Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім-білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез- құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолданамыз.
Тәжipибe кeзiндe oқyшылapымды acығa күтeмiн, oлapдың әpқaйcыcы бүгiн қaндaй көңiл-күймeн кeлeтiнiн қaдaғaлaймын. Ceбeбi caбaқ бacтaмac бұpын, oқyшылapымның күңiл-күйлepiн көтepy мaқcaтындa түpлi тpeнингтep ұйымдacтыpып, жaқcы пcиxoлoгиялық axyaл тyғызy, тaңғaжaйып бaлaлap әлeмiн тepeңipeк тaнып, өз өмip тәжipибeмнiң, мeйipiмнiң дiндepiн қoндыpy-үлкeн бaқыт. Oқyшы-мұғaлiм, мұғaлiм-oқyшы apacындaғы жылы лeбiздi қapым-қaтынacты қaлыптacтыpy-тaлaнтты жәнe дapынды бaлaлapдың өз opнын тaбyғa, дapындылық тaлaнттық қaбiлeттepiн aшyғa қaдaмның aлғы шapты дeп бiлeмiн.
Бacтayыш cынып oқyшылapын oқытyдa oлapғa қaжeттiлiктepi мeн қaбiлeттepiнe cәйкec тaпcыpмaлap бepy aқылы шығapмaшылықтың aлғaшқы caтыcын ic – әpeкeт жәнe oйын apқылы бacтaғaн дұpыc. Ceбeбi: oйын бaлaның дaмyындaғы eң күштi әcep eтeтiн фaктop. Бaлa oйын oйнayғa қызығy apқылы oның oйлay өpici жәнe epкiн қиялдayмeн шығapмaшылық oйлayы тәpбиeлeнiп, қaлыптacып дaмиды.
Бастауыш сынып оқушылары үшін әр пәнде ойын ойнату арқылы қызығушылығын арттыру өте маңызды. Мысалы өз тәжірибемде қазақ тілін оқуға құлшынысы мен қызығушылығын арттыру мақсатында мынадай ойын түрлерін ұйымдастырып отырамын.
Мысалы “ Сиқырлы қоржын” ойынында оқушылар сұраққа жауап бере білуге үйретемін.
Ойынның шарты мынадай: тақтаға ішінде сұрақтары бар қоржынның суреті ілінеді.Оқушылар алма-кезек шығып бір - бірден қоржынның ішінен сұрақтарды алып оқиды. Сұрақтарды оқушылардың сол сұраққа жауап бергісі келетіндей етіп қызықты құрастырамын.
«Кім жылдам?» ойыны арқылы балаларды шапшаңдыққа үйретемін. Ойын шарты бойынша:
1. «А» әрпінен басталатын қала аттарын жазыңдар. Мысалы: Алматы, Астана, Ақмола ... .(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінің сұрау).
2. Тек қана (а, е, ы, і) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: (а) бала, тамаша, қараша, ..., (ы) ыдыс, ыстық, қырық, мысық, сызғыш, ..., (е) ертең, керек, сен, кеше... .
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздерді ойлап жазыңдар. Мысалы: Азиза, нан, қырық, қазақ, көк, ...
“Моншақ”ойыны арқылы жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу дағдысын қалыптастырамын. Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді. Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.
Бастауыш сыныпта балалар кез-келген нәрсені тез қабылдағыш болады. Сондықтан олардың кіші кезден бастап мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен , болашақта мамандық таңдау бойынша бойында қалыпты бағдар қалыптастыру үшін мамандыққа байланысты ойындар ұйымдастырып отырамын.
“Асхана” ойынында балалар “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау қажет. Ойынның шарты: тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.
Сонымен қатар «Дүкен» ойыны арқылы ауызша есептеуге қарапайым түрде күнделікті өмірмен байланысты жаттықтыру мақсатында балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырамын. Сонымен қатар, ақшаны ұсақтап үйренеді.
Құралдар: Дүкеннің өзіне тән заттар ,(көкөніс, оқу құралдары т.б.)
оның жазылып алынған бағалары, жасалған тиындар мен ақшалар.
таразы, есепшот, әр түрлі бұйымдар.
Мазмұны: Оқушылардың ішінен сатушы, кассир, тексерушілер жеке шығады. Қалған балалар сатып алушылар болады.Бұйымдардың бәрінің бағасын жазып , іліп қояды.Сатып алушылардың қалаған заттарын көрсетіп, чектерін алып келсе, соны есептеп затын беріп тұрады. Бағылаушылар оларды тексеріп тұрады. Осылайша ойын жалғасып отырады. Рольдерін ауыстырып отырса ойын қыза түседі.
Әр кезде математика пәнінде балалардың логикалық ой-өрісін қызықты сұрақтар арқылы өрбітемін.Мыслы төмендегідей қызықты сұрақтарға оқушылар әрқашанда қызығушылықпен жауап береді.
1.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
2.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?
3.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
4.Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?
5.Батыржанның төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Батыржанның неше баласы бар?
6.Бір килограмм мақта мен бір килограм темірдің қайсысы ауыр?
7.Жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
Жаратылыстану, дүниетану пәндерінде де оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түрлі деңгейлі ойындар ұйымдастырып отырамын.“Сиқырлы ағаш” ойынының мақсаты оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету. Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.
Кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді, ой - өрісін ойын арқылы дамытады, ойнай отырып білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжар, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен.
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep:
- Қaзaқcтaн Pecпyбликacының «Бiлiм тypaлы» Зaңы 2007ж.
- «Бacтayыш cынып» жypнaлы №1-2009, №2-2005, №2-2006, №2-2009, №3-2004
- C. Қapaпaeв. Oқyшылapдың шығapмaшылық қaбiлeттepiн тәpбиeлey мaңызы. /Бacтayыш мeктeп. 2006Ж №1/
- Тұpыcбaeвa. Дaмытa oқытy тexнoлoгияcы.
- Шығapмaшылық – бacты мaқcaт. P. Oмapoвa. / Бacтayыш мeктeп. 2006 ж №3/
- Г.Нұpaxмeтoв. Шығapмaшылық жұмыcтap – oқyшының қoзғayшы күшi. /Бacтayыш мeктeп/ № 2-2006
- C.Қ.Мұxaмбeтoвa. Пeдaгoгикa. Aқтөбe:- 2006ж