Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
К.Д.Ушинский
Нағыз ұстаз болу-бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», - деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы-қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Орыс ойшылы К.Д.Ушинский «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен-тарихта ең ұлы істің бірі» деген екен.Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын,ешнәрсені ұмытпайтын ,алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі,мейлінше шешен,өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,ержүрек болуы керек.Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр.Білімді ұстаз- мектептің тірегі, һәм жүрегі.
Қазіргі жаһанданған,ақпараттық дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласында да,білім беру жүйесінде де тың өзгерістерді еңгізіп отыр.
Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей,келешекке кемел біліммен қадам басып,
әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үніліп,қоғамға бейім,өз қабілетін таныта алатын,жаң-жақты дамыған,бірнеше тілді меңгерген, құзіретті
тұлғаны қалыптастыру басты мақсатымыздың бірі болып отыр. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу-аса жауапты әрі күрделі жұмыс.
Алдымыздағы отырған шәкірттеріміз-Қазақстанның жарқын болашағы. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі,
жан-жақты дамыған, парасатты ұстаз керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.