Болашақ- білімді жастар қолында» -
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Ел болашағы жастардың қолында деп тұңғыш президентіміз айтқандай, білімді болашақ қашанда елін , жерін алдыға жетелейді. Жастар білімді болу үшін, білім жоғары деңгейде жемісті нәтижелер көрсетілуі үшін қайраттылық пен озаттық керек.
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің білімгерлеріне арналған тәжірибелік дағдыларды арттыру мақсатында, теориялық білімін тәжірбиелік тұрғыда көрсете алу, жақсы түсіну мақсатында жоғары технологиялық әдіс тәсілдер жасалады, соның ішінде білікті оқытушылар мен арнайы жұмыстар үлкен нәтижелер көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасында Медициналық колледждер арасында көш бастап тұрғаны дәлел, білім алып жатқан білім ошағында білімгерлер білікті мамаман болып шығатындығына кәміл сенемін.
Соның ішінде «Пирогов» интерактивті анатомиялық кестеде адам денесінің нақты өлшемдегі 3Д моделі, сондай-ақ адам денесінің 4000-нан астам объектілерінің құрылымын, ағзаішілік құрылымдар мен байламдық көрсеткіштер ұсынылған.
Медицина бастамасы, түп тамыры бұл- анатомия. Екінші курста осы Пирогов интерактивті құрылғымен анатомиямен таныстырамыз. Жай ғана кітаптан оқып суреттерді көргендегі мен Пирогов аппаратын салыстырғанда, адам денесінің жалпы өзгеше құрылысын шын көзбен көріп, оны 3Д жүзінде айналдырып та, жоғарыдан да, төменненде көруге мүмкіндіктер бар. Мысалы, қан тамыр жүйесін алатын болсақ , оның бастамасы мен қай аралықты алып жатқандығы байланысы мен кітаптан оқығанды іс жүзінде көру айтарлықтар артықшылықтар алып келеді.
Колледж арасында сауалнама жүргізген кезде анатомия сабағын Пирогов аппаратымен өткен және кітаппен, суретпен өткендегі айырмашылық туралы білімгерлерге сұрақтар қойылды, менің ойлағанымдай, білімгерлердің есінде көрген кездегі оны жан жақты зерттеп түсініп көргендегі нәтижелер 60% жоғары болды.
Пирагов кабинеті
Келесі аппарат: Ішкі аурулардағы клиникалық тапсырмалар жиынтығы, кері байланысы бар виртуалды науқатың экрандық симуляторы «Боткин» аппараты болып табылады. Бағдарлама интерфейсі виртуалды науқастың анамнезін алу және физикалық тексерудің симуляциясын жүзеге асырады. Әртүрлі жастағы, түрлі сырқаттары бар 3Д кейіпкерлер көрсетіледі. Білімгер дифференциалды диагностика бойынша дағдыларын көрсетуі, приоритетті және потенциалды диагноздарын көрсетуі, дұрыс анамнез жинау, тексеру мен емін тағайындап, асқынуын алдын алуы керек. Науқасты тексеру арнайы виртуалды кабинетте жүзеге асырылады. Науқасқа пальпация , перкуссия , аускультация жасауға мүмкіндік береді. Аускультация кезінде арнайы аудио дыбыстар шығады. Тапсырманы сәтті орындау үшін нақты диагнозын тұжырымдап, негіздеп, тиісті емдеу әдістері мен ұсыныстарын дұрыс тағайындауы керек. Дәрілік заттардың таңдау дозасын , енгізу әдісін, қабылдау жиілігін және ұзақтығын нақты айтуы керек. Яғни, шын өмірдегі науқас, әртүлі ситуациялық жағдайлар мысалға келтіре отырып, кейінгі жұмыс барысында шынайы түрде келген науқасқа дұрыс ем қабылдауына ықпал жасау. Тағы бір айта кетсем, студенттердің емтихан кезінде осы құрылғы арқылы өтсе нақты алған білімдері мен қаншалықты терең оқығандықтарын білуге, оқытушының дұрыс бағалай алуына үлкен мүмкіндік береді.
Боткин кабинеті
Мейіргер ісі мамандығы бойынша арнайы симуляциялық орталық бар. Барлық жағынан жабдықталған сан түрлі құрылғылар тәжірбиелік білімді көрсетуге бағытталған . Функционалды төсектер, науқас күтіміне арналған күтім құралдары, маникендер, фантомдар, эргеномикалық құралдар бар. Осындай маникен науқастармен жұмыс жүргізіп дағдыларды арттырып, оны тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Симуляциялық орталық
Қорытындылай келе, осындай жоғары технологиялар арқасында үлкен нәтижелі, білікті, білімді студенттер тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Медицина мамандығы тікелей адам өмірімен байланыста болғандықтан жауапкершілік пен сабырлықты талап етеді. Әртүрлі жағдаяттарды ескере отырып білікті медициналық көмек көрсете алу бұл үлкен жауапкершілік, алдағы уақытта жоғары технологиялар барлық білім ордасына қолжетімді және тиімді нәтиже көрсетсе бұл төгілген тер мен еңбектің шынайы нәтижесін айқындайды.