Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1538

Медициналық орта буын мамандарына кәсіптік білім беру ерекшелігі

Мейірбикенің қоғамдағы рөлін  сипаттамас бұрын осы салаға қатысты терминдерге тоқталатын болсақ:

«Денсаулық-жеке тұлғаның қоршаған ортамен бейімделу арқылы жеткен үйлесімі

Мейірбикелік іс-қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе бойында бар проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен өнер.

Адам– өзін–өзі тәртіпке салатын динамикалық биологиялық біртұтас жүйе,физиологиялық, психологиялық–әлеуметтік және рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылуымен оның өсіп дамуы ,қоршаған ортамен қосылуы анықталады.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді дамуы көбінесе денсаулық сақтау жұмыс күшінің ең көлемді құрамдас бөлігі ретінде мейірбикелік персоналды оқытудың кәсіби деңгейі мен сапасына, ұтымды орналастыру мен пайдалануға байланысты.

Денсаулық сақтау саласында жоғары медициналық технологиялардың және профилактиканың, диагностиканың және емдеудің жаңа әдістерінің экономикалық және клиникалық тиімділігін қамтамасыз ете алатын заманауи білімі бар мамандардың жұмыс істеуі үшін кадр саясаты білім беру саясатына сәйкес болуы керек және сонымен қатар орта медицина қызметкерлерін кәсіби дамытуға ынталандыруға бағытталған.
Бұл орта медициналық және фармацевтикалық білімнің екі деңгейлі жүйесін дамытуды, жұмыс орнында кадрларды қамтамасыз етудің қосымша тетіктерін қалыптастыруды, жұмыс беруші мен бітірушілер, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі бар мамандар арасындағы шарттық қатынастарды жетілдіруді көздейді.Соңғы жылдары құрылған нысаналы келісім-шарт бойынша оқыту жүйесі әлі де өз нәтижесін бере қойған жоқ. Оны жақсарту қажет. Келісімшарт жас маманның материалдық қызығушылығын ескере отырып, диплом алғанға дейін кемінде үш жыл мерзімге жасалуы керек.
Тәжірибелік денсаулық сақтауда жұмыс істейтін барлық жақсыны және мейірбике ісі мен мейірбике күтімін ұйымдастырудың озық технологияларын енгізетін медициналық мекемелердегі тәжірибені қолдана отырып, оқытудың шарттары мен мазмұнын шындыққа барынша жақындату қажет. Мұндай мекемелерді таңдау үшін «білім берудің өміршеңдігі» рейтингі жүргізілуі керек.
Мәселені шешуге ықпал ететін тағы бір қадам – үздіксіз білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру денсаулық сақтау саласын қайта құруды және нақты мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып жүзеге асырылуы керек, ал кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі оқытудың көлемі денсаулық сақтау мекемелерінің тапсырыстары негізінде белгіленеді.
Кәсіби біліктілікті арттыруға, бірінші кезекте практикалық денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін дәрігерлер мен медбикелер қатарынан сырттай оқытушыларды даярлаудың заманауи бағдарламаларын құруға ерекше көңіл бөлу керек екені айтпаса да түсінікті.
Үздіксіз білім берудің барлық кезеңдерінде мамандарды даярлаудың сапасын бақылау жүйесін дамыту да маңызды.

Бүкіл дүние жүзінде денсаулық сақтау жүйесі бірнеше онжылдықта білім алуға, оқытуға, жалақыға, жұмыс жағдайына және менеджментіне инвестициялардың жеткіліксіздігі нәтижесінде дамыған денсаулық сақтау қызметкерлерінің созылмалы тапшылығына байланысты өткір дағдарысты бастан кешуде. Бұл кәсіби мамандардың жеткіліксіздігіне, ауысымдардың артуына және зейнеткерлікке ерте шығу, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық көші-қон мәселесіне алып келді. Статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ, әлемде дәрігер, акушер, мейірбикелер, фармацевттер, стоматологтар және басқа да медицина мамандарының саны небәрі 4 миллионды құрайтыны мәлім болды. Шикізаттарды қанағатсыз бөлу, білімді тиімсіз пайдалану, сонымен бірге денсаулық сақтау саласындағы мамандардың шетел асып кетуі – бұл жағдайды одан әрі ушықтырып жібереді. 

Ғылыми зерттеудің сараптамасы жоғарғы білімді мейірбикелердің кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру мейірбике ісінің дамуында маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп отыр. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде соңғы 6 жылда мейірбике ісі бойынша мейірбикелік білім беру жүйесінің өзгерісіне, мәртебесінің өзгерісіне, кәсіптік қызмет аймағының кеңеюіне, дәрігер және мейірбике арасындағы міндеттерді қайта бөлуге бағытталған қайта құрулар жүргізілуде. Нәтижесінде мейірбикелердің алдында кәсіптік өсуінің жаңа мүмкіндіктерін ашатын, білім берудің үш деңгейін және дипломнан кейінгі дайындықты қоса алатын, мейірбикелерді кәсіби дайындаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасты 

Қазіргі таңда орта медицина қызметкерлерін (ОМҚ) оқыту үрдісі өзекті проблемалардың біріне айналды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ОМҚ саны жеткіліксіздігі жылдан жылға ұлғайып бара жатыр.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, ОМҚ жеткіліксіздігінің себептері барлық мемлекетте шамамен бірдей – бұл төмен жалақы, біліктілігіне сай келмейтін жұмыс ауқымының кеңдігі, бірсарынды күнделікті жұмыс (дәрілік препараттарды тарату және реттеу, сараптама қорытындыларын жапсыру және медициналық құжаттарды толтыру,т.б.). Қазақстанда мейірбикелердің азаюының тағы бір себебі – мейірбикелердің беделінің түсуі және ұжым мен емделушілер арасында сенім тудырмауы . 

Тарихи және халықаралық тәжірибе мейірбикелердің науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде, алдын-алу мен оңалтуда жетекші рөлін дәлелдейді.

Әлемдік тәжірибе. Барлық Батыс елдерінде мейірбикелер өз бетімен жұмыс істейді, науқастарды қабылдап, өзінің құзіреттілігі аясында ем тағайындайды, науқастар арасында биік беделге ие, дәрігер олардың ойларымен әрқашан санасады. Батыс елдерінде мейірбикелер өздері жұмыс істейтін мекемелерде: аттестация, сертификация, педагогикалық және тәлімгерлік іс-әрекеттер, ғылыми-зерттеулер, мансаптық өсу мүмкіндігі, жоғары мейірбикелік білім алудың және мейірбике ісінде ғылыми деңгей (магистр, PhD) алу сияқты іс-шараларға белсене қатыса алады. 

Швеция, Финляндия, Англия елдерінде науқасты біріншілік бақылау, оның дәрігер қабылдауына жазылуы, ауруханаға жатқызылуы, клиникалық хаттамаларға сәйкес кейбір дәрілік препараттарды тағайындау, дәрілік терапия режимінің өзгеруі туралы сұрақтармен, созылмалы және күрделі жағдайдағы (қант диабеті, бронх демікпесі, жүрек жеткіліксіздігі, психикалық аурулар) науқастарға жоғары квалификациялы көмек көрсету шараларымен мейірбикелер айналысады. 

Англияда мейірбикелер белгілі бір аурулар бойынша (қант диабеті, бронх демікпесі) мамандандырылған көмек көрсету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Бұл олардың функционалдық міндеттерін одан ары кеңейтеді.

Жалпы тәжірибедегі мейірбикелердің міндеттерінің басты бағыты – алғашқы көмек көрсету, науқасқа біріншілік және негізгі күтім жасау. Ал, тамырішілік инъекция, рецепт жазу, наркотикалық препараттарға қолжетімділік, әкімшілік жұмыстарына араласуға құқық берілмеген. Үлкен құзіреттілік пен кәсіби дағдыларға ие болғандықтан, мейірбике ісі бакалаврына медициналық қызмет көрсетудің жетекші рөлі тиесілі. Функционалдық міндеттеріне палаталық, пост, ем-шара кабинеті, операциялық блок жұмыстарын атқару жатады. Мейірбике бакалаврлары пациенттерді жекелей қабылдау, алдын ала диагноз қою, емдік және диагностикалық процедураларды тағайындайды, рецепт  жазады, вакцинацияға жібереді, телефон арқылы консультация жасайды, дәрігер қабылдауының қажеттілігін анықтайды. Елде медицина қызметкерлерін оқыту мен кәсіптік дағдылары медицина мамандықтары бойынша заң және ұстанымдары арқылы қатаң түрде реттеліп отырады.

Финляндияда мейірбикелер әкімшілік жұмыстарына араласа алады, жоғары және орта техникалық оқу орындарында педагогикалық жұмыспен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, мейірбике ісі аймағында докторлық дәреже алуға мүмкіндігі бар. Әр жыл сайын шамамен 200 талапкер магистр дәрежесін, 50 доктор дәрежесін иеленеді. Финляндияда мейірбике ісі мамандары кәсіби оқу орындарының деңгейінде дайындықтан өтеді, сондай-ақ, бакалавриатура, магистратура, докторантура деңгейін университет базасында қолданбалы ғылым саласында білімдерін жетілдіреді. 

Мейірбикелердің статусы мен мәртебесін қабылдау – рөлдердің өзгеруі мен денсаулық сақтау жүйесінде орта медицина қызметкерлерінің қызметін тиімді пайдалануға көмегін тигізеді. Бұндай шешім медициналық қызмет көрсету сапасына және максималды түрде халыққа көмек көрсетуді барынша кең ауқымды жүргізуге, денсаулық сақтауда шығынның қысқаруына, дәрігерлік кадр тапшылығын төмендетуге айтарлықтай оң әсерін береді.

Мейірбикелердің құзіреттілігі алғашқы симптомдар мен белгілерді уақытылы анықтау, ерте диагностика мен профилактика шараларына байланысты. Денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медико-әлеуметтік мәселелерді шешу, дәрігерлік іс-шаралар мен құзіреттіліктер қатары, шешімді өздігімен қабылдау мүмкіндіктері сияқты міндеттер мейірбике құзіреттігіне берілу керек.

Қолданбалы бакалавриат – бұл жоғары білікті мамандардың тәжірибе жүзіне бағытталған дайындық болғандықтан, мейірбике ісі бакалавриатураның бағдарламасының жасалып шығуына жоғарғы оқу орнының, орта оқу орнының тәжірибелі педагогтары, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің тәжірибелі, біліктілігі жоғары мамандары мен жұмыс берушілері қатыстырылуы керек. 

Тәжірибелік денсаулық сақтау мамандары, жұмыс берушілер мейірбике бакалаврларының ие болуға міндетті: маманның өздігімен емдік-диагностикалық, реабилитациялық, медико-профилактикалық істерге, сонымен бірге ұйымдастыру-басқарушылық және ғылыми жұмыстар сияқты кәсіби құзіреттіліктерін оңай жолмен анықтап бере алады.

Мейірбике ісі бакалавриатының білім стандарты құзіреттілік тәсіліне негізделген мейірбикенің кәсіби-тәжірибелік дайындығына бағдарлануы тиіс. Яғни, практикалық жұмыстарды өз бетінше істеу, талдау, клиникалық ойлауға, шығармашылық, ғылыми және зерттеу іс-әрекеттері сияқты жоғары білімді мейірбикенің барлық құзіреттілігін бейнелеуі тиіс. 

Теориялық бөлімде ғана емес, практика жүзінде де бейнеленетін әрбір білім алушының ғылыми-зерттеу және өзіндік жұмыстары ерекше маңызға ие. Әр студентті өзінің жұмысын талдауға, шешім шығаруға және осы көрсеткіштерді жақсарту жолдарын табуға үйрету маңызды. 

Студент-бакалаврдың практикалық дайындығы медициналық мекемеде өтуі керек және студенттің практикалық дағдыларын жетілдіруге ат салысуы қажет. Мейірбике бакалавриатурасы бағдарламасының енгізілуі мен жүзеге асырылуы терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерген, практикалық жұмыстарға дайын жаңа буын кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы болашақ мамандардың, практикалық дайындығына бағдарлануы тиіс. Уақыттың 50%-дан кем емес бөлігі клиникалық базалар жағдайында өтуі тиіс. 

Жоғары білімді мейірбике-менеджерлерді және  орта буын мейірбикелерді дайындауда, клиникалық базаларда мейірбике ісі бакалаврының практикалық дайындықтан өтуді қадағалайтын белсенді оқу әдістерін қолданатын жоғары білікті оқытушыларды, үлкен тәжірибесі бар мейірбике-тәлімгерлерді қосымша дайындықтан өткізуді талап етеді. Болашақ перспективасы үшін және өзінің ұйымына мамандардың аса қажет екенін сезінетін жұмыс беруші үшін қолданбалы бакалавриат үлкен маңызға ие. 

Қорытынды. Қазіргі уақытта республикамызда мейірбикелерді үшдеңгейлі дайындықтан өткізу жүзеге асырылып жатыр: орта кәсіптік білім беру, жоғары және ЖОО кейінгі білім беру. Сондай-ақ, біліктілікті көтеру курстары және мамандарды қайта даярлау жұмыстары жүргізілуде. 

Мейірбикелерге арналған алғашқы курстар Қазақстанда 20-жылдардың соңына қарай ұйымдастырыла бастады, ал 1994 жылы Алматыда «Эмили» институты ашылды. Бұл институт Қазақстан Республикасы және Орта Азиядағы жоғары білімді мейірбикелерді дайындайтын жалғыз оқу орны болды. Факультет миссиясы – денсаулық сақтау жүйесін сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, білімді, ұйымдағы жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдай алатын мамандармен қамтамасыз ету. 

Проблемаларды талдау орта кәсіптік білім беруді, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың келешегін анықтауға мүмкіндік береді. Бізге керек: 
  1. Орта медициналық білімі бар мамандарды даярлауды болжау, мониторингтеу және мемлекеттік және өңірлік реттеу тетіктерін қалыптастыру. Бұл дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың сандық арақатынасындағы, сондай-ақ еліміздің әртүрлі аумақтары, қалалар мен ауылдық жерлер, халыққа медициналық көмек көрсету жүйесінің әртүрлі деңгейлері арасындағы диспропорцияларды жояды.
  2.  Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң үздiксiз бiлiм беру жүйесiн одан әрi дамыту негiзiнде мамандардың кәсiптiк деңгейiн арттыру, кадрлар даярлаудың сабақтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, оқу орындарының қызметiн үйлестiру және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң жинақтаушы жүйесiн дамыту. медбикелік персонал.
  3.  Білім деңгейіне қарай сараланған жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық стандарттарын әзірлеу. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және тәжірибелік оқыту жүйесін пайдалану арқылы мейірбике мамандарының қажетті құзыреттілік деңгейін, сонымен қатар жұмыстың сапасы мен өнімділігін қолдау.
  4. Орта деңгейдегі білім беру ұйымдарының қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.
  5. Мамандарды даярлаудың мазмұны мен сапасын жаңарту.
  6. Орта медицина қызметкерлерін оқытудың мақсатты нысанын жетілдіру.
  7. Оқу орындарын біріктіретін оқу, ғылыми және өндірістік кешендерді құру.
  8. Бірыңғай клиникалық база құру шеңберінде оқу орындары мен медициналық мекемелер арасындағы құқықтық және экономикалық қатынастарды оңтайландыру.
  9. Медициналық және фармацевтикалық колледждер мен мектептерде білім беруді ақпараттандыруды дамыту: электрондық кітапханалар мен анықтамалық ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, оқу процесіне ақпараттық технологиялар мен сапа менеджменті жүйелерін енгізу.
Жоспарланғандарды іске асыру орта кәсіптік медициналық және фармацевтикалық білімді одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге, оның практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің талаптарына сәйкестігін арттыруға және білім сапасын арттыруға тиіс.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1. С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері» 47-48 бет

2. Е.Ю.Храмова 2010 ж «Справочник медсестры»

3. Әлемдегі денсаулық сақтау жағдайы туралы баяндама / Lincoln Chen, David Evans, Tim Evans, Ritu Sadana, Barbara Stilwell, Phyllida Travis, Wim Van Lerberghe, Pascal Zurn. Ред. Leo Vita-Finzi және Barbara Campanini. – Женева: 2006. -153б.

4. Donahue M.P. Nursing: the finest art an illustrated history. St.Louis 1985.Mosby – Year Book. -508p.

5. Buchan, J.and Calman, L. Skill-mix and Policy Change in the Health Workforce: Nurses in Advanced Roles, Paris, OECD, 2005, 63p.

6. Work-related stress in nursing, Geneva, ILO.2000, 52p.

7.Sing, D.Which Staff Improve Care for People with Long-term Conditions? A Rapid Review of the Literature. Birmingham: University of Birmingham and NHS Modernization Agency, 2005, 70p.

8. Кашафутдинова Г.Т., Байсугурова В.Ю. Современное состояние сестринского дела в развитых странах: расширение сестринской практики, Вестник КазНМУ, 2013, №1, ст 303-306.

9. Cheek J., Price K., Dawson A., et al. Consumer perceptions of nursing and nurses in general practice. Adelaide: Centre for Research into Nursing and Health Care, University of South Australia, 2002.

10. Hegney D., Buikstra E., Fallon T., et al. Consumer perceptions of practice nursing. Toowoomba: University of Southerm Queensland,2004.

 

388 0
Жадыра Райханова, Талдықорған қаласы, ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК-нің арнайы пәндер оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Ұлы Дала Ұстазы № 001944
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: