Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1552

Оқу қызметі процесінде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

І. Кіріспе. 

II. Негізгі бөлім. 

   1. Менің педогагикалық ұстанымым. 

   2. Оқу қызметінде қолданылатын әдіс- тәсілдер.

 

 III. Қорытынды.

            1. Бала үшін тиімділігі. 

            2. Педагог үшін тиімділігі

«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау — жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек.
Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, баланың оқуға, білімге деген ынта — ықыласы, құштарлығы болуы керек».

М. Жұмабаев

 

         Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
 
Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үрдісінде бірнеше педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір ұйымдастырылған оқу қызметінде қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымда әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы тәрбиеленушілердің білім жетістіктерін арттыруға  болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес  жан-жақты дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі көптеген түрлері бар. Соның ішінде бірнеш технологияға  тоқтала кетейін.

ТАНГРАМ –ӘДІСІ:

ВОСКОБОВИЧТІҢ ГЕОКАНТ, КІЛЕМШЕ ӘДІСТЕРІ:

ТРИЗ әдісі

НИКИТИН ӘДІСІ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР.

ТАНГРАМ ӘДІСІ:

1.Танграм – шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Жеті фигурадан тұратын ойын «ши чао тю». «Танграм» сөзі европалық. «Тань» сөзі ( «кытайлық» мағынаны білдіреді ) түбір «грамма» ( грек сөзінен аударғанда «сызық»).. Мұнда аз уақыттың ішінде көп фигураны жасау , бір фигурадан күрделірек фигураларды алу үшін жеті жазық фигураны бүктеуден тұратын бас қатырғыш Бөлікке бөлінген шаршыны жазық элементтермен қиыстыра отырып көптеген жаңа пішінді алуға болады. Мысалы, геометриялық, жанрлық- жануарлардың, адамның, тұрмыс үй заттарының кескіні және т.с.с. Осы ойжұмбақ ақыл- ой және шығармашылық қабілеттіліктерді, комбинаторлық қабілеттіліктерді, логикалық ойлауды, зеректілікті, тапқырлықты, сонымен қатар шыдамдылықты және ұсақ моториканы дамытады. Ықыластылықты, мақсатқа жету үшін табандылықты қалыптастырады. Шығармашылық ізденіске талпындырады, шыдамдылық пен жүйелілікке үйретеді. ”

2. В.В.Воскобичтің дамытпалы ойындары

Вячеслав Вадимович Воскобович, мамандығы бойынша физик – балалар үшін алғашқы дамытпалы ойынды ойлап табушы. Өз баласымен ойнай отырып, отандық жаңашыл-педагогтардың басқа тәжірибесін зерттей отырып (Зайцев, Никитин), ол өз әдістемесін құрды, оған қызықты дамытпалы ойындар, ойын комплексі енгізілді.

Воскобовичтің ойындары несімен қызықты? Құрастыру элементтерімен.

«Геоконт»  — немесе оны «шегелері бар тақтайша» немесе «түрлі-түсті өрмек» деп атайды.  Ол координаттық үлдір жағылған шере тақтайша түрінде болады. Ойын алаңына пластмасса шегелер бекітілген және оларға түрлі-түсті «динамикалық» резеңкелер тартылып тағылады. Осындай құрылымдау нәтижесінде пәндік мүсіндер, геометриялық пішіндер, айшықтар, сандар, әріптер шығады.

Халықта оны «шегесі бар тақтайша» деп атайды. 

"Геоконт" ойынмен ойнағандағы нәтижесі балалардың саусақ пен қол моторикасы дамиды, сенсорлық қабілеттері, ойлау үрдіс,і  шығармашылығы дамиды.

Кілемграф  ойыны:  Ойын – балалардың танымын, тіл байлығын, сөздік қорын дамытудың ең тиімді жолы болып саналады. Мектепке дейінгі мекемеде ойынның бірнеше түрі (дидактикалық, театрлық, сюжетті- ролдік, қимылды т.б) кеңінен қолданылады. Мен Вячеслав Вадимович Воскобовичтің «Кілемграф қорапшасы» ойындарына сүйене отырып, ойындар дайындадым . Бұл ойындардың мақсаты ойлау операцияларын дамыту болып табылады. Ерте балалық шақ балалардың дене мүшелерінің әсіресе ми функциясының дамуының ерекше кезең. 

 Вячеслав Вадимович Воскобовичтің ойындары дамытушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдығымен ерекшеленіп балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады.

ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады

ТРИЗ технологиясы бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану

Ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып,ұжымдық әрекет қарым-қатынас жасай білуге үйрету,топтық әрекеттерді қалыптастыру, дағдыландыру

- Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;

-Триз элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;

Никитин әдісі:  Педагог Елена мен Борис Никитин балалар дамуының бірнеше әдісін әзірледі. Олардың арасында ең көп таралған арнайы әзірліктер бар. Олар әдеттегі өлшемді текшелер, олардың әртүрлі түстері боялған. Сондай-ақ жиынтықта ойын карталары бар, оған сәйкес балалар суретке түсуге шақырылады.

Никитин текшелерімен жүйелі түрде өткізілген сабақтар баланың назарын, қиялын және кеңістіктік көріністерді қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын барысында бала жүйелеуге, талдауға және біріктіруге үйренеді.

 Көк, ақ, сары және қызыл - - түсті ойын 16 блоктарды толығымен бірдей мөлшері, монохромды түсті, оның қырларының әрқайсысы ретінде ұсынылған. Басқа диагональ бөлу бар. Сонымен қатар, олар түсті (сары-көк және қызыл және ақ) контрастын қойды.

Ойын технологиясы. Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек.Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, баланы  қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 

Нәтижесінде бала:

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
  

  1. Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
  2. Жаңа  оқыту үрдісін қалыптастырады;
  3. Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

 

 

                                                                                                          

 

200 0
Жиенкул Кулбаева, "Қарлығаш " балабақшасы, тәрбиеші, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Ұлы дала ұстазы № 002094
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: