Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1601

Бастауыш сыныпта жылдам оқудың әдіс-тәсілдері

    Жылдам оқуды неден бастау керек? Әрине,қарапайым жаттықтыру арқылы. Қарапайым практикалық әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақта қолданып, тыңдаушыда қажетті қасиеттерді қалыптастыра аламыз.

 Оқушы үлгерімінің негізгі факторы – оқу жылдамдығы болғандықтан, мен бұл мәселені өзекті тақырып деп қарастырдым.

 Жылдам оқуды Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің профессоры Элизабет Шотлер толық зерттеген.1894 жылы жылдам оқыту таралы мақалалар шыға бастады.Бірінші жылдам оқу курсы Сиракуза университетінде ұйымдастырылды.Жылдам оқу техникасын зерттеген ғалымдардан К.Маркс,Н.Бонапарт,Д.Кеннеди,А.Гитлер,А.С.Пушкин атап өтуге болады.

 Қазақ зиялы ғалымдарынан А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,

М.Дулатов ойлау дәрежесінің ұшқырлығы мен білімінің тереңдігі 

жағынан педагогика саласында алатын орны ерекше.

  Мектеп табалдырығын алғаш аттаған шәкірттерді оқу,жазумен шектеп тастаймыз.Алайда бұл кезеңдегі балаларда оң жақ ми бөлігі жақсы қызмет атқарады.Осы орайда ұстаздар оқу процессін бастар алдында шәкірттердің ойын бір жерге шоғырландырып алуымыз керек.Ол үшін зерттеуші педагог ретінде «Бағдаршам» әдісін ұсынамын.

Орындалу тәсілі:оқушының алдына әртүлі түспен жазылған сөздері бар карточка таратып бересіз.Оқушы әуелі сөздердің түсін айтады,содан кейін берілген сөздерді оқиды.Мысалыға:

 Қара жасыл көк сары күлгін қоңыр қара  қызыл ақ

 көкжасыл қара ақ жасыл көккөк сары қара қызыл 

ақ көк сұр қара қызыл жасыл қызыл көк сары қара

Бұл әдісті орындату арқылы баланың екі жақ ми бөлігінің арасында байланыс орнайды,балада бір мезетте екі машық пайда болады.

  Келесі әдіс «Ассосация» әдісі.Орындалу тәсілі:оқушылар берілген мәтінді,өлеңді,жаңылтпаш,мақалда не туралы айтылып тұр,көзге суретін елестету арқылы мағынасын түсінеді.Мәтінде кездескен мағынасы қыйын сөздердің орнына сол сөздің суретін қойып оқытқан тиімді.Әрине ол  ұстаз шеберлігіне байланысты.Бұл әдіс арқылы баланың қиялы,ой ұшқырлығы дамиды,оқуға деген ынтасы артады.

 Оқу жылдамдығын арттырудағы ең тиімді әдіс-тәсілдердің бірі.Мысалығы:

Мектептен қайтты Марияш,

Әліппесі қолында.

Шақырды оны атасы:

«Кел, құлыным, кел мұнда!»

                                    

 

«Перамида кестесі» болып саналады.Орындау тәсілі:оқушыларға сөздер беріледі,берілген сөздер «+»таңбасы бар буындардан құралады.Мысалыға бала сөзін қарастырайық.Білім алушының назары ортадағы қызылмен берілген «+» таңбасында болады:

                          Ба + ла

                        Мек теп

                        Ке+мең+гер 

                       Қа+рын+даш

Көздерін оңға,солға қозғалтпай буындарды қосып оқиды.Сөздер оңайдан күрделіге қарай ауысып отырады.Бұл тәсілді қолдану арқылы баланың көзінің қамту аймағы кеңейеді,бала бір мезетте бірнеше сөдерді оқып үйренеді.

