Бөлім | Буын және тасымал | |||
Педагогтің аты-жөні: | Нұрмағанбетова Гүлсынай Төребекқызы | |||
Күні: | 28.01.20ж | |||
Сынып: | Қатысушылар саны:24 | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы: | Еліміздің астанасы.Буын | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің маззмұнын болжау;\ 1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу,буын санын анықтау | |||
Сабақтың мақсаты: | Тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біліп,сөздегі буын санын анықтайды. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі\ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы | Ширату жаттығуы:«Ия немесе жоқ»ойыны -Сөз әріптен құралады.(иә) -Сөйлем дыбыстан құралады.(жоқ) -Дыбыстар ішке бөлінеді.(жоқ) -Дыбыстарды айтамыз,естиміз.(иә) -Әріптерді көреміз,жазамыз.(иә) -Сөздерді буынға бөлуге болады.(иә) -Дұрыс.Сөздер буынға бөлінеді. -Балалар,біз бүгін «Буын және тасымал» бөлімімен танысамыз.Бүгінгі сабағымыз ерекше,жазуды үйренеміз.Елордамызға саяхатқа шығамыз. -Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек? -Карта. -Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып береміз. -Балалар,бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?Пойызға отырып,саяхатымызды бастайық.
| Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.Сұрақтарға жауап береді.
Топтар бір-біріне «Іске сәттілік,жетістікке жетейік» деген тілектер айтады. |
ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау. |
|
Ортасы | Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу.Мәтінмен таныспас бұрын 1-аялдамаға тоқтау.Астана туралы қызықтар.Бейнеролик көру.Тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнына болжау қажет. 2-аялдама.Мәтінді тыңдату. «Бәйтерек» туралы мәлімет беру.Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс Мұнда мұғалім ң дыбысының сөздің ортасында,соңында келетінін айтады. 3-аялдама. «Пирамида» Бейбітшілік пен келісім сарайы-2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида.Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңселері,мұражайлар,көрме залдары орналасқан. Жұптық жұмыс.Жұпта Нұр-Сұлтан қаласы туралы білетіндерін бір-біріне айтып береді. 4-аялдама. «Ақорда» Ақорда-ҚР Президентінің резиденциясы.Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. 2-жаттығу жазбаша орындалады. Дескриптор: -сөздің буыннан тұратынын түсінеді. -буын санын анықтай алады. 5-аялдама. «Думан» «Думан » ойын-сауық орталығы Елорданың сол жағалауында салынған.3Д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы,боулинг,көп-функционалды зал мен қонақүй кешені,сонымен қатар сауда залдары,балаларға арналған,ойын алаңдары бар. «Думан»-ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны. 3-жаттығу«Ретінбіл» ойыныарқылыорындалады. 6-аялдама.Ребусты шешу. «Ханшатыр»- Бейбітшілік пен келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. Саябақ,дүкендер,кинотеатрлар, концерт алаңы бар.астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады. Шығармашылық тапсырма. «Ең әдемі элемент» бойынша әдемі жазған оқушыларды мадақтап,көңіл бөлу (мүмкіндігінше барлық балаларға назар аударған жөн).
«Өз орныңды тап» ойыны Дескриптор: -сөздерді буынға бөледі; -бір буынды сөздерді табады; -екі буынды сөздерді табады.
| Мәтін мазмұнына болжау жасап,өз ойларын айтады.Мәтінді тыңдайды.
Сөздік жұмысынан ғимарат сөзінің мағынасын ұғынады. Ғимарат-белгілі бір үлгімен салынған құрылыс нысаны.
Сергіту сәті Балалар іс-қимылмен қайталайды. Еркін ұста денеңді, Тарсылдатпай еденді. Орнымыздан тұрып ап Жүгірейік бір уақ. Көркем жазу ң ң ң ң ң ң ң ң Дәптердің көлбеулігін сақтап,қаламды дұрыс ұстай отырып жазады.
2-жаттығуда сөздерді шапалақпен буынға бөледі.Кезектесе тақтаға шығып,жазады.
3-жаттығу ауызша орындалады.Сан реті бойынша буындардан сөйлем құрап айтады.Еліміздің бас қаласы- Нұр-Сұлтан.
Шығармашылық тапсырма орындалады. «Ең әдемі элемент» Жұптық жұмыс.Бағанның сол жағында жазылған сөздер мен оң жағындағы буындарды анықтап,буындардан сөздер құрайды. Берілген суреттегі жемістерді буынға бөліп,буын санын анықтайды. Бір,екі буыннан тұратын сөздер тауып,олардың суретін салады. | ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ.Мадақтау. «Жарайсың!», «Бәрекелді!» | Нұр-Сұлтан қаласының суреттері. |
Соңы | Саяхаттан алған әсерлерімен бөліседі. |
|
| Постерге арналған үлкен қағаз. |
Кері байланыс | Бүгінгі сабаққа «Бвағдаршам» арқылы кері байланыс береді. Жасыл түс- барлығын түсіндім- Сары түс- маған көмек керек- Қызыл түс -ешнәрсе түсінбедім.- |
|
|
|