әріптермен жазылды. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

 Міне, қазақ халқы бабаларымыз армандаған тәуелсіздігіне, азаттығына осындай қиянат, азаптарды басынан өткеріп жетті. Азаттық жолында қазақ халқы қансырады, бірақ қаза болған жоқ, есеңгіреді, бірақ есінен айырылған жоқ, сүрінді, бірақ құлаған жоқ. 

Тәуелсіздік бүкілхалықтық мереке, әсіресе қазақтар үшін теңдесі жоқ, аса маңызды тарихи оқиға еді. Біздің халқымыз өзінің ғасырлық аясында қалыптасқан көпшіл, өзге ұлттың мәдениеті мен салт- дәстүріне құрметпен қарай алатын кең пейіл қасиетімен дараланатын халық. Бүгін де Қазақстан бүкіл әлем мақтанышпен айта алатын мемлекетке айналды. Осы уақыт аясында дербес кеңістік қалыптасып үлгерді, нарықтық қатынас орнығып, әлемдік қауымдастық та бел ала бастады. Тәуелсіз Қазақстанымыздың Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық теңгесі, ең бастысы- егемендігі бар. Еліміздің болашағын дамытып, ынтымақ пен бірлікті орнатып отырған президентіміз Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін ізденіс пен ұмтылыс, сенім мен жарасым әкелді.     Иә, сан ғасырлық қайғы- қасіретке толы тарихында, қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаны басынан өткерді. Сол тар жол, тайғақ кешуде   қажып қансыраса да ешқашан өзінің қадір- қасиетін жоғалтпай, ар- намысын, абыройын төкпей бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткізді.  Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай! 

        Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен мен өз іс-тәжірибемде, жас ұрпаққа азаматтық патриоттық тәрбие беруде  іс-әрекеттерінің белсенділігі мен тиімділігін арттыруды, халық педагогикасының буындарын қолданамын. Сабақтарымда оқушылардың  азаматтық-патриоттық тәрбиесін дамытуда, өзіндік жұмыс жасауда, ел-дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізуге баулимын. Сабақтарда Эльконин Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданамын, оқушылармен  шығармашылық жұмыстар жүргіземін. Ұлы педагог 

Я.А.Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыләрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екенін айтқан. Ал, шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. 

    Қазіргі уақытта электронды оқулық –  оқытушы мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін ізгілендіру құралы деп танылуда. Жас ұрпаққа азаматтықпатриоттық тәрбие беруде ақпараттық технологияларды пайдаланып пән бойынша  электрондық жасақтама жасадым.  

       Жас ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беруде ақпараттық  технологияны жүзеге асырудағы міндеттерім: 

  1. Әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану. 
  2. Әр білімгердің психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру. 
  3. Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу. 
  4. Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру 

   Кез-келген жұмыстан нәтиже шығару үшін ізденіп, аянбай еңбек ету қажет. Жас ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беруде ақпарттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.  

   Сондықтанда менің алға қойған мақсатымның бірі, кез-келген пәнді   ақпараттық технологияның мүмкіндіктерімен байланыстыра алатын  бәсекеге қабілетті білімгер дайындау. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан жеке адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшу қажет. Сонда білім мекемелері жас ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беруде   ақпараттық қоғамда өмір сүре алатын жан-жақты дамыған қоғам мүшесін дайындап шығара алады. 

      Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы. Тәрбие – шегі жоқ, шеті жоқ, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құбылыс. Тәрбиенің қырлары көп. Отансүйгіштік - тәрбиенің негізі. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, жас буын патриоттық тәрбиені шын ниетпен қабылдаған уақытта ғана ол өз жемісін бермек. Ал ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті отбасындағы ата-анасы сіңіреді. Еліміздің әрбір азаматы ұлт, дін өзгешелігіне қарамастан, ортақ Отан – Қазақстанды құрметтеп, қастерлесе, мұндай жастан үздік оқуды да, мінсіз қызметті де, табанды еңбекті де күтіп қалмайтынымыз анық. 

Қорытынды. 

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! 

     Баяндаманы қорытындылай келе, кез-келген жұмыстан нәтиже шығару үшін ізденіп, аянбай еңбек ету қажет. Білімгерлерге әрдайым «Нәтиже көзі-ізденіс» екенін айтып отырамын.  Жас ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беруде ақпарттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану, жаңа электрондық оқулықтарды, виртуалды химиялық лабораторияларды қолдануда интернет, кез-келген  мамандықтың иесі компьютерді білу ұстаздың негігі міндеті болып табылады. Сондықтанда менің алға қойған мақсатымның бірі, кез-келген пәнді  ақпараттық технологияның мүмкіндіктерімен байланыстыра алатын  бәсекеге қабілетті білімгер дайындау. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан жеке адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшу қажет. Сонда білім мекемелері жас ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беруде  ақпараттық қоғамда өмір сүре алатын жан-жақты дамыған қоғам мүшесін дайындап шығара алады. 

Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы. Тәрбие – шегі жоқ, шеті жоқ, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құбылыс. Тәрбиенің қырлары көп. Отансүйгіштік - тәрбиенің негізі. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, жас буын патриоттық тәрбиені шын ниетпен қабылдаған уақытта ғана ол өз жемісін бермек. Еліміздің әрбір азаматы ұлт, дін өзгешелігіне қарамастан,    ортақ Отан – Қазақстанды құрметтеп, қастерлесе, мұндай жастан үздік оқуды да, мінсіз қызметті де, табанды еңбекті де күтіп қалмайтынымыз анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер 

1.Ғылыми-педагогикалық журнал. [Химия мектепте]: 2012/1 

2.Момышұлы Б. [Соғыс психологиясы] - Алматы: Қазақстан, 991.- 400 б. 

3.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: [Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.] – Алматы. 2007. -72 б. 4.Жұмабаев М. [Педагогика.] – Алматы: Рауан, 1998. – 112 б. 

5. https://kbtu.edu.kz/kz/students/library/library-news/1807-aza-stan-t-uelsizdigine-30-zhyl

 

 

 

 

 

 

 

212 0
Багила Жумабекова, №1 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002106
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: