Қазақ әдебиеті сабағында Ж.Жабаев шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ұлттық рухын асқақтатып,егемен еліміздің саналы да ойшыл,адамгершілік пен ізгілікті өзінің айнымас ұстанымы ете білетін,ел тірегі,ұрпақ жалғасы ,нағыз ұлтын қадірлей білетін,биік тұлғалы азаматты тәрбиелеуде маңызы зор.
Сөз өнерімен жөргегінен ауызданып,оның құдіретін ғасырлық ғұмырына серік еткен арқалы айтыс ақыны Жамбыл – халқымыздың даналық мектебінің Ұлы Ұстаздарының бірегейі. «Жиырмасыншы ғасырдың Гомері» атандырған – оның жыраулық ,ақындық қасиеті екені даусыз.Тарихта ҮІІІ ғасырда өмір сүрген Кетбұқа – Аталық жыраудан,Қорқыт бабадан мирас болған жыраулық өнердің жиырмасыншы ғасырдың ұлы желісін жалғастырушысы да Жамбыл ақын.Ол дәуірінде даналық,шешендік таланттарымен таңдай қақтырған Сыпыра,Доспамбет,Шалкиіз – Бұқар жыраулардың үлгісін,жыраулықтың алтын тінін біздің заманымызға жеткізіп берді.
Қасиетті туған жерді жаудан азат етуші баһадүр бабалардың ерлік істері Жамбылдың кең тынысты,серпінді жыр-дастандары арқылы эпикалық жанрды байыта түсті.Ол өз ұстазы Сүйінбай жолымен «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» жырларында мадақтаудың озық үлгісін жасады.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары әдебиет тарихын зерттеуші Сәкен Сейфуллин Жамбыл шығармашылығына үлкен мән берген еді.Ол: «Жамбыл жырлары – теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды.Оны жинап алып,халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз», - деп жазды. [2.209]
Ж.Жабаев шығармашылығына ауыз әдебиетінің эпостық жыр,толғау,арнау,мадақтау өлеңдері сияқты көне салалары тән.Жамбыл шығармаларын тақырып жағынан саралай келсек,көбінесе ерлік пен батырлықты,ел мен жерді,жаңа өмірдің бейнесін жырлаған халық жыршысы дәстүрлі ауыз әдебиеті шеңберінен асып,өзі өмір сүрген тарихи кезеңдерді сипаттайды.
Жамбыл поэзиясы туралы сөз қозғағанда,Ұлы Отан соғысы тақырыбына оралмай кетуге болмайды.
Ақын өзінің «Ленинградтық өренім» өлеңінде фашистік басқыншыларды қара жылан бейнесінде суреттейді.Әсем қаланың суретін,оны қорғаушы батыр ұландарының ерлік істерін,қазақ жерінен көмекке ағылған әскері мен астығын әсірелей жырлай келіп,ысылдаған қара жыланның қазылған көрге түсер уақыты жеткенін,аспан мен жер арасы қаусырғандай қуатты батыр ұландардың кек қайтаратынын үлкен сеніммен жырлайды.
Ақынның қолданысындағы «Ленинградтық өренім» тіркесі – алыстағы құрсауда қалған қара халқын өз туған бауырындай сезінген ұлы бабаның ғана аузынан шығатын ыстық сөз.
Уа,ұлы өрен,жас ұлан,
Асыраған сені елің. [1.120]
сияқты жолдар жиі ұшырасады.Ақынның стиліндегі «өрен», «жас өрім» сияқты қолданыстар ұлттық болмысымызға тән жас ұрпағым,болашағым,жастарым мәнін білдіреді.
9-сыныпта Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық» шығармаларын оқытуда түйінді мәселелерге ерекше мән беріп,оқушыларда адам бойындағы жан-дүние байлығы мен рухани ізденістерін қалыптастыру болмақ.
І тапсырма
1-топқа
Өмір – өзен (Жамбыл өміріне шолу)
- Жамбыл кім?
- Қай жылы туып, қай жылы қайтыс болған?
- Жамбыл туралы не білеміз?
- Жамбылдың әкесінің есімі?
2-топқа
Жыр алыбы – Жамбыл (Жамбыл шығармаларына шолу)
- Жамбылдың өзіне пір тұтқан ұстазы кім?
- Жамбылдың алғашқы шығарған өлеңінің аты?
- Жамбылдың «Кәдірбайдың төбеті» өлеңі туралы не білесіңдер?
- Жамбылдың баласы Алғадайға арнаған өлеңі қалай аталады?
Жамбыл шығармашылығын екі кезеңге бөлуге болады :
І кезең : 1846 -1916 жылдар (1 топ)
ІІ кезең: 1917-1940 жылдар (2топ)
«Білген сайын келеді, біле бергім» .1 минут үнсіздік.(Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға тағзым)
Жаңа сабақты бастамас бұрын бірнеше сұрақтар қойылады. (2 топқа бірдей)
- Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
- Соғысқа қатысқан батырлар мен ардагерлер туралы не білесіңдер?
- Соғыс туралы қандай кинолар көрдіңдер?
- Балалар ,Отанға,халыққа деген сүйіспеншілік,ынтымақ,бірлік – Жамбыл Жабаев шығармаларының негізгі арқауы.Жамбыл Жабаев Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімі елге танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға қайта елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсанады.
«Ленинградтық өренім»туралы Прокофьев былай деп жазды : «Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңін жариялаған кезде өте ауыр кезең еді.Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылып тұрды.Халық бомбадан убежищеге тығылу орнына Жамбыл өлеңі жазылған газеттерді алу үшін кезектерде тұрғанын талай көрдік»
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
……………………………….
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Өлеңнің жазылу тарихы 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады.
Глоссарий: қоршау – блокада, осада;
Зұлмат –трагедия, бедствие;
Арнады – посвятил.
“Ленинградтық өренім” өлеңін сатылай кешенді талдау сызбасы:
1.Авторы :Жамбыл Жабаев.
2.Тақырыбы :халықаралық достығы, Отанды сүйіспеншілік.
3.Жанр түрі :поэзия (өлең).
4. Идеясы :автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.
2 шумақ. 33 тармақ. 2 бунақ.
5.Әдеби теориялық ұғымдар:
эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі. Теңеу – бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.
6.Өлеңнің тәрбиелік мәні: барлық халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
Сөздік жұмысы
Өрен – жасөспірім ұрпақ, жеткіншек.
Көмкерген – жиектеген.
Айбын – қаһарлы, сұсты, зәрлі.
жау – дұшпан, шапқыншы.
Шер – қайғы-қасірет, уайым.
«Ата жаумен айқастық» өлеңін оқушылардың өздері сатылай кешенді талдау жасайды.
Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді? | Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды? | Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті? |
|
|
|
ІІІ тапсырма. «Жыр арқауы – Жамбыл»
Оқушылар қосымша ізденгендері бойынша өз ойларын ортаға салады.
І топ. «Жамбыл – айтыскер ақын»
ІІ топ «Жамбыл дастандары»
ІҮ тапсырма «Білімді болсаң ,озып көр»
Жамбылдың екі өлеңін екі топ көркемдік ерекшелігіне талдайды.
Ү тапсырма. «Көңілдегі көрікті ой»
(Шығармашылық жұмыс,бұл тапсырма бойынша өлең,шығарма жазу.)
І топ. «Жүз жасаған бәйтерек»
2 топ. «Асқақ үнді алып ақын»
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмірде жоқ өзіндік бір жаңа дүниені тудыруы,жасауы,яғни,өмір шындығына,өзін өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.
Оқушылар Жамбыл шығармашылығына қатысты шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы белсенділігі, танымдық іс-әрекеті,өзіндік ой-өрісі дамиды.
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын,
Өлеңнің ұлы сүре даңғылымын.
Көктемдей қызғалдақты қызық заман
Қайта туып жасарған балғынымын.
деп өзіне зор баға берген,жүз жыл жырлап өткен Жамбылды,оның асқақ рухты өлеңдерін орта мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялары арқылы меңгертудің маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ж.Жабаев .Өлеңдер,айтыстар,дастандар. А,1989 ж.
- С.Сейфуллин .Шығармалары.А,1991 ж.
- Ә.Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат.А,1994 ж.
- А.Құттыгүл. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы.А,2002 ж.
- Қ.Мырзағалиев .Мектепте әдебиет теориясы ұғымдарымен таныстыру.А,1992 ж.