Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1564

Ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін өздік жұмыстар арқылы қалыптастыру жолдары

Резюме

 В статье рассматриваются пути формирования коммуникативной компетенции учащихся через самостоятельные работы на уроках  английского языка. 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға араналған мемлекеттік бағдарламасында  педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді жаңғырту мәселесі айқын көрсетілген болатын [1]. Міне, білім беру саласының басты мәселесі оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен педагогикалық технологияларды енгізу болып табылса, ал, екінші басты мәселелердің бірі педагогтар құрамының сапасын арттыру болып табылады. Жаңа дәуірдегі жаһандану үдерісіне төтеп бере алатын болашақтың зиялы ұрпақтарын тәрбиелеу –  біздің мемлекеттің өзекті мәселесі.  Ұлы Абайдың: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деген сөздері  ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе? Сондықтан кәсіби шеберлігі шыңдалған, құзырлығы  жоғары, өз ісінің шебері болу ұстаздан нені талап  етеді десек, ол мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден тұрады. Нәтижеге бағытталған білімдендірудің жаңа жүйесіне көшу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды талап етеді. Әр сабағын ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - дейді Жүсіпбек Аймауытов [3]. Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, құзыреттіліктерін қалыптастыра алады. Білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда өздік жұмыстардың маңызы зор. Өздік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Мәселен, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, Л.В.Усова  т.б. өзіндік жұмыс түрлері мен мазмұнын жан-жақты зерттеген. Өздік жұмысты оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдану қажеттігі және жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У.Абдукаримова, В.К.Буряк, Т.Т.Галиев, Е.Я.Голант, К.Дүйсенбаев, Б.П.Есипов, Р.М.Микельсон, Е.С.Саблик, М.Н.Скаткин еңбектерінде негізделді.  Қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған өздік жұмыстардың сан алуан түрлерін дұрыс, ұтымды пайдалану мұғалімнен үлкен жауапкершілік пен ізденімпаздықты, білімділік  және сауаттылықты талап етеді. Ол үшін оқытушы оқытудың әдістерін, формаларын тиімді саралай білуі керек. Өздік жұмыс – мұғалімнің  тікелей көмегенсіз,  арнайы бөлінген уақыт ішінде орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселені күш-жігері мен ақыл-ойын саналы түрде жұмсай отырып шешеді және өз жұмысының нәтижесін көрсетеді [4].

 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаттары: 

  1. Білім алушының өздігінен білімін жетілдіре отырып, жаңа білім алуы; 
  2. Оқушылардың өзара білім алмасуларына дағдыландыру; 
  3. Білімдерін пысықтау
  4. Оқушылардың білімін тексерубақылау
  5. Шығармашылық қабілеттерін арттыру
  6. Сөздік қорларын байыту.

 Білімді меңгеру – оқу материалын, ережелер мен грамматикалық ұғымдарды есте сақтау ғана арқылы емес, оны білім алушылардың  өздері логикалық талдау жасай отырып, орынды пайдалана білуі арқылы орындалады.   Ағылшын тілі тілі сабағында білім алушыларға өз беттерімен орындауға берілетін жұмыстар олардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, ойлау қабілеттерін арттыруға, өз бетімен шешім қабылдауға талпындыратындай болуы тиіс. 

 Ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың   коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған өздік жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар: 

  1. Тапсырма мазмұны білім алушылардың жас және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы; 
  2. Білім алушының бұған дейінгі алған біліміне сәйкес болуы;
  3. Тапсырманың түсінікті болуы;
  4. Орындау тәртібіне сәйкес тапсырмалар да бірте-бірте күрделене түсуі;
  5. Тапсырма мазмұнының қызықты болуы

 Ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған өздік жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі – деңгейлік тапсырмаларды орындату. Саралап, деңгейлеп оқыту техногиясына тоқталатын болсақ, бұл технология – білім мазмұнын оқушыларға меңгерту жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесі болып табылады [5].

 Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясында білім төрт деңгейге бөлінеді.

Бірінші деңгей – міндетті оқу деңгейі. Онда білім алушы мемлекет стандартындағы минимум талаптарын орындайды. 

Екінші деңгей – алгоритмдік, яғни логикалық тапсырмалар шешіледі.

Үшінші деңгей – эвристикалық. Мұнда  білім алушылар анализ бен синтез жасау арқылы өз тапсырмаларын орындайды. 

Төртіншісі – шығармашылық деңгей. Білім алушы  ең қиын деңгейдегі тапсырмаларды орындап, өзінің шығармашылық қабілетін танытады. Бұл деңгейдің тапсырмалары дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты шәкірттерге арналады. 

 Саралап оқыту технологиясы оқу үдерісінің белгілі бір бөлігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың, оның құралдары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай да болсын білім алушыларды саралау жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту технологиясының өзі әр түрлі әдістемелік құралдарды қолдану арқылы енген, сіңген технология. Дегенмен, оқу үдерісін саралау – педагогикалық жүйелер қатарында өзіндік айқын мақсат көздейтіндігімен ерекшеленеді және бұл «саралап оқыту технология» деп те айтылып жүр.  

Деңгейлеп оқыту технологиясының басты ерекшелігі –білім алушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың дифференциялдануы. Деңгейлік тапсырмалар білім алушылардың алған білімін толықтыра отырып, тереңдетеді және олардың бойында қажетті дағды, білім мен біліктердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай сатылап динамикалы даму – деңгейлік тапсырмалардың негізгі жүзеге асырылу шарты.    Әр деңгейдің тапсырмаларының өзіндік талаптары болғандықтан, деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың білім деңгейі айқын көрініп тұрады.  Әр деңгейдің бағалау нормалары болғандықтан, оқушының жұмысын бағалау жүйесі де бар.   Деңгейлеп оқыту технологиясында тапсырмаларды орындау, соған сәйкес оқушы білімін бағалау төрт деңгейге бөлінеді. 

Бірінші деңгей – міндетті деңгей. Бұл деңгейде білім алушы мемлекеттік стандарттың минимум талаптарын орындайды. Оқытушының түсіндіруімен меңгерген білімін, қабылдаған мәліметті кез келген жағдайда тауып, анықтай алуы тиіс.  Ағылшын тілі сабағында бұл деңгейге ережелер мен анықтамалар, білім алушы жадында қалу үшін берілген тапсырмалар, сөйлем ішінен грамматикалық көрсеткіштерді табу, мысал келтіру сияқты тапсырмаларды жатқызуға болады. Білім алушыға қиындық тудырмайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.   

Екінші деңгей – алгоритмдік деңгей деп аталады. Бұл деңгейдің тапсырмасы міндетті деңгейдің тапсырмаларына қарағанда қиындайды, тапсырманың мазмұны мен  оны орындау жолдары күрделенеді. Алған білімін бекіту, одан әрі тереңдету мақсатында берілетін бұл деігейдің тапсырмалары білім алушыдан өз білімін тапсырманы орындау барысында тиімді қолдана білуді талап етеді. Алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар білім алушының ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында беріледі.  Екінші деңгейдің тапсырмаларын орындау барысында білім алушылар мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпараттарды пайдаланады. Мәселен, сызба, кестелерді толтыру, т.б. 

Үшінші деңгей – эвристикалық деңгей. Бұл деңгейде танымдық-іздену түріндегі тапсырмалар беріледі. Мұндағы тапсырмалар білім алушыдан ізденуді талап етеді. Білім алушы бұрын алған білімінің негізінде қосымша әдебиеттердің көмегімен тапсырманы ой еңбегін іске қосу арқылы орындайды. Эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушы жаңа тақырып бойынша меңгерген білімдерін тереңдете отырып, дамытуы, сондай-ақ жаңа білімді меңгеруі тиіс.  

Төртінші деңгей – шығармашылық деңгей деп аталады. Шығармашылық деңгейде тапсырманың мақсаты тереңдетіліп, алған білімінің негізінде білім алушының өзіндік ізденісіне жол ашылып, қиялы мен белсенді ой еңбегі жүзеге асырылады. Бұл деңгейдің тапсырмаларын білім алушы өзінің ізденісінің арқасында шығармашылық қабілеті арқылы орындайды. 

 Ағылшын  тілі сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін диалог, полилог алаңы,шағын әңгіме, ертегі құрастырып жазу, бір-бірінің шығармашылық жұмыстарына рецензия жазу тәрізді тапсырмаларды орындайды, ірі тілдік тақырыпты өткеннен кейін «өз бетіңше сызба, кесте құрастыр» деген сияқты тапсырмалар беруге болады.  

Төртінші деңгейде білім алушы білімі баллдық жүйеде бағаланбайды. Білім алушының жеке ізденісі болғандықтан, ынталандырудың басқа түрлері: білім алушы еңбегін баспасөз беттеріне жариялау, мақтау қағазымен мадақтау, ата-аналарына алғысхат беру сияқты   марапат түрлері қарастырылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы білім алушы білімі әділ әрі дұрыс бағаланады, білім алушының оқу белсенділігі, білім алуға деген ынтасы, ойлау және өз бетімен жұмыс істеу қабілеті  арттырылып, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.  

Қорыта айтқанда,  ағылшын тілі сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған деңгейлік тапсырмалар  білім алушының білімді терең меңгеруіне, әр сабақтың сапасын арттыруда тиімді болып табылады.  Өздік жұмыс білім алушының білімін, дүниетанымын тереңдетеді, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырады.  

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама // 12.10.2021.  

408 0
Эльмира Касенова, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002084
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: