Қазақта «Еңбектің көзін тауып, әрекет ет» деген керемет сөз бар. Адам баласы өсіп, жетіліп, мектеп қабырғасынан ұзаған соң алдына мақсат қойып, алдымен мамандық таңдайды. Менің өзім ұнатып таңдаған мамандығым- сәби жанының бағбаны – тәрбиеші болу еді. Студенттік өмірдің қызығын бастан өткізе жүріп, өз мамандығым бойынша келелі білім алдым. Оқуымды аяқтап, «Қайырлы ас ішкің келсе, бір жапырақ наныңды маңдай теріңмен тап» деген үлкендердің сөзін ойға түйіп, еңбекке араласыпта кеттім. Қиындығымен қоса қызықты сәттерге толы балабақша өмірі менің өмірімнің бір бөлігіне айналды.
Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Өз жұмысымды жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен орындаймын. Білімім мен тәжірибелі мамандардан жинап келе жатқан білігімнің арқасында күн сайын заман талабына сай тың, жаңашыл идеялар қоры көбейіп келеді. Алдымда отырған бүлдіршіндерімді қандай қызықты ойындар мен оқу қызметтері арқылы қызықтырсам екен деген ой менің тәжірибемді молайта түсті. Орыс жазушысы Максим Горкийдің «Қандай іспен айналыссаң да, оған сүйіспеншілігің болуы керек, сонда ғана қарапайым еңбек шығармашылыққа айналады» деген қанатты сөзін келтіре отырып, мамандығыңды шынайы сүйсең ғана еңбегіңнің нәтижесі болады деп айтар едім.
Алғаш келген бір жылым мен үшін тәжірибе болды. Мақсатсыз адам болмайтыны белгілі. Еңбек жолын бастай отырып, мен осы мамандығымды шыңдаймын, ізденемін, жетілемін деп мақсат қойдым. Мақсатқа жету үшін көптеген сатылардан өтіп келемін. Міне сол саты қазіргі таңда мені мектеп алдыдаярлық тобының тәрбиешісі болуыма әкеліп жеткізді. Бүгінде тәжірибем молайып, жаңашылдыққа ұмтылып келе жатқан педагогпын. Оқу, тәрбие қызметтерін жоспарлау мен өткізуде үлкен ізденіспен әрбір ісімді жауапкершілікпен, шығармашылықпен жүзеге асрып келемін. «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп әйгілі Платон айтқандай бала тәрбиесі отбасынан бастау алып, балабақша қабырғасы оған ғылымға негізделген әдіс-тәсілдермен тәлім-тәрбие береді. Мектепке дейінгі мекемелердің қазіргі таңдағы мақсаты заманауи бейімделген, жан-жақты дамыған, жауапкершілі бар, адмгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Мен қазіргі заман педагогімін. Бүгінде балабақшаға келуге құштар, білімге ұмтылысы жоғары бүлдіршіндердің тәрбиешімін деп мақтанышпен айта аламын. Мен мамандық таңдаудан жаңылмағаным сө