Бүгінгі таңда жалпыұлттық маңызды құжатқа айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған маңызды
міндеттерді жүзеге асыру бойынша көптеген келелі іс-шаралар жүзеге асырылып отыр.
Жалпы экономист ғалымдар ХХ ғасырда-ақ жаңғырудың негізгі өзегі экономикадағы
құрылымдық өзгерістермен емес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістермен тікелей байланысты екендігін
баса айтқан болатын. Сондықтан, бүгінгі таңдағы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы
дамудың жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қоғамдық сананың жаңғыруын жаңа бағытқа көтеру
кезек күттірмес мәселе екендігі айқын.
Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның барлық күрделі мәселелерін ескере отырып, оның
өзгермелі жанды ағза ретінде дамуының нәзік тұстарын да естен шығармауға тиіспіз. Сондықтан,
әрқашанда да қоғам дамуының рухани-мәдени, әлеуметтік аспектілері аса маңызды болған, солай болып
қала бермек те. Түптеп келгенде коғамдағы көптеген әлеуметтік-экономикалық құлдыраудың алдын
алудың маңызды шарттарының бірі руханиятты көтеру. Егер адамзат қоғамының дамуының сапалық
көрсеткіштері адамдардың дүниетанымының кеңдігіне, санасының жоғарлығына, әділеттілік үшін
белсенділігімен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігі арқылы көрініс беретіндігін ескерсек
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындаудың басты кілттерінің бірі де қоғамның қайта түлеуіне
байланысты екендігін айқын ұғынамыз. Осыған орай, қоғам мүшелерінің рухани дамуы оларға тарих,
әдебиет, өнер, халық даналығы, салт-дәстүр, мәдениет, ғылым, білім арқылы берлетіндігі даусыз.
Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша келелі
жұмыстарды іске асыруға өзіндік үлесін қосуы тиіс.
Қазағымыздың қаймағы бұзылмаған Райымбек ауданы халқы да бұл бағдарламаны үлкен бір
серпіліспен қарсы алуда. Әрбір тасы мен сайының қойнауында қарт тарихтың хаты, шежіресінің сыры
жатқан, ел ақсақалы мен ел ағаларының байыпты бағамына құлақ асқан елде бұл бағдарлама жан-жақты
жүзеге асырылуда.
Соның ішінде Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің ұжымы «Туған жер» бағдарламасы
бойынша жобаны жүзеге асыру бойынша «Туған жеріме деген махаббат», «Біздің заманымыздың
батырлары», «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ашық тәрбие сағаттары мен шығармашылық байқаулар
ұйымдастырды. Бұл шараларға оқытушы құрамы мен студенттер, сондай-ақ орта мектеп оқушылары
және т.б. қоғамдық ұйымдар тартылып отыр.
Колледж ұжымы Рухани жаңғыру бағдарламасын «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы жолдауындағы «Адами капитал –
жаңғыру негізі» деп аталатын бөлімінде айтылған мәселелермен тығыз байланысты жүзеге асырып
келеді. Президент атап өткендей өзгермелі заманда «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім
беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттілігі» айқын. Сондықтан, ауданымыз
ғана емес, облыс бойынша орта кәсіптік білімі бар мамандарды дайындау ісінде өзіндік орны мен тарихы
бар колледж ұжымы да ел дамуының стратегиялық бағыттарын дамытуда аянып қалмақ емес.
Осылайша, бағдарламада аталып өткен міндеттерді жүзеге асыру барысында Рухани жаңғыру
жалпыұлттық бағдарламаға айналды. Оны жүзеге асыру барысында тарихи тәжірибе мен ұлттық
дәстүрлерді қайта сараптап, Елбасы атап өткендей «елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алған
құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, оны ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып,
жарастыра алатын құдіретін» барынша дәріптеу жолында жұмыстар жасалуда.
Шығармашылық ұстаным мен отаншылдық сезімнің бастамасымен жүзеге асырылып отырған
бұл жұмыстар тәуелсіз еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін атқарылып отырған игілікті жұмыс. Себебі,
қоғамның рухани бай, ой-өрісі кең, білімді әрбір мүшесі ұлт әлеуетінің көрсеткіші.