Кейінгі жылдардағы еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелгенін жақсы білесіз. Білім парадигмасы өзгерді. Ол бойынша білімді жеке тұлғаны дамытуға қарай бағыттау, оқушының «Мен» менталитетін және белгілі бір құзіреттіліктерді қалыптастырудың негізі делінеді. Осыған орай, ХХІ ғасыр ұстазының алдында білім беруді жаңа заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз-мұғалімге білім берудің неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Осыған орай, әрбір ұстаз білім берудің сапасын арттыру үшін, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үрдісіне өзіндік үлес қосып келеді. Қазіргі кездегі жаңа технологиялар мен жаңашылдық талаптар, мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушының қабілеті мен дарынын таныта білуден тұрады. Осыдан бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынов атамыздың «Жақсы мұғалім мектепке жан бітіреді» деген пікірі өзектілігін еш жоғалтқан жоқ.
Елбасы 2018 ж. 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетінше іздене білуі, креативтілігі мен өмір бойы білім алу дағдыларын дамытуды білім берудегі басты бағыт етіп қояды. [1].
Қазіргі кездегі оқытудың басты мақсаты-өз бетінше дами алатын және танымдық әрекет етудің дағдыларын меңгерген , алған білімдерін өмірде қолдана білуге құзіретті жеке тұлғаны мектеп қабырғасынан тәрбиелеп шығару. Соған байланысты, заманауи мұғалім оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сүйене отырып, жеке тұлғаны ізденгіштікке, танымдық іс-әрекетке баулу, олардың сыни ойлауы мен өмірге көзқарасын қалыптастыру сияқты құзіреттіліктерді дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды өзіне мақсат етеді.
«Құзіреттіліктің» латын тілінен аудармасы «competenens» , «белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір» деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Бұл жайлы атақты педагог Б.Тұрғынбаева «Өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын құзырлылықтар (құзіреттілік) деп атаймыз» деп анықтайды. [2].
Құзірет-дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағдылардың) жиынтығы. Оқу мақсаты бойынша заманауи әдіс-тәсілдер арқылы жеке тұлғаның білім, білік, дағдыларының жоғарғы деңгейіне шығуын құзіреттілік деп атайды. «Құзіреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, енгізген американдық ғалым Н.Хомский болатын. Жеке тұлғаның құзіреттілігін дамытуда әдіс-тәсілдердің тиімдісін әр мұғалім өз шығармашылығына байланысты өзі таңдайды. Педагог , тіл білім саласындағы алғашқы қазақ профессоры Құдайберген Жұбанов « Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады» деген екен. [3]. Сондықтан , мұғалім сан түрлі әдістерді саралай отырып, тиімдісін өзінің ой еңбегімен ұштастара алса ғана, әр сабақ өз нәтижесін беретіні сөзсіз.
Білім берудің заманауи әдіс-тәсілдерін оңтайлы пайдалану арқылы оқушының алған білімдерін өмірде қолдана білуі, логикалық ойлауы мен берілген оқу материалынан қажетті ақпаратты таба білуі секілді сапаларды дамыту және оның білім сапасына игі ықпал етуін қамтамасыз ету әдістемелік құралдың жаңашылдығы мен өзектілігі болмақ.
Әдіс дегеніміз-мұғалімнің сабақ үдерісінде белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал, технология- осындай көптеген әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Ендеше, осындай заманауи технологиялардың өзім пайдаланып жүрген бірнеше түрін атай кеткенді жөн көрдім.
- Оқушының ақпаратпен жұмыс істеу ,болжау және аналитикалық
(талдау) дағдыларын дамыту бағытындағы әдіс-тәсілдердің бірі:
РАФТ (рөл, аудитория, форма, тақырып) әдісі-қарастырылып отырған мәселені оқушының әр түрлі қырынан талдап, қарастыруға және жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
РАФТ тәсілін қолдану қадамдары :
1. Оқу мақсаты бойынша өзекті тақырып белгіленеді;
2. РАФТ кестесі тақтаға ілінеді;
3.Оқушылар «Миға шабуыл» арқылы осы тақырыпқа қатысы бар рөлдерді анықтап, оларды кестенің 1-ші бағанына жазады;
4.Мәтін кімге немесе қандай да бір ұйымдарға арналып жазылуына мысал болатынт аудиторияны анықтап, кестенің 2-ші бағанына жазады;
5. Анықталған рөлдер мен аудиторияға қолдануға болатын жанрларды анықтап,кестенің 3-бағанына жазады;
6. Мәтінге арқау болатын тақырыптарды анықтап,кестенің 4-бағанына жазады;
7. Оқушыларға ұсыныс жасалады: кестедегі таңдалған рөлдің атынан, кестедегі тақырып бойынша нақты бір аудиторияға арнап, ыңғайлы жанрда (сабақтағы оқу мақсатына байланысты) мәтін дайындайды.
8. Дайын жұмыстар тыңдалады. Тапсырманы шағын топтарда да, жеке, жұптық жұмыс формасында да орындатуға болады.
9. Қорытынды , атқарылған жұмысқа рефлексия жасайды.
РАФТ әдісін сабақтың барлық кезеңдерінде де қолдануға болады.
- IDEAL тәсілі проблемалық жағдаяттарды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдердің бірі.
Тәсілді қолдану қадамдары :
I – (Identification) мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтайды;
D – (Describe) проблеманы сипаттайды;
E –( Explain) проблеманы шешу жолдарын анықтайды;
A – (Anallуse) проблеманы шешу үшін әрекет жасайды (мәселені шешу жолын көрсетеді);
L –(Links) – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасайды, өзінде бар біліммен байланыстырады).
- «SWOT» талдау әдісі оқушының бір мәселе бойынша сыни ойлау,оқиғаларды
талдау, салыстыру қабілетін дамыту,өз пікірін ашық айту дағдыларын дамытуға арналған әдістердің бірі ретінде қарастырылады.
«SWOT» талдау әдісін сабақтың негізгі, сондай-ақ, қорытындылау және кері байланыс беру кезеңдерінде қолдануға болады. Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
4. Оқушылардың тарихи- танымдық құзіреттілігін дамытуда мүмкіндік
беретін тиімді әдістердің бірі-рөлдік ойындар болып табылады. Рөлдік ойынды тиімді ететін бірнеше жағдайлар бар. Олар –тарихи деректерді талдау және оқушының өз көңіл сүзгісінен өткізуі арқылы, тарихи оқиғаларды терең түсінуге әкелуі. Рөлдік ойындарды сабақтың барлық кезеңінде де қолдануға болады. Ескеретін бір жайт, рөлдік ойынға алдын -ала дайындық жасап, пысықтап алу қажет болады.
5.Оқушының логикалық ойлауын дамыту мақсатында пайдаланатын әдіс-тәсілдердің бірі- проблемалық сұрақтар қою.
Проблемалық сұрақтар :
-оқушының жаңа ақпарат алуына;
-білгендерін нақтылай түсуіне;
-мәселені терең талқылауға;
-өз көзқарастарын білдіруіне;
-қисынды және сыни ойлауына негіз жасайды.
Сондай-ақ, оқушының танымдық ойлау деңгейін олардың сұрақ қою қабілеттерінен де байқауға болады. Сабақта оқушылардың тақырыпқа қатысты жақсы сұрақтар қоя білуі олардың сыни ойлай білу қабілеттерін көрсетеді.
Соңғы уақытта табысты болу үшін оқушыларға білім қаншалықты қажет болса, құзіреттілік те сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтып жүрген кең ауқымды құзіреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Ал, осы мақсатты жүзеге асырудың тетігі оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін орнымен, тиімді түрде қолдана білу болып табылатыны тәжірибе тұрғысынан өз дәлелін табуда.
Елбасы «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауында елімізді өркендетудің 7 бағытын атап өтеді.Ал, оның 4-ші бағыты білім саласының қызметкерлері, біздер үшін маңызды болып табылады. Бағдарламада «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» делінген [4]. Бұл білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына жаңа міндеттер жүктеп, оқыту әдістемесін жаңарту, ұлттық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді,шешімдерді тиімді ендіре білу құзыреттіліктерін жүктейді. «Даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол -санамен саралау, ең оңай жол-еліктеу, ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу», деген екен дана Конфуций. Ендеше, әрқайсысымызды ізденіске, жаңашылдыққа жетелейтін әдіс-тәсілдерге орын берелік.
Венн диаграммасы – (оны Эйлер - Венн диаграммасы деп те атайды) - бұл әмбебап жиынтықтың (көбінесе үш) схемалық көрінісі. Диаграмманы 1881 ж. Венн сандар арасындағы логикалық қатынасты көрсететін стиль ретінде ұсынды. Жалпы бұл идеяны Веннен бұрын 1712 ж. Кристиан Вайсе және Леонард Эйлер 1768 ж. ұсынған. Алайда, идеяны танымал еткен Венн («Символической логике», глава V «Диаграмматическое представление», 1881 год.) болды. [5].
Венн диаграммасы оқушыларды синтез/анализ/бағалау жоғарғы деңгейдегі ойлау қызметіне жетелейтін, оқиғаларды салыстыра білу қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын әдіс. Басқа әдістерден артықшылығы- схема түрінде жинақталған ақпараттың есте жақсы сақталуына септігін тигізеді. Сабақтың үшінші кезеңі үшін бұл стратегия тиімді болып есептеледі. Алайда оны сабақтың барлық құрылымдарында да қолдануға болады. Егер Венн диаграммасы сабақтың басында қолданылса, сабақтың соңында оған қайта оралып, ақпаратты толықтыруға ұсыныс беріледі. Соңында оқушылар бар білімдерін толықтырып қана қоймайды, алдағы білімдерін нақтылайды.
1-қадам. Жеке , кейде жұпта-салыстырылған құбылыстардың айырмашылығы немесе ортақ жағдайларын ойлау үшін тапсырмаға уақыт беріледі.
2-қадам.Айқастырылып, үлкен екі дөңгелек сызылады. Ортаңғы бөлігіне оқиғаның ортақ жағдайларын, жеке бөліктеріне әрқайсысының ерекшеліктерін жазамыз.
РАФТ -Рөл / Аудитория / Формат / Тақырып (RAFT) деп аталатын сараланған оқыту стратегиясы 2002-2003 жылдары Дүниежүзілік тарихты тереңдетіп оқытудың (WHAP) бірінші жылында қолданыла бастаған. Дүниежүзілік тарих кабинетінде доктор Кэйти Нунлидің тұжырымдаған көп деңгейлі оқу бағдарламасы барысында студенттердің оқуға қызығушылығын арттыру үшін RAFT әдісін қолдану туралы шешім қабылдаған. [6].
РАФТ стратегиясы әртүрлі аудиторияға бағытталған, әртүрлі мақсатқа жауап беретін, қалыпты таңдай отырып, оқушылардың жазу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін әдіс.РАФТ дегеніміз-бұл Рөл, Аудитория, Форма және Тақырып . Іс-әрекеттің бұл түрі оқушылардың қызығушылығын тудыратын сабақтың бастапқы кезеңінде қолданған тиімді. Жасанды жұмыстарға қарағанда, бұл әдістің маңыздылығы-ол оқушының өз сұрағынан туындаған мәселерге жауап беруіне бағытталады.
Оқушылардың рөлдік ойынды дұрыс және орынды қолдануы сабақтың қызықты өтуіне үлкен үлес қосады. Мұғалімнің алдында тұрған міндет-осы стратегия шеңберіндегі рөлдік ойындарды ұйымдастыру кезінде материалдың мазмұны мен мағынасын төмендетпейтіндей етіп, сабаққа кіріктіре білу.
«Кластер құру» әдісі-1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған. Тақырыпқа негіз болатын сөзді немесе тақырыпты тақтаның ортасына орналастыра отырып, одан таралатын ұғымдарды бөліп, жіктеп, ойтүйіндеу және ойларын топтастыру әдісі. Кластер құру арқылы оқушылардың бұрыннан білетін білімдері мен жаңа идеяларды топтастыра алу дағдысын дамыта аламыз.
Кластер құру ережелері:
- Ойға келген идеяларды жазудан тартынбау;
- Берілген уақыт аяқталғанша жұмысты жазып бітіру;
- Тақырыптың басқа қырларын ашуға ұмтылу;
- Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау . [7].
Кластер («жүзімнің шоқтары» деген мағынаны береді) идеялар мен ақпараттар арасындағы байланыстарды айқындауға арналған сызба. Әдетте кластерлер оқушылардың жеке орындауынан басталып, жұпта немесе шағын топтарда (4-6 адам) жалғасады.
«Фишбоун» («Балық қаңқасы») әдісі проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады. Бұл сызбаны алғаш болып жапондық профессор Каора Исакава ұсынған.Оқыту үдерісінде бұл әдіс оқушылардың ортақ тақырыпты талқылауы үшін қолданылады. Жазылым қысқаша, нақты болуы тиіс.
Балықтың басқы жағына зерттелетін, талқыланатын тақырып жазылады. Жоғарғы (оң жақ) сүйектеріне анықталған проблеманың себептері, тақырыптың негізгі мазмұны мен түсініктері жазылады. Төменгі (сол жақ) қабырға проблемаларды шешу жолдары,қарама-қайшылық тудырушы кедергілер, балықтың құйрық қанатына анықталған жұмыстың нәтижесі, қорытынды ойлар жазылады. [8] .
Т-кестесі стратегиясының мақсаты-қарама-қарсы ұғымдарды салыстыра отырып, топтастыру үдерістерін жүзеге асыру. Бұл әдіс оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашу кезінде пайдаланса, жаңа материалды түсінуге дайындық ретінде қарастыруға болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді, тіпті үй тапсырмасына да берілуі мүмкін.
Т-кестесі -оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған, бір -біріне қарама-қарсы («иә»/»жоқ», «келісемін»/ «келіспеймін», «қарсымын»/»жақтаймын», «ішкі»/»сыртқы», «басы»/ «аяғы», «маңызды»/ «маңызды емес», «себебі»/ «салдары», ,т.б. ) немесе салыстыруға болатын ақпарат пен тұжырымдарды тауып, жазуға арналған жазу кестесі.
«Ақпараттық органайзер» әдісі- белгілі бір тақырып төңірегінде білім алушылардың ақпаратты талдап, кестеде синтездей отырып, толтыра алуын қамтамасыз етеді. Сол арқылы оқушылардың сыни ойлауы мен талдау және саралау дағдыларын дамытуға көмектеседі.
«6W» әдісіндегі «W»-сұақтың бірінші әрпі, «Why» ағылшын тілінен аударғанда «неге?», «не үшін?»,»қандай себепте?» деген мағынаны береді.
Оқушы берілген тақырып бойынша белгісіз жағдайларды, оқиғаларды анықтайтын 6 сұрақ ойластырып, ол сұрақтарға жауап беруі керек.Бұл әдіс оқушылардың логикалық ойлау , сұрақ құра білу, ой-өрісін кеңейту сияқты дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс болып табылады.
«SWOT» талдау әдісінің шығу тарихы туралы бірқатар қарама-қайшы көзқарастар бар. Стэнфорд Университетінің оқытушысы Альберт Хамфри 1960-70 ж.ж. АҚШ-тың рейтингіне негізделген «Fortune 500» ғылыми жобасын басқарды және SWOT оның ‘Мүдделі тараптар тұжырымдамасынан және SWOT талдауы» еңбегінен туындауы керек еді. алайда Хамфри SWOT стратегиясының авторы ретінде қарастырылмайды. 2004 ж. Кинг SWOT талдауды Гарвард академиктерінің 1960 ж.ж.қолдануына байланысты Харбергерге таңады. Сондай-ақ бұл идеяға арқау болатын басқа авторлардың да аттары аталады.. Сондықтан, бұл әдісті авторлардың корпоративті стратегиясы ретінде қарастыруымызға болады.[9].
IDEAL әдісі. Психолог Дж.Брендсфорд мәселелерді шешудің «идеалды» әдісін жасап, оны «IDEAL» деп атады.Аббревиатураны сақтау үшін сөз тіркестерін біраз бейімдеу керек болды. Сондай-ақ осы стратегияны қолданып отырған оқушыларлардың жас ерекшеліктерін де ескеру қажеттігі туындады. Бұл міндетті жүзеге асырып, жоғарыда аталған жағдайларға бейімдеген И.О.Загашева болды. [10].
Kahoot-та қолданатын ойын тұжырымдамасы 2006 ж. Норвегияның ғылым және технологиялар университетінің информатика факультетінің профессоры Альфа Инге Вангтің идеясы ретінде басталды. 2012 ж. Йохан Брэнд, Джейми Брукер және Мортен Версвик бірлескен жобасы аясында профессор Альфа Инге Вангпен бірлесіп, кейінірек оларға норвегиялық кәсіпкер Осмунд Фурусет қосылды. Kahoot 2013 жылдың наурызында SXSW-edu жеке бета-нұсқасында іске қосылды, ал осы жылдың қыркүйек айында жұртшылықтың пайдалануына берілді. 2016 жылы Jumbie аталатын жаңа қызметі, 2017 жылдың қыркүйегінде үй тапсырмасына арналған мобильді қосымшасы іске қосылды. Бастапқы прототипі «Дәріс викторинасы» деп аталды. [11].
Kahoot онлайн және дәстүрлі оқыту үдерістерінде , оқушылардың пәнге қызығушылығы мен алған білімдерін өмірде қолдана білу дағдыларын дамытуға көмектесетін қызықты ойынға құрылған әдіс. Мүғалім Kahoot сайтында сұрақтар, викториналар құрып, оқушыларға жібереді, олардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны туралы және жинаған ұпай сандарын сайт өздігінен шығарып береді.Бұл оқушылардың сабаққа қызығушылығын туғызу мақсатында сабақтың бастапқы кезеңінде немесе сабақты қорытындылау немесе өзін –өзі бағалау үдерісінде қолдануға әбден тиімді әдіс болып саналады.
Интербелсенді онлайн тақта Google Jamboard - оқушылардың графикалық органайзерлермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту және алған білімдерін бекітуі үшін таптырмас құрал болып табылады.
Google Форма мобильді қосымшасы-бұл сауалнамалардың барлық түрлерін ыңғайлы түрлерін құру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін танымал қызмет түрі. Мұнда құрылған сауалнамалар арқылы оқушылардың білімді қаншалықты меңгергенін анықтауға болады.
Google Форма онлайн қосымшасы-қашықтықтан оқытудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
IDroo -[https://idroo.com/]-бұл эстон программистерінің бірлескен тобы құрған онлайн тақта. Сабақ процесіндегі мұғалімнің ең қуатты және ең маңызды құралы- тақта. Біз оны түрлі материалдарды оқушының көз алдына визуалды көрсету үшін, жобалау немесе нақтылау үшін қолданамыз. Қазіргі қашықтық онлайн форматында сабақ берген кезде, тақтасыз өзімізді дәрменсіз сезінбеу үшін бізге көмекке келетін интерактивті тақталардың саны жеткілікті. Олардың кейде оффлайн тақтамен салыстырғанда артықшылықтары да аз емес. Сондай онлайн тақтаның бірі- IDroo. Бұл тегін интерактивті тақтаның көптеген жақсы жақтары бар: бұл сізге нақты уақыт режимінде оқушылармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді және оны оқушылар да бірлесе қолдана алады. [12].
Idroo онлайн тақтасы -бұл жеке және топтық жұмыстарды жүргізу бойынша әдістерді тиімді пайдалануға болатын керемет виртуалды тақта. Мұнда жаңадан документтер жасауға немесе бұрынғы документтерді қолдануға, сақтауға, болады. Сондай-ақ, Zoom платформасында сабақ өткізу кезінде оқушылардың тақтаға тапсырманы орындауын қадағалауға, тексеруге болады.
Бүгінгі күнгі педагогтардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқушыларға білім мен ақпаратты неғұрлым көп беру емес, керісінше , берілген білімді ақпаратты өз бетінше тиімді игеруі үшін олардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.