Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі-тәрбие.Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.
Мен өзімнің бүгінгі шығармашылық тақырыбымды бала тәрбиесіне менің қосқан үлесім деп алып отырмын. Ең алдымен бала тәрбиесі жақсы болуы үшін ата –ана, бала, мектеп бірігіп бір жолды таңдап жұмыс жасауы керек, ата ананың мектептегі ролі туралы айтып өтпекпін. Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады –деп Абай Құнанбайұлы айтқан.
Жалпы балаға бірінші тәрбие ата-анасын туысын жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Бала тәрбиесі ол үлкен мектеп оны оқып, зерттеп білу үлкен еңбекті қажет етеді. Барлық уақытта бала қоғамның бір тұлғасы болған соң оны өз ұлтының көзі қарақты ұлтжанды етіп тәрбиелеу әрбір ата-ананың негізгі мінеті.
Мен бүгін сіздерге бала тәрбиесіндегі ата ананың ролі қандай болуы керек екендігін айтып өтемін. Бала тәрбиесі қай жастан басталады, оған қандай жауапкершіліктер артылады. Әрбір ата-ана өз перзентін әдепті, саналы, иманды, да ибалы, Отанын сүйетін, өз ұлтының азаматы болып өсуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық , түсіністік, ұлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы –бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. «Балапан ұяда не көрсе,, ұшқанда соны іледі» -дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен –ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Өз тәжірибемде бала тәрбиесінің түп қазығы ұлттық тәрбие. Бала бойына ең алдымен өз туысқандарына мейірімді болу, үлкенді сыйлау және кішіге ізетті болуды мектеп табалдырығын аттамай тұрып үйрету керек. Мектеп табалдырығын аттаған бала үлкендермен «Ассалаумағалейкум» деп немесе «Сәлеметсіздерме ?» деп амандасуды үйрету керек. Осы амандасу дәстүрінен бастау алған бала мектепке келгеннен кейін, достар тауып араласатын ортасы өзгереді, дәл осы кезде сынып жетекшінің әрбір баланы зерттеп, диогностикалық зерттеу жүргізеді. Сынып жетекші мен ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда бала да жақсы тәрбие алып шығады. Әрбір ата-ана өз баласының алдында ерекше тұлға екендігі дәлелденген. Меніңше баланы тәрбиелеу ұшін ұлттық тәрбиенің мәні де мағынасы зор. Ұлттық тәрбие отбасында қалыптастыру үшін баланың жеті атасын білуі, өз туған тілінде сөйлеуі маңызды. Ана тілінде сөйлемеген бала өз ұлтында сыйламайды. Ұлт болашағы бала десек қазіргі уақытта ана тілінің тағдыры болашағы осы ұрпақтар екендігін түсіндіру мақсатында «Тіл» мерекесі өткізіледі. Баланың отбасындағы алған тәрбиесін мектепте ұштастырып ары қарай тәрбиелеу ұстаздың міндеті. Күнделікті балалардың мектепке қандай көңіл күйде келетінін, сабаққа ынтасын бақылау , тәртібіне мән беру және Сонымен бірге ата ананың басты байлығы , келешегі бала екендігін атап көрсетемін.
Жас ұрпақ-біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғаны да сондықтан. Бұл-білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді.
XXI ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры.Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасып, жаңа білім парадинмасы бірінші орынға баланың білім дағдысын қалыптастыру емес, тұлғаның ақыл-ойы, іс-әрекетін дамытуды көздеп отырғандықтан, мектепте жеке тұлға тәрбиелеп, оның ақыл-ой еңбегін арттырып, ой ұшқырлығын шыңдап, қоғамда ой-сана алуандығын жетілдіру, қоғаммен байланыстыру, өз ортасымен байланыс жасауын нығайту.
Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен ата-анадан, отбасы, ошақ-қасынан басталмақ. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қарым-қатынасына отбасы, отбасының қарым-қатынасы, отбасының психологиялық тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін білеміз. Ата-аналар мен мектептің басты мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, ұлтжанды, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Ендеше отбасында балаға берілетін тәрбиенің ауадай қажеттегі. Жасыратыны жоқ, қазір отбасы тәрбиесі үлкен маңызын жойып отыр, өйткені, ең басты белең алып отырған қасірет: үйдегі ата-ананың жұмыссыздығы, әркімнің бір жұмысын тұрақсыз істеуі-бала тәрбиесіне жеңіл қарауының салдары. Ата-аналар бала тәрбиесінде жауапкершілікті бәсеңдетпеуі тиіс. Ал ата-ана балаларына үлгі-өнеге көрсете алмаса, тәрбиелі бала өсу екіталай. Өйткені бала ересектерге өте еліктегіш келеді, көп нәрсені жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді. Бүгінгі ұрпақ өз отбасының мүшелерін сыйлау арқылы, Отанын, жерін, өз халқын сүюді бойына сіңіреді. Қазіргі кезде мектеп пен отбасындағы ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлылықпен қарау да орын алып отыр. Бұл күн көріс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, ата-ананың бар жауапкершілікті мектепке арта салуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңының X тарауындағы 62-бапта: «Ата-аналардың балалар тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері» көрсетілген. Онда: «Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге міндетті» делінген. Сонымен қатар: «бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін, негізгі жауапкершілікте болады»-деп көрсетілген. Сондықтан баланың, әсіресе, демалыс күндері бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, сабақтан тыс уақытта немен айналысып жүргенін күнделікті бақылап, беймезгіл уақытта кіммен жүргенінен ата-аналар хабардар болуы шарт.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-бабын мысалға келтіретін болсақ, онда: ата-аналар мен оларды алмастырушылардың міндеттері туралы айтылған. «Ата-ана білім беру ұйымынан өз баласының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға құқығы бар және балаларға өмірімен оқу үшін салауатты, қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісімен дене күшін дамытуда имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті және балаларды оқу орынындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті»-деп көрсеткен. Ал біздің мектебіміздің жарғысында ата-ананың міндеті былайша айқындалады:
-баланың өміріне, оқуына, денсаулығына, рухани және дене күшінің нығайуына, адамгершілікті болып өсуіне жағдай жасайды;
-6-7 жастан бастап баланы жалпы білім беретін мектепке орналастыруды анықтайды;
-пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен үнемі байланыста болады;
-баласы орта білім алғанға дейін оның мектептегі оқуын, сабаққа қатысуын қадағалайды;
-мұғалімнің, сынып жетекшісінің, мектеп басшысының талабымен мектепке келуге тиісті.
-мектеп Жарғысының талабын және оның ішкі тәртібін орындауға көмектеседі.
-мемлекет пен мектеп алдында баланың рухани дамуына, моральдық бетпердесі мен тәртібіне, тіпті заң жүзіндегі қылмыстық әрекеттеріне дейін толық жауапкершілікті өз міндетіне алады.
Оқушыларымыздың ата-аналарының көпшілігі өз жауапкершіліктері мен міндеттері жақсы түсініп, мектеппен тығыз байланыс орнатып отыр. Осындай бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беруде.
Отбасы-балаға өмір мақсаты мен құндылықтары туралы мағлұмат беретін және мінез құлық мәдениетін қалыптастыратын алғашқы ұжым. Отбасында бала алғашқы адамгершілік дағдыларын үйренеді. Ата-ананың түсіндіруі, айтқан ақылы мен үлгі өнегесі, үйдегі өмір салты, отбасындағы ахуал балалар бойындағы мінез-құлық әдетін бағалау өлшемдерін қарастырады.
Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы-бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін білім нәрімен сусындатып,халықтың ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек: «Көкірек көзін оята тәрбиелеу»-ата-ана жауапкершілігінен басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып, көтеретін жауапты міндеттердің бірі болып табылады. Осы міндеттерді шешу жолында дұрыс тәлім-тәрбие беру нәтижесінде тәрбиелі бала, мейірімді ана, ұлтжанды,инабатты тұлға тәрбиелеп шығарсақ, қазақ елінің дамуы ғасырлар бойы жалғасын табатынына сенеміз.