Қазіргі таңда оқушының қабілетін дамытуға,дарындылығын анықтауға және шығармашылық ойлай алатын тұлға қалыптастыруға жағдай жасау керек. Осы орайда дарынды балалармен жұмыс жасау барысында ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастырдық. Аталған мәселені анықтау мақсатында, екі мектеп ұжымына эксперименттік сауалнама өткіздік.Оған 60 ұстаз қатысты. Сауалнамадағы мұндай мазмұнды «Сіз дарындылықты анықтау мен дамытуға байланысты қай тілде жазылған әдістемелерді көп кездестірісіз?» деген сұраққа 60 ұстаздың 43-і 86% орыс тілінде деп жауапберген. Бұл міне мемлекеттік тілде сабақ беретін мектептерде дарындылықты анықтау ісіне тежеу жасайтын құбылыстар бар деп түсінемін.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейн, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- Жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;
Осы мақсатқа орай келесі міндеттер туындады:
- оқушылардың жеке интеллектуалдық дамуы;
- сабақ қиыншылықтарын жеңуге деген ынталарын дамыту;
- шығармашылық ізденістері мен қызығушылықтарын дамыту;
- сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- жаңа ақпараттармен оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыру:
- оқушының логикалық ойлау қабілетін,тиянақтылығын,зейінін және өзін-өзі тексере білу қабілеттерін дамыту.
Дарынды балаларды анықтаудағы мұғалімнің және психологтың рөлі
Белгілі психолог Н.С. Лейтес көптеген жылдар бойы дарынды балаларды зерттей отырып,баланың басқалардан ерекшелігі-ой еңбегіне дейін бейімділігі, оның бойында жаңа хабар,жаңа білімді алуға үнемі қажеттілік болатындығы екнін көрсетті.ол өз еңбектерінде ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер етуші танымдылық қажеттілік екендігін анықтады.
Бүгінгі уақыт талабы- мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт қалыптастыру.Демек,ұстаз еңбегі оның қанша жыл өмір сүріп, қанша шәкірт тәрбиелегенімен бағаланбайды,бәрінен бұрын жас ұрпақты болашақтың даңғыл жолына салумен бағаланады.
Оны жеке адамды жан-жақты дамытудың ғасырлар тереңінен жинақталған дәстурді жалғастыру деп түсінген жөн.Ұстаз алдында отырған оқушыларды дарынды,орташа деңгейдегі оқушы, үлгерімітөмен оқушы деп 3 топқа бөлуге болады.Бұл-қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе деп білеміз.
Дарынды тұлғаны дамытудың әдістер кешені:
Шығармашылық дарындылық | Ғылыми-практикалық конференциялар,жобалар |
Көркемдік дарынылық | Шығармашылық сайыс,ән,би,театр үйірмелер |
Интеллектуалдық дарынылық | Интеллектуалды ойындар,(Ақбота,Кенгеру лингвист,Клевер т.б) |
Психомоторлық дарынылық | Спартакиадалар, турслеттер,президенттік тест |
Академиялық дарынылық | Факультатив,таңдамалы,қолданбалы курстар,олимпиадалар |
Зерттеу жұмысынан күнілетін нәтижелер:
Зерттеуде дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері көрсетілген.осы әдістемелерді мектеп оқушыларының дарындылығын анықтау мен дамытуда қолдануға болады. Зерттеу жұмысында берілген тұжылымдамалар дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогикалық ұжымда әдістемелік нұсқау ретінде көмекші құрал бола алады.
Халықтың интеллектуалды әлеуметінің маңыздылығының аумақтық, демографиялық және басқа да фокторларымен салыстырғанда елемеушілік, жеке интеллектілік дамытуға дейн нем құрайлықтың нәтижесі – қоғамға орны толмас материалдық, саяси молальдық шығын әкеледі.[Әбдірашитқызы А. «Дарынды оқушылар даярлау жолдары»]
Демек, қазірдің өзінде кез келген қоғамда дарынды балаларға ұлттық игілік ретінде қарап олардың ерекше әлеуметтік құқығы ескерілуі керек. Мамандардың айтуынша, дарынды балалар арнайы ересек адамдардың саны дарынды балалар саны есебінен бірнеше есе аз. Дарынды балалар арнайы педогогикалық және әлеуметтік бағдарламаның басты назарында болуы қажет, өйткені өмір сүру жағдайын жақсарту және ұлттың гүлденуіне деген үлкен үміт дарынды жастарға байланысты олардың қабілеттерін дамытуды неғұрлым ерте бастаса, дамыту тиімділігі соншалықты көп болады. [Аманжолова.Ж «Дарынды оқушылар даярлау жолдары»Бастауыш мектеп.-2005ж. №1. Б.27.]
Дарынды бала- бұл іс-әрекет барысында ақан талантымен, ерекше қабілетімен танылған,жоғары жетістікке жетуге талпынушы. Алдымен, ол-ойлау белсенділігі, талдай білітіндігі, өз ойын дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары оқушы. Демек, дарындылық бала бойында тәрбиемен алған біліміне байланысты қалыптасады.Ол отбасы, жолдастары айналасына байланысты әрқилы қалыптасады.Жетекшілік бойында ұлттық тарих,салт-дәстүр және тілге байланысты жаңаша көзқарастың қалыптасуына ортаның да әсері зор. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, отбасында жақсы түсінік қалыптаспаса оған ешқандай ұстаздың тәрбиесі көмектесе алмайды. [Айтбаева А. «Дарынды бала» мәселелері /А.Айтбаева // Ұлағат.-2005.№3.Б90-93].
Ұстаздарды «Адам жанының хирургы» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ең алдымен мұғалім жеке тұлғасы және оның кәсіптік деңгейіне айрықша назар аудару қажет.Біріншіден,қай қоғамда болмасын мұғалім сол қоғамның белсенді мүшесі,белгілі бір әлеуметтік топ болып саналады.Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси-экономикалық рухани өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қала алмайды.
Жұмысты қорытындылай келе айтарымыз, дарында танып оны оқыту үшін оқушының жеке дамуын бақылау,оның еркін дамып қабілеттерін ашуына тиімді жағдай жасау керек және оқушының ынтасы, қабілетін зерттеу, бағдар беру, ұлттық санасын қалыптастыра отырып, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік жасау, оқушылардың өзіндік ғылыми ізденісіне бағыт беру қажет.
Әдебиеттер:
- Айтбаева А. «Дарынды бала» мәселелері /А.Айтбаева // Ұлағат.-2005.№3.Б90-93.
- Аманжолова.Ж «Дарынды оқушылар даярлау жолдары»Бастауыш мектеп.-2005ж. №1. Б.27.
- Әбдірашитқызы А. «Дарынды оқушылар даярлау жолдары» Б. 19-20
- «Білім беру қызметкерлерінің бірінші республикалық педагогикалық оқулары» баяндамалар жиынтығы. 2013ж.