Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1568

PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда тұтас және жадағай мәтіндермен жұмыс жасаудың тиімділігі

PISA-да оқушылардың оқу сауаттылығын анықтауда ақпараттың маңынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Олар: мәтін, жағдай (ситуация), сұрақ. Осы аталған параметрлердің құрылымы келесідей беріледі. Бірінші – әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар, ғаламтор-форумдар мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар, кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) берілген мәтін. PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығында, яғги өмірден алынған мысалдар болуында. 

PISA зерттеуінің оқу сауаттылығы бойынша құрастырылған тест тапсырмаларында мәтіннің 4 түрі кездеседі. Олар: «тұтас мәтіндер», «дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер», «аралас мәтіндер», «құрамдас мәтіндер». 

«Оқу сауаттылығында мәтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз мәтіндерінен тұратын “тұтас мәтіндер” болып табылады. Тұтас мәтіндер өзара сабақтасқан сөйлемдерден тұрады, олар бөлiмдер, тарау, кіріспе және 9 кітаптардан топтастырылады. Мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуіне көмектесетін тақырыппен, тақырыпшамен белгіледі. Тұтас мәтiндерге сипаттама (көркем және техникалық), баяндау (әңгiме, есеп берулер, репортаж), түсiндiру (пiкiр, қорытынды, талдау) жатады. 

«Дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер кесте, графиктер, диаграмма сияқты мәтіннің ақпараттық бірліктерінен тұратындықтан, басқа оқу дағдыларының әрекеттерін талап етеді. 

«Аралас мәтіндер» «тұтас» және «дискретті мәтіндердің» ерекшеліктерін біріктіреді. Аралас мәтіннің вербалды және бейвербалды элементтері бір-бірін толықтырып тұратын сөз және сөзсіз көрсетілген элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық мәтіндер презентациялық форматта (веб-парағы, журналдар және т.б.) әзірленеді.

«Құрамдас мәтіндер» мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз әртүрлі /бірнеше/ мәтіндерден құрастырылады. Сонымен қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына байланысты және ойды толық аяқтап, мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайды [3].

Ф.Оразбаева : «Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу».

Оқылым  стратегиялары:

  1. Астын сызып оқу;
  2. Рөлге бөліп оқу;
  3. Болжап оқу;
  4. Іріктеп оқу;
  5. Талдап оқу;
  6. Комментарий жасап оқу;
  7. Түсініп оқу;
  8. Белгілеп оқу;
  9. Көз жүгіртіп оқу;
  10. Зерттеп оқу;
  11. Салыстырып оқу.

Қазақ тілі пәнінен 11-сынып бойынша төмендегі оқу мақсатынан берілген тапсырма:

11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

 


Стилі

Қолда

нылу аясы

Стиль

дік сипа

ты

Тілдік ерекшеліктері

Ғылы

ми

Оқушы, студент

Каспий теңізінің эколо

гиясы

на бай

ланысты термин

дер

Лек

сика

лық

Тер

мин

дер

Морфо

логия

лық

Жалқы есім

дер, Күрде

лі құрама атаулар

Синтак

систік

Жай сөйлем сабақтас құрма

лас сөйлемдер

2-тапсырма. Жадағай мәтінге  арналған тапсырманы орындаңыз.

 


1. Әдеби кеш қалай аталатынын табыңыз

А) «Есіңе мені алғайсың...»

В) «Бозарып атқан ақ таңда»

С) «Бозарып тұрып ақпанда»

D) «Рухани жаңғыру»

Е)М.Мақатаев кеші

2.  Әдеби кештің   өту мерзімін көрсетіңіз.

А) 4 наурыз    В) 5 ақпан    С)  8 ақпан    D) 10 наурыз  Е) 25 ақпан

3. Кеш жүргізушісін табыңыз.

А)Бақыт Беделхан       В)Жүрсін Ерман   С)Тәуекел Мүсілім

D)Қалқаман Сарин       Е)М.Тазабеков

4. Әдеби кеш қай жерде өтетінін табыңыз

А)Алматы облысы

В)Жамбыл облысы

С)Қызылорда облысы

D)Түркістан облысы

Е)Шығыс Қазақстан облысы

3-тапсырма. Жадағай мәтінге назар аударып, тапсырмаларды орындаңыз.


1.«Бейімбеттің биігі» ақындар айтысы сағат 16.00-де қай күні өтетінін анықтаңыз.

А) 26 қыркүйек

В)27 қыркүйек

С)29 қыркүйек

D) 30 қыркүйек

Е)28 қыркүйек

2. Айтысқа Тоба Өтепбаев қай қаланың атынан қатысатынын анықтаңыз. 

А) Арқалық

В)  Алматы

С) Астана

D) Қостанай

Е) Қызылорда

3. Айтысқа   Қостанай қаласынан  неше айтыскер қатысқанын табыңыз.

А) екі

В) бес

С) жеті

D)сегіз

Е)төрт

4. «Бейімбеттің биігі» ақындар айтысы қай жерде өтетінін көрсетіңіз.

А) Жастар сарайы 

В) Драма театры

С) Конгрес холл

D) Республика сарайы

Е) Тикетон

5. «Бейімбеттің биігі» ақындар айтысы белгілі айтыскерлерден кім қатысқанын анықтаңыз.

А)  Айбек Қалиев, Серік Құсанбаев 

В) Әсем Ережеқызы, Салтанат Өтелбаева,

С) Ерлан Дәулетұлы, Батырлан Сағынтаев

D) Марғұлан Оспанов, Медет Байзақов

Е) Мейірбек Сұлтанхан, Мамай Ізтілеу

689 0
Айнұр Татибекова, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002088
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: