Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1563

Пән бойынша білім алушылардың олқылықтарының орнын толықтыру жұмыстарының ерекшеліктері

 «2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру»,- деп нақты   әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген. Негізгі пәндер бойынша әрбір педагог оқу жылының басында мониторингтік бақылау жұмыстарын алады. Мониторингтік бақылау жұмыстарының нәтижесі бойынша білім алушы өткен оқу жылында меңгермеген немесе қиындық тудырған оқу мақсаттары және ағымдағы оқу жылы бойынша меңгеруге қиындық тудыратын оқу мақсаттары нақтыланып, жеке жұмыс жоспары жасалады.    «2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.   Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді. Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі» – осы мәселені әрбір педагог басшылыққа ала отырып, жұмыс атқаруы тиіс.

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері: 1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар; 2) оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар; 3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі болуы мүмкін. 

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында: педагогке: - білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау; - жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу; - жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу; - жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.

6-сынып  бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен диагностикалық бақылау жұмыстары бойынша «Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімінен   М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесі бойынша төмендегі оқу мақсаты мен бағалау критерийлері басшылыққа алынды.

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

 5.1.1.1.  Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

 

-Шығарманы сюжеттік желісі бойынша ретімен орналастырады;

-шығарма мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

                                       

  1-тапсырма. Шығармадағы сюжеттер желісіне қарай оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

                                    Сюжет

Реті

Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы.

 

Аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы.

 

Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып, вокзалға бағыт алуы.

 

Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, директормен әңгімесі.

 

Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы тосырқаулық, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.

 

2-тапсырма. Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақ

Жауап

Қали Манап әкелген костюмді неге киіп көрмеді?

 

Қали балалар үйінде немен айналысады?

 

Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді?

 

1-тапсырма.  Әл-Фараби «Қашықтасың туған жер» өлеңін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

  6.2.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық     мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

-Идеясы арқылы әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

                                       

1.Өлеңде ақын нені аңсап жатыр?

2.Өлеңде ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі қай жолдарда берілген?

3.Өлеңнің идеясы қандай?

Дескриптор:   -идеясын  анықтайды;  -сұрақтарға жауап береді;

2-тапсырма. Өлеңді құрылысына қарай талдап, көркемдеуіш тәсілдерді анықтаңыз.

  1. Авторы: Әл Фараби
  2. Тақырып: туған жерге сағыныш
  3. Жанр түрі: лирикалық өлең.
  4. Идеясы: жылдар өтіп бара жатқан сайын таза пейілді адамдардың қатары азайып қалуы.
  5. Шумақ – 3 шумақты
  6. Тармақ – 12 тармақтан тұрады
  7. Бунақ – 3 бунақты
  8. Буын саны – 11
  9. Ұйқас – кезекті ұйқас (а б в б)

Әдеби теориялық ұғымдар

  1. Эпитет – туған жер-қалың елім, жолға сарылып қарауменен, қасіреттің жасына көз жуынар, жаным менің түнереді.
  2. Теңеу – қанатым талды менің, жылдарым жатыр ағып

Дескриптор:

- өлеңнің авторын, тақырыбы мен идеясын табады;

- жанрын табады;

- өлеңдегі шумақ,тармақ, бунақ және буын санын анықтайды;

- ұйқас түрін табады;

- көркемдеуіш тәсілдерді анықтайды.

3-тапсырма. Көркем шығармадағы автор бейнесін анықтаңыз.

1. Пікір. Оқыған мәтіндегі кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.

2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Дескриптор

- шығармадан автор бейнесін анықтайды;- өз пікірін дәлелдейді;

- пікірін өмірмен байланыстырады,- тақырып бойынша қорытынды шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі:

 

1.«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

613 0
Мейрамгуль Берметова, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлы Дала Ұстазы № 002083
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: