Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1556

Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі

      Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болу бағытында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету.

     Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті жаныда, қаныда қазақы,халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген туған жерін түлетуді,егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» деп атап көлсетілгендей, білім мен тәрбие беруде негізгі мақсатымыз егемен еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. 

          Орыс ғалымы Рубинштейіннің сөзімен айтқанымызда «білімі терең құдық тәрізді мұғалімдер болады,бірақ,өкініштісі бала одан су алып іше алмайды, оның жолын білмейді. Жақсы мұғалім деп әрі білімі терең құдық тәрізді, әрі шелегі де қасында болатын адамды айтса болар» 

          Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау,қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Олардың негізгі мақсаты біреу, ол өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақ мектептері үшін мазмұны жағынан ұлттық құндылықтарға бай, мұғалімдер тәжірбиесіне енгізуде көп қиындық туғызбайтын  технологиялар тиімді.

Бұл тұрғыдан алғанда ақпараттық- комуникативтік технология барлық талапқа сай келеді.

Қазіргі қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады. Оқу- тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу – танымдық белсенділіктері мен оқуға деген қөзқарастары өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ақпараттық технология төмендегідей мүмкіндіктерді береді:

  1. аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;
  2. оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан – жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;
  3. қарапайым жағдайларда қиындық туғызатынзаңдылықтарды көрсетуге болады;
  4. күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;
  5. оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады;
  6. оқушыларға өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады;
  7. тұлғаға бағытталаған оқыту жүзеге асырылады;
  8. оқушының жеке жас ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады;
  9. ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал жасалады.

Бағдарламалық өнімдерді пайдалыну бірнеше оқу ұстанымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен ЖАКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт – бағдар берушінің  функциясын атқарады. Жаңа электрондық оқулықтарды, виртуалды химиялық лабораторияларды қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

  Компьютерлік технология мүғалімге оқыту қызметін түрлендіруге мүмкіндік туғызады:

  1. оқушылардың  білімін тексеру ;
  2. көрнекіліктер дайындау;
  3. сұрақтарға жауаптар дайындау ;
  4. есептердің шешу жолдарын көрсету;
  5. практикалық жұмыстар жүргізу.

Сабақтың бірсарындылығы оқушыны тез шаршатады. Сондықтан қандай да сабақ үстіндегі оқыту мен іс - әрекет формаларын түрлендіріп отырған жөн.. 7- 10 минут сайын оқу іс - әрекет түрлері өзгертілуі керек.

    Бүгінгі таңда  ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары көп. Соның бірі – интерактивті тақтаны сабақ барысында пайдалану. Сабақта технологиялық құралдарды пайдаланғанда уақыт үнемделіп, сабақтың сапасы көтеріліп, оқушының сабаққа қызығушылыға артады.

    Қосымша материалды іздеп, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интернетті пайдалану арқылы оқушы танымын  кеңейтіп, дүниеге деген ғылыми- материалистік қөзқарастарын тереңдету мақсатымен өткізілетін  сабақтар да үлкен нәтижеге қол жеткізуге болатынына өз тәжірибелерімізде көз жеткізіп жүрміз. 

   Енді сабақтың әр түрлі кезеңдерінде ақпараттық- комуникативтік технологияның қолданылуын қарастырайық.

    Жаңа сабақты меңгерту кезеңі. Сабақтың мақсаты – оқушыларға өтілетін материал төңірегеінде ақпарат беру, оның практикалық бағыттылығын түсіндіру. 

  Тақырып бойынша бақылаудың диогностикалық формаларымен таныстыру. Осының барлығы қызығушылық ахуалын туғызу, білімнің маңызды екенін түсіну үшін жасалады. Тақырыпты слайд түрінде дайындау уақытты үнемдеуге, оқыту үрдісін өзектендіруге, материалды құрастыруға, ал анимациялау оқушыларға оңай,   тез және жеңіл түсінуге ықпал етеді.

  Тәжірибелік сабақ. Мұндай сабақты өткізуде де ЖАКТ- ның рөлі ерекше Себебі көптеген химиялық реактивтердің жетіспеуіне байланысты кейбір тәжірбиелерді көрсету мүмкін емес. Сондықтан бұл тығырықтан шығу үшін вертуалды лабораторияны пайдалануға болады.

  Бекіту кезеңі.Көп жағдайда бікіту сұрақ – жауап арқылы жүргізіледі. Берілетін сұрақтарды, танымдық деңгейлік тапсырмаларды слайд түрінде дайындап, орындауына уақыт беріледі. Өзін - өзі тексеру мақсатында келесі слайд дұрыс жауаптары жазылады. Мүғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді.

   Қайталау сабағы.Мұндай сабақтарда   мүғалімге ақпараттың көптігі проблема туғызады. Өйткені тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелі толықтыру, кемшіліктерді жою өзіндік шеберлікті қажет етеді. Осы тұрғыда мультимедиалық презентация, копютерлік бағдарламамен  құрастырылған тек оқушы білімін есепке алуда үлкен мүмкіндіктерді ашады.

   Оқушы білімін бақылау сабағы. Бақылау жұмыстарының бірнеше нұсқасы оқушыларға интерактивті тақтаға үсынылады. Оқушы қалауы бойынша нұсқаны таңдап, өз бетінше орындайды. Нұсқаның көптігі білімді бақылауда “бағаның” объективті және шынайы болуына септігін тигізеді. Сабақ соңында интерактивті тақтаның “Pen Tablet” құрылғысы арқылы бағалау жүргізіледі..

      Білімді дәстүрлі бақылау мен бағалаудан компютермен бағалаудың артықшылықтары бар;

  1. бағалаудың объективтілігі артады,
  2. оқушы өз қатіеліктері көреді;
  3. баға жұмыстың соңында ғана емес,әр тапсырма немесе сұрақтан кейін де көрсетіледі;
  4. бағалауға аз уақыт кетеді.

       Жаңа ақпараттық -комуникативтік технологияда басқа технологиялардың жеке элементтерін қолдану жоғары нәтижелер береді

Мысалы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясынан Венн диаграммасын қолдануға болады.Магний мен кальцийдің қасиеттерін салыстырып қарайық.                       

Ол химиялық заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы талдауда тиімді.

Жаңа ақпараттық -комуникативтік технологияда В.Ф. Шаталовтың тірек сызба белгілерін қолдануға болады. Тірек сызба белгілері материалды жинақты беруге, материалдың ең негізін таңдауға, қарапайым жүйе жасауға үйретеді.Оқушылар сызбанұсқа мен сөйлеуге әңгіме құруға тырысады.

    Ақпараттық ғасырда интелектуалды қызметтің дамуы компьютермен тығыз байланысты. Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиялар адамның іскерлігіне, бейімділігіне, мәдениетіне жалпы айтқанда ғылым мен көзқарасына түбегейлі әсер етеді. 

       Жаңа ақпараттық комуникативтік  технологиямен сабақ жүргізу кезінде компьютердегі қолданбалы бағдарламалар мен жұмыс істеу өте тиімді.

Мысалы:  «Microsoft Word» бағдарламасы бойынша тапсырмаларды экранға шығарып қоямыз.Тақырыптарға талдау жасағанда «Power Point» бағарламасы бойынша   слайдтарды қолдану өте тиімді. Талдау жүргізуде басшылыққа алынатын сызбанұсқаның слайд түріне болуы уақытты үнемдеуге,  эстетикалық көркемділіктің сақталуына септігін тигізеді..

Сабақтарымда оқушыларды бағалауда компьютерді қолданамын. 

«Microsoft Excel » бағдарламасы арқылы оқушылар алған балдарын компютерге енгізеді. Қортынды бағаны компьютер шығарып береді. Бағалауда ешқандай бұрмалаушылық болмайды, әділ бағасы қойылады.Казір мектептердің барлығы дегендей интернет желісіне қосылған. Мұғалім әр тақырыпқа байланысты интернет желісінен химия ғылымында ашылып жатқан жаңалықтарды алып, жаңа тақырыпты түсіндіргенде қосымша мәлімет ретінде пайдалану керек. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, өздерінің жеке шығармашылық жұмысын жүргізуге жәрдемдеседі. Электрондық оқулықтар, мултимедиалық оқу құралдары арқылы бейнехимиялық эксперементтерді көрсетуге болады. Мектептерде химиялық реактивтердің таусылу шегінде тұрған осы кезде бұл әдіс арқылы виртуал тәжірибелерді көрсету өте тиімді.

Кезінде Д.И. Менделеев «периодтық жүйеге болашақ қауіп төндірмейді.

Ол ғылымның жаңалықтарымен толықтырылып ары қарай дамып отырады»- деп айтқан екен . Жаңа ақпараттық комуникативтік   технологиясының да басқа озық жаңа технологияларымен қатар еліміздің білім кеңестігінде оқушыларға жаңаша білім беруде басты рөл атқаратынына сеніміміз мол.

1 271 1
Карибаева Жадыра Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001966
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Бақытжан
11 января 2024 11:29
Хорошо написано