  Мектеп өмірінде сабақты қызықты өткізіп, баланы жалықтырып  алмас үшін “Нейрогимнастика” тәсілін қолдануды ұсынамын.Бұл тәсіл саусақ қимылдары арқылы жүзеге асады.Орындау тәсілі өте оңай,әрі қызықты.Мысалыға алақан,қабырға,жұдырық тәсілін қарастырайық.Алақан-алақанды партаға жауып қоямыз,қабырға-саусағымызды қабырға секілді тік ұстаймыз,жұдырық-саусақтарымызды бүгу арқылы жұдырық жасаймыз.Оқу барысында бұл әдісті сергіту сәті ретінде қолданса болады.


“Жұдырық, қабырға, алақан”, “қоян,әтеш” үстел үстінде жасалатын жаттығулар. Екі қолымызды 2-3 түрлі күйде кезектестіріп суреттегідей орындаймыз. Тәсілді қолдану арқылы балада есте сақтау қабілеті,зейіні дамиды,оқу жылдамдығы артады.Саусақ ұштарында жүйке талшықтары орналасады.Таңертеңгі уақытта саусақтарымызды қысып,саусақ ұштарын жылдам бір-біріне тигізу қимылдарын жасасақ ұйқыдан оңай оянуға болады.

 Менің педагог ретіндегі мұғалімдік іс-тәжірибемде Жылдам оқыту техникасының төрт әдіс-тәсілін бірінші сынып оқушыларының білім алуында қолданып көрдім.Іс тәжірибе барысында 8 оқушымен жұмыс жасадым.

 

 Менің іс-тәжірибемде кездескен қиыншылықтар:

- балалардың ойлау қабілеті төмен,зейіндері шашыраңқы болды,

-алғашқы сабақта берілген тапсырмаларды орындау барысында аздап қыйналды,

-оқу процессі кезінде балаларда шаршау,жалығу байқалды,

-оқушылар сөздерді буындап оқу барысында баяу болды. 

   Менің кедергілерді жою әдістерім:

-оқушыларды қызықтырып графикалық диктант әдісін қолдану арқылы зейіндерін бір жерге шоғырландырып алдым,

-тапсырма балаға таңсық болмағандықтан күнделікті қайталатып отырдым,

-сабақ арасында балаларды жалықтырып алмас үшін нейрогимнастика әдісін пайдаландым,

-буындарды қосып оқу жылдамдығын арттыру үшін пирамида кестесін көбірек қолдандым.

Бір ай іс-тәжірибеден өту барысында оқушылармен 12рет жолығып ойлаған нәтижеге жеттім деп санаймын.Әдіс-тәсілдерімнің ішінен ең тиімдісі перамида әдісі болды.Бастауыш сынып ұстаздарына да осы әдісті қолданып көруге ұсынамын.

  Менің зерттеуші педагог ретіндегі ұсынысым:

 1-ұсыныс: Телесабақ форматы

Техникалық мүмкіндіктер қолжетімді болған жағдайда оқу әрекетін электронды тақта арқылы сабаққа қатысты мультфилімдерді қолданып, баланы қызықтыра отырып жүргізу.Бұл жағдайда бала көзбен көргенін оңай есте сақтайды,керек кезінде қайта жаңғырта алады.

 2-ұсыныс: Оқуға құштарлық мотивациясы

Білімге құштарлығын,қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалім заманауи педагог ретінде өз білімін әрдайым жетілдіріп отыру қажет.Оқу әрекеті барысында оқушыда қыйындықтар кездеспеу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді әсіресе мақтау,мадақтау,ынталандыру әдістерін үнемі қолданып отырғанымыз жөн.

  Балалардың болашағы үшін бүгінгі сепкен дәндеріңіз ертеңгі күннің жемісті-жеңісті көрінісі болсын.Ұстаздық шығармашылықтарыңыз бен шеберліктеріңіз шыңдала берсін. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп,Абай атамыз айтқандай бала тәрбиелеуде жалықпаңыздар дегім келеді.

 

 

983 0
Шынар Оңдабай, бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда қаласы Ұлы дала ұстазы № 002120
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: