Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1542

Көркем еңбек пәнінің берері көп

 

Ғылым адам санасына болмысы бөлек,

ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру

арқылы ғана терең ұялайды.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Орыс жазушысы Лев Толстой «Еңбектен  басқа   еш нәрсе   адамның  мерейін  асырмайды» деп  жазды. Ұлы   бабаларымыздан  қалған  мақал-мәтелдер  мен көреген   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың   әр  жолдауындағы  білім   мен  еңбекке  қатысты   қанатты  сөздерінен-ақ еңбексіз өмірдің жоқтығының  айғағы. Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.   Елімізді-2050 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар  көркем еңбек пәні  арқылы  оқушыларды белгілі бір бағытта дамыту аса кұрделі және келелі мәселелердің бірі. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге  оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Өнер мен білімді ұштастырып жоғары жетістіктерге жетуге , табысты болуға және өмір әрекетіне бейімдеуге болатыны анық. Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан  бәсекеге қабілетті  жастарды тәрбиелеу.Қолөнер - өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен  қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлігі мен адамның  адамгершілік дүние танымын қалыптастыратын оқытуда өз ерекшелігімен айқындалатын бағыт. Мəдениетімізде, ата тарихымызда қазақ бейнелеу­ өнеріндегі шығармашылық туын­­дыларда дәстүрімізді, мә­дениетімізді, ұлттық мұра­ла­рымызды дәріптейтін бағыт­тары көп емес пе?!

«Өз ұлтын сүю – өзге ұлтты жек көру емес», деп Б.Момышұлы ата­мыз айтқандай, оқулықта қа­зақ суретшілерінің туындылары аз пайдаланылғаны түсініксіз. «Көр­кем еңбек» пәні оқулығында Т.Шевченко, В.Боровиковский, А.Матис, Ф.Рубо, В.Крестинков, Ян ван Кессель, В.Стожаров, Л.Леонтьев, Е.Ким, Б.Кустодиев, И.Богданов, Н.Сверчков, Н.Хлу­дов, К.Костанди, М.Сарян, Г.Фрес­ка, Р.Кэмпбелл, Н.Ка­разин, И.Шишкин, Г.Кайботт сын­ды суретшілердің туынды­лары пайдаланылған. Ал қа­зақ­­стандық суретшілерден Ә.Қас­­теев, А.Әбжанов, С.Айт­­­баев, ­Г.Ысмайлова, А.Ғалым­баева­ның ғана еңбектері көр­сетілген.

    Өзімнің  жылдар бойы жасаған тәжірибемде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  тапсырмалар  кұтілетін нәтижелерді анықтап отыратыны белгілі. Өткізілетін сабақтың түрлері: баяндама,  пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы  арқылы жүзеге асырылады. Өз  тәжірибемде «Педагогикалық шеберханалар технологиясы» әдістемесін интербелсенді әрекеттер арқылы қолданамын. Шеберхана – оқыту процесін ұйымдастырудың өзгеше бір түрі (формасы).Бұл оқу процесінің өзгені түрі, Француз ғалымдары (психологтар, педагогтар, философтар) ұсынған. Оның негізін құраушылар: П.Ланжевский, Анри Валлон, Жан Пиаже және т.б.

Негізгі идеясы белгілі педагог Я.Коменский идеясы мен жақын, яғни «пәлсәнәні» тарату адамзатты дамытып жетілдіруі де, соғыс өртін жояды – дейді. Қоғамды дамытуға, тек білім беруді терең түбірімен өзгерту арқылы ғана жетуге болады деп есептейді.

Педагогикалық шеберханаларды ұйымдастыру қағидалары:

  1. Мастер барлықтары үшін ашық, еркін шығарамшылық қарым-қатынас атмосферасын тудырады. 
  2. Тақырыпты меңгеруде оқушының жке қызығушылығын оятып, оның сезімдеріне назар аударады.
  3. Мастер өзгелермен бірдей жұмыс істейді.
  4. Жауап беруге асықпайды.
  5. Қажет ақпараттарды шағын дозамен беріп отырады.
  6. Бала еңбегін бағалауда әдеттегі бағалау қабілеттерін дамыту үшін еңбектерін ашық көрсету әдісін пайдаланады (оқушыны өзін-өзі түзетуге, өзгертуге мүмкіндік алады).

Технологияның алғы шарттары:

  1. Баланың білімді өз тәжірибесімен ұштастыра отырып алу, яғни білімді оның генезисі мен құрылымын зерттеу арқылы өздігінен ашып жетуі.
  2. Мастер басқаруымен және ұйымдастыруымен белгілі бір қағидаларға сүйеніп отырып, барлықтарының да өз білімін өздері бірлескен әрекет нәтижесінде құра алатындығына иландыру (сендіру)
  3. Педагогикалық шеберхана ерекшелігі: ұстаз әңгімелеуші, баланың мүмкіндіктерін, қабілеттерін көріп, бағалай білуге жетекттеуші, нұсқаушы роліне көшеді. Бала өзінің біліміне негіздей отырып жаңа дүниені ашуға жетеді. Өзінің «Мен» сезіміне жетеді. 

Шеберханада жұмыс істеу кезеңдері:

  1. «Индукция» (ой қозғау)
  2. Жинақтау (самоконструкция)
  3. Топта талдау (социоконструкция)
  4. Әлеуметтендіру (Социализация)
  5. Жария ету (Адаптирования)
  6.  Презентация дайындау
  7. «Ескі мен жаңа байланысы» (разрыв)
  8. Рефлексия 

 

Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр  кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі деген анықтама береді. 

Технологиялық оқыту - өзара белсенді оқыту. Өзара белсенді режимдегі жұмыста ақпараттар ағыны оқушыға не топқа жетіп, оқушылардың жан – жүйесінде жасырын жатқан ақыл-ой қызметін белсендіреді. Ақпарат бұл жағдайда екі бағытта: мұғалімнен – оқушыға, оқушыдан мұғалімге қарай жүріп, оқушыны өзі үшін білім алушы, өзін білімдендіруші яғни субъект жағдайына қояды. 

Күтілетін нәтижелер:  оқушылар өздерінің нітижелерін дескрипторға  сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көрсетуі. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамытуда баланың бойындағы  әсіресе өтпелі кезеңде пайда болатын агресивті мінездері мен ірекеттерін  еңбек арқылы сыртқа шығаруға болатынын дәлелденген. Тәрбиелік дағдысын жетілдіріп, еңбектену жұмысына төзімділігін арттыру өмір әрекетіне бейімдеу деп түсінемін.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Ай сайын шығатын  «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.,

Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006, 2007, 2008, 2009.

  1. Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби- көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж Бас редактор: Баққожа Мұқағали.
  2. Маргулан А.Х. Казахское народное  Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.
  3. Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология

 

 

201 0
Бакытжан Иманкулова , "Қарабұлақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ-нің, көркем еңбек пәні мұғалімі, Алматы қаласы Ұлы дала ұстазы № 002084
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: