Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1567

Абай Құнанбайұлы қарасөздеріндегі тәрбие мәселесі

Аннотация

1)Ғылыми жұмыстың өзектілігі :  Абай – әлемдік тұлға. Ол өз халқының мұң-мұқтажын, қоғамдық-философиялық ойларын, мәденииеті мен әдебиеттегі көркемдік ізденістерін жаңа сапаға көтерді. Өз халқын «жұрт болсын өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайдың қарасөздеріне құлақ ассын.Абайдың қарасөздері әр алуан мәселені қозғайды. Ол өзінің қарасөздері арқылы да қазақ арасындағы озбырлыққа, қанауға, қара күшке негізделген ел билеу тәртібіне, зұлымдыққа, надандыққа,еңбексіз азған өмірге, бұзылған мінез-құлыққа, адамгершілікке, сыйымсыз тәлім-тәрбиеге,кертартпа әдет-ғұрыпқа, елдің санасындағы зиянды ұғым, теріс түсінікке қарсы шығып отырған заманының мейірімсіз сыншысы болды.

Ұлы хакім Абайдың    қарасөздеріндегі ар-ұят, адамгершілік мәселелерін  зерттеу міндет.Оны зерттеу бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан да    Абайдың қарасөздеріндегі ар-ұят, адамгершілік мәселелерін  ғылыми негізде танып-білудің маңызы зор болмақ. 

2)Зерттеу нысаны : Зерттеу нысаны ретінде  Абайдың қарасөздері басшылыққа алынды. 

3)Зерттеу пәні :    қазақ әдебиеті

4)Жұмыстың мақсаты : Абайдың қарасөздеріндегі ар-ұят, адамгершілік мәселелерін    зерттеу негізінде оқушылардың бойына адамгершілік, инабаттылық  қасиеттерді дарыту.

 5)Жұмыстың міндеттері : 

  1.  Абай қарасөздерінің тақырыбын саралау;
  2.  қарасөздердің идеялық мазмұнын саралау; 
  3.  қарасөздеріндегі адамгершілік мәселелерін әр қырынан зерделеу;
  4.  ар-ұят мәселелерін қамтитын қарасөздерін анықтау;
  5. ар-ұят және адамгершілік мәселелерін қамтитын қарасөздерінің тәрбиелік мәніне талдау жасау  .

6)Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысы барысында  жинақтау, талдау, саралау, салыстыру әдістерін қолдана отырып,  қорытынды жасау  әдістері қолданылды.

     7)Зерттеу кезеңдері: 2022 жыл

     8)Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: 

  1.  Абай қарасөздерінің тақырыбы сараланды;
  2.  қарасөздердің идеялық мазмұны сараланды; 
  3.  қарасөздеріндегі адамгершілік мәселелері әр қырынан зерделенді;
  4.  ар-ұят мәселелерін қамтитын қарасөздері анықталды;
  5. ар-ұят және адамгершілік мәселелерін қамтитын қарасөздерінің тәрбиелік мәніне талдау жасалынды  .

 

Annotation

 The scientific work consist of preface,four  chapters,conclusion and alist of literature.

Actuality of  the    research subject, the levtl of its independence have been substantiated in the introduction; the aim, tasks of the work, its scientific novelty have been formed;research methods have been defined;scientific and practical significance of thescientific work  has been  substantiated; basic statements intented for the defens have been formulated.

   The analise of  the scientific research, results and conclusions are gentralized and given in the conclusion.

 

 

 

Кіріспе

- Тақырыптың өзектілігі: Абай – әлемдік тұлға. Ол өз халқының мұң-мұқтажын, қоғамдық-философиялық ойларын, мәденииеті мен әдебиеттегі көркемдік ізденістерін жаңа сапаға көтерді. Өз халқын «жұрт болсын өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайдың қарасөздеріне құлақ ассын.Абайдың қарасөздері әр алуан мәселені қозғайды. Ол өзінің қарасөздері арқылы да қазақ арасындағы озбырлыққа, қанауға, қара күшке негізделген ел билеу тәртібіне, зұлымдыққа, надандыққа,еңбексіз азған өмірге, бұзылған мінез-құлыққа, адамгершілікке, сыйымсыз тәлім-тәрбиеге,кертартпа әдет-ғұрыпқа, елдің санасындағы зиянды ұғым, теріс түсінікке қарсы шығып отырған заманының мейірімсіз сыншысы болды.

Ұлы хакім Абайдың  қарасөздеріндегі ар-ұят, адамгершілік мәселелерін  зерттеу міндет.Оны зерттеу бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан да    Абайдың қарасөздеріндегі ар-ұят, адамгершілік мәселелерін  ғылыми негізде танып-білудің маңызы зор болмақ.

 - Зерттеу нысаны : Зерттеу нысаны ретінде  Абайдың қарасөздері басшылыққа алынды. 

- Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысы барысында   жинақтау, талдау, саралау, салыстыру әдістерін қолдана отырып,   қорытынды жасау  әдістері   қолданылды.

-Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Абайдың қарасөздеріндегі ар-ұят, адамгершілік мәселелерін    зерттеу негізінде оқушылардың бойына адамгершілік, инабаттылық  қасиеттерді дарыту.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер  алға қойылды:

  1. Абай қарасөздерінің тақырыбын саралау;
  2.  қарасөздердің идеялық мазмұнын саралау; 
  3.  қарасөздеріндегі адамгершілік мәселелерін әр қырынан зерделеу;
  4.  ар-ұят мәселелерін қамтитын қарасөздерін анықтау;
  5. ар-ұят және адамгершілік мәселелерін қамтитын қарасөздерінің тәрбиелік мәніне талдау жасау  .

- Зерттеудің жаңалығы : 

  1. Абай қарасөздерінің тақырыбы сараланды;
  2.  қарасөздердің идеялық мазмұны сараланды; 
  3.  қарасөздеріндегі адамгершілік мәселелері әр қырынан зерделенді;
  4.  ар-ұят мәселелерін қамтитын қарасөздері анықталды;
  5. ар-ұят және адамгершілік мәселелерін қамтитын қарасөздерінің тәрбиелік мәніне талдау жасалынды  .

 

//

І. Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны

 Абай қарасөзінде өмір шындығын қозғаған жазушы, халықтың мұң-мұқтажын көксеген қоғам қайраткері, терең ойдың иесі болып көрінеді. Ол өзінің қарасөздері арқылы да қазақ арасындағы озбырлыққа, қанауға, қара күшке негізделген ел билеу тәртібіне, зұлымдыққа, надандыққа,еңбексіз азған өмірге, бұзылған мінез-құлыққа, адамгершілікке, сыйымсыз тәлім-тәрбиеге,кертартпа әдет-ғұрыпқа, елдің санасындағы зиянды ұғым, теріс түсінікке қарсы шығып отырған заманының мейірімсіз сыншысы болды.

Абай көзі көрген зұлымдықтарды сынап қана қоймай, сонымен бірге , одан құтылудың жолын қарастырады; әділетке, өнер-білімге, адал еңбекке, адамгершілікке үндеді. Қазақ жастарына ақыл айтып, адамға жат мінез-құлықтардан сақтандырды, мәдениетті елдерден өнер алуға, дүниелік ғылымды, техниканы үйренуге, алдымен, ұлы орыс халқы мәдениетін игеруге шақырды.

Абай қарасөздері ақынның терең ойы мен ұлы арманын айқын көрсетті.Абай аз сөзге бай мазмұн  сыйғызып, қысқа , тұжырымды көлемде, біраз мәселенің бетін ашады; көптеген адамгершілік ереже ұсынады.

Абай сөзінің мазмұн өзгешелігі, оларды белгілі тақырып айналасына топтастыруда, кейбір қиындықтар да келтіреді.

Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «...Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». [3.10] 

Меніңше, Абайдың қарасөздерін мазмұнына қарай, мынадай, бес үлкен тақырып төңірегіне топтауға болады:

1)Қоғам құрылысы, ел билеу жайын көп қозғайтын сөздері;

2)Оқу,өнер-білім, тәлім-тәрбие мәселесі туралы;

3)Еңбек, шаруа жайларын әңгімелейтін сөздері;

4)Адамгершілік, мінез-құлық жайларын көрсететін сөздері;

5)Дүние, өмір туралы ойлары мен дін мәселелерін түсіндіретін  сөздері.

Бұл топтарға Абайдың 3-4 сөзі ғана жатпайды. Ол сөздер меніңше, өзіндік мазмұн өзгешелігі бар, түрі бөлектеу болып келетін «Бірінші сөз», «Отыз жетінші сөз», «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деп аталатын сөздер. Сонымен бірге Абайдың қарасөздерін тақырыптық жағынан бірнеше топқа бөліп, қарасөздерін топтастырып көрейін. 


Ар-ұят,

адамгершілік:

5, 9, 11, 18, 24, 40



 

 


Қазақтардың

мінез-құлқы:

4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38

 


 Дүниенің

 тылсым 

сырларын тану:

7, 19, 31, 38, 43

 Надандық, 

жалқаулық 

т.б. сынау:

3, 6, 8, 11, 18

 

 Еңбек:

2, 4, 25, 42

 

Қазақ мақалдары:

5, 6, 37, 39

 

 Ғылым, 

білім, өнер:

25, 32, 33, 

 

  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бірінші сөзде» Абай Құнанбайұлы өзінің жеке басына байланысты ойын өмірбаяндық дерек ретінде әңгіме етеді, оқушымен сырласады. Өзінің өткен өмірін есіне алып, енді алда не істеуге бел байлағанын мәлімдейді; өзі сияқты қазақтың істеп жүрген істерін, кәсіптерін істеуден бас тартқанын айтады. 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер :

 

1.  Абай.Екінші том. Алматы: «Жазушы», 2005 ж.

 2.Абай Құнанбайұлы. Ұлы дала тұлғалары. Алматы: «Әдебиет әлемі», 2013ж. 

3. М.Әуезов. Көп томдық шығармалар жинағы. 20-том. Алматы: «Жазушы»

4. М.Мырзахметұлы «Абайтану» 1-том, Астана: 2014 ж. 

5. М.Мырзахметұлы «Абайтану» 2-том, Астана: 2014 ж.  

 

1 239 0
Асем Нұрходжаева, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002087
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: