Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1606

Мұғалімнің кәсіби дамуына жаңартылған білім беру мазмұнының ықпалы

Мектеп білім беру жүйесінің біріші сатысы ретінде балаларды болашаққа даярлауда маңызды қызмет атқарады.   Бала мектепте қаншалықты сапалы және уақытылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады. Білім беруде мектептің басты мақсаты: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, түзету болса, ал атқарылатын міндеттері:

  1. Оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындығымен толық қамтамасыз ету;
  2. Мектептегі оқу бағдарламаларының үйлесімділігін қамтамасыз ету;
  3. Оқушының мектептегі оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу.

Мектепте оқыту мен тәрбие беру деңгейін – үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы – мұғалім.

Оқушыларға   сапалы білім мен саналы тәрбие беруші де ұстаз. Мұғалім – арнайы дайындығы бар және педагогикалық іс – әрекетпен кәсіби айналысатын адам. Оның негізгі функциясы – оқыту, тәрбиелеу, дамыту, жетілдіру, қалыптастыру процестерін басқару. Жалпы мұғалімдердің   кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер баршылық (В.С.Мухина, Б.Баймұратова, Қ.Меңдіаяқова, Ш.А.Амонашвили,т.б.), онда болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі қарастырылып, кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген. 

Осыған сәйкес қазіргі кезде жалпы ұстаздардың педагогикалық қабілеттеріне төмендегі талаптар:

-ұйымдастырушылық;

-дидактикалық;

-перцептивтік;

-коммуникативтік;

-суггестивтік;

-ізденушілік;

-ғылыми-танымдық қойылады.

Осыған орай, қазіргі таңда мектеп ұстаздарына келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру; балалар табыстары мониторингісін жасау және оны диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу; авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру; тәрбиешінің педагогикалық – кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.

Бүгінгі күннің талабы – баланы жан – жақты тәрбиелеу. Жаңа типті мектептерде оқыту мен тәрбиелеудің соңғы тәсілдерін игерген, психологиялық – педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік қолтаңбасы бар шығармашыл педагог – ұстаз қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, бала тәрбиесі мен білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін – өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Ұстаз – бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. 

Кәсіби ұстаз – құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс – тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін – өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Кәсіби жетілдіру жайлы айтылғанда «прагматизм» сөзін жиі естиміз.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез – құлықтың прагматизмі деген осы. Яғни прагматизм сөзін балабақшаға лайықтап алсақ, тәрбиешілер өзінің білімін үнемі жетілдіру үстінде болып, өз білгенін ұтымды пайдаланып, оқушылармен және олардың ата – аналарымен ынтымақты қарым – қатынас құра білуі. Сонымен қатар, жаңартылған білім бағдарламасына сай өзіндік кәсіби дамуы. 

Кәсіби даму (лат. Profiteer – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады. 

 Кәсіби даму - нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.  Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: тәрбиеші,әдіскер, мүғалім, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, әртіс және тағы да басқалары. 

Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолындағы белгілі міндеттерді атқара білу. 

Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті : өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады. Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.

Өзімнің іс-тәжірибемде кәсіби шеберлігімді арттырау мақсатындағы ұстаным жолдарымды айта өтсем, үнемі ізденіс үстінде жүремін. Мектебіміздің өркендеп – дамуы, ондағы тәрбиеленіп жатқан әрбір баланың өмірі мен үшін өте маңызды. Сол себептен өз ұжымымыздағы әрбір ұстаздарға қойылар талаптар зор. Мектебімізде білім алып жатқан балалардың болашағы үшін ұстаздардың қосар үлесі өте көп. Өз мектебіміздің ұстаздарының кәсіби даму жолындағы ұстанымдарына тоқтала өтсем. 

Гностикалық шеберлік.

Гностикалық шеберлік қызмет пәнін тану мүмкіндігін береді, балаларда танымдылық қабілеттері сияқты, ерік – жігерлі эмоцианалды үрдістерінің, жағдайларының, баланың тұлғалық қасиеттерінің көрінісін көруге, тәртібінің себептерін анықтауға, әрбір оқушылардың эмоцианалды жақсы болуын, балалар ұжымында балалардың өзара қарым – қатынасын анықтауға көмектеседі.  Мұғалімдер гностикалық шеберлікті баланың отбасылық микроортасын, ата – аналарын зерттеуде қолданады.  Гностикалық шеберлік баланың рухани әлеміне қызығушылықтың, психологиялық бақылаудың дамуымен, бала дамуының ерекшеліктері мен  заңдылықтарын түсінумен, психологиялық шеберлігінің маңызды шарты. 

Конструктивті шеберлік.

Тәрбиешіге конструктивті – динамикалық шеберлік оқушылардың ертеңгі күнін құру үшін, тұтастай сыныптың, жекелей әрбір баланың тұлғасын жобалау үшін қажет. Бұл кезде мұғалімнің   шығармашылық қиялы үлкен мәнді иеленеді. Конструктивті шеберліктер қиындықтарды болжауда және олардың алдын алуға жағдайлар жасауда анықталады. Жұмыс барысында баланың ойын және басқа әрекет түрлерін дамытуды жобалауда конструктивті шеберлік ұстаз үшін басты көмекші десем де болады. Конструктивті шеберлікке мыналар кіреді: баланың әрекетін жоспарлау шеберлігі;ойын-сауық сценариын,сабақтар конспектісін,жоспарын құру; әрбір жас ерекшелік кезеңінде оқыту және тәрбиелеу тапсырмалары мен мақсаттарына сәйкес, нақтылы білім салалары бойынша фактілік материалды іріктеу шеберлігі; сабақ бөліктерін мақсатқа сай құрастыру шеберлігі; коммуникативті және ұйымдастырушылық шеберліктер. Ұстаздық қызметінде маңызды рөл коммуникативті шеберлікке берілген. Олар жеке балалармен және бүкіл сыныппен, оқушылардың ата – аналарымен, жұмыстағы әріптестермен, әкімшілікпен педагогикалық тиімді өзара қарым – қатынастардың орнатылуын қамтиды. 

Олар жылдам қарым – қатынас орнатуда, әр түрлі жағдайларда әр түрлі адамдармен дұрыс қарым – қатынас пен ортақ тіл табуда көрінеді. Балаларға әсер ету құралы ретінде сөзді қолдану шеберлігіне мұғалім мамандығы жоғары талаптар қояды. Мәнді дәрежеде сөйлеу тәсілдерінің тиімділігі балалардың түсінуге қол жетімділігімен, эмоцианалды мәнерлілігімен, нақтылығымен, сөйлей білуімен анықталады. 

Ұстаз қызметінде ұйымдастырушылық шеберліктер де қажет. Олардың көмегімен ол өз қызметін де, балалардың (ұжымдық, топтық, жеке) әрекетін ұйымдастырады. 

Тікелей тәжірибе қызметімде тек психологиялық – педагогикалық дағдылар мен шеберлік қана емес, сонымен қатар арнайы шеберлік те қажет деп ойлаймын. Себебі әр мектепте сурет салуды, құрастыруды, ән айтуды, би билеуді, мәнерлеп оқуды, физикалық жаттығуларды дұрыс әрі әдемі жасауды, қуыршақ театрын көрсетуді, техникалық оқыту құралдарын қолдануды,  аквариумдағы балықтарды, өсімдіктерді күте білуі керек. Осы дағдыларды меңгеруі мектептегі оқушылардың  өмірін бай, қызықты етуге, өзінің балаларға жақын адам болуына, ұжымының арасында беделді болуына көмектеседі. 

Кәсіби дамуда мұғалімнің кәсіби өзіндік дамуы мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше. Әр педагог (ұстаз) өзін іштей үнемі оқуға , ізденуге итермелеп, дайындап отыруы керек. К.Д.Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатсымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі педагогтің алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр. 

Кәсіби өзіндік дамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Педагогтің өзін – өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен қайнар көзі – өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндік дамуда өзін – өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие.

683 0
Зауре Оспанова, П И Морозов атындағы № 3 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002105
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: