Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1583

Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру ерекшеліктері

         Мектеп  қабырғасындағы  оқу   үрдісі  барысында  оқушылардың   жеке  психологиялық  ерекшеліктері   мен  қабілеті  арасындағы   айырмашылықтарды  естен  шығармау   керек.  Кіші  мектеп жасындағы балалардың  өзіндік   дербес  мүдделері,  қабілеттері,   икемдері  болса,  онда   оқу  процесінде  еңбектің   түрлі  саласын  енгізіп,   олардың  шығармашылық  ынтасын   көтермелеп  отыру  керек.

      Білім – шығармашылықтың  тірегі.   Оқушылардың  көркем шығармашылық қабілеттері  оның  білімінен   тысқары  кете  алмайды. Бастауыш  сынып   оқушыларында  көркем шығармашылық қабілеті   басталуға  дейін   жұмысты  орындауға  қажетті   білімі  жетіспей  жатады.   Сондықтан  олар  тек   бірегей  шығармашылық  ғана   емес,  жалпы  кез-келген   өнімді  жасай  алмайды. Демек,  балаларды   қажетті  негізгі  білімдер   мен  шығармашылық  өнімдерді   жасауға  керек  болатын   дағды,  әдістерге  үйрету   керек.  Ол  пәндерді   оқыту  барысында  жан-жақты   іске  асады.

      Бастауыш сынып   жасындағы   оқушылар  көп  нәрсенің   бәрін  бірдей  меңгеріп   кете  алмайды.  Егер   оқытылатын  материал  мөлшері   оның  ақыл-ой,  ерік- жігер   мүмкіншілігінен  асып  кетсе,   онда  бала  артық   білімді  игермек  түгіл,   өз  мүмкіндігіне  сай   келетін  қалған  материалды   іріктеген  кезде  балалардың   белгілі  бір  уақыт   өлшемінде  тиімді  игере   алмайтын  материал  санына   шек  қоямыз. Ал  бірақ   іс-әрекетін  оның  дербестігімен   бірлікте  қараймыз.  Өйткені,   олар  бір-бірімен  тығыз   байланысты  және  бірінің   дамуына  екіншісі  ықпал   жасайды.  Баланың  еңбекке   деген  бейімділігі  бала   күннен  бастап  қалыптаса   бастайды.Оқу  және  еңбек   үстінде  ол  әрі   қарай  дамып  нығаяды.   Дарындылық  оқу  және   шығармашылық  болып  екіге   бөлінеді. Бұл  екеуі  егіз   ұғым  секілді. Өмірді  танып   білу  әдетте  оқып   үйренуден  басталады. Сонан  соң   бала  сол  білімін   шығармашылықпен  пайдалануға  ұмтылады. Яғни,  оқушы   бір  деңгейден  екінші   деңгейге  көтеріліп,  әрі   қарай  толыса  түседі.   Оқу  және  көркем шығармашылық қабілетінің  арасындағы   байланыстарды  ескеру  өте   маңызды.  Адамның  ақыл-ойы   биіктеген  сайын  көркем шығармашылық қабілеті  де   жоғарылай  түспек. Америка  психологі   М.Корненің  пайымдауынша олар  былайша   тұжырымдалады:

1.Бағдарлама  талабына   сәйкес  келмейтін  оқу   үрдісі;

2.Оқу  бағдарламасының  әлсіздігінен   туындап  жатқан  сабаққа   деген

салқын   көзқарас  және  тәртіптің   нашарлығы;

3.Дарынды  балалар   әдетте  күрделі  істер   мен  ойындарды  ғана ұнатады. Сондықтан  оларды   орта  дәрежедегі  құрбы – құрдастарының  іс – қимылдары  қызықтыра   қоймайды.Олар  стандартты  талаптарды   қабылдай  білмейді.Өйткені,  оларға   қызғылықсыз болып  көрінеді;

4.Өз  шама – шарқын   бағалай  білмеу,  өз   кінәсін  өзгеге  аудара   салуға  бейім  тұру;

5.Алдына  орындалмайтын   мақсат  қою,  қиялға   берілушілік;

6.Өзара  сенімсіздік;

7.Өзіне  сын   көзбен  қарауды  білмеушілік

Қабілет,  дағды,   білім  және  икемділік   арасындағы  байланыс жай сөз  еткенде   осы  байланыстың  екі   жағы  туралы  айтпасқа   болмайды. Психологияда   білімдарлық – қабілеттілікті   анықтаудың  бірден – бір  параметрі. Н.А.Менчинскаяның  пайымдауынша   білімді  игеруге  деген   қабілеттілік  білімдарлықтың  негізі   болып  табылады. Білімділіктің  қасиеттері  ретінде   біз  мыналарды  негізге   аламыз:

1.ойлау  қызметін   жинақтап  қорыту;

2.іс-әрекет  пен   ойлаудың  ұғынықтылығы 

Бұл   білімдарлық  оқушының  мектепте   оқу  пәндерін  барынша   мол  игеруге  деген   құлшынысы.

          Білім   берудің дәстүрлі  қалыптасқан  жүйесінде   оқу бағдарламалары,  

негізінен,  фактілерді   жинақтап  есте  сақтауға,   басқа  да  шығармашыл   емес әрекет  түрлеріне  құрылған.   Сондықтан  мектепте  жақсы оқыған   оқушылардың көпшілігі,  егер  одан   кейінгі  оқуы  немесе   жұмысы  одан  шығармашылықты  талап   етсе,  бұған  барынша   қарсылық  көрсетеді.  Егер көркем шығармашылық қабілетке  білім беру   курсының  басынан бастап, тіпті, мектепке  дейінгі  мекемеден бастап,  баланың   бүкіл  көркем шығармашылық қабілетінде  дем  беріп   отырса,  мұндай  қиыншылықтарды  жоюға   болады.

Бастауыш   мектеп   жасындағы  баланың  еркін   шығармашылықпен  ойлауына,  оның   қабілеттерін  жан – жақты  дамытуға,   өз  күші  мен   мүмкіндігіне  деген  сенімінің   болуына  әрқашан  жағдай   жасап отыруымыз  қажет. Бұл  проблеманы   шешуде  жоғарыда  айтылған   педагог – психологтардың   пікірлері  мен  тұжырымдарын   басшылыққа  аламыз.  Сонда   ғана  бала  шығармашылығын  дамытудағы   еткен  еңбегіміз  өз   жемісін  бермек.

Оқыту  жұмысының   табысты  болуы,  оқытудың   озық  әдістерін  қолдануға   ғана  байланысты  болып   қоймай,  оқушылардың  көркем шығармашылық қабілеттерінің  әртүрлілігін   ескеруге  де  байланысты   болатындығы  ғылыми  тұрғыдан   дәлелденген.  

Оқушыларда  жас   ерекшеліктеріне  және  психикалық   даму  дәрежесіне  қарай   белсенділіктің  бірнеше  түрі   қалыптасып  дамиды:  қимыл,   сөйлеу,  ойлау,  таным,   өзін-өзі  тәрбиелеу  т.б.   белсенділіктер.

Оқушылардың  өздігінен   жасайтын  түрлі  оқу   жұмыстары   балалардың  белсенділігін   арттырады   және  оқу   мен  ойлау  әрекетінің    тиімді  амал-тәсілдерін   қалыптастырады,  басқаша   айтқанда,  оқу  материалымен   белсенді  түрде  жұмыс   істеуге  үйретеді. Мысалы:  материалдың   негізгі  ұғымдары  мен   тұжырымдарын  айыру,  жаңа   материалды  өткен  материалмен   салыстыру,  оларды  белгілі   жерге  келтіріп топтастыру  және   қорытындылар  жасау  сияқты т.б.   амалдарды  қолдану. 

 Оқу   материалымен  жұмыс  істеудің   тиімді  жолдарын  білетін   оқушы   оны  тек   есте  қалдыру  үшін   жаттап  алмайды,  ол   өзінің  белсенді  ойлау   әрекеті  арқылы   материалдың   негізгі  жақтарын  айырып,   оларды  белгілі  жүйеде   байланыстыра  түсінуге  тырысады.   Мұндай  оқушылар  кейбір   екінші  дәрежелі  жақтарына   көңіл  аудармай,  оның   жетекші мүддесі  мен  заңдылықтарын   ұғып  алуға  күш   жұмсайды  және  басқа   материалды   солармен  байланыстыра   қарастыратын  болады.  Оқушы   өзінің  ұққанын,  оқыған   материалдың  ең  маңызды   жерлерін  қысқша  жазып   алады.  Схема,  таблица,   модельдер  сияқты  графикалық   жұмыстарды  да  пайдаланады.   Оқу  материалын  терең   меңгеру  үшін,  теориялық   материалдардан  нақтыға  және   керісінше,  нақтыдан  теориялық   материалдармен  жұмыс  істеуге   үйренеді.

 Мынадай  тапсырмаларды   орындату  пайдалы:

1.Салыстырудың  мақсатын   анықтау.

2.Нәрселерді  қандай   белгілері  бойынша  салыстыруға   болады?

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту іс-әрекет үстінде, соның ішінде оқыту процесінде ерекше дамиды.Ол шығармашылық қабілетке ие оқушының іс-әрекетінен байқалады. 

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін танып-білу дамыту үшін 

1) оқушылардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі; 

2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн.

 


Ендігі сөз бастауыш сынып оқушысын шығармашылыққа дайындаудың психологиялық, педагогикалық алғышарттары жайында.

Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты және күрделі мәселе болып табылады. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан- жақты білімді , өз ісінің шебері болу керек» деп атап көрсетеді.

Ал Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беріп, белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескертеді.

Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық әрекеті оның ойлауы мен іс жүзілік әрекеттері арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда ғана оқушы  интеллектісінің көзін ашып,  шығармашылығын дамытады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі мұғалім қызықтыру жолдарын іздестіру керек. 

Шығарамшылықпен орындалатын жаңа материалды түсіндіруде мұғалім ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім оқушының танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерінің негізгі міндеттеріне тоқталсақ:

-білімді шығармашылықпен меңгерту дағдыларын қалыптастыру;

-білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;

-оқу тапсырмасын орындау процесінде операцияларды қолдануға(талдау-синтез, салыстыру, жинақтап қорыту) үйрету;

-оқытудың ғылымилығын арттыру;

-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру;

-мұғалім- оқушы үшін қарапайым ғана жан. Мұғалім асқан шеберлік танытса, оқушылар ерекше елиді, өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады;

- «сенің қолыңнан бәрі келеді. Сен қабілеттісің»- деп оқушының еркін билеп, сенім ұялату;

-оқушының кішкентай жетістігін(шығармашылыққа ұмтылысының өзін) мадақтау, көтермелеу: үздік шығармашылық жұмыстарды сыныпта оқытып, оған сыныптастарының жағымды көзқарасын ояту;

-белгілі тұлғалардың, өнер адамдарының шығармашылық лабороториясынан қызғылықты жайттарды әңгімелеу;

-шығармашылық процесті басқару үстіндегі мұғалімнің құптаушылық 

көзқарасы, сезім күйлері, ым-мимикасы.т.б.дидактикалық міндеттерді орындау;

-бастауыш сынып оқушысының бейнелі түрде ойлауын дамыту;

-ойлау үрдісінің бастамашыдық бөліктерін дамыту;

Оқу үрдісіне эмоциялық әр беруге мүмкіндік туады. 

Психологиялық әсермен қатар шығармашылық процестің өн бойында психологиялық ахуал тудырып отыру да- бастауыш сынып оқушысы шығармашылығына басшылық жасаудың бір шарты.

Оған мынадай жағдай-ситуацияларды енгіздік:

- бірлескен шығармашылық(мұғалім мен оқушының рухани өмірінің 

бірлігі, қызығуы мен мақсатының ортақтығы);

-психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандық (екі жақтан да саналы түрдегі қажеттілік бар, таңдау құқығы бар);

-мұғалім- оқушының ата-анасынан да, құрбысынан да жақын ең сенімді досы;

- дербестендіру (педагогикалық үрдісте бастауыш сынып оқушысының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ оқушының мүмкіндіктерін ескеру);

- оқушының шығармашылықпен айналысуы үшін мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Оқу пәндерінің, сыныптан тыс жұмыстардың, оқу жүктемелерінің шамадан тыс көптігі де оқушылардың миын шаршатады, күш-жігерін тауысады.Әр қилы тапсырмаларды бір күнде орындай алмаған жағдайда мұғалімнен сөз есту, «екі»алып қалу қаупінің , уайымының өзі баланы жегідей жейді.Педагог осындай жайттардың алдын алуға тиіс;

-сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым –қатынас, шығармашылық ахуал орнату (бұл енжар, салғырт оқушыларды белсендіреді, шығармашылыққа араластырады.Әлі күнге дейін қазақ мектептерінде өлең, әңгіме жазатын қатарларын мазақ, күлкі қылатындар жеткіліктіОсындай келеңсіз құбылысқа ешқандай жол беруге болмайды. Шығармашылықтың мәнін әрбір оқушы түсінуі тиіс);

-көркем шығармашылықты тежейтін үш кедергі бар: біреуі- «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген үрей, қорқыныш сезімі; екіншісі- өзіне -өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса соны ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді); үшіншісі- жалқаулық.міне осылардың алдын алып, ондай ситуациядан баланы құтқару жолдары;

- шығармашылық іске ден қойып, басын бастау- бала үшін жанның азабы.Бұл, әрине, жалқаулық не қызықпаушылық емес, өнер адамына тән мінездердің бірі. Сондықтан оқушыны шығармашылықпен айналысуына шабыттандыратын қандай да бір түрткі ойлап табу;

-ең бастысы, шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелеуі тиіс.Бұл жаңаны жасау қуанышы.

Зерттеу еңбектері негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалынды [Кесте 3 қараңыз].

-оқушының назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі (елеусіз 

болса да) шығарым тапсырма- міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынып отыруы керек;

-шығарым жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына сай құру керек.(оның мазмұны оқушыны бірден еліктіріп, елітіп алып кетуі тиіс);

- тапсырма-міндетпен таныстырғансын, оқушы белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз тапсырмасын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назардан тыс қалдырмау керек;

- шығармашылықпен жеке –дара оқушы емес, сыныптың бүкіл оқушы -

Кесте  3 - Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары 


Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

  


 

 

 

                                                 


Шығармашылықпен сыныптың бүкіл оқушылары айналысуы үшін жағдай туғызу

                                                  



Мұғалімнің өзі де шығармашылықпен айналысып,  жазған дүниелері жөнінде оқушылармен пікір алмасып отыру

Тапсырманы ұтымды аяқтап шыққанға дейін оқушыны назардан тыс қалдырмау

Үнемі шығарым тапсырма, жаттығу, ойын түрлерін ұсынып отыру.

Ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына сай құру

  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

лары айналысуы үшін жағдай туғызу керек;

-өзі де шығармашылықпен айналысады және өзінің жазған дүниелері 

жөнінде оқушылармен үнемі пікір алмасады. «Өзі шығарма жаза алмайтын мұғалім жағада тұрып жүзуді үйреткен жаттықтырушымен тең» (С.Ион).

-шығармашылық процеске оқушыны үнемі үзбей, сатылы түрде қатыстырып отыру керек;

 

Шығармашылық –оқушы үшін- сұлулық пен әсемдіктің мектебі. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс.Және оқушынының маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болу – ға  тиіс.

Көркем шығармашылық –оқушы үшін- сұлулық пен әсемдіктің мектебі. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс.Және оқушының маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиіс. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де , қозғалысы да сұлу болады» (М.Жұмабаев). Бұл ойдың оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей қатысы бар.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

-өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

-пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

-өзінің жолдастарына, мұғалімге сұрақ қоюы;

- жолдасының жауабына пікір айту;

-сыныптастарының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

- үлгерімдері нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;

үлгермеушілерге түсіндіру;

-өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

-шығармашылық тапсырмаларды шешуде  бұрыннан білетін әдісті қолдана отырып орындау.

Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда  оқытуда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.

Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытың үнемделуі.

Қорыта айтсақ, шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, мұғалім берген ақпатартты, іс-әрекет тәсілдері мен бағадлау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын  игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.Шығармашылық сабақтарының оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:

-           оқушылардың танымдық іздемпаздығы қалыптасады;

-           сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

-           шығармашылық ой-өрісі артады;

-           кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптасытады;

-           ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен 

ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

-           мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта 

болып, сенімділіктері артады;

-           оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

-           білімін жүйелі түрде толықтырады;

-           өз әрекетін сын тұрғысынан қарауға;

-           тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

-           оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.

Шығармашылық сабақтарды өткізу оқушы танымдық іс-әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.

 

1 083 0
Багила Каракулова, Тараз қаласы №52 бастауыш мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Педагог – зерттеуші, Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 002102
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: