Аннотация
1)Ғылыми жұмыстың өзектілігі : Өткен ғасырда халықтың қылша мойны - талша болып, коммунистік-сталиндік зұлматтан ел аштан қырылып жатқанда дүниеге келген, өзінің қаламгерлік өмірімен кеңестік жүйені қақ жарып өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің Көк туын бірге көтеріскен Тарихи Тұлға – Шерхан Мұртаза!
Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларындағы өткір де өзекті мәселелер – Ата Заң, Тіл, Жер туралы және не қабылданып, не талқыланып жатқан тағы да басқа бірталай заңдардың жобаларына қатысты ұтымды ұсыныстар, пікірлер әрқашан ұлттық әрі мемлекеттік шынайы мүдделерді қызғыштай қоритын нағыз ұлтжанды асыл перзенттің тұлғасын көрсетеді. Шерхан Мұртазаның шығармашылық пен қайраткерлік қызметі қазақ баспасөзі арқылы қалыптасып, сол арқылы оқырманға танылған.
Ш.Мұртаза – ел өмірі, ұлт тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, жақсысы мен жасығы туралы кестелі ойларын ортаға салып, қазақ әдебиетіндегі публицистика жанрының дамуына сүбелі үлес қосқан бірегейлердің бірі.
Қоғам қайраткері, жазушы, публицист Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларын ғылыми негізде зерттеу керек екендігін уақыт тудырып отыр.
2)Зерттеу нысаны : Зерттеу нысаны ретінде Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармалары негізге алынды.
3)Зерттеу пәні : Әдебиет
4)Жұмыстың мақсаты: Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларын тақырыптық, мазмұндық жағынан саралау.
5)Жұмыстың міндеттері :
- Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларының тақырыптық ерекшелігін айқындау;
- Ш.Мұртазаның тарихи тұлғалар туралы очерктерін зерделеу;
- Ш.Мұртазаның ұлт намысы, ұлт тағдыры тақырыбындағы публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшелігін айқындау;
- Қаламгердің тіл туралы толғанған мақаласын зерделеу;
- Ш.Мұртазаның жемқорлық, парақорлық тақырыбына жазылған мақаласындағы ұлтжандылық рухты пайымдау;
- Ш.Мұртаза публицистикасының стильдік сипатын, тілдік тұлғаларын анықтау.
6)Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысы барысында хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, жүйелі-кешенді, баяндау тәсілдері пайдаланылды.
7)Зерттеу кезеңдері: 2021 жыл
8)Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларының тақырыптық ерекшелігі айқындалды;
- Ш.Мұртазаның тарихи тұлғалар туралы очерктері зерделенді;
- Ш.Мұртазаның ұлт намысы, ұлт тағдыры тақырыбындағы публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшелігі айқындалды;
- Қаламгердің тіл туралы толғанған мақаласы зерделенді;
- Ш.Мұртазаның жемқорлық, парақорлық тақырыбына жазылған мақаласындағы ұлтжандылық рух пайымдалды;
- Ш.Мұртаза публицистикасының стильдік сипаты, тілдік тұлғалары анықталды.
Annotation
The scientific work consist of preface, six chapters, conclusion and alist of literature.
Actuality of the research subject, the levtl of its independence have been substantiated in the introduction; the aim, tasks of the work, its scientific novelty have been formed; research methods have been defined ; scientific and practical significance of the scientific work has been substantiated; basic statements intented for the defens have been formulated.
The analise of the scientific research, results and conclusions are gentralized and given in the conclusion.
Кіріспе
- Тақырыптың өзектілігі : Өткен ғасырда халықтың қылша мойны - талша болып, коммунистік-сталиндік зұлматтан ел аштан қырылып жатқанда дүниеге келген, өзінің қаламгерлік өмірімен кеңестік жүйені қақ жарып өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің Көк туын бірге көтеріскен Тарихи Тұлға – Шерхан Мұртаза!
Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларындағы өткір де өзекті мәселелер – Ата Заң, Тіл, Жер туралы және не қабылданып, не талқыланып жатқан тағы да басқа бірталай заңдардың жобаларына қатысты ұтымды ұсыныстар, пікірлер әрқашан ұлттық әрі мемлекеттік шынайы мүдделерді қызғыштай қоритын нағыз ұлтжанды асыл перзенттің тұлғасын көрсетеді. Шерхан Мұртазаның шығармашылық пен қайраткерлік қызметі қазақ баспасөзі арқылы қалыптасып, сол арқылы оқырманға танылған.
Ш.Мұртаза – ел өмірі, ұлт тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, жақсысы мен жасығы туралы кестелі ойларын ортаға салып, қазақ әдебиетіндегі публицистика жанрының дамуына сүбелі үлес қосқан бірегейлердің бірі.
Қоғам қайраткері, жазушы, публицист Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларын ғылыми негізде зерттеу керек екендігін уақыт тудырып отыр.
- Зерттеу нысаны : Зерттеу нысаны ретінде Ш.Мұртазаның «Жеті томдық шығармалар жинағының» 6-томы басшылыққа алынды.
- Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысы барысында хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, жүйелі-кешенді, баяндау тәсілдері пайдаланылды.
- Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының басты мақсаты: Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларын тақырыптық, мазмұндық жағынан саралау.
Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек:
- Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларының тақырыптық ерекшелігін айқындау;
- Ш.Мұртазаның тарихи тұлғалар туралы очерктерін зерделеу;
- Ш.Мұртазаның ұлт намысы, ұлт тағдыры тақырыбындағы публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшелігін айқындау;
- Қаламгердің тіл туралы толғанған мақаласын зерделеу;
- Ш.Мұртазаның жемқорлық, парақорлық тақырыбына жазылған мақаласындағы ұлтжандылық рухты пайымдау;
- Ш.Мұртаза публицистикасының стильдік сипатын, тілдік тұлғаларын анықтау.
Зерттеудің жаңалығы:
- Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларының тақырыптық
ерекшелігі айқындалды;
- Ш.Мұртазаның тарихи тұлғалар туралы очерктері зерделенді;
- Ш.Мұртазаның ұлт намысы, ұлт тағдыры тақырыбындағы публицистикалық шығармаларының өзіндік ерекшелігі айқындалды;
- Қаламгердің тіл туралы толғанған мақаласы зерделенді;
- Ш.Мұртазаның жемқорлық, парақорлық тақырыбына жазылған мақаласындағы ұлтжандылық рух пайымдалды;
- Ш.Мұртаза публицистикасының стильдік сипаты, тілдік тұлғалары анықталды.
І.Ш.Мұртазаның публицистикалық жанрдағы шығармаларының тақырыптық ерекшелігі
Публицистикалық жанрдың қоғамда алатын орны ерекше. Шерхан Мұртаза 1956-60 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), 1960-63 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970-72 жылы «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972-75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1975-80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980- 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989-92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы қызметтерін мінсіз атқарды. Қазақ әдебиетінде алғашқы қадамын тілшіліктен бастаған Шерхан Мұртаза ел өмірінен очерктер мен әңгімелерді көптеп жазды.
Шағын жанрдағы Шерхан Мұртаза шығармаларының бір саласы – жол сапар очерктері. Қай шығармасы болмасын ұлттық характерге үлкен мән береді. Қазақ халқына ғана тән ұлттық ерекшеліктер жазушы кейіпкерлерінің өң бойынан табылып отырады. Сөз қозғап отырған публицистика жанры, жазушы очерктерінің тақырыбы да өте ауқымды. Eгep әдебиеттану ғылымында поэтика әдеби шығармалар құрылымы мен оның эстетикалық жүйесін қарастыратын әдебиет теориясының бір бөлігі десе, Шерхан Мұртазаның қай жанрдағы шығармасы болмасын көркемдік поэтика әлеміндегі өзіндік орны ерекше туындылар.
Публицистикасындағы тақырыптардың проблемалығы және ондағы заман мен қоғамның ащы шындығы, жазу стиліндегі шеберлік пен көркемдік-редакторлық қызметіндегі талант танығыштығы, тоқырау жылдарында баспасөздегі сын мәселесіне қатты мән беріп, қолдау көрсетіп отырған батыл басшылығы, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің бір-бірімен үйлесуіне таң қалмасқа болмас. Бұл қырынан Шерхан Мұртаза публицистикасы қазақ баспасөзінің дамуына ғана емес, қоғам санасының өрлеуіне де, өзгеруіне де аса үлкен үлес қосты деуге толық негіз бар.
Ш.Мұртазаның публицистикалық шығармаларының тақырыбын төмендегідей топтарға бөлуге болады:
№ | Публицистикалық мақалаларының тақырыптары |
1 | Ұлт болашағы, ұлт қамы |
2 | Тарихи тұлғалар |
3 | Тіл туралы |
4 | Жемқорлық пен парақорлық |
5 | Қазақстанның қазба байлықтары |
6 | Ащы сын |
7 | Президент: сөзі мен ісі |
8 | Әкімдер туралы |
9 | «Жас Алаш» сұрақтарына жауап |
10 | Ұлттық рух |
Публицист Шерхан Мұртазаның соңғы жылдарда жарық көрген «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!»(1998), «Ақындар мен әкімдер»(2002) деген мақалалары, публицистикалық толғамдары мен эсселерінің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Эсселерінде жазушы өмірден көргені мен түйгенін қорытындылай келе, өз ұсыныстары мен батыл болжамдарын ұсынады. Публицистикалық толғамдары мен мақалаларында бүгінгі күннің толғақты мәселелерін қозғайды. Қазақ елі мен жерінің бүгіні мен болашағын кешегі тарихпен ұштастырған «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!» эссесі санаға жаңа жаңғыру алып келді. Егеменді еліміздің бүгіні мен болашағы жайлы дәйекті пікірлері мен тиянақты тұжырымдары Елбасы жолдауымен үндесіп жатқандай. Қазіргі қазақ әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қаламгердің дәйекті пікірлері мен тиянақты тұжырымдары Қазақстан Президент! Н.Назарбаевтың халқымызға жолдаған жолдауларымен үндесіп жатуы да қаламын қалқына арнаған жазушының өмірдегі өзекті мәселелерді ашық та шынайы айтып жеткізіп, Ұлы Абай өсиетін мақала мазмұнда жеткізуінде деп білеміз.
ІІ. Ш.Мұртазаның тұлғалар туралы очерктері
Очерк – деген шынайы адамдар мен шынайы өмір суреттелетін көркем әдеби әрі деректі шығарма. Очерк новелла не романдар сияқты тұлғаның мінезі, қоршаған ортамен түсінбеушілігі, қақтығысына емес, қоғамның азаматтық, рухани ахуалына негізделіп, руханият, тәрбие мәселесін көтереді. Оған қоса, ондағы танымдық дүниелер де мол. Очерктік әдебиет әдетте әдеби және публицистикалық стиль ерекшеліктеріне сай жазылады.
Очерк мақсаты – ақпаратты қызғылықты етіп және байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Очерк журналистің құрғақ фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көркемделіп, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап беруге болады. [12]
Шерхан Мұртаза – “Қазақ баспасөзінің Бауыржаны” атанған өзіндік орны бар дара тұлға.
Шерхан Мұртазаның шығармашылық пен қайраткерлік жолы қазақ журналистикасы арқылы қалыптасып, сол арқылы оқырманға танылған. Қырық жылдан астам уақыт қаламын қолынан түсірмеген публицист ел өмірі, ұлт тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, жақсысы мен жасығы туралы кестелі ойларын оқырман назарына ұсынып, қазақ әдебиетіндегі публицистика жанрының дамуына үлес қосқан тарландардың бірі.
Ш.Мұртазаның публицистикалық жанрда жазған еңбектері алдымен баспасөз бетінде жарияланып, кейіннен әртүрлі жинақ болып жарық көріп келген. Қайраткердің публицистикадағы алғашқы қадамы 1958 жылы “Құрылысшы Дәку” атты очерктер жинағынан басталып, 1990 жылдары “Жазушы” баспасынан “Не жетпейді?” атты таза публицистикалық туындыларын жинақтайды. 1998 жылы “Қазақстан” баспасынан “Елім саған айтам, Елбасы, сен тыңда!” атты эпистолярлық жанрда жазылған кітабын ұсынды. Жазушының бұл кітаптарындағы очерктерінің өзегі – өмірлік қым-қиғаш оқиғаларды жедел таразылап, саралап, сыни көзбен ақиқат безбеніне салып игеруге күш-қуат жұмсағаны айғақ.
Шерхан Мұртаза қырық жылдан астам журналистік қызметінде талай жердің топырағын басып, талай елдің дәмін татқан қаламгер. Солардың санаулысы ғана жолсапар очерктеріне өзек болған себебі де ізденімпаздығынан болса керек. Соның бірі «Абай сәулесі» деп аталатын жолсапар очеркінде автордың әр сөзді орынды пайдаланып, көркемдік қолданысты дәл тауып, айтайын деген ойын жылы сезіммен, аңғарымпаздықпен жеткізген деуге болады.
« ... Егер әркім Абай арқылы ақылына ақыл қосса; көз нұрына нұр қосылса; сезімін байыта түссе; жан дүниесін, рухани әлемін рахымдандыра берсе – шіркін, онда арамызда арамдық, арызқойлық, қызғаныш, такәппар-тақастық, өтірік-өсек, жала-қорлық, тағы не бар - барлық жағымсыз қылық арамыздан әлдеқашан аласталар еді...»[3,146], - деген қаламгердің ой ұшқырлығымен, ой-түйіндерінің бірегейлігіне тәнті боласың. Қоғамдық ойшыл, халық мүддесінің жоқтаушысы Абайдың 150 жылдық тойы әлемдік деңгейде өтетініне осы очеркінде болжам жасаған Ш.Мұртазаның шексіз сенімі мен көрегендігіне де куә болуға болады.
«Абай сәулесі» шығармасында жолсапар очерктеріне тән көзге түскеннің бәрін тізе бермейді, керісінше Жидебайдағы қазіргі Абай музейінің жайы, Қарауылдағы салтанатты жиналыс, терістіктегі Ақшоқы тауының әсемдігі, Еңлік-Кебек ескерткіші басындағы қаламгердің әсері өзек болады.
“Fабит Мүсірепов – тәлімгер” деп аталатын очеркінде Ш.Мұртаза: “ ... ол қаламгерлікпен қатар азаматтық, қоғамдық, тіпті мемлекеттік міндеттерді қатар алып жүрді. 1924 жылы, яғни 22 жасында Fабең Темірбай деген сыншыны мақтамен байыздайды. Темірбай сыншы “Ақжол” газетінде Сәкенге жала жауып, қодаршылап кеткен екен. Fабит Мүсірепов “Қисық сынға әділ төре” атты мақаласында сол кездегі қазақ қауымына, тіпті қазіргілерге де баспасөз Батыраштың балтасы болмауы керек екендігін, сын деген бет тырнасу емес екендігін үйретеді. Әділ сынның үлгісін көрсетеді” [3,109],- деп Fабиттің жиырма екі жасында-ақ әділеттің ақ боз атын мінгендігін, қазіргі жазушы, сыншыларға дәл осындай жағымды белсенділік жетесе бермейтінін өкіне айтады.
Ш.Мұртаза осы очеркінде F. Мүсіреповтің жастар тәрбиесіне үлкен мән беріп, болашақтың тағдырын сергек қарайтындығын, жастар шығармашылығымен танысып, таланттың аяқ алысын жіті байқап, бірсыпыра қаламгерлердің қанат жаюына мұрындық болып жүргені жайында да тебірене баяндайды.
Автор Fабит Мүсірепов бейнесін сомдауда тіл туралы тұжырымдарына, хас талантты тани білетін көрегендігіне, бүкіл шығармаларының өмірі әдемілікке, сұлулыққа қызмет етіп келе жатқанын рет-ретімен шебер суреттеу арқылы өнегелік, тағылымдық танытқан. Ш.Мұртазаның Fабит Мүсірепов бейнесін сомдаудағы үлкен табысы – әдебиет алыбының өзі қандай таудай болса, жүрегінің де сондай нәзік, сұлулыққа ғашық жан екендігін тап басуы дер едік.
Ш.Мұртазаның “Тұрар Рысқұлов” атты өмірбаяндық очеркінде алаш азаматының өнегелі өмірі, сыр-сипаты, характер ерекшелігі, рухани көркі әдемі ашылады. Тұрар Рысқұлов кім ? Оның есімі халыққа, қазіргі ұрпаққа несімен қымбат? деген сауалдарға жауап беретін бұл очеркте өмір фактілеріне көркем-публицистикалық талдау жасала отырып, фактінің табиғатын, идеялық мағынасын, әлеуметтік маңызын ашып көрсетуге қол жеткізген.Қаламгер Тұрар Рысқұловтың табиғатынан ерекше туған жан екенін, миллиондаған халықты апаттан аман алып қалу үшін жеке басын қатерге тігіп, ұлы қайрат көрсеткен кезеңдерін: 1918-1919 жылдардағы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен аштық болып, аштықпен күрес комиссиясын басқарып, халықты жаппай қырылудан алып қалғанына, адал, іскер, көреген басшы бола білгендігіне нақты дәлелдер келтіре отырып, көркем-публицистикалық байыпты талдау жасайды.
Тарихтан белгілі екінші аштық 1932-1933 жылдары жаппай коллективтендіру кезіндегі аштықта да Тұрар халық жағында болып Сталинге хат жазуы, ол хатта қазақ халқының басына төніп отырған қауіпті бұлтартпайтын факті, құжаттар батылдықпен ашына жазылғаны да ашық әрі нанымды баяндалады.
Бұл өмірбаяндық очеркте Ш.Мұртаза фактілер мен құбылыстарды тірнектеп жинап, алаш ардагерінің өмір жолы мен халық тағдырын бір арнада қиыстырады.
Қорыта айтқанда Шерхан Мұртазаның очерктерінің жазылу стилі, формалық ерекшеліктері, жазушылық әдіс-тәсілдеріне назар аударылды. Жазушының тақырып таңдауы, оны игеруі, оқырманға қалдырар әсері де ерекше екеніне көз жеткізуге болады.
Ш.Мұртазаның ұстанған өмірлік позициясы:
Біріншіден, адамзат тіршілігінің өзекті мәселелері туралы тұрақты тебіренеді;
Екіншіден, шағын көлемге кең мағына сыйғызуға шебер;
Үшіншіден, әдебиеттегі көркемдік компоненттерді кең және еркін пайдаланады;
Төртіншіден, ұлттық идея, ұлттық намыс, ұлттық сана мәселелерін өз шығармаларына өзек етеді.
ІІІ. Ұлт тағдыры, ұлт намысы – Ш.Мұртаза публицистикасының негізгі тақырыбы
«Шын журналист жазбай тұра алмайды, шын шахтер қазбай тұра алмайды», - деп Ш.Мұртаза айтқандай «шын журналист» ретінде көзбен көргендерін , ұлт тағдыры, ұлт намысы туралы ойларын тайсалмай жеткізіп отырды.
Ш.Мұртазаның ұлт намысы туралы жазылған ойлары «Шындықтың шымылдығы түрілгендей» мақаласында көрініс табады. Мақалада режиссер Қалдыбай Әбенов түсірген «Аллажар» кинофильмі туралы айтылады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының ащы шындығы баяндалған фильм туралы өзіндік көзқарасын жеткізеді. «Басты тұлға – Азат деген жігіт. Ләззат деген қыз. Желтоқсан кейіпкерлері көп.Бірақ оның бәрі фильмге сыймайды. Сондықтан Азат пен Ләззат солардың жиынтығы.
Сонау сақтар, көк түріктер дәуірінің жұрнағы асау да тарпаң Қазақстанның басына тұңғыш рет бұғалық түскеннен бері үш жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісі болған екен: Сырым Датұлы, Исатай-Махамбет, Кенесары ... 1916 жыл...
Мына алаңдағы толқын-толқын тулаған теңіз сол көтерілістердің көп жылғы талмаусыраған үнсіздігінен кейінгі бұлқыныс.
Ұлттық рух сыздаған шақ. Ұлттық намыс кернеген шақ. Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел.
Тәңірге тәубе! Рух сынбаған екен, намыс сөнбеген екен»[2.62]
Осы мақалада Шерхан Мұртаза Желтоқсан көтерілісінің кейіпкерлері ұлттын рухы бойын кернеген, ұлттық намысы олардың егемендік деп ереуілге шыққанын, Желтоқсан көтерілісшілерінің ерлігін ерекше атап өтеді.
Ш.Мұртазаның «Қорқыттың қобызы қалғып кеткенде» мақаласында ұлт тағдырына, ұрпақ болашағына қатысты ойларын жазады.
«Батыстың «жаппай мәдениеті» бізге, өте-мөте жастарымызға нені уағыздайды? Неге баулиды?
- Қос қолынан қаны сорғалаған қатыгездік;
- Адамгершілік ардан жұрдай арамдық;
- Жатырынан қағынған зинақорлық;
- Адам өмірі шыбын құрлы саналмайтын неше түрлі сұмдықтар...
Сыпайылап айтқанда, батыстың жаппай «мәдениетінің» берері мен көрсетері осылар». [2.197] Ұлт тағдырына алаңдаған Ш.Мұртаза батыс мәдениетінің зиянын санамалап көрсетіп, одан келер қауіпке баса назар аударады.
«Осындай былғанышпен ауызданып өскен жас түлектен тағы біз иман талап етеміз. Көргенділік, әдептілік талап етеміз. Үлкенді сыйла дейміз. Ал ол болса қарт адамның сақалын қалай жұлуды үйреніп өскен. Маскүнемдік пен нашақорлықтың неше алуан мектебінен «тәрбие» алған.
Бүгін теледидардан осындай «мәдениет» көріп отырған он жасар бала енді он бес – жиырма жылдан кейін Қазақстан деген мемлекеттің тұтқасын ұстап, шаңырағына уық-тіреу болмақ. Ауызданғаны әлгіндей «мәдениет» болса, ол неге тұтқа болып жетістірмек?!» [2.197] – осы ойларында Ш.Мұртаза жастайынан батыстың мәдениетімен ауызданып, соны күнде теледидар арқылы бойына сіңірген ұрпақтан үлкенді сыйлау, көргенділік көрсетуді, әдептілікті талап ету сөкеттік болатыны туралы айтады. Батыстың мәдениеті қазақ халқының болашағына балта шауып, болашақ ұрпағының батысшыл болып өсетінінен қауіптенеді. Ұлт болашағы үшін алаңдаған Ш.Мұртазаның батыстың мәдениетінен аулақ болуды ескертеді.
Қайраткердің ұлттық қасиет туралы жазылған мақаласы аса құнды болмақ. «Жас сәбидің бойына ұлттық қасиет анасының сүтімен, тілімен кіреді. Ал оның күндіз-түні көргені Батыстың баяғыда жеріген тастантысы...» [2.287] – деген ойларында күндіз-түні Батыстың мәдениетін теледидар арқылы бойын сіңірген анадан туылған жас сәбидің болашағы бұлыңғыр екеніне баса назар аударып, батыстың мәдениетінен аулақ болуға үндейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Шалғайдан сәлем жолдаймын. Қазақтың Шерағасы. 3-кітап. –Тараз, 2012.
2. Ш.Мұртаза. Жеті томдық шығармалар жинағы. 6-том. Алматы: «Қазығұрт» баспасы,2005
3. Мұртазаев Ш. Не жетпейді? Алматы., Жазушы, 1990.
4.Ергөбек Қ. Баян ғұмыр. Алматы, «Жазушы» 1991.
5.Қалдыбаев М.Атақ пен шатақ. Алматы, 2004 ж.
6.Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «Санат» 2002 ж.
7. Модзалевский Б.Л. Предисловие к книге Пушкин. Письма.т. I, М. -Л.,1926.
8. Мұртаза Ш. «Рух пен намыстың төресі» Ақжол // 2000ж
9. Т.Жанұзақов «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»
10.Мамыт А. «Баукеңнің беймәлім қырлары» Ақжол 31 қаңтар 2001 ж
11.Сыздықова Р.Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, «Арыс» 2004 ж.
12. https://adebiportal.kz/kz/genres/view/128