Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық тұрғыда ойлау;
-шешім қабылдай алу;
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Сабақ барысында білімді меңгеру деңгейі төрт сатыдан тұрады:
- Үйренушілік деңгейі «Білу»- оқушының функционалдық сауаттылығының төменгі деңгейі,
- Алгоритмдік деңгейі «Түсіну», «Талдау» - оқушының функционалдық сауаттылығының орта деңгейі,
- Эвристикалық деңгейі «Қолдану», «Жинақтау» - оқушының функционалдық сауаттылығының жоғары деңгейі,
- Шығармашылық деңгейі «Бағалау» - оқушының функционалдық сауаттылығының ілгері деңгейі.
Шығармашылық деңгейдегі оқушылар танымдық қабілеті қалыптасқан, толық құзырлыққа ие. Физика сабағында танымдық белсенділіктерін арттыру үшін түрлі әдіс –тәсілдерді жиі пайдаланамын
Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Қазіргі заман – физика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа білім беру технологиялары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін физика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады.
Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын тереңірек ойлап түсінуге ықпал жасайды. Физика саласы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады. Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің физикалық қасиеттерін танып-білу, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу болып табылады. «Физика» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты.
Оқушының ойлау және қабылдау қабілетін дамытуға байланысты мынадай логикалық тапсырмаларды беруге болады.
1. Біраз ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр. Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр. Жолға айдың жарығы түсіп тұрған
жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын. Ер адам қара киімде болатын. Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады. Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді. Жүргізуші оны қалай көрді? (күндіз)
2. Он метрлік сатыдан еш жерін жарақаттамай қалай секіруге болады.
3.Бір қыз отыр. Ол тұрып кеткен жағдайда да сіз оның орынына отыра алмайсыз. Ол қай жерде отыр?
4. Сіз доп лақтырдыңыз делік. Қай жағдайда доп ештеңеге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді?
5. Мұғалім су құйылған тəрелкен і күннің көзі түсетін терезе алдына қойды. Ғалия кешке таман тəрелкеге қараған кезде, ол судың жоғалып кеткенін көрді. Судың жоғалу себебін түсіндір. Төменде жаңа технологияларды қолдану арқылы өткізген сабақтарымның кейбір бөліктерін ұсынып отырмын. 7 - сыныпта физикадан «Күш. Деформация. Гук заңы» тақырыбын өткенде «Блум токсономиясын » қолдандым. «FILA» кестесін толтыру арқылы өткен тақырыптарды еске түсіріп, сұхбат пікірталасын құру.
Оқушылардың ғылыми ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту – физика пәні мұғалімінің маңызды мақсаттарының бірі. Оқу үдерісі оқушының ойлау дағдыларының дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау сияқты ойлау амалдарын қолдануды үйрету керек. Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және практикалық ойлау дағдыларын қатар қалыптастырудың маңызы зор. Ғылыми ойлаудың сипаттары – зерттеу мақсатын анық белгілеу, ғылыми болжамдар жасау, зерттеу әдістемесін белгілеу, зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау, зерттеу жұмыстарын жасау, алынған нәтижелерді талдау және қорытындыларды тұжырымдау болып табылады. Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, тіпті оның күнбе - күнгі тұрмыста жан - жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық сауаттылығы бар оқушылар еркін бойлап алуы керек. Мектеп физика курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – физиканың қолданбалы мүмкіндіктерін ашу. Математикалық, химиялық немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу барысында оқушылар физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп,ұғынып,сонымен қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді. Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз.
Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады. Соның ішінде физиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін, қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің физиканың ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.
Физика пәнінің оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген.
Қорыта айтқанда оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен тәжірибені тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын арқылы баланы ойлата білу.