Бауыржан Момышұлының әрбір шығармасы беттері парақталып, ашылып жатқан кітап тәрізді.«Баукең туралы еңбек жазу – ерлік. Оған ақылшы аға болу –ерлік. Оған қорықпай соңына еріп, іні болу –ерлік. Ал, сол ерлікті әділ бағалай білу –үлкен ерлік» - дейді жазушы Қасым Қайсенов. Оның ұлттық дәстүрдің озығын жаңғырту әсіресе «Ұшқан ұя» повесі арқылы әкелгенін көреміз. «Ұшқан ұя» болашақ ұрпақ дамуына қажет өз ұлттық топырағыңнан ажырасақ, құнарсыз жердегі тырбиып өскен көктей боласың, ұлттық жан дүниең жұтандайды деген идеяны көтеріп тұр. «Ұшқан ұяның» негізгі арқауы – әрбір адамның рухани анасы іспеттес ұлттық дәстүрлерден қол үзбеу. Халқымыздың ұлттық дәстүрі арқылы болашақ ұрпағын тәрбиелеуде мектеп оқушыларына, замандастарыма Б.Момышұлының «Ұшқан ұясын» оқытудың маңызы зор.
Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы бойынша 8-сыныпта жазушы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне бірнеше тақырыптар берілген:
- Бауыржан Момышұлының шығармашылығы;
- «Ұшқан ұя» повесі;
- Отан отбасынан басталады;
- Балалық шаққа саяхат;
- Бала Бауыржан;
- Ел болам десең,бесігіңді түзе;
- Қазақ этнографиясы.
Оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмаларды орындау арқылы оқушы тақырыпты меңгеріп, тапсырмаларды мұқият орындайды.
Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар:
1-тапсырма. Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған сұрақтар:
1. Б.Момышұлы қай жерде туылды?
2. Жазушының «Жон арқа» әңгімесінде не суреттеледі?
3.Жазушының стильдік ерекшеліктері қандай?
4.Б.Момышұлының қаламынан қандай нақыл сөздер туды?
5.Б.Момышұлының шығармаларында не басым?
6.Жазушының «Москва үшін шайқас» романына не арқау болды?
7.Бауыржан Момышұлының ұстазы кім?
8.Жазушының негізгі жетістігі қандай?
9.Б.Момышұлының жанкешті ерлігі туралы қандай шығармалар туды?
10.Б.Момышұлының шығармаларындағы тарихи тұлғаларды ата?
11. «Ұшқан ұя» қандай туынды?
12.Қай жылы «Ұшқан ұя» повесі Мемлекеттік сыйлыққа ие болады?
13.Шығармаға қандай оқиғалар негіз болған?
14. «Ұшқан ұя» повесінің тәрбиелік мәні қандай?
2-тапсырма. Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз.
Шығарма үзіндісі | Салыстырмалы талдау |
Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-қатар тізіп қояды да бақалшыға: - Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, - дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді. |
|
Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда. |
|
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. - Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол. - Мен Момыштың ұлымын. - Момыш кімнің баласы? - Момыш – Имаштың баласы. Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген. |
|
Дескриптор
- шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды;
- заманауи тұрғыда салыстыру жасайды;
- материалдық, рухани құндылықтарға баға береді.
3-тапсырма.«Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы тапсырмаларды орындаңыз.
Үзінді | Үзінді жайлы тұжырымдама |
1.
|
|
2.
|
|
3.
|
|
- Шығармадан Қызтумас әжесінің бесік жырын тауып, тұжырымдама жасаңыз
- Бесік жырының мәні қандай?
- Ертегі мен бесік жыры туралы жазушының көзқарасын тауып, тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ойыңызбен байланыстырыңыз.
- Балалық шақ туралы ойын тұжырымдаңыз.
Дескриптор:
-ертегі, бесік жыры туралы көзқарасын білдіреді;
-шығармадағы ұлттық құндылықтар туралы көзқарасын білдіреді.
4-тапсырма. «Ұшқан ұя» мен «Отан отбасынан басталады» бөлімдерін композициялық құрылысына талдау жасаңыз.
5-тапсырма. «Сыртқы және ішкі шеңбер бойымен әңгімелеу» арқылы бірнеше сұрақтардың жауабын ортаға салып талқылайды.
1-сұрақ: Қалай ойлайсың, Қызтумас әжесінің бесік жырын айту себебі неде?
2-сұрақ: Қызтумас әжесінің мейірімі төгілу себебі неде?
3-сұрақ: Отбасы өнегесінің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
Дескриптор:
-сұрақтарға жауап береді.
5-тапсырма.Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі тура және жанама мінездеуге мысалдар келтіріңіз.
Тура мінездеу | Жанама мінездеу |
|
|
6-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Шығармадағы жаныңа жақын кейіпкер туралы, өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)
2. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)
3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырыңыз, мысал келтіріңіз.(1 сөйлем)
4. Қорытынды. Өзіндік қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)
_________________________________________________
Дескриптор
- тура және жанама мінездеуді ажыратады
- өз ойын дәлелдейді;
- өмірмен байланыстырады;
- қорытынды ой айтады.
7-тапсырма.1. Үзінді арқылы кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі жұбыңызбен бірге талдаңыз.
«Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
- Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.
- Мен Момыштың ұлымын.
- Момыш кімнің баласы?
- Момыш – Имаштың баласы.
Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген»
Берілген үзіндіде автор бейнесі қалай көрінді? Шығармада көтерілген мәселе, тілдік қолданыс, кейіпкерлердің ішкі сезімі, оқиға көріністері арқылы анықтап, талдаңыз.
Дескриптор :
- кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі ажыратады;
- автор бейнесін талдайды;
- өзіндік көзқарасын жеткізеді.
8-тапсырма
«Сұрақтар патшалығы» әдісі
Кім? Мәтіннің негізгі кейіпкері | ||||||
| ||||||
Қандай? Кейіпкер басынан өткізген 2 кезең | ||||||
|
| |||||
Қайда? Кейіпкер қатысқан оқиғаның 3 мекені | ||||||
|
|
| ||||
Қалай? Автордың кейіпкерді суреттеген 4 қасиеті | ||||||
|
|
|
| |||
Не себепті? Кейіпкерге берілген ерекше баға | ||||||
| ||||||
Дескриптор:
мәтіннің негізгі кейіпкерді анықтайды;
мәтіндегі 2 кезеңді анықтайды;
мәтіндегі оқиғаның 3 мекенін анықтайды;
мәтіндегі кейіпкердің 4 қасиетін анықтайды;
мәтіндегі кейіпкерді бағалайды.
9-тапсырма. 1)Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің тақырыбы, көтерген мәселесі бойынша тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.
__________________________________________________________________
2. Берілген екі шығарманың ерекшелігі мен айырмашылығын салыстырыңыз.
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
| М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» |
|
|
Дескриптор :
- шығармалардың өзіндік ерекшелігі мен айырмашылығын анықтайды;
- екі шығарманы салыстыра талдайды;
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
10-тапсырма.«Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы тапсырмаларды орындаңыз.
Үзінді | Үзінді жайлы тұжырымдама |
1. |
|
2.
|
|
3. |
|
- Шығармадан ұлттық салт-дәстүр туралы айтылатын шумақ үзінділерін тауып, тұжырымдама жасаңыз
- Қазақ халқының этнографиясы жазылған үзіндіге тұжырымдама жазыңыз.
- Ұлттық құндылықтардың бірі ұлттық киім-кешек атаулары мен ыдыстары кездесетін үзіндіні анықтап, тұжырымдама жасаңыз.
Дескриптор:
шығармадағы ұлттық салт-дәстүр бойынша көзқарасын білдіреді;
шығармадағы этнографияға көзқарасын білдіреді;
шығармадағы ұлттық құндылықтар бірі ұлттық киім атаулары кездесетін үзіндіні анықтайды.
11-тапсырма. Әңгімеден көненің көзіндей салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз қазақтың болмысымен астасып жатқанын байқаңдар. Құндылықтармен сусындаған қазақ баласының бейнесін жасаңдар.
Дескриптор:
-қазақ баласының бейнесін жасайды.
Кері байланыс: «Нысана»
Б.Момышұлы шығармаларынан алған білімдеріңді нысанаға түсіріңдер.
1.Шығарманы түсіну
2.Шығарманы талдау
3.Салыстыру
4.Өз пікірін білдіру
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқу мен талдауға, шығармашылық қиялын дамытуға арналған, әрі оқу мақсатына бағытталған тапсырмалар оқушының қабілетін шыңдауына ықпал етеді.
Қазақ әдебиеті сабағында мұғалім тарапынан эссе жазуға көп көңіл бөлінеді. Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. Эссе мазмұнында, ең алдымен, ойды анық және сауатты бере білуі, ақпараттың құрылымы, негізгі ұғымды қолдануы, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алуы, өз көзқарасын дәлелдей білуі бағаланады. Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет. Эссені сөйлеу нормаларын сақтай отырып, анық және түсінікті етіп жазу қажет.
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіне байланысты тақырыпты ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігін, композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі,сөйлеу мәдениетін анықтау мақсатында төмендегідей тақырыпта эссе жұмыстары алынды:
- «Шығарманың «Ұшқан ұя» аталу себебін талдап жазыңыз.
- Шығармадағы ер баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлін сипаттап жазыңыз.
- «Ұшқан ұя» повесіндегі көненің көзіндей салт-дәстүрлеріміз ұлттық болмысымызбен астасып жатқанын талдап жазыңыз.
Оқушылардың әрбір эссе жұмысы мұғалім тарапынан тексерілді. Оқушылардың үздік эссе жұмыстары жинақталып, қосымша ретінде ұсынылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Момышұлы Б.Ұшқан ұя. 1 том. Алматы, «Өнер» 2008 ж.
2.Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, «Жазушы»
3.Қалдыбаев М.Атақ пен шатақ. Алматы, 2004 ж.
4.Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «Санат» 2002 ж.
5. Мырзахметұлы М. «Аңызға аты айналған» Тараз 2000 ж
6.Дәрібаев С., Орда Г., Сатылова А. Қазақ әдебиеті.Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы, «Мектеп» 2018 ж.