Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI157

ҰСТАЗДЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕМНЕН

    Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші

барлығымыздың да осы салада еңбек етіп жақсы жетістікке жетуімізге талпыныс бен еңбек етіп

жатқанымыз белгілі. Қазіргі таңда заман талабына сай білімді салауатты шәкірт тәрбиелеуге жаңашыл

әдіс-тәсілдер мен шапшаң қимыл қажет екенін уақыттың өзі айтып тұрғандай.

   Ұстаздық етудегі мақсатым:

   Өз мамандығыма сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарды үнемі оқып, білімімді

толықтырып отыру;

"Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні

туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған,

есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", - дейді

ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев.

    Оқушыларға туған өлкеге байланысты «Өлкеден шыққан өнерлі адамдар» атты шағын кітапша

шығардым. Мұнда Өлкемізде шыққан өнерлі адамдар, би – шешендердің шешендік сөздері, батырлар,

Ұлы ағартушы, ойшыл Нарманбет Орманбетұлы, Қ.Р халық әртісі, шертпе күйдің шебері Мағауия

Хамзин атамыз т.б туралы мәлімет берілген жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге,

мәлімет іздеуге дағдыландыру. Мұнда оқушылар сайттармен жұмыс жасайды. Мектебімізде жыл сайын

Республикалық НИО, КИО интернет олимпиадалары оқушылар қатысады қатысып 1,2,3 дәрежелі

диплом және сертификаттармен марапатталады. Оқушылармен сабақ барысында Сандық білім беру

ресурстармен сабақтар жүргізіп отырамын. Соның дәлелі ретінде 2018-2019 оқу жылында мектеп

күнінде 9 «а» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру.

Тақырыбында үзінді сабақ бердім, нәтижесінде: оқушылар тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның

табыстары мен зардаптары және Қазақстан халқының демографиялық жағдайы туралы мәлімет алды.

Элективті курс – оқушы болашағының кепілі

6 «а» сыныбында Елтану атты элективті курсын жүргіземін

• Элективті курстың негізгі мақсаты – жас ұрпақ санасына туған өлке тарихының қыр-сырын

сіңіре отырып, олардың бойына ұлттық болмыс пен таным қалыптастыру.

• Еліміздің елдігі, жұртымыздың теңдігі үшін үлес қосқан бабаларымыз бен күрескер

азаматтарымыз, өлкеміздің тарихи мәдени ескерткіштері туралы мағлұмат алады.

• «Елтану» бағдарламасында игерген білімдерін күнделікті өмірде пайдаланудың дағдылары

қалыптасу нәтижесінде әдістемелік оқулық жасау.

    ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл

сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мен тарих сабағында Электронды оқулықты

пайдаланамын

    Электронды оқулықтың ерекшелігі- өзара ұқсас тақырыптар біріктіріліп, модуль бойынша

құралғандығында. Мысалы, бір оқушы қазақ хандығы туралы аз білетін болса оқулықтан сол туралы

мәтін немесе бейне көріністі, суретті, қаншалықты меңгергенін анықтай алады. Осыған байланысты

сабақтарымды жүктеп отыратын жеке парақшам бар. Осы парақшамнан өзімнің жеткен жетістігімді,

сабақ жоспарымды, мақалаларымды, ғылыми жобаларымды, авторлық жобаларымды, сыныптан тыс іс

шараларды, іс-тәжірибе алмасу ретінде көрулеріңізге болады.

    А.С. Макаренко былай деген екен: Егер менен педагогикалық тәжірибеңізге бір сөзбен анықтама

беріңізші деп сұраса, былай дер едім: адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз, адамды

мүмкіндігінше көбірек сыйлаңыз. Адамды тәрбиелеу – демек, оның ертеңгі, қуанышқа ие болатын

келешек жолын тәрбиелеу. Сол себепті мен әр оқушыға талап қойып, талапты орындауға ықпал етемін.

Қорыта келгенде мен өзіме мұғалім ретінде білім беруші, тәрбиелеуші, екінші ата-ана, сырлас-

дос, қатал талапкер, адал сыншы, адами деңгейі жоғары адамзаттың қалыптасуына ықпал етуші тұлға

болуға тиіспін, - деп талап қоямын.

216 0
Жадыра СЕЙТАХМЕТОВА, №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті Ұлы дала ұстазы № 000104
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: