Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1573

Майлау және май құю қондырғылары

        Майлау және май құю операциясы автомобильге тезникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі болып саналады және бірінші техникалық қызмет көрсетуде 30%, екінші техникалық қызмет көрсету кезінде еңбек шығынының  17%  құрайды. 

Бұл жұмыс түрінің кешені төмендегідей:  

автомобиль қозғалтқышының картеріне мотор майын құю; 

рульдік басқару, артқы белдеме, беріліс қорабының картерлеріне трансмиссиялық май құю; 

пайдаланылған майларды жинау; 

қою майлауды қажет ететін тораптарды  сыққыш-майсауыттары (пресс-масленка) арқылы майлау;  

қозғалтқыштың майлау жүйесін тазарту; 

тежегіш жүйесіне жұмыс сұйықтығын құю;

суыту жүйесіне суыту сұйықтығын құю; 

қысылған ауа даярлау және беру.

      Әрбір  санамаланған жұмыс түрлеріне өндірісте сәйкес қондырғылардың түрлі модельдері шығарылады.  Түрінің көптігіне қарамастан, мұндай қондырғылар құрылымы мен элементтерінің арналуы бірдей болады: қозғалтқыш, сорап, резервуар, бақылаушы, үлестіруші, сақтандырушы аппараттар, шланг, беріліс қондырғылары. Функциялық белгілеріне қарай майлау және май құю қондырғылары төмендегідей топтарға бөлінеді:   қозғалтқыштың майлау жүйесіне  май құю қондырғысы;  тораптарды сұйық  трансмиссиялық маймен майлау қондырғысы;  пайдаланылған майларды жинау қондырғысы;  тораптарды қою маймен майлау қондырғысы;  қысылған ауа даярлау және беруге арналған қондырғы;  тежегіштің гидравликалық жетек жүйесіне сұйық құю қондырғылары;  қозғалтқыштың суыту жүйесіне  май құюға және жууға арналған қондырғылар. Қондырғы есебінен өсіп отыратын жұмыстық қысым шамасы келесі түрлерге бөлінеді:  төменгі қысымды қондырғылар (мотор майлары үшін 0,7 МПа);  орташа қысымды қондырғылар (трансмиссиялық майлар үшін 0,7...2,5 МПа);  жоғары қысымды қондырғылар (қою майлау үшін 15...40 МПа). Майлау және май құю қондырғылары орнықты, ауыспалы және жылжымалы болады. Майлау және май құю қондырғыларындағы жетек түрлері келесідей болады: қолдық, электрлік, гидравликалық, пневматикалық. Механикалық жетекті қондырғыларда пайда болатын қысы шамасына байланысты плунжерлі және тегершекті сораптар қолданылады. Қолдық жетек шағы, жылжымалы қондырғыларда қолданылады және қалақшалы білік жетегімен жалғастырылған піспекті және плунжерлі сораптардан тұратын рычагты жүйе болып саналады. 9.2. Майлау және май құю қондырғыларының құрылымдық ерекшеліктері. Майтаратушы қондырғы бірмезгілде беру мен берілген майдың жалпы көлемін өлшейтін,  автомобиль қозғалтқышына  май құюға арналған. Жылжу дәрежесіне қарай қондырғылары орнықты және жылжымалы; жетек түріне қарай қолдық және электрлік; құйылатын май көлемін өлшеу тәсіліне қарай көлемдік және лездік болып бөлінеді. Электрлі жетекті, орнықты май тарату қондырғысы кеңінен таралған және оның принциптік сүлбесі 9.1-суретте келтірілген. Қондырғы 2 бөліктен тұрады: май таратушы баған І және резервуарлы сораптық қондырғы ІІ.  Майтаратушы баған мен сораптық қондырғы жылытылатын бөлемеде орнықты (стационарлы) орнатылады және 80С төмен емес температурада жұмыс жасайды. 9.1-сурет. Май таратушы қондырғының принциптік сүлбесі: - май таратушы баған;  — резервуарлы соаптық қондырғы; 1- шала-шарпы тазарту сүзгісі; 2 — тегершекті сорап; З — электроқозғалтқыш;4-пневмо-гидравликалық аккумулятор; 5 —манометр; 6 — қозғалтқышты автоматты өшіргіш (қысым релесі); 7 — сақтандырғыш  клапан; 8 — мұқият тазарту сүзгісі; 9 — қайтармалы клапан; 10 — құбыр желісі; 11 — май санауыш; 12 — санаушы механизм; 13 — таратушы жең; 14 — таратушы кран. Май таратушы баған тұрқыдан, май санауыштан 11 санаушы механизмінен 12 және жеңі бар 13 таратушы краннан 14 тұрады. Май санауышқа құбыржелі арқылы беріледі 10 оның соңына сораптық қондырғыны санағыштан бөліп тұратын шұра орнатылады. Сораптық қондырғы электрқозғалтқыштан жетек алатын тегершекті сорап 2; пневмогидравликалық аккумулятордан 4; мұқият тазалау сүзгісінен 8 ; манометрі 5 бар қозғалтқышты автоматты ажыратқыш; қайтарма 9 және сақтандырғыш 7 клапандардан тұрады. Тұтас агрегат шойын тақтайшаға  орнатылады. Сорушы құбыржелісіне шала-шарпы тазартатын торлы сүзгі мен сорушы клапан орнатылады. Ыдыстан алынған май  қысымының тұрақтылығы мен баған жұмысының біркелкі болуын қамтамасыз ететін пневмогидравликалық аккумуляторға беріледі.  Құбыр желілермен   пневмогидравликалық аккумулятор  сорапты қондырғы жұмысы кезінде қозғалтқышты басқаруға арналған автоматты өшіргішпен жалғанған. Сорапты қондырғының автоматты түрде қосылуы мен ажырауы таратушы пистолеттің тұтқасын басу немесе босату арқылы іске асады. Қоюланған майды айдауыштар автомобильдің үйкелуші  тораптарына прес-майсауыт арқылы қою майды енгізуге арналған. Негізгі ерекшелігі 20...40МПа аралығында өсіп отыратынқысымды плунжерлі сорапты қолдану болып табылады. Сорап жетегі қолдық, электромеханикалық, пневматикалық болуы мүмкін. Электромеханикалық  жетекті май итергіш төртдоңғалақты платформаға орнатылған (9.2 - сурет). 9.2-сурет. Электромеханикалық жетекті майлау итергішінің сүлбесі: 1 — бұрамалы білік; 2 — бункер; 3— қопсытқы; 4— торлы сүзгі; 5— жоғары қысымды сорап жетегінің мойынтірегі; 6 —жоғары қысымды сораптың плунжерлі жұбы; 7— қысым релесі; 8— электроқозғалтқыш;9— цилиндрлі редуктор Платформаға бункер  және максималды қысымы 40 МПа болатын плунжерлі сорап қойылған. Май қопсытқы 3  мен  шнек көмегімен бункерден 2 торлы сүзгі арқылы жоғары қысымды сораптың 6 плунжерлі жұбына беріледі. Сораптың білігіне өзінің сыртқы жиектерімен плунжер ұшына (торец)  тірелетін мойынтірек орналасқан. Қопсытқының бұрама білігі мен плунжер жетегінің мойынтірегі 5 айналымды редуктор 9 арқылы электроқозғалтқыштан 8 алады. Сақтандырғыш клапан 7 қысым 25 МПа асқанда автоматты түрде қозғалтқышты өшіруге және қысым 25 МПа төмендегенде қайтадан іске қосылуын қамтамасыз етеді.  Пайдаланылған майды жинау қондырғысы Автомобиль агрегаттарындағы пайдаланылған  майды жинау қондырғысы орнықты және жылжымалы болып бөлінеді. Қарапайы конструкциясы негізінен арбашаға орнатылған бактан және қабылдаушы шұңғыдан тұрады. (9.3 -сурет) 9.3 – сурет. Пайдаланылған майды жинау қондырғысының сүлбесі:1- — бактағы май деңгеін бақылаушы индикатор; 2— бак; 3— өлшеуіш сауыт; 4— жылжымалы ыдыс; 5 –пантографты механизм 9.3. Сығылған ауа даярлау және беру қондырғысы 9.3.1. Компрессорлар Сығылған ауа – автомобиль көліктік кәсіпорындарында кеңінен қолданылады. Мысалы, түрлі пневматикалық қондырғылардың жетегінде; шиналарды толтыруға; лакпен сырлау және коррозияға қарсы материалдарын жағу кезінде және т.б. Кәсіпорындардағы пневматикалық жүйенің негізгі элементі компрессор болып табылады. Құрылымы мен жұмыс принципіне қарай компрессорлар піспекті, ортадан тепкі, ротационды, жарғақты болып бөлінеді. Автокөлік кәсіпорындарында піспекті компрессорлар кең қолданыс тапқан. Піспекті типті компрессорларда ауа жабық цилиндр кеңістігінде піспектің қайталама қозғалысының есебінде сығылады. Піспекті компрессорлардың артықшылығы: бастапқы құн төмендігі, пайдаланудың қарапайымдылығы мен қайта жөндеу жұмыстарына жарамдылығы. Кемшіліктері; жұмыс процесінің циклділігі, жұмыс кезіндегі шу мен дірілдің болуы,  жанасу үйкелісінің болуы (майлау жүйесіне қойылатын талаптарды жоғарылатады), дайындалатын сығылған ауаның қызып кетуі (агрегаттар мен ауаны суытатаын арнай қондырғыларды қолдану қажеттігі туындайды). Компрессор – компрессорлы қалпақша, электрлі жетек, ресивер, қысымды автоматты реттеу қондырғысы, ауа мен агрегаттарды суытатын  қондырғылардан тұратын агрегат.  Піспекті компрессорлар келесі белгілері бойынша сыныпталады:  әсер ету тәсіліне қарай – қарапайым және қос (двойной);  цилиндр осінің орналасуына қарай – тік, көлденең, бұрыштық, цилиндрлердің жұлдызша тәріздес орналасуы;  саты санына байланысты – бір-; екі-; көпсатылы;  цилиндрлер саны бойынша – бір-, екі-, көпцилиндрлі;  ақырғы қысымы – төменгі және жоғарғы (максималды қысым 250- 106 Н/м2);  суыту тәсіліне байланысты – ауамен және сұйықпен  суыту;  компрессор білігінің айналу жиілігі – жайжүрісті (200 мин-1 аспайды ); орташа шапшаң жүрісті (200... 450 мин-1); жылдам  жүрісті (450... 1000 мин-1);  жетек сүлбесіне байланысты – коаксиалды (электрқозғалтқыш білігінен тікелей жетек алу); белдікті беріліс арқылы;  орнатылуына байланысты – орнықты және жылжымалы. Бірсатылы компессорладағы әр цилиндріндегі ауа сору қысымынан айдау қысымына дейін сығылады. Мұндай жұмыс сүлбесі жоғары өнімділікті қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ауаны суыта отырып екі сатылы қысу процесін қолданған тиімді саналады. Бұл принципте екі сатылы қалпақша орнатылады. (9.4 - сурет) оларда ауа алдымен төмен қысымды цилиндрлерде 13, 14  бірінші сатыда белгілі-бір өтпелі қысымға дейін сығылады, кейін  бірінші сатыдан шығып, өңеш арқылы суыту радиаторымен 6 жабдықталған екінші сатыға (жоғары қысымды цилиндрлерге 7,10) өтеді.  Екінші сатыда қысым максимал мәнге дейін көтеріледі.  Компрессорлардың негізгі сипаттааларына  екі параметр жатады: максимал қысым  мен көлемдік өнімділік немесе берілім . 9.4-сурет  Екі сатылы төрт цилиндрлі компрессор сүлбесі: 1 — конденсат жоюшы; 2— ау жинауыш (ресивер); 3 — ылғал бөлуші; 4 — ауа алғыш шұра; 5, 11 —  төмен қысымды цилиндрлер коллекторы; 6—  жоғары қысымды цилиндрлерге берілетін ауаны  суытушы радиатор; 7, 10 – жоғары қысымды цилиндрлер; 8— жоғары  қысымды цилиндрлер коллекторы; 9 — пневмотүсіргіш; 12, 15 — ауа сузгісі; 13, 14 — төмен қысымды цилиндрлер; -атмосфералық ауа; . — төмен қысымды ауа; - — жоғары қысымды ауа;  — конденсат 9.3.2. Ауа жинауыштар Ауа жинауышта (ресиверлер) әдетте компрессор мен ауа құбырының желісінің аралығында орнатылады.  Ауа жинауыштар компрессорға берілетін ауа ағынының  толқынын жайғастыруға, аса жүктелу кезінде қолдану үшін сығылған ауа қорын жинау; сығылған ауаны салқындатуға және құрамындағы су мен майды бөліп алуға арналған. Ауа жинауыштар тік және көлденең болып орындалуы мүмкін. Тік ауа жинауыштар өзінің аз аймақты алуы және ласты тиімді тазартатын қасиеттерінің әсерінен  кең қолданылады. Құрылымы бойынша ауа жинауыштар компрессормен біріктіріле немесе жеке қондырғы ретінде жасалынады.  Құрамдас майлау  және май құю қондырғылары техникалық сұйықтарға арналған, сорапты қондырғымен жабдықталған ыдыс жеке және оқшауланған кеңістікте, ал таратқыш жеңді пистолеттер канавалар мен көтергіштермен жабдықталған майлау посттарына орнатылады. Мысал ретінде С-01 модельді майлау және май құю қондырғысын келтіруге болады. 

 

 

323 0
Ерден Кондыбаев, №10 Шу колледжінің оқу өндірісі шебері Ұлы Дала Ұстазы № 002092
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: