Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1582

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу – уақыт талабы

Оқытушы: Шораева Калима  Тлеукуловна

Тобы: __________

Күні:  __________

Сабақтың әдістемелік мақсаты: Халық педагогика элементтерін, сын            

                      тұрғысынан  ойлау әдіс-тәсілдерін пайдалана  отырып, іс   

                      қағаздарын, кез келген құжатты сауатты толтыра білуге,   

                  [spoiler][/spoiler]     мемлекеттік тіл мәртебесін  көтеруге атсалысуға шақыру,  

                      ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен өтілген  

                      материалдарды меңгергенін тексере отырып,білімділік  

                      дағдыларын  қалыптастыру; сауатты құжат толтыра білудің адам  

                      өміріндегі  маңызын ұғуға үйрету.

б) дамытушылық: оқулық пен қосымша материалдар деректерін тиімді    

                      пайдаланып, танымдық әрекеттерін жетілдіру; Тіл әуезділігін,  

                      байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер  

                      арқылы  оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

в) тәрбиелік: тіл тазалығын сақтау;  мәдениетті сөйлеу, ана тіліне  

                      сүйіспеншілігін қалыптастыру; ана тілін құрметтеуге, ұжыммен  

                      жұмыс істеуге және жауапкершілікті сезіне  білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, құқық, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың түрі: қалыптан тыс, сайыс. 

Сабақтың әдісі: сипаттау, ізденіс түрлері, қайталау.

Сабақтың типі: жинақтау, пысықтау, қорыту.

Сабақтың жабдықталуы: топ аттары жазылған қағаздар,  асық, қамшы, презентация-слайд

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Студенттер  3-топқа бөлінеді.
  2. Студенттерге сабақ шарты мен бөлімдері  таныстырылады. 
    1. Сабақ  VІІІ  турдан тұрады.  Слайдпен көрсету

 

  1. Сабақ сайыс түрінде болғандықтан, әділ қазы мүшелерін сайлап, таныстыру.

 

  1. Алғашқы кезеңіміз – «Таныстыру»,  топ басшылары   өз тобымен  

        таныстырып, қорғап шығу керек.

  І топ – «Ресми іс қағаздары»  

    "Ресми іс қағаздары" термині мекеме мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді.     

     Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық – грамматикалық жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің  тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.

 

Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:

-мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы  тиіс;

-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;

-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.

 

ІІ топ – «Қызметтік хаттар» 

Іс қағаздарының көп тараған бір түрі – қызметтік хаттар. Мекемелерде қызмет бабындағы жиі жазылатын бұл хат көптеген мекемелерді өзара байланыстыруда ерекше рөл атқарады. Қызметтік хаттар - бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың үлкен тобының жинақталған атауы.
 
     Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар мен түсінік хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық -анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды. 

 

 

ІІІ топ – «Деректеме» 

Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады.Деректеме толық және дәл мәлімет беруі керек, әрі жалпыға ортақ стандарт бойынша толтырылуы тиіс.Құжаттың міндетті деректемелеріне мыналар жатады. 

  1. Ұйым атауы
  2. Құжат атауы
  3. Тақырыбы
  4. Құжаттың толтыру мерзімі
  5. Мәтіні
  6. Бұрыштамасы
  7. Қойылған қолы
  8. Құжаттың орындалғаны туралы және іске тіркелгені туралы белгі

 

        

  

   5. Сонымен құрметті қонақтар, ұстаздар  мен студенттер!  Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай: «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан   іздемей-ақ  табылар» - демекші, білімімізді сынап көретін уақыт келген сияқты. 

      Олай болса, сайысымыздың  ІІ турын, яғни «Бәйге» турын бастамақпыз. Бұл турда 24   сұрақ беріледі.Сұрақты мұқият тыңдап, жауабын білетіндерің қолдарыңдағы қамшыны көтеріп  белгі бересіңдер.  

 

  1. Құжат дегеніміз не?
  2. Құжатта ақпарат қай түрде беріледі? (жазбаша, фото, сызу, сурет,  

     дыбысты)

  1. Азаматтық Кодекстің  19-бабында не туралы айтылған? (жеке    

      Кәсіпкер туралы,патент негізінде жұмыс жасайтыны айтылған)

  1. Заңды тұлға дегеніміз не? (дербес балансы,өз атауы жазылған мөрі,  

      дербес    мүлкі бар ұйым)

  1. Хаттама, өтініш, түсініктеме –қызметіне қарай  құжаттың қай түріне    

      жатады? (қызметтік)

  1. Түсініктеме дегеніміз не? 
  2. Анықтама берілетін жағдайлар
  3. ҚР-да реквизиттер саны неше?
  4. Құжат орындалу мерзіміне қарай қалай бөлінеді?

10.  Хаттаманың неше түрі бар, қандай?

  1. .Бұйрықта  жазылатын етістік тұлғалы  сөздер.
  2. Заңдылық күші бар реквизиттерді ата. 
  3. Мінездеме дегеніміз не және қай кезде жазады? 
  4. Құжаттарды топтастыру дегеніміз не? 
  5. Коммерциялық хаттың құрылымы туралы айт (Рон Теппер , 4)
  6.  Халықаралық ереже бойынша мекенжай неше рет, қайда жазылады?
  7. Өтініш дегеніміз не, қай кезде жазылады?
  8. Хаттаманың  соңы немен аяқталады және кім жүргізеді?
  9. Бұйрық қандай  бөліктерден тұрады?
  10. Негізгі құрылтай құжаттары деп қандай құжаттарды айтамыз?
  11. Штат кестесі дегеніміз не?
  12. Лауазымдық нұсқаулық дегеніміз не?
  13. Сенімхат туралы айт.
  14. Құжаттар сақталу мерзіміне қарай бөлінеді? (тұрақты-10 ж жоғары,   

     уақытша-10 ж дейін)

І, ІІ бөлімдердің   ұпай сандарын берсеңіздер.

 

6.  А. Байтұрсынов:  «Тіл дәлдігі деп,   ойлаған   ұғымға  сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады» - деген екен. Олай болса, 

келесі бөлім  «Тіл - өнер» деп аталады. Бұл турда аяқталмаған мақал-мәтел беріледі. Асты сызылған сөзді   орыс тіліне және ағылшын тіліне аударуларың  керек.    Ал,  іске сәт!

ІІІ тур бойынша ұпай сандарын көрейік

 

  1. Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын,

      Сұраса, жауабың да қысқа болсын, - деп Ж.Баласағұн  бабамыз айтқандай,

ІV тур  «9 жұмбақ » деп аталады.  Мұнда қалаған ұяшықты таңдап, қысқа да нұсқа жауап беруге тырысайық. Жауабын дұрыс берсеңдер, ұяшықтағы ұпай саны беріледі. 

10(көк) – құжаттар формасына қарай қалай бөлінді? (еркін түрде, типтік,  

          трафареттік)

20 (көк)– заңды тұлғалар мақсатына қарай қалай бөлінді? (коммерциялық, 

                коммерциялық емес) 

10(жасыл) – мөр – қандай реквизит? (заңдылық күші бар)

25(жасыл) – Құжаттар қандай қағазға толтырылады, өлшемдері қандай?

20 (қызыл)-  мазмұны мен қызметіне қарай құжаттар қалай бөлінді? (жеке   

        адамдардың, қызметтік) 

40 (жасыл)– коммерциялық құпия мазмұндағы құжат қай құжат негізінде жасалады,  оны қалай құпия сақтайды? ( ҚР Азам. кодексі, арнайы бұйрық, қолхат)

30 (қызыл)– Мемлекеттік тілге қатысты қай заңда не   деп айтылады?       

15 (көк)– Өмірбаян туралы айт.  

10(қызыл) – қол реквизиті туралы айт.  

 

 

 

    ІV турдың ұпай сандарын көрсек.

 

8.  Келесі V турымыз «Сауаттану»  деп аталады.  Сауаттылыққа қатысты Борис Тепловтың мына сөзін айтқым келеді: «Егер адамның сөйлеуі де, жазғандары да күңгірт және байламсыз болып шықса, оның ойы да шала әрі тиянақсыз болғаны».  Мұнда сіздер қоржыннан асық алу арқылы қай құжат түрін толтыру керектігін анықтап, берілген құжат түрін сауатты толтыруға тиістісіздер!

  1. Анықтама 
  2. Өтініш
  3. Түсініктеме
  4. Бұйрық
  5. Баяндау хат
  6. Мінездеме
  7. Сенімхат
  8. Қолхат
  9. Резюме 

     

 9.    Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, не бір алуа-шекер балдай татитын нәріне, әрине, әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне.   ... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады... – депті  Нұртас Оңдасынов. 

   Ендігі VІ  турымыз   «Сөзстан»  деп аталады.    Мұнда берілген сөйлемнен      

   қисынын тауып, орайын келтіріп  зат есім тұлғасында тұрған сөз бен құжат   

   аттарын тауып жазу тапсырылады.   

   Мұнда да белгілі бір уақыт беріледі. (5 минут) 

 

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні»

 

  

   V -VІ турлар   «Сауаттану» мен  «Сөзстан»   бөлімдерінің ұпай сандарын    

   білейік 

 

 10.   Бәрінен күшті адам – өзіне-өзі сенетін адам. Луции Сенека. Бұл даналық сөзді не үшін айтып жатқанымды сезіп тұрған боларсыздар. Яғни , ендігі бөліміміз капитандар, яғни топ басшыларының  сайысы  «Жорға» деп аталады. Мұнда 3 топқа да 1 нұсқалы 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы беріледі. Тест тапсырмасы бағалау парағы бойынша  тексеріледі. 

Ескерте кететін жайт - уақыт шектеулі. 

   

 

  11.  Өздерінің бірлесіп істеген ісін түсіне білетін және сүйе білетін адамдар өзара ұғыныса білуі тиіс. Олардың ішінен кімде-кім мұны істей алмаса, өз қара басының жеке мақсатын көздейтін болса, оны коллективтік шығармашылықтан артық көрсе, ондай қылық –масқарашылық қылық, -деген екен Константин Станиславский. 

    Соңғы VІІІ тур – «Шешімін тап»,   яғни «Үй тапсырмасы» - шығармашылық жұмыс  деп те аталады. Әр топ үйде А4 форматына пәнге байланысты кроссворд  дайындап келу керек болатын. Соны енді қарсылас командаға  шешу үшін берулеріңе болады.  Олай болса, іске сәт!

     

 Бәрекелді!

 

 Сабағымыздың   қорытындысы бойынша топтардың   ұпай санына қарай алған  

 орындарын жария етейін.

 

 Марапаттау рәсімі: 

         ____ ұпай санымен __________________________  ІІІ орынға ие болды;

 

         ____ ұпай санымен  _________________________  ІІ орынға ие болды;

 

       ____ ұпай санымен бүгінгі «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу –    

         уақыт талабы» сайысының жеңімпазы болып   _____________танылды. 

 

Құттықтаймыз!

 

Оқушылардың білімі мен біліктіліктерін, белсенділіктерін бағалау.

 

        Ал, қадірлі қонақтар, ұстаздар! Сабағымыз мәресіне келіп жетті.  Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!    

 

 

 

 

                                     

 

397 0
Калима Шораева, Машина жасау колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы ,Қарағанды қаласы Ұлы дала ұстазы № 002101
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: