Білім беру ұйымының атауы | №58 ЖОББМ | |||||
Пәні: | Қазақ тілі | |||||
Бөлім: | Табиғат құбылыстары | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Ералиева З | |||||
Күні: |
| |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | №65 сабақ. Табиғаттың таңғажайып құбылыстары Морфология әлеміне саяхат | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 4.4.2.6 – сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау. | |||||
Сабақтың мақсаты | Сөз таптары туралы білімдерін пысықтайды | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту
Кері байланыс |
Сабаққа дайындық
2-тоқсанда өтілген тақырыптарды пысықтау
Жаңа тақырып Мұғалімнің түсіндірмесі
Балалар, фонетика, синтаксис елдеріне саяхатқа шығып, дыбыс, сөйлем әлемі туралы көп білім алдық. Морфология деген не? Бұл елге саяхат жасау арқылы біз не білеміз? Морфология – гректің «түр, тұлға», «сөз, ілім» деген мағынадағы сөзі. Қазіргі кезде морфология – сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әртүрлі өзгеріске түсуін анықтайды.
1-жаттығу. Тыңдалым. Ертегіні тыңдап, өз пікірлерін білдіреді. Морфология
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Сөзжұмбақ шешу Қалған бесеуін мына сөзжұмбақты шешу арқылы табайық. ЕСІМДІК ҮСТЕУ ШЫЛАУ ОДАҒАЙ · ЕЛІКТЕУ
2-жаттығу Кестемен жұмыс. Әр қатардағы артық сөздерді табу Артық сөздер: Зат есім емес-суық(сын есім) Етістік емес-боран(зат есім) Сын есім емес –шөл(зат есім) Сан есім емес-қос(етістік)
Сөздікпен жұмыс. Дұрыс жазу емлесі. Қауырсын, кемпірқосақ, үшкір.
Ереже: Зат есім-заттардың атын білдіреді Етістік-қимыл-қозғалысты білдіреді Сын есім-заттың сынын білдіреді Сан есім-заттың санын білдіреді
3 жаттығу Оқылым Сұрақтарға жауап беру. С 1-жауап: Сөз таптары зат есім,етістік,сын есім,сан есім,есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз. 2-жауап: Бір сөз табы екіншісінен өзіндік белгілері арқылы аажыратылады 3-жауап: Морфологиялық талдау сұрақтар қою арқылы жасалады
4-жаттығу Өлеңді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау.
Үлгі: Қандай? Не? Қандай? Не? Қандай? Не? Барқыт тау,жасыл дала, зеңгір аспан Барқыт,жасыл, зеңгір-сын есімдер Тау, дала,аспан-зат есімдер
Үйге тапсырма 5-жаттығу
|
Шаттық шеңберін жасайды
Сұрақтарға жауап береді
Өткен тақырыптарды қайталай отырып, сөз таптарын есіне түсіреді
Сөзжұмбақты шешеді Морфология ның білмейтін түрлерімен танысады
Кестемен жұмыс жасайды
Сөздікпен танысады
Ережені жаттайды
Сұрақтарға жауап береді
Көшіріп жазып,талдай Ды
Үй тапсырмасын алады
Кері байланыс жасайды |
Мақтау,мадақтау арқылы баланы бағалап отыру
ҚБ: Жарайсың!
ҚБ: «Көңіл-күй» әдісі
ҚБ: «ОТШАШУ» әдісі
Дескриптор: Сөзжұмбақты шешеді-1Б Жаңа ұғымды түсінеді-1Б
Дескриптор: Әр қатардағы артық сөздерді табады-1Б Жаңа сөздердің мағынасын біледі-1Б Ережені түсінеді-1Б
ҚБ:
Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді-1Б Талдау әдістерін біледі-1Б
Дескриптор: Көркем жазу емлесін сақтап, көшіріп жазады-1Б Морфологиялық талдау жасай алады-1Б
ҚБ.
«Бас бармақ» әдісі
|
Суреттер
Бағалау парағы
Сызбалар
Оқулықтағы суреттер
Кесте
Сөздік жазылған плакат
Ереже жазылған плакат
Суреттер
Тақта
Талдау үлгісі
Суреттер
Суреттер
Кері байланыс парақтары
|