Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1536

Белсенді және интерактивті оқыту әдістері арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеу ерекшеліктері

 

       Қазіргі  жағдайда бәсекеге қабілетті медицина қызметкерлерін дайындап шығару үшін заманның ағымына сай кәсіби қызметтің барлық түрлерінде біліктілігі белсенділігімен, сыни ойлау мен ақпараттық технологиямен қаруланған маманды дайындау маңыздылығын жойған жоқ.  

       Студенттердің теориялық білімін  тереңдету, практикалық және коммуникативтік дағдыларды жетілдіру, негізгі және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін белсенді және интерактивті оқыту әдістерін сабақтарды үнемі қолдану мұғалім үшін таптырмас дүние. 

       Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі - «интербелсенді оқыту әдісі». Бұл әдістің негізгі қағидасы – мұғалім мен білім алушының қарым-қатынасы мен  өзара пікір алмасу диалогі арқылы кәсіби маманды   қалыптастыру.
 
Интербелсенді әдістерде басты назарды “процесске”, яғни  үйрену процесінің өзінебілім алушылардың  “қалай” және  “қандай әдіс-тәсілдер арқылы  үйренетіндігіне” аударады.  Осы тұста болашақ мейіргерлерді үрдіс кезінде емалушылармен қалай жұмыс жасайтындығы, жағдайды нақты бағалау үшін теориялық білімнің маңыздылығын білдірту үшін қандай әдіс тәсілдер тиімді деген сұрақтарға жауап табу үшін интерактивті әдістерге жүгінуге тура келеді. Топпен жұмыс, пікірталастар, проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, рөльдік ойындар, блиц-сұрақтар әдісі, кейс – стадийлер, миға шабуыл әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, инсерт әдісі, анкета алу әдісі және т.б. жатады бұл студентке өз бетімен білімін толықтыруға, жұмыс орындарында тез бейімделуге мүмкіндік береді, өз қызметін жоспарлауға, ұйымдастыруды, кәсіби мәселені шешуге үйретеді. Оқу үрдісінде оқытушы ролі өзгереді, білім алушының қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, оны    ынталандыру бағытындағы кері байланысты береді, кеңес беріп, оқу процессін бақылауға алады. Студентке білімнің – өмір бойы қажетті екенін түсінетіндей қылып үйретеді. Бұл интербелсенді әдісімен оқытудан күтілетін нәтеже – медиициналық білім беру орындарында бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату,   студенттің өз бетімен жұмыс істей алу қабілетін көтеру және   белсенділік танытуына жағдай жасау. Ал студент берген ақпаратты игеріп, тапсырмаларды оқытушы көмегімен, топпен және жеке орындауға, кез келген әлеуметтік ортаға бейімделуіне, өз бетімен   жаңалықты білуге, ізденіс жасауға бастама көрсетуге, яғни  өз бетімен білім алуымен айналысуы керек. Түрлі белсенді әдістер арқылы адамгершілік қатынас тәжірибесін иеленеді. Ол дегеніміз - өзін өзі дамытуы, сөйлесу тәсілін үйренуі.    

       Аталған интербелсенді әдістерді қолдану арқылы – медколледжде  студенттерінің сабаққа деген қызығушылықтарын , мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін, білсем деген ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік алдық.  Белсенді әдістер студенттердің өзара қарым-қатынасына, белсенділігіне, дамуына әкеледі. «Маған айтшы, мен ұмытып қаламын; маған көрсетші, менің есімде қалады; өзіме істетші, мен сонда түсінемін» демекші, біз студенттердің заман талабынан қалмай, өмірде өз мамандығының кәсіби иесі болуы үшін түрлі әдістерді қолданамыз.  

     Біз медколледжде жаңа материалдағы негізгі теориялық мәселелердің мазмұны терең, жүйелі, нақты,   бірізділікпен бере отырып,   қазіргі  тың, маңызды жаңалықтарды, емдеуге деген  түрлі көзқарастар мен даулы мәселелерді көрсетіп өтеміз. Бұның өзі таптауырынды дәрістен гөрі, тыңдаушының қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Теориялық сабақтан кейін практикалық сабақта  туындаған сұрақтар төңірегінде  кішігірім пікір – сайыс өтеді. Мысалы «Мейірбике мен науқас арасында пайда болған кикілжің» жағдаятын ұсындым. Қалыптасқан жағдай бойынша әр студент өз ойын ортаға салды. Кикілжіңнің туу себептерін анықтап, оның шешу жолдарын қарастырдық. Ұсынылған шешу жолдарын тиімділігіне қарай топтастырып, ең тиімді жолдарын таңдадық. Бұның өзі білім алушының  ізденісі мен қызығушылығын тудырады әрі есінде қалады.   Сабақтың тиімділігілігі де осында. Студент теория сабағында, оқытушының баяндау, әңгімелеу әдістері арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын тудырмауы мүмкін, сондықтан оны белсенді,қызықты өту үшін оқытушы дәстүрлі емес әдістерді: топқа бөлу, тақырыпқа байланысты заманауи медицинадағы жаңалықтармен ұштасқан өзекті сұрақтарды қоюы, пікірталас әдістерін қоса қолданса аудиторияның барлығы толық қамтылып, оқытушы мен студент, студент пен студент арасында қатынас болып, әрбір студент өз ойын толық жеткізе алады, бір –бірімен пікір таластыра алады. Сонда ғана дәріс сабағы қарым — қатынас үрдісіне негізделген оқыту – интерактивті әдістер арқылы студенттің белсенділігін арттырып, сабаққа қызығушылығы мен өз бетінше ізденушілігі арқасында жаңа дереккөздерімен жұмыс жасауға және оның белгілі бір тақырыпқа байланысты білімінің терең болуына жол ашады.  Екіншіден, адам ағзасына қатысты мәселелерді студенттер виртуальді анатомияны пайдалана отырып, дәлелдеуге дағдыланады. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана студенттердің алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор.  Мұның өзі тәжірибеде студенттің тез бейімделуіне әкеледі. 

        Білім алу барысында студенттерде тұлғаның кәсіби бағытта ойлау қабілеті қалыптасуы керек. Сондықтан болашақ медициналық қызметкерлерінде жаңашылдыққа, ізденіске, мәселені қоюға бағытталған кәсіби ой қалыптасуы үшін  ғылыми бағытталған білім беру процессінде әр түрлі арнайы электрондық базалар (PubMed, Medline, Embase, Cochrane.org) қолданылады. Барлық пән бойынша студенттерге   оқу платформасында PubMed сайтынан нақты ғылыми фактілерге негізделген ақпараттар ұсынылған.  Студенттер болашақ кәсіби қызметіне қажетті ақпараттарды, түрлі жағдайды сипаттайтын түсінік алады. Кәсіби бағытта интеграциялық білім мен көптеген сұрақтардың жауабын табады.  

       Әр мамандықтың өзіне тән кәсіби терминдері бар. Сол терминдерді студенттер қиналмай жаттап алуы үшін «Quizlet» бағдарламасын пайдаланамын. Бұл бағдарламаның тиімділігі сол, қашықтан оқыту кезінде де, бетпе-бет оқыту кезінде де, үй тапсырмасын орындау кезінде де қолдануға болады. Мұғалім қажетті термин сөздерді анықтамасымен енгізгеннен кейін студенттер сол терминнің айтылуымен, жазылуымен, анықтамасымен сәйкестендірумен, сол сөздер бойынша тест тапсыру жұмыстарын жасай алады. Бағдарламаның   мұғалім үшін тиімділігі – ол терминдерді анықтамсымен енгізеді, ал қалған сәйкестендіру формасын, тест құрылымын, гравитациялық формасын бағдарламаның өзі жасайды. Студент үшін тиімділігі – ол кез келген уақытта осы бағдарламаға кіріп, өзінің білімін жетілдіре алады. 

      Түрлі технологиямен, әдістермен білім алған, ортада өз ойын ашық айтатын білімді ұрпақты тәрбиелеуде белсенді және интерактивті оқыту әдістері маңызды. Біз сол арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеу мүмкіндігіне  ие боламыз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1.  Абдрахманова А.О., Калиева М.А., Байгожина З.А., Хандиллаева М., Кабдрахманова Н.М., Проблемы медицинских сестер и пути их решения в Республике Казахстан (Problems of Nursing and their solutions in the Republic of Kazakhstan), Международный журнал прикладных и фундаментальных исследовании, 2014, №11, 2, 96-99стр.
  2. Stromberg A., Martenson J., Fridlund B., Nurse Led heart failure clinics in Sweden, Eur J Heart Fail, 2011, No.3, pp.139-144.
  3. Karlberg I., at al. Managing Chronic Conditions: Experience in Eight Countries, Copenhagen: European Observatory on Health Systems and Policies, 2008, 181p.
211 0
Руфина Досыкенова, ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжінің» МКК-нің арнайы пән оқытушысы Ұлы Дала Ұстазы № 001942
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: