«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Бүгінгі таңда дүниежүзін шарпып келе жатқан жаһандану деген дәуірінде қазақ халқы қалыптасу, кемелдену үстінде. Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. Бұл қазақстандықтардың қолынан толық келеді деп ойлаймын деп сенім білдірген Елбасының үміті халқынан қолдау тапты. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. «Мәңгілік Ел» мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген ұғымы болып табылады. Бұл – Қазақ елін дамытуға бағытталған құндылықтардың негізі және мақсатқа жетудің басты жолы. Оның құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықталды. Мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі таңда тәрбие процесін қазіргі қазақстандық қоғам дамуының негізгі стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Еліміздің Президенті атап өткендей, білімділік деңгейін көтеру, ұлттық бәсекелестігін көтеру факторы болып табылады. Олай болса, заманауи талаптарға және әлемдік стандарттарға сай ұлттық білім жүйесін құру міндеті заңдылық. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылыққа ала отырып, әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. Егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындауды басты басымдық ретінде қарастырады. Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, білім беруді саралау білім беру саласынының негізгі міндеттері. Тіл мамандары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын және осы идеяның негізін құраушы құндылықтарды пәннің мазмұны және сабақтағы жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырады. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қалануы тиіс. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізілуі тиіс, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін тәлімді білім беру өрісі қажет. Колледждегі тіл мамандары ретінде оқу-тәрбие процесінің алдына қойған мақсатымыз - еліміздің өсіп-өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім мен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінетін, бәсекеге қабілетті өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу. Өйткені, жас ұрпаққа білім тағылымдарын өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім беру ұстаз қауымына жүктелетіндігін түсінеміз. Жүйелі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінде, өз міндетін айқын сезінетін, мінез-құлқы жетілген, жан-жақты білімді, саналы адам қалыптасады. Мұғалім ретінде тек оқушыны дамытып қоймай, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік ұсынуды көздейміз. Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Сол себепті, жаһандану жағдайында «Мәңгілік ел» идеясын ұлықтау мақсатында жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Өзіндік таным" журналы-Самопознание –KZ республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
2. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани лұғат ат-түрк»).– Алматы: «Ана тілі», 1993. – 192 б.
2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
3. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007.