Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1529

Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Сабақтың тақырыбы: Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Пәні: Жаратылыстану

Күні: 27.01.2020ж

СЫНЫП:  2 «Ә»

 

Қатысқан оқушылар  саны:  

 

Қатыспаған оқушылар саны: 

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.4.2.1 - Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау;

2.1.1.1 - қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды   және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау;

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.     Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды. 

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі. 

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

5  минут


Ұйымдастыру кезеңі  2 минут. Сәлемдесу

Шаттық шеңберін құру

                                   Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

      Шеңберге тұр,-деп баршаңды!

 

    Ғаламшар, қарсы ал сәлемді,

                                    Самғаймыз кезіп әлемді.

                                    Қабыл ал шын жүректен

Балалар менен қыздардың

   Махаббатына толы сәлемді!

Топтарға бөлу. Мозайка ойыны

1-топ:Аспан

2-топ: Жер

3-топ: Күн

 

Топ ережелерін естеріне түсіреді.

Өткен сабақты пысықтау

«Сұхбат» әдісі арқылы 

1 Ай жердің табиғи серігі

2 Күн жерді айналады

3 Ай жерде үлкен

4 Айда ауа қабаты болмайды

5 Күн жарық қана береді

6 Ай жерден еш уақыт алыс кетпейді

7 Ай жерді айналады, ал күнді айналмайды

8 Серіктер жасанды және табиғи болады

9 Жер күннен үлкен

Оқушылар бір- бірін тексереді


 

 

 

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Тақырыпқа ену? Видеобейне "Күн жүйесінің ғаламшарлары" тартымды мульфильм арқылы негізгі ақпарат беріледі.

Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған жұлдызды көресің. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан.Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Жұлдыз – газдан тұратын аспан денесі

Жерге ең жақын жұлдыз-Күн. Күн, ай, жер – ғарыштық денелер. Күнді 8 ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар ғаламшарлар (планета) деп аталады. Ғаламшарлар-«адасушы жұлдыз» деген сөз. Ғаламшар-өздігінен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздігінен жарық шығару мүмкіншілігі жоқ, күн сәулесінің шағылысуынан жарқырап тұрады. Енді планеталарға тоқталып өтейік

Күн және оны айналып жұретін ғаламшарлар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды.

Күн жүйесі – әлем кеңістігінің немесе ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді.

Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық аспан денелерінің бір-бірінен қашықтығын км өлшеу мүмкін емес. Сондықтан ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен тарайды. Күннен жерге 8 минуттан астам уақытта жетеді.

Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе ғарыш деп аталады

Ғарышқа сапар 

  1. 1961 жылы 12 сәуір Ю.А.Гагарин
  2. 1991 жылы 2 қазан Т.О.Әубәкіров
  3. 1994 жылдан бастап 3 рет Т.Мұсабаев ғарышқа ұшты.

 


Меркурий - ең жеңіл әрі күнге жақын
Шолпан - таңға жуық және кешке қарай көрінетін жұлдыз
Жер - тіршілік бегілері бар жалғыз ғаламшар

Марс - қызыл планета деп аталған
Юпитер - ең үлкен ғаламшар
Сатурн - қызғылт сары дақтары және екі серігі бар ғаламшар
Уран - негізінен мұздан тұратын, көгілдір түсті ғаламшар
Нептун - күннен ең алыс орналасқан өте қатты жел болып тұратын ғаламшар

Слайд арқылы қайталау


Күн жүйесінің ғаламшарлары екіге бөлінеді. Жер тобы ғаламшарлар - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. Алып ғаламшарлар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

 

Тапсырма 1: «Суреттер сөйлейді» 

Миға шабуыл (ой қозғау) (Ұ) 

Әр топтан бірнеше балаларды шығарып ғаламшарлар суретін басына   кигізіп, сол бала қандай ғаламшарды алса сол туралы айту қажет. Сол арқылы ғаламшарлар қалай орналасытынын білетін боламыз. Ғаламшарларды топ бойынша орбита бойына кезек – кезекпен орналастырады. Ғаламшарларды орналастырып болғаннан кейін ғаламшарлардың аттарын жазады. Әр топтан бір екі оқушы шығып ғаламшарлар туралы түсінік береді,қорғайды.

Меркурий - ең жеңіл әрі күнге жақын
Шолпан - қызғылт сары дақтары және екі серігі бар ғаламшар
Жер - таңға жуық және кешке қарай көрінетін жұлдыз
Марс - тіршілік бегілері бар жалғыз ғаламшар
Юпитер - ең үлкен ғаламшар
Сатурн - сақиналар жүйесі бар  ғаламшар
Уран - негізінен мұздан тұратын, көгілдір түсті ғаламшар
Нептун - күннен ең алыс орналасқан өте қатты жел болып тұратын ғаламшар
  

Дескриптор:
 -  Ғаламшарларды орналастыра алады
 -  Ғаламшарлардың аттарын жаза біледі
 -  Ғаламшар туралы түсінік береді.

 

Сен білесің бе? Бұған дейін тоғыз     ғаламшар бар деп есептеліп келді.     2006 жылдан  бастап көлемінің  кішілігіне  байланысты     Плутонды   ғаламшарлар  қатарына қоспайтын болды.


 



                                                          





Оқулық,

мәтіндер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А 3 формат


 


Нептун


Уран


Сатурн


Юпитер


Марс


Жер


Шолпан


Меркурий

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Талдау

Жаңа тақырыпты  Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге   бөліп, оқуға тапсырма береді.Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.

Зертте 


Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.

Сергіту сәті

2 минут

«Көңіл-күй»

видеожазба

Аяқталуы 

Сабақты бекіту

10 минут

«Ыстық орындық» әдісі

"Ашық сұрақтар"

- Қай ғаламшар Күнге ең жақын орналасқан?

- Қайсысы ең қашық?

- Жер нешінші орында тұр?

- Жермен қандай ғаламшарлар көрші орналасқан?

- Ғаламшарлар қандай ретпен орналасқан?

- Атаулары бірдей әріптен басталатын ғаламшарлар бар ма?

"Ойлан, тап!                                      

"- Біздің сыныпта ғаламшарлар атауының бірінші әрпінен басталатын аттарымыз бар ма?

- Ол ғаламшар болса Күн жүйесінде қай орында тұрар еді?

Бағалау өз-өздерін

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

Оқушының аты-жөні

«Сұхбат» алу әдісі

«Топтық жұмыс»

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

«Ыстық орындық» әдісі

 

Балл 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Зымыранды боя»

 

Түсіндім (жасыл)

Сұрағым бар (көк)

Түсінбедім (қызыл)

 

"Ғарышқа ұшам"

- Сабақта не жаңалық алдыңдар?

- Сабақ түсінікті болды ма?

 

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 Рефлексия парағы.

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?









 

 

 

III « Түртіп ал! »

Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе Ғарыш

Ғаламшар-адасушы жұлдыз.

Күн жүйесі-Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін айтамыз.

Әлем немесе Ғарыш-Жерді қоршаған бүкіл дүние.

Галактика-миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.

2 342 2
Гүлстан Тұрлыбек, №58 жалпы орта мектебінің Жоғары бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 001935
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Турмагамбетова
2 февраля 2024 10:45
Сабақ өте керемет құрылған
Турмагамбетова
2 февраля 2024 10:46
Сабақ өте керемет құрылған