Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1595

Бастауыш сыныпта жаңа технологияның тиімділігі

Қазіргі жаһандану заманында  әлем бір орында тұрмай жаңа үрдісте алдыға жылжып, түрлі бастамалар мен түрлендірулер кең етек алуда.   Күн сайын өмірімізде өзгерістер, иновациялар, жаңашылдықтар қарқынды  дамып жатыр. Осы үздіксіз  алға жылжыған көштен қалмау  барысында   қазіргі таңда  қоғам алдында  өзекті мәселенің бірі , ол  жан-жақты дамыған , озық ойлы білімді, өмірге бейімделген  тұлға тәрбиелеу болып отыр. Осы ретте оқушыны әр жақтан дамытып, оның шығармашылық қабілеттерін арттыруда  мұғалімнің өзі білімді, білікті, шығармашыл, өз ісінің  шебері болуы керек. Өйткені заманауи білім беру үрдісі мен жаңа  форматта білім беруге арналған мектеп -  жаңашыл мұғалімді талап етеді. Сондықтан  әрбір педагог   өз білімін үздіксіз жетілдіріп   отыруы   қажет. Егер мұғалім өз білгенін одан ары дамытып, жетілдіріп   әлемдік озық  технологияларды  меңгеруге   ұмтылмаса,ол өзінің  білімділігі мен біліктілігін жоғалтады. Ал білгені азайған мұғалім өзінің алдында отырған  шәкірттеріне  толыққанды   білім бере алмайды. Қазіргі  ХХІ ғасырда  педагог  жаңашылдықпен бетпе-бет кездескен кезде  өз білімін   жаңартып, білімін жетілдіруге талпынады. Бұл тек қана өзіміз үшін емес алдымызда отырған оқушыларға  жоғары деңгейде, сапалы білім беруде  әрдайым кәсіби, шығармашылық ізденісте болып, өзімізді -өзіміз дамытып отыруымыз керек. Бұл дегеніміз - мұғалімнің негізгі ұстанымы    білімнің жаңа үлгісін  көрсете отырып, шәкіртіне белгілі бір көлемде білім мен білік дағдыларын  меңгерту.Бүгінгі күні мұғалімнің  үздіксіз білім алып,жан-жақты өзін дамытуына  мемлекет тарапынан да көптеген жағдайлар жасалынып отыр. Осы ретте менің айтпақ ойым білікті ұстаз болу - кез келген мұғалімнің  өз қолында. 

   Егеменді еліміздің  өсіп келе жатқан ұрпағын  озық ойлы да іскер, жігерлі де  батыл, өзіне -өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы  кең  тұлға етіп   қалыптастыруда  бастауыш мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш білім беру сатысы - балаға  жаңа   білім әлемнің есігін ашумен бірге, рухани дүниесінің қалыптасуына да негіз болады. Сондықтан тәрбие мен білімнің сан салалы қыр -сырын алғаш ұғындырып,күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың  жан дүниесіне әсер ететін осы білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы  да  осы  бастауыш мектепте қаланады. Бастауыш сынып - бұл  білім,дағды, тәрбие мен іскерліктің  қалыптасуының бастамасы.Алдағы уақытта жалпы білім алу мен болашақта  алға талпынудың іргетасы да осы бастауышта қаланбақ. Сонымен бірге  оқушылардың  жеке  тұлға ретінде өзін-өзі  тануын   дамытып, білімге деген құштарлығын   оятып, сенімін нығайту  да  осы бастауыш    білім  беру сатысында жүзеге асады. Сондықтан, қазіргі  уақытта бастауыш білім сатысында оқытудың сипаты мен мазмұны, әдістері мен формалары  оқушының тиімді білім алуына негізделіп отыр. Осыған  байланысты Қазақстан Республикасының Педагог   қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру бағдарламасы  аясында  өз білімімді арттыру мақсатында  2016 жылы Кембридж бағдарламасының  "Тиімді оқыту мен оқу"  тақырыбы бойынша үшінші  базалық деңгейлік  курсын   оқып аяқтадым.  Бұл білім арттыру курсы бағдарламасын меңгеруде  көптеген жаңа оқытудың  түрлерін білдім. Бұл бағдарламаның негізі - мұғалім мен оқушылар арасындағы сенімділікті  арттырып ықпалдастыру.Бұғанға дейін  дәстүрлі сабақты өткізуде мұғалім білім беруші, бағалаушы, бақылаушы  болып  келсе, ал жаңа білім беру бағдарламасында  мұғалімнің рөлі  - бағыттаушы, басқаша айтқанда мұғалім оқушыларды өз бетінше ізденіп білім алуға, өз көзқарастарын еркін жеткізе білуге, алған білімді күнделікті  өмірде пайдалана білуге бағыттайды. Сонда баланың да білім алуға  деген ынтасы артары сөзсіз. Жаңа білім беру бағдарламасын  меңгеруде алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытуды жаңа  технологияларын енгізіп, оқушылардың  жалпы дамуын қамтамасыз етуде  өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды  да ұмыт қалдырмауымыз қажет. Бүгінгі  мектеп табалдырығын аттаған  жас жеткіншек ертеңгі ел тұтқасын  ұстар азамат десек, оларды парасатты, саналы тұлға етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларына  тек білім беріп қана қоймай, оларды  ұлттық педагогиканың қайнар көзімен сусындатуға,  әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани байытуға, халқымыздың ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, салт -дәстүрін   терең меңгертуі тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын алғаш аттап бастауыш сыныпқа келген кез-келген баланың жаны   жаңалыққа құмар, барлық нәрсеге назар салып, көргенінің барлығын білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырсатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын тежемей үйрену дағдысын дамытуға  көп көңіл бөлуі тиіс. Мұғалім  өз сабағын өткізуде  алдында отырған оқушыларының  қабілеттері мен қабылдау ерекшеліктерін  ескерумен бірге  жаңа технологияның тиімділігін жүзеге асыруда  өз белсенділігі, шығармашылық ізденісі, мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше маңызды.  Өйткені оқушылар үшін  мұғалім олар еліктейтін,үлгі ететін абыройлы жан болып саналады. Әр оқушы өз ұстазының бүкіл іс қимылына, жүріс-тұрысына,сөйлеу мәнеріне, сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасына еліктейді.Осы ретте оқушылардың    білім  дағдысын дамытуда  мұғалімнің сабақ барысында тиімді әдіс -тәсілдерді енгізуі, оны түрлендіріп   отыруы, шеберлігі,ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Өйткені, бастауыш сыныпта оқушының тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін ерекше қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы  жауапты баспалдағы болып есептелумен қатар қиын да жауапты іс.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы мәселелерді анықтап, зерттей білуді талап етеді. Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе түрінде көрсету, АКТ-ны тиімді қолдану, комуникативті қарым-қатынасқа түсу,жеке және жұппен , топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді  оқыту әдіс тәсілдерін  үйретеді. Жаңартылған оқу бағдарламасында  оқу жоспарлары,тілдік дағдылар,педагогикалық  әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары  да қарастырылған. Қазіргі мектеп өміріне еніп отырған жаңа оқыту технологияларының ерекшелігі өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді жан-жақты дамытуға айтарлықтай оң әсерін тигізуде.Бұны мен өз сабағымды өткізу барысында көз жеткіздім. Әр сабағымда  жаңа тиімді оқыту технологияларын  пайдаланған кезімде үнемі назарға алып отыратыным оқушының сабақта белсенді болуы, мақсатқа  бар ынтасымен ұмтылуы, берілген тапсырма бойынша ақпаратты өзі  шапшаң іздеп тауып еркін жауап беруі, шығармашылдығы, шынай   көтеріңкі көңіл -күймен   отыруы.  Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болғандықтан  өз сабақтарымда   оқушылардың  танымдық қызығушылығын қалыптастырып,шығармашылыққа баулуға  көп көңіл бөлемін. Соған байланысты   шығармашылық сабақтар өткізіп, оқушының өз бетімен ізденіп, ой өрісін арттыратын тапсырмалар орындатуды да   сабағымның  маңызды  бір бөлігіне айналдырдым. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білетін, барлық салада белсенділік танытатын,еркін ойлы және жан-жақты жетілген шығармашыл тұлғаның ғана қолынан келетін іс деп есептеймін. Әр оқушыны жеке тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілетін  шыңдауда, шығармашылықпен жұмыс жасауға  әрбір мұғалім оқулықтағы берілген көркем  мәтінді   ұлттық құндылықтармен өзектестіре отырып, оқушының жан -жақты қабілеттерін дамыта алады. Шығармашылық сабақтар өткізуде бастауыш сынып оқушыларымен белгілі бір тақырыпта   ойқозғау  тапсырмалары арқылы пікірталас ұйымдастыру, ойларын аяғына дейін тыңдау. Әңгімені бөліктерге бөліп  ат қою, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Әңгіме желісіндегі баяндалған бір оқиғаға қатысты сурет  салу, сол сурет бойынша әңгіме желісінің шағын  бір бөлігін  әңгімелеу. Кейіпкерлерге мінездеме беру, жақсы және жаман мінездерін салыстыру, ұнаған кейіпкерге арнап хат жазу. Сондай-ақ сабақта сын тұрғысынан ойлау әдісін пайдалануда   оқушылардың жеке қабілеттерін айқындауға, еркін жауап берулеріне,тіл байлықтарының дамуына ,өздеріне деген сенімділіктерінің күшеюіне,  өз пікірінің қалыптасуына  жол ашады.   Сондықтан сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында , қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. ең дұрыс тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Аталған бағдарлама идеясы  сабақтарда  қарастырылатын жеті модульге сараланған. Жаңаша оқытудағы  жалпы  көзделген мақсат- ана тілді құрметтеу,еліміздің тарихын жетік білу, әдет-ғұрпымыздың, салт -дәстүріміздің сан қырлылығын түсініп,игеру, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттарын  меңгерту арқылы оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру,ұлттық сана-сезімдерін ояту, азаматтық ұстанымдарын, рухани құндылықтарын қалыптастыру.Негізінен жаңартылған білім жүйесі - құзыреттілікке және сапаға бағытталған. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін басты назарда ұстап  ойын   түрлері мен "Өрмекшінің өрмегі", " Серіппе доп","Велосипед""Рөлдік ойын"  әдіс -тәсілдерін күнделікті сабақта пайдалану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының  жоғарылағынын аңғардым. Әр сабағымда қолжетімді ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын  ояту- жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйренуінен басталады.Бұл оқушының бұрынғы  білетін білімі мен жаңа меңгерген білімін ұштастырудан тұрады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар  сабақта бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, сабақ барысында белсенді  әрекеттер атқарады. Мұнда баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауына ықпал   етіледі. Бұл жердегі белсенді әрекеттер оқу, жазу,ойлау, сөйлеу, талқылау, пікіралысу, ойбөлісу, диалог құру арқылы іске асады.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытудың тиімділігі - білім дайын күйінде берілмейді, ол осы белсенді әрекеттер арқылы  игеріледі. Айтар болсам бұл әдістің нәтижесі зор. Оқушылардың ой-пікірін ашық, еркін айтуы,бір -бірінің сабақ барысындағы  қателіктерін нақты айтуы, ынтымақтастыққа дағдыланулары, жақсы қасиеттерді үйрену мен  өзіне деген сенімін  нығайту  арқылы алған білімдерінің  естерінде көп уақытқа дейін сақталуы.Сондықтан да бүгінгі күні жаңа оқыту үрдісі бойынша оқушылармен жұмыс жасауда жұптық, топтық, ұжымдық  әдістер бойынша топтарға бөлудің  психотерапиялық  мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.Жаңа технология  негізінде менің көзім жеткені, білім алуда  оқушылардың берілген сұрақтарға  толық жауап берулері, сөйлемдер ойлап құрап жазулары,  жұптық,топтық жұмыс жасауда жолдастарының пікірін тыңдай білуі, үлгерімі төмен оқушыға  көмек көрсетулері  уақыт өткен сайын нәтижелі болды. Сөз соңында айтарым мұғалім өз кезегінде көбінесе өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға күш салып, оқыту ортасын құруы тиіс.  Соның арқасында  оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысып, білім мен түсінікті өзі қалыптастырады, ал мұғалім - бұл үдерісте бағыт-бағдар   көрсететін,көмек беретін жан болуымен ерекшеленеді.

4 039 65
Самал Абенова, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп шағын орталығы, бастауыш сынып мұғалімі ,Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Ұлы дала ұстазы № 002114
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Салтанат
25 марта 2022 00:19
Мықты ұстаз!🔥🔥🔥👍👏🏻
Мұхтар
25 марта 2022 09:08
Өье ойламды жазылған
Данагул
25 марта 2022 09:18
Өте тиімді технологиялар.Керемет жазылған.Өте құнды.Биіктен көрінуге тілектеспін.🤗😘
Анар
25 марта 2022 09:19
Мықты ұстаз
Кайрат
Кайрат
25 марта 2022 09:42
Өте білімді ұстаз.
Саламат
25 марта 2022 09:46
Самал жұмыстан жоғары жақтардан коріне бер! Сенің еңбекқор екеніңді білеміз. Еңбегіңдің жемісін көр!
Мектепте сен өте жақсы оқығансың, мен бұны ұстаз ретінде жазыптұрмын!💐💐💐
Жарайсың!
Манас
Манас
25 марта 2022 09:58
Оте жаксы жазлган
Мурат Сагимбаев
25 марта 2022 10:02
Жаксы, оте орынды макала. Устаз жаксы жазган
Жанна
25 марта 2022 10:26
Білімді, ізденімпаз ұстаз
Шұғыла
25 марта 2022 10:29
Ия, Бастауыш- бала білімінің іргетасы. Ізіңізден топырақ алар шәкіртіңіз көп боосын.
Айгерім
25 марта 2022 11:21
Керемет! Өз мамандығының нағыз иесі! Биік шыңдардан көріне бер!
Жазира
Жазира
25 марта 2022 11:22
Жарайсың Самал! Керемет мақала. Өте құнды
Назым
25 марта 2022 12:13
Өте жақсы жазылған 👍
Жади
Жади
25 марта 2022 12:35
Керемет, кушти жазылган
Гульмария
Гульмария
25 марта 2022 12:39
Мықты мұғалім
👍
25 марта 2022 14:30
Өте керемет мұғалім
Жанара Жұмажанова
25 марта 2022 14:33
Білімді оқушыларыңыз көп болсын!Өте тиімді технологиялар.
Шолпан
Шолпан
25 марта 2022 21:26
Сәттілік. Тек алға
Керемет
26 марта 2022 21:08
Өте жақсы жазылған керемет
Далабаева Айнур
26 марта 2022 22:56
Керемет жазылған👍👍
Гульназ
26 марта 2022 23:30
Данагуль, Мықты ұстаз
Эльмира
26 марта 2022 23:58
Еңбегің жемісті болсын! Жарайсың!
Гүлмира
27 марта 2022 00:17
Өте жақсы жазылған
Айнур
27 марта 2022 00:32
Жарайсың тек алға
Ерлан
27 марта 2022 06:21
Өте жақсы ұстаз 👍🌷🌷🌷еңбеткріңіз жемісті шәкіртеріңіз озат болсын
Акбейл
27 марта 2022 08:43
Самал жұмысыңда шығармашылық табыс тілеймін, өзіңнен озатын шәкірттерің көп болсын🤲
Аяна
Аяна
27 марта 2022 10:54
Ұтымды ойлар
Tolkyn Abilseitova
27 марта 2022 11:26
Керемет жазылған мақала! Көп маңызды ақпараттар алдық. Рахмет 👍
Меруерт
Меруерт
27 марта 2022 12:14
Жаксы устаз
Жамал
Жамал
27 марта 2022 12:51
Жақсы ұстаз